Биологиялық тіндердің механикалық қасиеттерінің түрлері
1. Биологиялық денелердің пассивті механикалық қасиеттері
2. Бұлшық еттер мен сүйектердің механикалық қасиеттері
Биологиялық тіндердің механикалық қасиеттерінің түрлері
Биологиялық тіндердің механикалық қасиеттері ретінде оның екі түрін айтады:
1) биологиялық қозғалғыштықпен байланысты болатын үрдістер: бұлшық еттің жиырылуы, жасушаның өсуі, жасушадағы хромосоманың қозғалысы т.т. Осы үрдістер химиялық үрдістермен анықталады және АТФ энергиясымен қамтамасыз етіледі. Осы қасиеттерді биологиялық тіндердің активті қасиеттері дейді. 2) Биожүйелердің пассивті механикалық қасиеттері, ол сыртқы күштің әсерімен анықталады.
Биологиялық тін- химиялық әртекті элементтерден тұратын көлемді құрылымдық (композициялық) материал, оның реологиялық қасиеттері биотіннің жеке құраушыларының қасиеттерінен өзгеше болады. Биологиялық тіндердің негізі- коллаген, эластин және байланыстырушы зат.
Биомеханикада адамның барлық тіндері тығыздықтары мен кеңістіктегі құрылымы бойынша қатты (сүйек, эмаль, тіс дентині), жұмсақ (бұлшық ет, эпителий, эндотелий, дәнекер ұлпа, паренхима), сұйық (қан, лимфа, ликвор-жұлын сұйығы, сілекей, сперма) деп бөлінеді.
7.2Сәуленің қосарланып сыну құбылысы. Дихроизм Кристалдарда сәуленің екінші ретті сынуының мәні мынада: кристалдың бетіне түскен жіңішке жарық шоғы (3- суретте АБ) кристалл арқылы бірнеше әртүрлі бағытта өтетін және әрқайсысының интенсивтілігі түскен сәуле интенсивтілігінің жартысына тең болатын екі шоққа бөлінеді (3, а- суретте БД мен БЕ). Егер осындай кристалл арқылы затты қарасақ, онда заттың контурлары қабаттасып көрінедіДихроизм (тербеліс жазықтығының бағытына байланысты жарықтың әртүрлі жұтылуы) қасиеті болатын екінші ретті сындырушы кристалдар бар
7.3 Реоэнцефалография (РЭГ)- мидағы қан айналысын және мидың қалыпты, патология кезіндегі гемодинамикасын зерттеуге негізделген реографиялық әдістің бірі. Қолданылатын электродтар дөңгелек пішінді пластинка болып табылады, диаметрі 15- 20 см. Электродтарды орналастыратын жер спиртпен сүртіледі. Реовазография- аяқ- қолдардағы қан айналысын зерттеу әдісі. Оның екі әдістемесі қолданылады:
бойлық (электродтар аяқ- қолдардың зерттелетін бөлігінің шеткі нүктелеріне
орнатылады- проксималды- жақын және дистальды- алыс)
көлденең (электродтар бір- біріне қарама- қарсы бірдей деңгейде орнатылады).
Бірінші әдістеме көбінесе көп қолданылады. Биполярлы реовазографияда 2 электрод, ал тетраполярлыда- 4 электрод орнатылады. Электродтар ені 5- 10 мм болатын ток өткізетін материалдан (қорғасын және т.б.) жолақ не басқа түрде жасалады.
Әртүрлі реографтарда тіркелген реовазограммалар амплитуда көрсеткіштерінің шамасы бойынша айрықша болады.
8 1Биологиялық тіндердің пассивті механикалық қасиеттері
Биоолгиялық тіндердің құрылымы күрделі анизотропты. Боилогиялық тіндер әдетте үлкен деформацияға ұшырайды. Деформация дегеніміз сыртқы күштің әсерінен дененің пішіні мен өлшемінің өзгерісі. Деформация – ұзындықтың салыстырмалы өзгерісі.
Деформация түрлері:
Серпімді деформация- сыртқы күштің әсері тоқтағанда толығымен жойылады.
Пластикалық (қалдықты) – сыртқы күштің әсері тоқтағанда қалып қояды.
ерпімді-пластикалық –деформацияның толығымен жойылып кетпеуі.
Тұтқырлы- серпімді – серпімділік пен тұтқырлық қасиеттерін үйлестіруі.
Сонымен қатар серпімді деформацияның мынадай түрлері болады:
