Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИС умкдп.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
148 Кб
Скачать
☆
  1. Лексика.

  2. Кәсіби терминдермен таныстыру.

3. Кәсіби мәтінді меңгерту.

Программалар арасында өзара байланыс болады, яғни көптеген программалар жұмысына төменгі деңгейдегі программалар жұмысына негізделіп жасалады.

Программалық интерфейс - программалардың бір\бірімен байланысты бірнеше деңгейлерге бөлінуі.

Программалық жабдықтама деңгейлері пирамида тәріздес, жоғары деңгей алдыңғы (төменгі) деңгейлерге сүйенеді.

Программалық жабдықтама

Қолданбалы деңгей

Қызметтік деңгей

Жүйелік деңгей

Базалық деңгей

  1. Мәтіндік редакторлар;

  2. Мәтіндік процессорлар;

  3. Графикалық редакторлар;

  4. Мәліметтер базасын басқару жуйелері;

  5. Электрондық кестелер;

  6. Автоматтандырылған жобалау жүйелері;

  7. Шағын баспа жүйелері;

  8. «» редакторлары;

  9. Браузерлер;

  10. Автоматтандырылған аудару жүйелері;

  11. Іс қағаздарын жүргізу жүйелері;

  12. Бухгалтерлік жүйелері;

  13. Қаржылық аналитикалық жүйелері;

  14. Эксперттік (сараптау) жүйелер;

  15. Геоинформациялық жүйелер (ГИС);

  16. Бейнемонтаж жүйелері.


  1. Файлдар диспетчерлері

  2. Мәліметтерді сығу құралдары

  3. Диагностика құралдары

  4. Коммуникация құралдары

  5. Көру және тыңдау құралдары

  6. Компьютерлік қауіпсіздік құралдары

    1. Сурет. Программалық жабдықтама құрылымы

Базалық деңгей

Базалық деңгей - ең төменгі деңгей. Ол негізгі аппараттық құралдармен байланысу ісін атқарады. Базалық программалық жабдықтамалар базалық аппарттық құралдар құрамындағы тұрақты жады микросхемаларында жазылып сақталады да, базалық енгізу - шығару жүйесін ( BIOS) құрайды. Программалар мен мәліметтер аппараттарды зауыттан шығару кезінде микросхемаларға жазылады, кейіннен өзгертілмейді.

Жүйелік деңгей

Жүйелік деңгей - өтпелі деңгей. Бұл деңгей программалары басқа программаларды төменгі базалық программалармен және тікелей аппаратурамен байланыстырады. Осы программаларға байланысты компьютердің қызмет ету көрсеткіштері қалыптасады.

Компьютерге жаңа құрылғы қоссақ, сол құрылғының жүйелік деңгей программасы басқа программаларды осы құрылғымен байланыстырады. Бір құрылғыны осылай басқа программалармен байланыстыру программасы драйвер деп аталады (принтер, тышқан, диск, дисплей драйверлері болады). Тағы бір жүйелік деңгей программасы құрылғыны адаммен байланыстырады. Соның көмегімен компьютерге мәлімет енгіземіз, басқарамыз, нәтиже ала аламыз. Бұлар тұтынушы интерфейсін басқару құралдары, осылар компьютер жұмыс өнімділігін, тиімділігін қамтамасыз етеді.

Жүйелік деңгейдегі программалар жиыны компьютер операциялық жүйесінің (системасының) ядросын құрайды. Операциялық жүйе ядросының болуы адамның компьютермен жұмыс істеуінің алғашқы шарты.

ОЖ ядросы компьютер жадын, енгізу - шығару процесін, файл жүйесін, командаларды өңдеуді басқару, т.б. жұмыстар атқарады.

Қызметтік деңгей

Бұл деңгей программалары базалық деңгей программаларымен де және жүйелік деңгей программаларымен де байланыса алады.

Қызметтік программалар (утилиттер) жұмысы - компьютерлік жүйені тексеру мен баптау (параметрлерін тағайындау) жұмыстарын автоматтандыру және де жүйелік программалар жұмысын жақсарту. Утилиттер жиі қайталанатын операцияларды - мысалы, магниттік дискіні форматтау, дискіні дефранментациялау, файлдарды архивтеу, вирустарды тауып аластау, т.б. істерді орындайды.

Қызметтік программаларға

  1. Файл диспетчерлері;

  2. Архиваторлар;

  3. Диагностикалық программалар;

  4. Инсталляция жасау программалры;

  5. Коммуникациялық программалар, т.б. жатады.

Қолданбалы деңгей

Қолданбалы деңгей нақты есептер шығаратын қолданбалы программалар жиынынан (өндіріс, шығармашылық, ойын және оқыту) тұрады.

Қолданбалы программаларға мәтіндік редакторлар, мәтіндік процессорлар, графикалық редакторлар, мәліметтер базасын басқару жүйелері (МББЖ), электрондық кестелер, автоматтандырылған жобалау жүйелері, аударма программалары, браузерлер, HTML - редакторлар, бухгалтерлік жүйелер, т.б. жатады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі [1, 5]

Қосымша [1, 2, 5]

4-тақырып. Программалық жабдықтамалардың жіктелуі. Грамматика

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Морфология.