Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Криминология Юнита.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
259 Кб
Скачать
☆

1.3. Криминология ғылым жүйесінде

Бiрқатар авторлар криминологияны пәнаралық ғылым деп санайды, криминалист заңгер де, қоғамтанушы да болуы тиiс дейдіi. Бұл криминалист үшiн мақтанарлық жай. Бұндай көзқарас бiрқатар тактикалық мәселелердi шешерде қиындық тудырады. Мысалы, криминологгердi қай мамандық шеңберiнде дайындау керек? «Пәнаралық» ғылы деген не? Ол қай пәндер арасында?

Сонымен қатар, пәнаралық зерттеулер мен пәнаралық ғылым­ды айыра бiлу керек. Мұндай зерттеулерге әр түрлi мамандар қаты­сады, ал маман-криминолог деген кім, oған не үйрету керек, оны базалық даярлау қандай болуы тиiс?

Бұл мәселелер әр түрлi шешiлдi және шешiлiп келедi. Бұған негiзi төрт көзқарас бар:

1. Криминология - қылмыскерлiк социологиясы және зерт­теушiнi социологиялық даярлау базалық болуы тиiс. Осыған бай­ланысты бiрқатар мемлекеттерде криминологияны заңгерлер емес, болашақ социологгер өтедi (АҚШ, Ұлыбритания және т.б.).

2. Криминология – заң ғылымы және мамандарды заңдық да­ярлау базалық болуы тиiс. Оған мынадай аргументтер келтiрiлген: қылмыстың шекарасын заң белгiлейдi, қылмыскерлiкпен оның барлық аспектiсiнде күресудi заң құқық бұзушылыктың басқа түрлерiмен және өзге де келеңсiз әлеуметтiк ауытқулармен са­лыстырғанда өте мұқият реттейдi.

Ресейде, Батыс Еуропаның бiрқатар мемлекеттерiнде крими­нологияны заң факультеттерiнде өтедi. Тиiсiнше, криминология, заң мамандықтарының бiрi ретiнде қаралады. Бұл ретте, криминолог, басқа маман-заңгерлерге қарағанда социологияны, әлеуметтiк психологияны жақсы бiлуге тиiс деген ұғым бар. Басқа сөзбен айтқанда, криминология әлеуметтiк-құкықтық ғылым деп саналады. Шындығына келгенде, юриспруденцияға, әлемге социо­логиялық кең көзқараста болу тән. Сондықтан да болар, бола­шақ заңгерлер философияны да, психологияны да, экономиканы да, статистиканы да, сот психиатриясын да, сот медицинасын да өтуге тиiс. Юриспруденция (Заңнама) жалаң зандық-догматика­лық көзқарастан әлдеқашан өтiп кеттi. Әрине, заңгерлердi ма­мандандыру бар. Ол

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

23

заңгерлердiң философия негiзiн, психология­ны, статистиканы жене т.б. бiлуiмен

шектелмейдi. Олар «крими­налдық цикл» деп аталатын пәндердi жақсы игеруi тиiс (қылмыстық құқық қылмыстық процесс, сот статистикасы және т.б.).

3. Криминологиялық зерттеулер - бұл бәрiнен бұрын, адам­ның мiнез-құлқын зерттеу, сондықтан оны маман-психологтер, психиатрлар жүргiзуi тиiс. Бұл «клиникалық» криминология деп аталатынның өкiлдерiне тән. Бiрақ соңгы онжылдықтар практи­касында мұндай көзқарас социологиялық, экономикалық, заңдық және басқа танымдар ескерiлiп жүзеге асырылатын, яғни кешендi немесе пәнаралық деп саналатын криминологиялық зерттеудiң объектiсiне айналды.

4. Криминологиялық зерттеу, бұл – пәнаралық зерттеу. «Кри­минология - айрықша тұтастық құрайтын әр түрлi бiлiмдер мен әдiстердiң жүйесi, сондай-ақ

қылмыскерлiктi зерттеуге бабағыттал­ған пәнаралық ғылыми-зерттеу қызметiнiң айрықша жүйесi» ­деп санайды В.Б.Лершин мен А.Н.Лодрядов. Мұндай көзқарас­пен криминологияны «кешендi ғылым» деп те атауға болады.

Мынадай сұрақтар туындайды: құқықпен қоса социология ту­ралы неге сөз болады? Неге экономика, саясаттану және басқа ғылымдар жайында емес? Ал социология дегенiмiз - қогам өмірінің әлеуметтiк саласының заңдылығын зерттейтiн қогамдық ғылымдардың бiрi ғана.

60 жылдары КСPO-да криминология қайта дамығаннан кейiн өмiрдiң өзi эксперимент қоя бастады. Қылмыскерлiктiң себептерiн зерттеу және олардың алдын алу шараларын дайындау жөнiндегi бүкiл одақтық институттың кадрлары философия, заң социология, психология және басқа салалардың мамандарынан жинақталды. Басқаларына қараган дща заңгерлер криминологиялық зерттеулердi тез игерiп кеттi. Алғашында қиындық көрдi, себебi олар криминологияны жоғары заң оқу орындарында оқымаған едi, тек аға буын криминологтермен қатынаста болды, кiтапханаларды пайдаланды, басқа мамандармен зерттеулерге, жарыссөзге қатыс­ты. Отандық криминологияның қазiргi мектебiн құрған сол заң­герлер едi.

Заң бiлiмi криминологтерге, қажеттi жагдайларда, нақты құқықтық шешiм ұсынуға, адресаттардың құқықтық құзыретiн ес­кере отырып өз ұсыныстарының адресаттарын дәл таңдауға мумкiндiк бередi. Криминологтің тергеушi, прокурор, судья, ад­вокат болып жинақтаған тәжiрибесi де елеулi рөл атқарады. Бұл

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

24

қылмыскерлiктi де, онымен күрестің жолдарын да нақты жағдай­да көрiп-бiлуге мүмкiндiк бередi.

Ресейде және юриспруденция шеңберiнде өзi дамыған басқа елдерде криминология криминалдық цикл ғылымдары үшiн (қылмыстық, қылмыстық-атқару иқұқығы, қылмыстық процесс, кри­миналистика, жедел-iздестiру қызметi, сот психологиясы және т.б.) жалпы теориялық ғылымға айналды. Криминалдық цикл ғылмдарының саны тұрақты емес.

Криминология мен бұл ғылымдардың арақатынасын мемлекет және құқықтық теориясы мен басқа заң пәндерiнiң арақатынасымен салыстыруға болады.

Криминология жөнiндегi оқулықтар мен оқу орындарында Криминологияның прокурорлық қадағалаумен, азаматтық құқықтық және процеспен, басқа дақұқықтық мамандықтарымен, сондай-ақ өге де қоғамдык, ғылымдармен философиямен, политологиямен, со­циологиямен, экономикамен, демографиямен,.әлеуметтiк және жалпы психологиямен, статистикамен тығыз байланыста екендiгi жайында айтылrан.

Криминологияда сөзсiз практикалық сипат бар екендiгiн көрсе­туге болады: оның ұсыныстары негiзiнде қылмыскерлiкпен күрестің бағдрламасы жасалады, заңнамалар өзгередi, қоғамдық қатынастар жетiлдiрiледi, қылмыстардың себептерi, қылмыс­кердiң жеке басы туралы мәлiметтер көрінic табатын қылмыс­тық-iс жүргiзу құжаттары, прокурорлық қадағалау актiлерi жа­салады және т.б. Тергеушi, прокурор, судья, жедел-iздестiру, контрбарлау, барлау қызметін жүзеге асырушы адамдар, адвокат қыл­мыстың себептерi мен жағдайларын дұрыс талдай алуға, қылымыскердiң жеке басын дұрыс бағалай бiлуге, ол себептер мен жағдайларға шара қолдануға мiндеттi. Заң консультанттары мен нотариустар криминалдық мәмiлеге жол бермеуi керек.

Сонымен қатар, белгiлi бiр әлеуметтiк құбылыстың заңдылықтарын зерттейтiн криминология адам және қоғам туралы ғылы­ми ұсыныстар жасауға үлесiн қосады.

Қазакстанда криминологиялық зерттеулермен ғылыми меке­мелер мен жоғары заң оқу орындарының қызметкерлерi айналы­сады.

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

25

1991 жылы криминологтер Криминологиялық қауымдастық құрды, бұл - заңды тұлға болып табылатын epiктi, өзiн-өзi басқа­ратын қоғамдық бiрлестiк. Оның жұмысының негiзгi нысандары: семинарлар мен конференциялар өткiзу, арнайы әдебиет шыrғ­py, криминологиялық сараптама жургiзу, заң жобаларын жасауға қатысу, зерттеулер ұйымдастыру, тиісті мамандармен халықаралық байланыстар орнату.

Қазақстан криминалистерiне тән қасиет - қылмыскерлiктi шетелдiк және халыкаралық зерттеуге қатты ыкылас қою. Кри­минология жөнiндегi көптеген еңбектер орыс тiлiне аударылды, ал отандық ғалымдардың еңбектерi шет елдерде басылып шығуда.

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

26