- •А.Ясауи атындаѓы халықаралық қазақ-түрік университеті заң факультеті «әлеуметтану және саясаттану» кафедрасы
- •Түркістан 2013
- •Лекция тезистері
- •Әлеуметтану әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
- •Бақылау сұрақтары
- •Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Әлеуметтік институттар мен процестер
- •Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификаця
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Девиация және әлеуметтік бақылау
- •2. Тұлғаның ауытқушылық әрекетінің табиғаты мен тарихи типтері.
- •3. Девиацияны биологиялық, психологиялық, әлеуметтанулық тұрғыдан түсіндіру
- •4. Әлеуметтік бақылау
- •Білім беру әлеуметтануы
- •Бақылау сұрақтары
- •Саяси әлеуметтану
- •Бақылау сұрақтары
- •Экономикалық әлеуметтану
- •Бақылау сұрақтары
- •Отбасы әлеуметтануы
- •2. Отбасының құрлымы мен қызметтері.
- •3. Отбасының өмірлік циклі, отбасы бірлігі.
- •Мәдениет әлеуметтану
- •Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
- •Бақылау сұрақтары
- •Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы
- •Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау
Мәдениет әлеуметтану
1. Мәдениетті әлеуметтанулық талдау
3. Мәдениет және әлеуметтендіру
4. Мәдениеттің түрлері
1. Мәдениет – ең алдымен адам мен қоғамға тән ой-қалып, қимыл-амал, адамдардың қарым-қатынасын реттейтін құндылықтардың түйіні, адамдарды, қауымдастыққа, тұтастыққа біріктіретін әлеуметтік институт.
Мәдениет қоғамдық өмірмен жан-жақты байланысты, көп мәнді, күрделі құбылыс. Сондықтан да оны құрылымы жағына «рухани» және «материалдық» деп болмаса «бұхаралық» деңгейге және «жоғарғы мәдениетке» бөлген. Мәдениет ұлттық, діни, кәсіптік фактолармен де араласып жатады. Ол өзінің рухани психологиялықауқымының кеңдігімен ерекшеленеді, бірақ оны мифологияға да, дінге де теңеуге болмайды. Оның ұлттық дүниетаным, еңбек, тәжірибесі, салт, адамгершілік ережелері, көркемдік талғамы, осы құндылықтарды жарым-жартылай сіңірген діни сенімдерді де қамтитыны белгілі.
«Мәдениет» ұғымы мен қатар «өркениет» («цивилизация») жиі пайдаланылып жүр, көп жағдайда бұлар синоним ретінде қолданылады. Шын мәнінде «өркениет» мәнінің күрделілігн, әлі толық зерттелмегенін айта кетуіміз керек. Бүгінгі күні экономикалық тұрғыдан қарағанда өркениетті ел, ұлт деп, қоғамдық өндірісті, ғылыми технология жетістіктерінің нарықтық экономика негізінде тиімді даму жолдарын меңгерген, әлеуметтік тұрғыдан- азаматтарға әлеуметтік қамқорлыққа қол жеткізген, саяси тұрғыдан- жеке адамның жетілуіне жағдай жасалған, халықаралық тұрғыдан-ұлтаралық, халықаралық қайшылықтарды бибітшілік жолдармен шешу жолына бет алуды айтамыз. Демек, өркениеттіел, ұлт деп мәдени құндылықтарды өз бойына сіңіре білген, сонымен бірге өз ерекшеліктерін басқа өркениетпен ұштастырған мемлекеттер мен халықтарды айтамыз.Өркениеттің алуан түрлі болуы да сондықтан. Осының негізінде ғылымда жергілікті, өркен,иет ұғымы қалыптасты. Ол египеттік, индиялық, вавилондық, қытайлық, арабтық, батыс европалық, көшпенділер тағы басқа өркениеттер болып даралана береді.
Мәдениет туралы пікір-таластар көп болғанмен, барлық анықтамаларда, оның мазмұнының сабақтастығы, ұрпақтан ұрпаққа құндылықтардың ауысып, жалғасып жататындығымен, тұрақтылығымен көрінеді. Атап айтқанда, бұл игілік, мұрат ұлттың сақталуын, бұзылмауын қамтамасыз етіп, тарихи тәжірибе, мен табиғи ортаға бейімдейді. Осы негізде бұхара халық мәдениеттің дәстүрлі түрлеріне, ұлттық болмыстың жолын ұстауға мүмкіндік жасайды.
Жас мемлекеттерде мәдениеттің алатын орны бөлек. Мәдениет, дәстүрлік-өзін өзі билеудің, ұлт болып сақталып қалудың негізі. Ұлттық болмыстың түп негізін іөдегенде, барлық құндылықтардың, наным сенімдердің, білім мен парасаттың, сөздің кең мағынасында мәдениетте сақталғандығын көрсетеді. Сондықтан, ол ұлттық қауымдастықты біріктіруші қоғамның ішкі дүниесін өзара байланыстыратын күш.
Ұлттық жаңару процесінде мәдени мұраны пайдалану, оның озығы мен тозығын анықтау, жасампаздық жақтарын сақтап, дамыту қоғамдық санада негізгі мәселеге айналады. Дәстүрлікке сүйену - барлық ұлттық күштер үшін бұхара халықпен жақындасудың, өзіне тартудың, өзін танытудың маңызды жолы. Осы мәселенің төңірегінде әдеби, мәдени, тарихи, діни, тіл басқада пікір-таластар өрбіп, олар идеологияның, өнердің, адамгершілік жалпы қоғамдық сананың мазмұнын айқындайды. Өмірге келген жаңа мемлекеттер бір жағынан, тұрмыстық социализм әкелген тұрпайы жақтарынан алуға тырысса, екінші жағынан, бүгінгі күнгі өмір үлгісіне, өндіріске, ғылым мен білімге ұмтылады, сонымен бірге мәдени дәстүрлікті сақтап қалуды маңызды міндетке айналдырады.
Ұлттық бостандық Азия, Африка елдерінде де ұлттық мәдениеттердің, жандануына, жаңаруына әкелді. Мәдени игіліктерге бет бұру ұлт мәдениетін өз топырағында көктетіп, рухани отаршылықтан арылудың, ұлттың рухани күштерін жұмылдыруға, дамып жетілуіне мүмкіндік жасады .
Бірақ бұл қоғамдық санада да талай ой толқулар туғызып отыр. әрқилы қоғамдық топтардың, қозғалыстар мен саяси ұйымдардың тәуелсіз мемлекеттің мәдени дәстүрлерінің дамуына орай пікірлер айтылуда. Белгілі ғалым философ А. Нысанбаевтың айтқанындай, бір қарағанда рухани құлдыраудан шығудың жолықазақ халқының Қазан төнкерісіне дейінгі тұрмыс-салтын қалпына келтіру болып көрінуі мүмкін. «өкінішке орай ,- дейді автор, -халқымыздың көне ұлттық мәдениетінің жұлым-жұлым жұрнағы ғана қалды. Онда да тағдыр тәлкегіне, тоталитарлық тепкіге ұшырамаған, туған жерінен жырақ жат, саяқ жүрген қазақ диаспорасы ғана төңкеріске дейінгі қазақ ғұрпын қаз қалпында сақтап қала алған».
Отаршылдықтан тәуелсіздікке бет алған елдерде қазіргі заманның кадесіне жарайтын құндылықтардың пайдалы үлгісін өткеннен іздейді. Бұрынғы совет республикасында бүгінгі күнге беталыс дегеніміз социализм дәуірі әкелген, кезінде үлгі тұтқан енді толыққанды дамуға жарамайтын элементтерден арылу болып отыр. Сонымен, «заман талабы», «заман ағым», дегеніміз өзінің әртүрлілігімен, әрсалалығымен ғана емес, әртектілігмен де сипатталады. Ұлттың өзін-өзі билеуіне қол жеткен соң ұлттық дәстүрге, ұлт өркендеуіне жат, жасанды, қағидалардан арылып, ұлттық жаңарудың жолын іздеу –заңды құбылыс. Бірақ, ұлттың рухани өміріндегі өзін-өзі билеу мүмкіншілігі бүлдіргіш сырттан келетін «бұқаралық мәдениеттің» тегеурініне қарсы тұрып, өз ішкі рухан мүмкіншіліктерін жұмылдыруға, белсенділік танытуға да итермелейді. Сондықтан, сырттан таңылған мәдени-идеологиялық ызғарлы саясаттың негізінде қалыптасқан үлгілер болсын, егемендік алғаннан кейінгі либералдық саясаттың жетуімен өмірге ене бастағанарзан, байлық пен сәнді, салтанатты, жыныстық қатынастарды уағыздайтын Батыстың «мәдени үлгісі» болсын ұлттық жаңарудың негізі, тірегі бола алмайды. Африка, Азия елдерінің дамуы өзіндік ұлттық дәстүрліктің жаңарып қайта өрлеп, өзгеріп, бүгінгі заманға, жаңа технологияға да бейімделе алатынын дәлелдейді. Нәтижесінде дәстүрлік бүгінгі африкандық, азиялық елдерде ұлттың мәдени дамуының, өркениеттілігінің өзегіне айнала алатындығын көрсетті.
Батыстық мәдениет үлгісі мен батыстық идеология елімізге өте тез қарқынмен кіргені белгілі. Тіпті халықтың басым бөлігі бостандық пен демократия деген осы екен дегендей өте оңай қабылдап, бойына сіңірді. Қоғамның барлық саласын батыстық мәдениет құндылықтарымен бағалау, соған негіздеу жаппай сипат алғаны белгілі. Атысс-шабыс кинолары, әбіздің ұлтымыздың болмысына жат өмір салтын насихаттайтын өнер туындылары біздің санамызды жаулау үстінде, бұл жақандану процесіне кіріп кеткенімізді көрсетеді. Жақандану процесі біздің мемлекетімізді айналып өтпейді не бізден жақандану заманына енуге дайынсыздарма деп рұқсат сұрамайды, ол барлық саланы қамтып, жолындағыны жаулап жүре береді. Біз жақандану заманы келе жатыр, оған дайынбызба деген мәселелер жиі айтылуда, біздінше Қазақстанда жақандану басталып кеткені қашан. Бірақ уақыт өткен сайын қарқыны күшйіп ұлғайып келеді. Осы жақандану жағдайында өз ұлттық келбетімізді сақтап қалуымыз бен ары қарай ұлт ретінде жасауымыздың негізі-осы мәдени құндылықтарымыз болып табылады.
Ұлттық сана-сезім үшін, оған күш қайрат беріп, өзін-өзі танып мерейін көтеру үшін өзіндік сарқылмас рухани байлықтың, қазынаның барлығыда маңызды. Әрбір өркениетте әртүрлі мәдениеттің ізі бар. Осыған байланысты «даланың өркениеті», «орта азиялық өркениет» ұғысмдары пайда болды. Бұл елдер мен халықтардың әрқилы заманда бір-бірімен араласып, сіңісіп кеткендігін көрсетеді. Бұл идеалар әр жас мемлекеттің адамзат тарихына дербестік, өзіндік мәдени жетістіктермен енетінін анықтайды.
Ұлттық мәдениеттің қайта өркендеуі, оның тарихи аясының кеңеюі ұлт тағдыры үшін маңызы зор, ол ұлттың қабілеттілігін, рухани күшінің жеткіліктілігін, көрсетеді. Ұлттың рухани мұралары мен дәстүрлерін, оның қаһармандық ерлік салтын қастерлеу –ұлттық идеаның басты көзі болады, оның дүниежүзілік өркениеттер арасында өзіндік дербестігін нығайтады.
Қазақ мәдениеті ғасырлар бойы сыртқы және ішкі ықпалдардың әсеріне ұшырады. Онда дәстүрлі мәдениеттің элементтері, орыс мәдениеті мен орыстандырудың ықпалы, социалистік идеология мен мәдениеттің және бүгінгі «бұқаралық мәдениеттің» әсерлері анық байқалады.
Қазақ халқының дәстүрлік бұқаралық мәдениеті, тарихи тағдыры, таптық-әлеуметтік әртүрлілікке, қалалық ортаның, білім мен ақпараттың ықпалына, экологиялық жағдайларға да байланысты өзгерістерге ұшырағанмен, өзінің төлтума қасиеттерін айрылмады.
Өркениетке ұмтылыс, ұлттық жаңарудың бір жағы-ұлтың өзін өзі тану арқылы адамгершілікке жат қылықтардан арылу, екінші жағы –ұлттың биік мақсатын, ұлттық идеалды анықтау, халық табиғатында бар құндылықтарды, мақсаттарды іске асыру.
Бақылау сұрақтары
Мәдениет және әлеуметтану
Мәдениет түрлері.
Мәдениет пен иделогияның қарым – қатнасын әлеуметтанулық талдау.
СӨЖ тақырыбы:
Мәдениет түсінігі
мәдениетті әлеуметтанулық талдау
Мәдениеттің әртүрлі элементтерінің қызметтері
Мәдениеттің түрлері
№13 лекция
