Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
saralau.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
87 Кб
Скачать
☆

37.Талан таражға салудың ұғымы мен түрлері

Талан-тараж ету деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге де иеленушісіне залал келтіре отырып айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру танылады (ҚР ҚК-нің 175-бабына 1-ескерту). Іс-әрекетті талан-тараж ету деп тану үшін осы аталған көрсеткіштер толықтай болуы керек.

Талан-тараждау заты болып бөтеннің, яғни кінәлінің иелігінде тұрмайтын мүліктер танылады. Талан-тараждау заты белгілі бір физикалық, экономикалық және заңдық қасиеттерге ие болуы керек. Талан-тараждау нысандар мен түрлерге бөлінетінін ұмытпау керек. Талан-тараждау нысанын мүліктің бөтеннің иелігінен алудың тәсілі анықтайды. Бұл ұрлық, тонау, алаяқтық, иемденіп алу, ысырап ету, қарақшылық. Талан-тараждау түрлері қылмыс затының мөлшеріне қарай анықталады: ұсақ-түйек, ірі мөлшерде, ерекше құнды заттарды талан-тараждау. Ұсақ-түйек талан-тараж ету мен ірі мөлшерде талан-тараждау түсініктері ҚР ҚК-нің 175-бабына ескертулерде анықталған. Соынмен қатар, талан-тараждаудың төменде келтірілген саралаушы белгілері оның бүкіл нысандары үшін ортақ дерлік:

- алдын ала сөз байласа отырып талан-тараждау;

- бірнеше мәрте жасалған талан-тараждау;

- ұйымдасқан топ істеген талан-тараж;

- ірі мөлшерде талан-тараж ету;

- бұрын талан-тараждау немесе қорқытып алу үшін екі немесе одан да көп рет соттылығы бар адамның талан-тараждылық жасауы.

39. Талан таражға салудан басқа қылмысты саралау

Қылмыстық заңнамада бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін жауапкершілік — меншікке қатысты қол сұғу қандай тәсілмен жасалатындығына байланысты белгіленеді. Мүлік жасырын немесе ашық түрде, зорлықпен немесе зорлықсыз, алдау арқылы немесе сенімге қиянат жасау және т.б. арқылы алынуы мүмкін. Қолданыстағы қылмыстық заңдарда ұрлықтың алты нысаны қарастырылған: ұрлық, тонау, қарақшылық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу не ысырап ету. Аталған әрбір ұрлық нысанына ұрлықтың бір түрін екіншісінен айырып көрсететін өз ерекшеліктері тән. Ұрлық — бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау. Айыптының бөтеннің мүлкін алған жене өз қалауы бойынша мүлікке билік етуге шынайы мүмкіндік алған сәтінен бастап бұл мүмкіндікті іске асырған, асырмағанына қарамастан ұрлық жасалған деп есептеледі. Айыпты адам жасырын түрде заңсыз және қайтарымсыз бөтеннің мүлкін алатынын біледі, өз әрекетінің нәтижесінде меншік иесіне немесе өзге иеленушіге материалдық зала келтіретінін болжайды және аталған тәсілмен осындай зиян келтіруді қалайды. Ол пайдакүнемдік мақсатты басшылыққа алады және заңсыз олжаға бату мақсатын көздейді.

40. Тонау — бұл бөтеннің мүлкін ашық ұрлау. Бұл ұрлық пен алаяқтық қылмыстарына қарағанда ұрлықтың аса қауіпті түрі.Тонау бөтеннің мүлкін ашық түрде күш қолданып иеленуден тұратын белсенді әрекетпен сипатталады. Мүлікті ашық түрде ұрлау туралы мәселе, ұрлықтағы сияқты субъективтік критерий негізінде шешіледі, яғни иеленушінің өзінің жағдайды субъективтік қабылдауынан келіп шығады. Егер кінәлі адам қылмысты жәбірленушінің немесе басқа адамның көзінше жасап жатқанын және олардың өз әрекетін түсініп тұрғанын білгенін сезінсе ұрлық ашық (тонау) жасалған болып табылады. Ұрлықты ашық түрде ұрлау деп тану үшін, біріншіден, меншік иесі, өзге иеленушісі немесе басқа адам айыптының құқыққа қайшы әрекетін бақылап, оның қылмыстық сипатын түсінуі керек екіншіден, айыпты осы мән-жайды елемеуі қажет. Тонау қылмысы үшiн көзделген қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Тонау қылмысы үшін қылмыстық жауапкершiлiк Қазақстан Республикасы қылмыстық кодекiсiнiң 178 бабының 2-бөлiгiнде тонаудын ауырлататын түрлерi көрсетiлген: а) жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына қауiптi емес күш қолданумен, б) бiрнеше рет  в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша г) тұрғын, қызметтiк, өңдiрiстiк үй- жайға не қоймаға заңсыз мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi

41.Вагапов қасақана кісі өлтіргені үшін ауырлатылған жағдайда жазасын өтеп жатты...Вагаповты шартты түрде мерзімінен бұрын босату үшін жаңа заңның кері күші болады,себебі:ҚРның ҚКтің 5-бабына сәйкес,әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңiлдететiн немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңiлдететiн заңның керi күшi болады, яғни осындай заң күшiне енгенге дейiн тиiстi әрекет жасаған адамдарға, оның iшiнде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бiрақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшiн жазасын өтеп жүрген әрекеттiң жазаланатындығын жеңiлдетсе, тағайындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегiнде қысқартылуға тиiс.

43.Асанов кешкі мезгілде көшеден бір қызды тоқтатып,қорқытып қолындағы сөмкесін беруін талап етеді.Қорқып кеткен қыз сөмкесін бере салады.Сөмкеден қыздың бояу заттарымен 250тг ақша табылды.Асановтың іс-әрекеті ҚК-тің 9бабының 2-бөлігінде көрсетілген белгілерге сәйкес пе?Сәйкес емес,өйткені бұл қорқытып алушылық (181-1 бап) бойынша сараланады. Қорқытып алушылық, яғни бөтен мүлiктi немесе мүлiкке құқықты берудi немесе күш қолданумен не бөтен мүлiктi жоюмен немесе бүлдiрумен қорқыту арқылы мүлiктiк сипаттағы басқа да iс-әрекеттер жасауды талап ету белгілері бар.Және ол жауаптылыққа тартылуы тиіс.

48. . Симаков Тополевтің ішіне пышақпен аауыр зиян келтіргені үшін жауаптәлыққа тартылуы қажет. Қылмысттық Кодекстің Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру туралы 103 бабына сәйкес үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Материалдық құрамда қылмыстың аяқталу сәті қоғамға қауіпті зардаптың тууына байланысты болса, формальды құрамда зардапты тосып жатпай-ақ, қоғамға қауіпті әрекетті жасаудың өзі қылмыстың аяқталғандығын көрсетеді. Қылмыс құрамының материалды және формальды болып бөлінуінің маңызы бұл қылмыстың қандай жағдайда туындауын көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]