- •«Кәсіби қазақ тілі» пәнінен емтихан сұрақтары
- •Ресми іс-қағаздар стилистикасы.
- •1 Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар.
- •2.Жеке адам өміріне қатысты құжаттар.
- •3. Басқару, ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар.
- •4. Іс қағаздарының сипаттары:
- •Ауызекі сөйлеу тілінің стилі.
- •Көркем әдеби стиль.
- •Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы
- •Анықтама үлгісі; Анықтама № 34/1
- •Түйіндеме
- •Визит карточкасы
- •Мінездеме, оның түрлері.
3. Басқару, ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар.
Оған төмендегідей құжаттар жатады
үкім, өкім
Жарғы, жарлық
Ереже
хабарлама
бұйрық
нұсқау
ресми хаттар
хаттама
жарнама
хабарландыру
3. Іс-қағаздарының қызметтері:
- жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші;
- жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші;
- әр түрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші;
- мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші;
- жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы;
- мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші;
- тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі;
- мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші;
- мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.
4. Іс қағаздарының сипаттары:
- саяси ( мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда);
- әлеуметтік ( қоғамдық-әлеуметтік қатынастарда);
- ұйымдастырушылық ( басқару қызметі жүйесінде);
- құқықтық ( заңдық және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда);
- тарихи ( әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай қатынастарда).
- ресмилік ( міндетті түрде заңдық тұрғыда тіркелуінде).
.
3сұрақ~~Ауызекі сөйлеу стилі, оның ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
Ауызекі сөйлеу тілінің стилі.
Ауызекі сөйлеу стилі тікелей ауызша тілдік қарым-қатынас жасауда көрінеді, яғни негіхгі қолдану аясы – диалог.
Стильдік ерекшелігі.
Қолданылу аясы адамдар мен , әсіресе таныс адамдармен еркін әңгімелесу барасында қолданылады.
Тілдік құралдары.– эмоционалды сөздер, диалектизмдер, көпмағыналы сөздер, қарапйым сөздер, ффразеологизмдер қолданылады.
Ой автоматты түрде , дайындықсыз беріледі.
Сөйлеу еркіндігі басым болады.
Дауыс ырғағына қарай сөйлеуші қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай сөздерді қолданады.;
Сөздің орын тәртібі еркін болады.
4сұрақ~~ Көркем әдебиет стилі, оның ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз.
Көркем әдеби стиль.
Стильдің бұл түрінде сөздер екшеліп, сараланып қолданылады. Көркем шығармада өмір фактілері арнайы суреттелетіндіктен, ондағы сөздер көркемдік бейнелегіш құралдар белгілі бір стильдік мақсатта жұмсалады. Шығарманың кейіпкері өмірдің әртүрлі құбылыстарында әр қырынан суреттеліп, әрекет жасайды. Ол әрекетке аң, да, құс та, адам да, табиғатта та қатысада. Осы әрекеттің бәрін бейнелеп көркем шығарманы жасайтын жазушы. Жазушы шеберлігі– жазушы стилі. Жазушы стилі жазушының сөз қолдану тәсілдері.
Көркем әдебиет стилінің белгілері:
– Жазушы әр сөзді саралап, стильдік мақсатта қолданады.
-Көркем бейнелегіш құралдар аса мол қолданылады.
– Тілдің лексикалық қабаттарының барлық түрі қолданылады. Көркем әдебиет стилінде функционалдық стильдің барлық түрлерінің элементтері кездеседі.
5сұрақ~~ Публицистикалық стиль, оның ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Публицистика (латынша: көпшілік, әлеумет)—қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.
Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет,очерк т. б. шығармаларды, шешендік сөздер публицистикалық стильдің ауызша түріне жатады.
Публицистика (латынша: publicus – көпшілік, әлеумет) – қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т.б. шығармаларды, шешендік сөздерді публицистикалық стильдің ауызша түріне жатқызып жүр. Публицистикалық стиль – қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын функциональдық стильдердің бірі. Публицистикалық стиль тыңдармандар мен оқырмандардың арасына кең таралымымен, бейнелілігімен, баяндаудың шешендігімен, жағымды және жағымсыз мағынадағы мәнерлілігімен сипатталады. Тіл деңгейлеріне байланысты публицистикалық стильдің ерекшеліктері болады. Лексикада – қоғамдық-саяси терминдер мен сөздердің (митинг, ереуіл, демократия, парламент), эмоциялық баға беруші сөздердің (еңбек озаты, көшбасшы, еңбеккер, дем беруші), экспрессивтік бояуы бар сөздердің (қоян-қолтық, нық қадаммен), фразеологияда – перифразалардың (ақалтын – мақта, күріш; қара алтын – көмір, мұнай; екінші тың – қой шаруашылығы, көгілдір тың – құс шаруашылығы); морфологияда қос сөздердің (қоғамдық-әлеуметтік, бұқаралық-саяси, үгіт-насихаттық); бұйрық рай тұлғасының (орындайық, табысқа жетеміз), синтаксисте – сөйлемдегі сөздердің инверсиялық орын тәртібінің, қаратпа сөздердің, риторикалық сұрақтардың, жай сөйлем бөліктерінің, сан алуан қайталамаларының т.б. жиі қолданысқа түсуі публицистикалық стильдің басқа стильдерден өзгешеліктерін көрсетеді. Публицистикалық стильді шағын стильдерге (подстиль) бөлу жөнінде бірізділік байқалмайды. Дегенмен кейбір зерттеушілердің, Мысалы А. Н. Васильеваның дәлелдеуінше, мынандай шағын стильдерге жіктеледі: 1) ресми-ақпараттық публицистикалық стиль; 2) ақпараттық-іс публицистикалық стилі; 3) ақпараттық-аналитикалық публицистикалық стиль; 4) ақпараттық-экспрессивтік публицистикалық стиль; 5) бейресми-ақпараттық публицистикалық стиль; 6) жалпы публицистикалық стиль директивалық публицистикалық стиль; 7) салтанатты-декларативтік публицистикалық стиль; 8) таза публицистикалық стиль; 9) экспрессивтік публицистикалық стиль; 10) репортаж публицистикалық стилі; 11) фельетон публицистикалық стилі.
6сұрақ~~ Ғылыми стиль, оның ерекшеліктеріне түсінік беріңіз.
Ғылыми стиль — ғылыми шығармалардың тілі мен жазылу түрін анықтайтын басты фактор.
Ғылыми стильдің тілдік көріністері. Сөздер тура мағынасында қолданылып, дәл айтылады. Образды сөздер аз, термин сөздер көп кездеседі. Ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме, формулаларға негізделеді.
Ғылыми стильдің мақсаты — заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, мәлімет беру.
Ғылыми стильді осы бағытта түсіндіре отырып, оқушылардың назарын төмендегі мәтіндерге аударуға болады.
…Жер бетінің жазық, өте кішірейтілген бейнесін географиялық карта деп атайды, онда географиялық объектілер шартты белгілер арқылы көрсетіледі.
Географиялық карталардың масштабы ұсақ болатындықтан, оларда жер бетіндегі ең ірі және маңызды нәрселер ғана, мысалы басты салалармен қоса үлкен өзендер, ірі қалалар, аса маңызды жолдар, бейнеленеді…
Глобус — Жердің моделі. Жердің пішінін оның кішірейтілген моделі — шардан көруге болады. Шарды жер глобусы деп атайды. Оның бетінде құрлықтар, аралдар, мұхиттар мен теңіздер бейнеленген. Олардың кескіні мен орналасуы да жердің өзіндегідей, тек бірнеше миллион есе кішірейтілген. (Оқулықтан).
Бастауыш — атау тұлғадағы зат есімнен, баяндауыш етістіктің тұйық райынан болғанда, бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылады.
Бастауыш — реттік мағына беретін тәуелдік тұлғалы есім сөздерден, ал баяндауышы атау не тәуелдік тұлғадағы есім сөздерден болғанда, олардың арасына сызықша қойылады. (Оқу құралынан).
Осындай мысалдарды плакатқа күні бұрын жазып қойып, оқушылардың өздеріне дауыстап оқытып, олармен бірге ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшеліктерді атаймыз:
- сөздің негізгі мағынада жұмсалуы;
- термин сөздердің көп қолданылуы;
- ғылыми ұғымдардың дәл айтылуы;
- ойдың дәл, нақты болуы;
- образды сөздердің болмауы.
Үзінділердегі терминдік сөздерді ауызша ататып, бұл сөздердің жалпыға бірдей түсінікті еместігі, осы бағыттағы мамандарға ғана түсінікті екендіктеріне көз жеткізгеннен кейін, бұл да ғылыми стильдің ең негізгі ерекшелігі екеніне баса назар аударамыз. Сыныпта төмендегі бағыт бойынша бірнеше ғылым салаларынан алған үзінді мәтіндерді оқушыларға салыстыра оқытқызып, ортақ белгілерін, ұқсастықтарын ататамыз.
7сұрақ~~ Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңына» тоқталыңыз.
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.
Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді әрі ата-баба алдындағы ұлы парызымыз да
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
