Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ANB_GOS.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
316 Кб
Скачать
☆

Ххххххххх

Халықаралық валюта қоры оның мақсаты және міндеті Халықаралық валюта қоры (Іnternatіonal Monetary Fund (ІMF) — әлемдік қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатысты туындайтын түйткілдерді зерттейтін және қажет болған жағдайда мүше елдерге қаржылық және техникалық қолдау ұсынатын халықаралық ұйым. Оның штаб-пәтері АҚШ астанасы Вашингтонда орналасқан. Құрамына 184 мемлекет кіреді. ХВҚ — мүше мемлекеттер арасындағы валюта несие қатынастарын реттейтін, төлем теңгерімінің тапшылығынан валюталық қиындықтар туындаған кезде оларға шет ел валютасымен қысқа және орта мерзімді несие беру жолымен қаржы көмегін көрсететін халықар. ұйым. Брет-Будстағы конференцияның (АҚШ‚ 1944) шешіміне сәйкес құрылған. Оған БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі мәртебесі берілген. Ресми мақсаты — валюта-қаржы саласындағы халықар. ынтымақтастыққа және дүниежүз. сауданы дамытуға жәрдемдесу. Қордың активтері, көбінесе қатысушы мемлекеттердің жарналары (үлестері) есебінен құралады. Халықаралық валюта қоры халықаралық ұйым болып табылады. Ол 1944 жылғы шілдеде өткен БҰҰ Халықаралық валюта-қаржы конференциясында қабылданған келісімге сәйкес құрылды. 1945 жылы желтоқсанда Бреттон-Вудсте (АҚШ) өз күшіне енді. ХВҚ 184 мемлекетті біріктіреді. ХВҚ-ның қызметтік міндеттері: халықаралық валюталық ынтымақтастықты тереңдету; қаржылық тұрақтылықты нығайту; экономикалық өсуді нығайтып, жұмыспен қамту деңгейін жоғарылату; сондай-ақ, көпжақты төлем жүйесін құруды жеңілдету. ХВҚ-ның негізгі міндеттері: халықаралық валюта-қаржылық ынтымақтастыққа ықпал ету; халықаралық сауда өсімін теңестіру және кеңейтуді жеңілдету; мүше мемлекеттер арасындағы валюта қатынасын тұрақтылығын қолдау және реттеу; көпжақты есеп жүйесін құруға көмектесу; мүше мемлекеттерге төлем балансын реттеу үшін несие ұсыну; халықаралық төлем баланстар теңсіздігін бұзушылықты қалпына келтіру. ХВҚ халықаралық валюта жүйесінде тұрақтылықты қолдау және дағдарысты тоқтату үшін ұлттық, аймақтық және ғаламдық экономикалық дамуға шолу жасайды. ХВҚ өзінің 184 мүше елдеріне кеңес беру арқылы көмектеседі. Ол саясатты жүргізуге, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, экономикалық және қаржылық дағдарыс алдында осалдық деңгейін төмендетуге, тұрғындардың тіршілік деңгейін жоғарылатуға ықпалын тигізеді. ХВҚ сондай-ақ, мүше мемлекеттерге олардың төлем балансын түзету мақсатында уақытша қаржыландыруды ұсынады.

Халықаралық валюта-несиелік институттар. Олардың мақсаты мен міндеттері, пайда болуының алғы шарттары ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА-НЕСИЕ ҰЙЫМДАРЫ — мемлекеттер арасындағы валюталық, қаржы-несие қатынастарын реттеу, мемлекеттердің экономикалық дамуына жәрдемдесу, несие көмегін беру мақсатымен мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық қаржы ұйымдары. Мұндай ұйымдардың қатарына Халықаралық есеп айырысу банкі, Халықаралық валюта қоры, Халықаралық даму қауымдастығы, Халықаралық жаңғыру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы, Еуропа инвестиц. банкі, аймақтық халықар. даму банкілері жатады. Халықаралық валюта несиелік инс-т –оған мүше елдердің валюта қатынастарын реттеуге бағытталған және төлем балансының тапшылығын қаржыланыдыру мақсатында орта және қыска мерзімде несие берумен айналысатын халык-қ қаржы несие ұйымы. Қазақстанда халықаралық валюта несие инс-ты 1992 ж бастап мүше болды. ХВҚ –дың капиталына қосатын жарна екі бөліктен тұрады: 1,аталған елдің квотосынан 25% не алтын резервінің 10%; 2,квотаның қалған бөлігін ұлттық валютамен қосады. Міндеті: -ақша несие жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;-төлем балансының жағдайын бақылау;-несие беру. Негізгі мақсаты – мемлекеттің экономикалық өсуіне жәрдемдесу валюталық және несие қатынастарын реттеп, қадағалап отыру.

Халықаралық несие, оның ерекшеліктері. Халыкаралық несие - несие капиталының халықаралық экономикалық қатынастар аясында қозғалуы нысаны, мемлекеттер, халықаралық банкілер, қаржы ұйымдары, жекебанкілер мен фирмалар, басқа да заңды және жеке тұлғалар халықаралық ынтымақтастық барысында мерзімділік, қайтарылым және пайыз төлеу шартымен беретін несие. Несие санаты түрлерінің бірі болып таілатын Халыкаралық несие нарықтың басқа да экономикалық санаттарымен (пайда, баға, ақша, валюта, валюталық бағам, төлем теңгерімі) экономикалық заңдарымен байланысқан. Халыкаралық несие көздері кәсіпорындардың уақытша бос ақшалай капиталы, мемлекеттің және жеке сектордың ақшалай қорланымы, сондай-ақ банкілер бірқатар елдерден тартатын капиталдар. Халықаралық несиенің формалары. Халықаралық несиелік қатынастардың қазіргі формалары әр алуан. Олар заемдық қаражаттарды пайдаланудағы дү-иежүзілік шаруашылық қажеттіліктің өсуін көрсетеді. Халықаралық несие олардың тағайындалуына, экономика-лық мазмұнына, несиені беру көздеріне қарай жіктеледі. Халықаралық несиелер көбіне сыртқы сауда ағымдарына қызмет етумен, инвестициялық объектілерінің құрылысын қаржыландырумен, көрсетілген қызмеггерге ақы төлеумен, ең бастысы ғылыми-техникалық білімдерді экспорттаумен тікелей байланысты келеді. Сонымен қатар, халықаралық несиелердің маңызды бөлігі, тек ғана нақты сыртқы экономикалық мәмілелерді қаржыландыру үшін емес, сол сияқты банкаралық несиені беру немесе әр елдің төлем балансын реттеу мақсатына пайдаланылады. Қазіргі жағдайда халықаралық несиелер – бір жағынан, экспорттық және қаржы несиелері мен займдары ретінде, екінші жағынан, жеке және мемлекетаралык несие түрінде қарастырылған. Енді осы екі несие формаларын жеке қарастырамыз. Халықаралык сауданы экспорттық несиелеудің ерекшелігі -оның кредитор елінен экспорттық жабдықтауымен өзара байланысты болып келуі, бұл несиеиерді халықаралық несие нарығындағы ерекше категория ретінде бөліп қарауға негіз болады. Бұл жерде импортер мем экспортерлер де өздерінің шетелдік контрагенттерінен немесе оларға қызмет көрсетуші банктерден тікелей несие алады, Несиенің бері-луі сыртқы сауда контрактісінің жасалуымен байланысты. Несиенің көлемі, оның мерзімі паиызды төлеу және қаитару шарты экспортер мен импортер еліндегі экономикалық жә-не саяси жағдайларға, тауардың түріне, екі жақтың өзара қарым-қатынасына тәуелді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]