Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
atmosfera_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128 Кб
Скачать
☆

21)Қоршаған ортаны қорғау.

Қоршаған орта – адамзат қоғамы өмір сүретін табиғи жəне антропогендік орта; адамдар мен олардың шаруашылығына бірлесе жəне тікелей əсер ететін биоталық, абиоталық жəне антропогендік орталардың жиынтығы; адамдар, жануарлар немесе объектілер тіршілік ететін немесе əрекет ететін орта немесе контекст.Қоршаған орта мəселелерімен шұғылданатын бірнеше халықаралық ұйымдар құрылған.

Олар:

· Қоршаған орта жөніндегі ғылыми к-ті (СКОПЕ, 1969 жылы құрылған),

· Қоршаған орта жөніндегі мониторингінің жаһандық жүйесі (1970),

· Қоршаған орта мен даму жөніндегі халықараралық ин-т (1971),

· Қоршаған орта мен даму жөніндегі бүкіл дүниежүзілік комиссия (1983),

· Қоршаған орта жөніндегі халықараралық ақпараттық жүйе (ИНФОТЕРРА, 1997),т.б.

Бұлардан басқа əр құрлықта Қоршаған орта жөніндегі алуан түрлі ғылыми-зерттеулер мекемелері, к-ттер, жүйелер, комиссиялар мен ин-ттар құрылған.Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты əлеуметтік-экономикалық дамуы мен əл-ауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады. Осы Заң қазіргі жəне болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық жəне əлеуметтік негіздерін белгілейді, сонымен бірге экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық жəне өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды əсері болғызбауға, алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Негізгі терминдер мен анықтамалар.

Осы заңда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

қоршаған орта - табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды əрі жансыз жиынтығы;

қоршаған ортаны қорғау - табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды үтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік жəне қоғамдык шаралар жүйесі;

қоршаған ортаны қорғау объектілері - қоршаған ортаның заңдармен корғалатын құрамдас бөліктері;

табиғи ресурстар - қоғамның материалдық, мəдени жəне басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық т.б. қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері;

табиғат пайдалану - адамның шаруашылық жəне өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы;

қоршаған ортаның сапасы - қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы;

қоршаған ортаның мониторингі - адамды қоршаған табиғи ортаның жай-күйін бақылау жəне адамдардың денсаулығы мен өзге де тірі организмдерге зиянды немесе қауіп туғызатын қатерлі ахуалдары туралы ескерту;

қоршаған ортаның сапасын номалау - адамның өмір сүруі үшін қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын жəне биологиялық алуан түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін белгілеу;

қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялык жəне биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған шудың, тербелістің, магнитті өрістердің жəне өзге де зиянды физикалық ықпалдардың əсері;

экологиялық талаптар - Қазақстан Республикасының заңдық, өзге де заңға қосымша нормативтік құқықтык жəне нормативтік-техникалық актілерінде қамтылған қоршаған ортаға теріс əсер ететін шаруашылық жəне өзге де қызметті орындауға міндетті шектеулер мен ондай қызметке тыйым салу;

экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік жəне табиғи ықпал ету нəтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай - күйі;

экологиялың жүйе - организмдердің жəне олар мекендейтін жансыз ортаның өзара байланысты біртұтас функционалдық жиынтығы.

3-бап. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері

Олар:

- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау жəне қалпына келтіру;

- экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

- биологиялық алуан түрлілікті жəне экологиялық, ғылыми, мəдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;

- халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде жəне демографиялық жолмен қатысуы;

- жер, оның қойнауы, су, атмосфералық ауа, ормандар мен өзге де өсімдіктер,жануарлар дүниесі;

- табиғи экологиялық жүйелер, климат жəне Жердің озонды қабаты қорғалуға тиіс.

Экологиялық, ғылыми жəне мəдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілері, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ерекше қорғалуға тиіс.

Қоршаған ортаны қорғау– қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлеккеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі.

Әлемдегі қоршаған табиғи орта жағдайының жалпы сипаттамасы

Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады. Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған нормалардың (ережелердің) жиынтығы экологиялық құқық деп аталады. Адамның табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың нашарлағаны соншалық, бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.

2002 жылы Йоханнесбургте (ОАР) тұрақты даму жөніндегі өткізілген Бүкіләлемдік самитте (кездесуде) бүгінгі күні биологиялық әртүрлілік жылдам қарқынмен қысқарып бара жатқандығы атап айтылды. Адамның әрекеті нәтижесінде теңіздердегі балық коры 75 пайызға дейін азайды, маржан рифтерінін 70 пайызы жойылу каупінде түр. Табиғат тозуда, сонымен бірге адамзат та тозып барады, қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде халықтың денсаулығы да нашарлап келеді, ал мұның соңы адам тегінің бұзылуына әкеп соқтырады, тұқым қуалайтын аурулар, оның ішінде, ең алдымен, психикалық және туа біткен аурулар санының өсуіне, маскүнемдік, нашақорлық, СПИД, ақ қан ауыруы, қатерлі ісік, жұқпалы жәневирусты аурулар таралуына әкелуде. Бүгінгі таңда барлық мемлекеттер зиян шеккен экологиялық ахуалды қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар қолдануда. Алайда қоршаған ортаға төнген қатердің қауіптілік дәрежесінің жоғарылығы соншалық, бүгінде ол тек мемлекеттің ішкі шаралары ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық шараларды да қолдануды талап етіп отыр. 1992 жылы маусымда Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта және оны дамыту жөніндегі БҰҰ-ның конференциясында осы мәселе бойынша Декларация қабылданды. Аталған декларацияға біздің еліміз де қосылды.

Қазіргі кезде халықтын 20 пайызы аллергия ауыруына шалдығуда, күн сайын Жер шарында 25 мын адам лас суды пайдалану нәтижесінде қайтыс болуда, өндірістік қалалардағы халықтың 35 пайызы қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде жүйелі түрде әр түрлі аурулармен ауырады. Күн сайын адамның тиімсіз жұмысынын салдарынан 44 гектар жер шөлге айналады, күн сайын жануарлар мен өсімдіктердін бір түрі жойылып отырады; күн сайын 40 мыннан астам бала аштықтан өлуде. Оттек қоры 10 млрд т азайған, 200 млн гектарға жуық суармалы жер пайдаға аспай қалды. Пайдалы қазбалардың — мұнайдың, табиғи газдың, көмір және тағы басқалардың жоғалуы байқалып отыр, Жер ғаламының әрбір бесінші тұрғыны таза су ішпейді.

Белгілі америкалық эколог-ғалым Б. Коммонер экологияның негізгі заңдарын былай түсіндіреді:

  • 1) барлығы барлығымен байланысты;

  • 2) барлығы әйтеуір бір жаққа кетуі керек;

  • 3) табиғат ненің жақсы екенін "біледі";

  • 4) еш нәрсе тегін берілмейді.

Бұл дегеніміз, біздің әрбір қызметіміз қоршаған ортаға қалай да болса әсер етеді дегенді білдіреді. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі шартттары Мемлекет өз органдарына қоршаған ортаны қорғау бойынша экономикалық, техникалық, ұйымдық және құқықтық шараларды жүзеге асыруды міндеттейді. Бұл шаралардың барлығы заңдар мен басқа да құқықтық актілердің ережелеріне негізделуі қажет. Өз кезегінде барлық заңдар құқықтық қағидаларға негізделуі керек.

Сонымен, қоршаған ортаны корғау мен адамның өмір сүруі үшін қолайлы жағдай туғызу — демократиялық мемлекеттің басты мақсаты болып табылады. Осыған байланысты мемлекет өз органдарын кешенді экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды жүзеге асыруға міндеттейді. Әрбір адамның салауатты қоршаған ортаға құқығы бар, сонымен бірге әрбір адам табиғатты аялауы керек, қоршаған ортаны ластамауы қажет. 1992 жылы БҰҰ-ның Конференциясында Бразилияда қоршаған орта және оны дамыту жөніндеРио-де-Жанейро Декларациясы қабылданды. Қазақстан осы декларацияға қосылды. Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға байланысты бірнеше заң актілері қабылданды, олардың мақсаты — еліміздің табиғат байлықтарын болашак ұрпақ үшін сақтау болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]