Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor1.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2.Өлшенетін технологиялық параметрлер. Технологиялық үрдістерді үздіксіз және дискретті сипаттамалары қатысатын өндіріс.

Ө лшеуіш аспаптар - өлшеуіш ақпаратты пайдаланушыға қабылдауға ыңғайлы түрде алуға мүмкіндік беретін өлшем құралдары.Тікелей әсер ету аспаптары сәйкес градуировкасы бар көрсету құрылғыларында өлшенетін шаманы бейнелейді. Мұнда физикалық шама тегі өзгермейді. Тікелей әсер ету аспаптарына, мысалы, амперметр, вольтметр, термометр жатады.Салыстыру аспаптары өлшенетін шаманы мәні белгілі шамалармен салыстыруға арналған. Мұндай аспаптар ғылыми мақсаттарда кең қолданылады, сондай-ақ сәулелену көздерінің жарыңтығы, сығылған ауаның қысымы сияқты шамаларды өлшеу үшін тәжірибеде кең қолданылады.Өлшеуіш қондырғылар мен жүйелер - өлшем объектісінің бір немесе бірнеше физикалық шамасын өлшеу үшін, қосалқы қондырғылармен функционалдық белгісі бойынша біріктірілген өлшем құралдарының жиынтығы. Әдетте, мұндай жүйелер автоматтандырылған және ақпараттық жүйеге енуін, өлшеу процесінің автоматтандырылуын, пайдаланушы қабылдау үшін өлшеу нәтижелерінің өңделу мен сипатталуын қамтамасыз етеді. Мұндай қондырғылар (жүйелер) бақылау үшін де пайдаланылады (мысалы, өндірістік үдерістерді), ол әсіресе статистикалық баңылау әдісі үшін, сондай-ақ сапаны басқаруда пайдаланылады.Өлшеуіш жабдықтар - шаманы өлшеудің қосалңы құралдары. Олар дәлдіктің жоғарғы деңгейі қажет болғанда өлшеу нәтижелеріне түзетулерді есептеу үшін қажет. Мысалы, егер аспаптың көрсетулері қатаң шектелген (құжатта көрсетілген) температура кезінде дәл болса, термометр қосалқы құрал бола алады. Өлшеуіш жабдықтар қосалңы құралдың өзінің қателіктерімен байланысты өлшеулер нәтижелеріне белгілі бір қателіктерді енгізетінін ескерген жөн. Метрологиялық ережелер бойынша өлшем құралдары екі түрге бөлінеді: жұмысшы өлшем құралдары және эталондар. Жұмысшы өлшем құралдары техникалық құрылрылардың, технологиялық үдерістердің, сыртқы ортаның параметрлерін анықтау үшін қолданылады. Жұмысшы құралдар лабораториялық (ғылыми-зерттеулер үшін), өндірістік (технологиялық үдерістердің сипаттамаларын қамтамасыз ету және бақылау үшін), алаңдық (ұшақтар, автомобильдер, кемелер үшін) болуы мүмкін. Жұмысшы құралдарының әрбір түрі айрықша көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Осылайша, өлшемнің лабораториялық құралдары - ең дәл және сезгіш, ал олардың нәтижелері жоғары тұрақтылықпен сипатталады. Өндірістікқұралдарөндірістікпроцестіңтүрліфакторлары: температура, ылғалдылық, т.б. сияқтыфакторлардыңәсерінеқарсытұруқасиетінеие. Алаңдыққұралдарсыртқыәсеретулердіңкеңшектеріндеүнеміөзгеріпотыратынжағдайлардажұмысістейді.Логометр (гр. логос - сөз және гр. метре о - өлшеймін) — электр өлшеуіш аспап, оның көрсетуі екі электрлік шама (әдетте ток күші) қатынасына пропорционалды. Логометр магнитэлектрлік, электр және ферродинамикалық, электромагниттік түрлері болады. Ең кеңінен таралған магнит электрлік логометр қозғалмалы бөлігі екі элементтен, катушкалардан түрады. Онда өлшенетін қатынасты түзейтін электрлік шамалар бағыттары бір-біріне қарама-қарсы айналдыру моменттерін туғызады; тепе-теңдік күй моменттер теңдігінде болады. Тұрақты магнит өрісінде тұрған катушкалар үлкен момент бағытына қарай бұрылуға үмтылады да, қозғалмалы бөлігі моменттер теңелгенше ауытқиды. Омметрлерде, фазометрлерде, жиілік өлшерлерде, тензометрлерде, электрлік термометрлерде, дистанциялық электрлік және электрлік емес шамаларды өлшеуіштерде қолданылады. Тексерілетін шамалар бірлігінде градусқа бөлінеді. [1]

2билет

1Потенциометрлі тәсіл анализі. Жалпы мәлімет. Электродтардың жұмысшысы және қосымшасы.Потенциометрдің жұмыс істеу принципі өлшеудің компенсациондық әдісінде негізделген – қосымша көздің тоғымен пайда болатын белгілі кернеудің кемуі арқылы белгісіз кернеуді теңестіруде (компенсациялау).

 I компенсациондык контурда ЕБ қосымша көз және реохорд Rab (компенсациондық резистор) бар.

II өлшеу контурда ТЭТ, оның EAB(t, to) термо ЭҚК өлшенеді, нуль-индикатордың (НИ) міндетін атқаратын жоғары сезімділікті галь-ванометр және  а нүктеден реохорд қозғалушының с қозғалмалы түйіспеге дейін реохордтың бөлігі Rac.

EAB(t , to) және ЕБ  бір - біріне бағытталып қосылған, сондықтан екі көзден келетін тоқ Rac бөлігінде бір бағытта жұреді:  IБ – жұмысшы тоқ, Iт –

II контур үшін қозғалушының кейбір с қалпындағы тоқ.

 

3.2 Сурет – Өлшеудің компенсациондық әдісінің сұлбасы 

                             Кирхгоф заңы бойынша II контур үші

        мұндағы  Rвн, Rни – ТЭТ және нөл-индикатордың ішкі кедергілерімен қоса сыртқы сымдардың кедергілері.

Өлшенетін ЭҚК көзі орналасқан контурда, тоқ Iт = 0 және Rac бөлігінде кернеудің кемуі, өлшенетін ЭҚК өлшемі болып саналады

                                                   .                                                 (3.1)

IБ∙Rac компенсациялайтын кернеуді екі әдіспен өзгертуге болады:

а) IБ = const, Rac = var;

б) Rac = const, IБ = var ұстап тұру.

Потенциометрдің сұлбасы бірінші әдіспен кең тараған (жұмысшы тоқ тұрақты күшпен).

3.2.2 Тұрақты күші бар жұмысшы тоқтың потенциометрлік сұлбасы

3.3 суретте келтірілген потенциометрдің сұлбасының   3.2 сұлбадан айырмашылығы -қосымша III контурдың қосылуда, ол IБ  жұмысшы тоқтың  тұрақтылығын бақылау үшін керек.

Ізделіп отырған                    

 .

         Енэ = 1.0186 В

 R = 509,3 Ом

 I = 2 мА 

3.3 Сурет –Тұрақты күші бар жұмысшы тоқтың потенциометрлік сұлбасы

Реохордтың ораушысы бірқалыпты болса   осы арадан      және  , онда

                                      .                              (3.2)

Сайып келгенде, EAB(t, to) термоЭҚК өлшеу реохорд бөлігінің   ұзындығын кернеу бірлігінде өлшеуге әкеледі. Мұндай потенциометрлерде дәлдік дәрежесі  0,0005 дейін болады.

Айнымалы күші бар жұмысшы тоқтың потенциометрлік сұлбасы

 3.4 суретте көрсетілген потенциометрдің сұлбасында, RБ көмегімен IБ өзгерте отырып, тұрақты және

Белгілі Rab кедергіде IБRab кедергінің кемуімен EAB(t,to) компенсацияланады.

IБ миллиамперметр өлшемі бойынша саналғанша және НИ нөлді көрсетпейінше RБ қозғалушы қозғалып тұрады.Сонымен, EAB(t,to) миллиампер-метрдің дәлдігіне тәуелді, сондықтан бұл потенциометр дәлдік бойынша алдыңғы потенциометрден төмен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]