Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срс патфиз.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
237 Кб
Скачать
☆

Хирургиялық операциялардан және жарақаттардан кейінгі иммундық бұзылыстар.

Хирургиялық операциялардан кейін организмде иммундық тапшылық болатын жағдайлар пайда болады: олар іріңді патологияларға операция жүргізгенде, оның асқынуларына байланысты; операция-психиялық және физикалық стресс ретінде иммунитет тежейді; ауыр операциялар кісі өміріне өте маңызды мүшелерге жүргізіліп, иммунитет басатын дәрілер көптеп қолданылады; наркоз да иммун жүйесіне кері әсер етеді.

Операциядан кейін шеткі қанда Т-лимфоциттердің функциясы басылып, саны азаяды. Антиденелер синтезі, баяу аллергияның тері сынамасы, ИЛ-2 өнімі төмендеп, нейтропения пайда болады. Операциядан кейін Т-лимфоциттер белсеніп қанға ИЛ-2-нің ертінді рецептор-тежегіштерін көп шығарады. Операция өтісімен макрофагтар мен нейтрофильдердің функциялық белсенділігі бұзылады; қан моноциттерінде HLA-DR және HLA-DQ антигендерінің экспрессиясы әлсірейді. Барлық иммуноглобулиндер, әсіресе ІgG, Т-супрессорлар, ИЛ-4, ИЛ-10, ТФР, АГЕ синтезі көбейеді. Т-хелперлер азайып, табиғи киллерлердің функциясы тежеледі. Бұл уақытта Тх2 лимфоциттері белсеніп, ал Тх1-белсенділігі төмендейді.

Шеткері лимфа жүйесі мүшесін алып тастау иммун жүйесінің жұмысын бұзады. Тонзилэктомиядан кейін тимус атрофияға шалдығады: мұрынның созылмалы аурулары үш есе, сырты қосалқы қуыстардың аурулары 8 есе, жедел респираторлы аурулар 10 есе, фарингиттер 12 есе жиіленеді. Ревакцинацияға (вирусты вакциналар, стафилококк, анатоксин) иммундық жауап нашарлайды.

Аппендэктомиядан кейін ішек жұқпалы аурулары жиіленіп, ауыр ағыммен жүреді, дисбактериоз даму қауіпі көбейеді.

Спленоэктомиядан кейін пациенттердің ІgM деңгейі азаяды, комплементтің белсену механизмі бұзылады, иммунды глобулиндер де азайып әртүрлі класты антиденелер секрециясы төмендейді, табиғи киллерлер белсенділігі және митогендерге лимфоциттер реакциясы нашарлайды. Опсонизация беретін сарысу компоненттері және комплемент функциясы бұзылады.

Жарақаттану иммундық жүйе жұмысына тежелу береді. Ол стресс жағдайында шығатын гормондардың (кортикостероидтер т.б.) әсеріне байланысты. Ауыр жарақатта Т- және В-иммунитет жүйесі, нейтрофильдер қызметі басылған. Қорыта келгенде операцияның алды-артында иммунитет түзейтін дәрілерді пайдалану керек: айырша бездің препараттары, диуцифон, дапсон, натрий нуклеинат, миелопид, полисахаридты препараттар, витаминтер.

Ііі. Қорытынды.

Иммунитет - иммунды жүйемен биологиялық белсенді агенттердің арасындағы қарым-қатынас. Оның мақсаты - организмнің ішкі орта (гомеостаз) тұрақтылығын сақтау, соның нәтижесінде әртүрлі иммунитет феномендерін қалыптастыру:

  1. Иммунологиялық толеранттылық (төзімділік) – организмнің антигендерге (әсіресе өз денесінен пайда болған антигендерге) иммундық жүйенің қарсы болмауы (анергия).

  2. Жұқпаға қарсы иммунитет – организмнің жұқпалы аурулар­дың қоздырғышын қабылдамауы.

  3. Иммундық жад - ерекше қасиет, иммундық жүйе бір рет кездескен антигенді «есте сақтайды», егер онымен екінші рет кездессе, оған қарсы антиденелерді жылдам түзу және сезімталдығы күшейген лимфоциттерді көбейту арқылы жауап береді.

Сөйтіп, антиген туралы есте қалатын ақпарат организмнің лимфоретикул жүйесі арқылы іске асады. Ол жауап организм реактивтілігін көтеріп, сенсибилизация берсе, оны оң иммунды реакция дейміз, ал иммундық реакция басылса, (иммуно­депрессия, теріс реакция), иммунологиялық толеранттық, төзімділік- иммунологиялық салдану туады. ХХ ғасырдың екінші жартысында иммунологиялық толеранттық эксперимент арқылы тексерілді.

Бернет 1959 ж клоналды-селекциялық теорияны дамытты. Әрбір

антигенде алдын-ала жоспарлаған антидене құрайтын клеткалар түзіледі. Иммунологияның ХХ ғасырдағы жаңалықтары:

- иммунды глобулиндердің химиялық құрамы белгілі болды;

- лимфоидты клеткаларды өсіру (дақылы) игерілді;

- айырша бездің иммунды жүйенің орталық ағзасы екені анықталды;

- қызыл жілік миындағы бағаналы – дің клеткаларынан иммундық клеткалардың түзілетіні анықталды;

- Т- және В-лимфоциттер зерттелді;

- клеткалар кооперациясы және антиденелердің түзілуі, олардың атқаратын қызметтері анықталды;

- трансплантациялық иммунитет зерттеліп, лейкоцитердің антигендері арқылы гистосәйкестігі анықталды, ағзаларды алмастырылып қондыру жетістіктеріне жеткізді. Мысалы: бүйректі алмастыру т.б.

Осы жетістіктердің арқасында иммунитетке жаңа тұрғыдан қарап, гомеостаздық сипаты анықталып, оның негізгі қызметі клеткалардың кенеттен пайда болған мутациясына қарсы бағытталған деген ұғым қалыптасты. Ал антимикробтық иммунитет – иммунды үрдістің жеке бір түрі деп танылды. Сонымен, жұқпаға қатысы жоқ иммунология дамып, оның биологиялық иммунды генетикалық механизмі жасушалық және молекулалық деңгейде тексерілді.