Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом канат.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50 Кб
Скачать
☆

2.2.4. Миником Дх-500 жт протоколдары және Демеу интерфейсі.

О1 Цифрлық оперативті-техникалық байланыс жүйелерін құрастыруға станция аралық айналым электр интерфейсі (G-703)- 2 мбит/с қолданылады. Резерв ретінде ТЧ-каналдары қолданылуы мүмкін. Басқа ЖАТС аналогы байланыс каналдарымен әрекеттесуі біржиілік сигналдарды 2600, 2100 және 1600 Гц қолдану арқылы жүзеге асырылады, ал жеке қосқыш желілер-шлейфті дабыл арқылы.

Цифрлық СЛ-ді Миником Дх-500 ЖТ бекетіне базалық ISDN интерфейсі және (PRI) ақырғы қосылу арқылы жүзеге асырылады. Миником Дх-500 ЖТ жүйесінің бекетаралық өзара әрекеті үшін стандартты протоколдар және Дх-NET фирма аралық протоколы қолданылады. Басқа УПАТС шығарушыларымен жұмыс EDSS1, Q, SIG, 2BCK (R1.5.), 1ВСК протоколдары арқылы жүзеге асырылады. Басқа мекемелер АТС-мен өзара әрекет TфОП дабылдары арқылы жүзеге асырылады.

2.2.5. Миником Дх-500 жт негізіндегі линиялық-тартылыс жүйесі.

Миником Дх-500 ЖТ негізіндегі ОТС торабы сақина принципі ретінде құрылады, бұл линиялық тракта үзілу болған жағдайда байланыс жүйенің сенімділігін арттырады. Атқару бекеттерінің жабдықтары төменді деңгеймен сақина ретінде қосылады.

Салалар бөлімінің басқару бекетіне (ЕДЦУ жолдары) жоғары деңгейге көпірлі бекеттер арқылы сақина түрінде қосылады. Осылайша, жоғары деңгейді сақинасына диспетчер орталығына тарту канал рөлін атқарады. Екі жақты сақина үзілу жағдайында ТЧ каналдары арқылы диспетчерлік байланысты автоматты сақтау мүмкіншілігі бар (2.4. суреті)

Миником Дх-500 ЖТ жүйесін қолданып, Е-ДSS1 стандартты протоколын, Е1 цифрлық ағымынан қосылған, ұзақтығы үлкен байланыс желілерін салуға болады.

2.4. суреті-Миником Дх-500 ЖТ жүйесін қолданылған байланыс желісі.

2.2.6. Басқару және бақылау талдау орталығын жасау.

Соңғы 20-шы ғасырдың 10 жылдығы мекеме мен кәсіпорындар байланыс жүйелерінің жаңартуына бастау салды. Цифрлық УПАТС қондырылып, оптикалық- волоконды байланыс желілерінің мыңдаған километрлері салынуда, радиорелелік және спутникті жүйелер енгізілуде. Корпоративті және мекемелік байланыс желілерінің жаңарту кезінде оларды басқару мен қамтамасыз ету керек. «Информатика және байланыс» компаниясының мамандары Миником Дх-500 ЖТ цифрлық коммутация жүйесінің негізінде басқару және бақылау жүйесінің программалық - аппаратты комплексін жасады.

Әзірленген бағдарлама, оперативті –технологиялық байланыс жүйелерін бір немесе бірнеше байланыс жүйелерін бақылау орталықтары арқылы басқаруға мүмкіншілік береді. Бірнеше километрге созылған коммутациялық жабдығының жұмыспен қамтуын көрсетеді. Жүйені әзірлеуде оператор интерфейсінің жайлылығы мен информативтігінде компромиске қол жеткізілді. Бір жағынан оператор әр процесс туралы ақпаратты біліп отырады. Ал, екіншіден, ол ақпаратпен ауырлатылмайды. Миником Дх-500 ЖТ 80 бекетінен тұратын аумақта 18600 бақылау нүктелері қадағаланып отырады деп айтуға болады. Осындай үлкен ақпаратты операторға қорыту қиын.

2.5. суреті. Барлық байланыс желісінің күйі жайлы экрандық форма статистикалық анализ құралы, жүйедегі тұрақсыздылықты анықтап, оларды қолданушылардың сенімді байланысына негативті әсер жасамай тұрып бастартуларды болдырмайтын шаралар қабылдайды. Осы мақсатпен тексеріс нысандары үшін кезеңдік күй ескерілген, бірақ оның функциясында оператор ескеретін ахуалдар бар. Мұндай ақаулардың типті мысалы бірінші деңгей Е1 ағымы үшін СRC қатесі немесе екінші деңгейге қайта жіберулер. Жүйеде бақылау нысандарының «сары/жасыл» күйлеріне ауысу мүмкіншілігі көзделген.

Жүйе қалыпсыз жағдайлардың шешімін жинақтап, қызметкерлер үшін автоматты режимде ақауларды шеттеу үшін ұсыныстар шығарады.

Жүйенің маңызды ерекшелегі болып нысандарға басқару ықпалдарын жеткізу үшін қосымша каналдардың қажет етпеуі. Диагностикалық хабарлармен терминалды командалар тасымалдары Е1 станцияаралық ағымның D-каналы арқылы жүзеге асырылады. СМА жүйесінің техникалық құралдарын кеңейтілген шамада өзгертуге болады. Құрамына 30-35 Миником Дх-500 ЖТ бекеті кіретін бір персоналды компьютерден тұратын оператордың жұмыс орнынан атқарылады.

Бірнеше аумақтан тұратын байланыс желісін құрастыру кезінде әр аумақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету қажет. Осындай жағдайда барлық жұмыс орнын ақпаратпен қамтамасыз ететін экран артық болмайды.

Ақпаратты корпоративті желімен беруді («интернет») қолдануда, байланыс жүйесінің нақты мерзімдегі күйі туралы ақпараттарды көрсету мүмкіншілігі.

Басқару нысанынан түсетін диагностикалық хабарламалардың графикалық көрінісі 2.6. суретінде көрсетілген.

Осындай терминдер тікелей басшылардың жұмыс орындарында болуы керек. Оларға байланыс жүйесінің технологиялық басқаруына тікелей араласу қажет емес, ал оның күйі туралы оперативті ақпаратты білу мүмкіншілігі маңызды.

СМА-да қауіпсіздіктің бірнеше деңгейі қарастырылған. Жүйеге кіру мүмкіндігі, қызметкерлерді қуаттау процедурасын талап етеді. Жүйе администраторлары қолданушыларға беретін өкілеттер деңгейі тізімі жүргізіледі. Жүйеге ортақ кіру мүмкіндігінен басқа нақты құрылымға кіру мүмкіндігі парольмен қорғалады.

Айтылғаудан жүйеде болған барлық жағдайлар, басқару нысанының техникалық күйінің өзгеруі немесе оператор әрекеттерін хаттамалау ескерілген. Хаттамада болған жағдайдың мазмұны, нақты уақыты белгіленеді, ал жасалған әрекеттерді жазу үшін оператордың паролі. Осы хаттамалар арқылы байланыс жүйесінің техникалық күйіндегі өзгерістерді ғана емес, сонымен қатар қызметкерлер әрекеттерінің баламалығына анализ жасау мүмкіншілігі.