Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
saralau.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
111 Кб
Скачать
☆

37.Талан таражға салудың ұғымы мен түрлері

Талан-тараж ету деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге де иеленушісіне залал келтіре отырып айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру танылады (ҚР ҚК-нің 175-бабына 1-ескерту). Іс-әрекетті талан-тараж ету деп тану үшін осы аталған көрсеткіштер толықтай болуы керек.

Талан-тараждау заты болып бөтеннің, яғни кінәлінің иелігінде тұрмайтын мүліктер танылады. Талан-тараждау заты белгілі бір физикалық, экономикалық және заңдық қасиеттерге ие болуы керек. Талан-тараждау нысандар мен түрлерге бөлінетінін ұмытпау керек. Талан-тараждау нысанын мүліктің бөтеннің иелігінен алудың тәсілі анықтайды. Бұл ұрлық, тонау, алаяқтық, иемденіп алу, ысырап ету, қарақшылық. Талан-тараждау түрлері қылмыс затының мөлшеріне қарай анықталады: ұсақ-түйек, ірі мөлшерде, ерекше құнды заттарды талан-тараждау. Ұсақ-түйек талан-тараж ету мен ірі мөлшерде талан-тараждау түсініктері ҚР ҚК-нің 175-бабына ескертулерде анықталған. Соынмен қатар, талан-тараждаудың төменде келтірілген саралаушы белгілері оның бүкіл нысандары үшін ортақ дерлік:

- алдын ала сөз байласа отырып талан-тараждау;

- бірнеше мәрте жасалған талан-тараждау;

- ұйымдасқан топ істеген талан-тараж;

- ірі мөлшерде талан-тараж ету;

- бұрын талан-тараждау немесе қорқытып алу үшін екі немесе одан да көп рет соттылығы бар адамның талан-тараждылық жасауы.

39. Талан таражға салудан басқа қылмысты саралау

Қылмыстық заңнамада бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін жауапкершілік — меншікке қатысты қол сұғу қандай тәсілмен жасалатындығына байланысты белгіленеді. Мүлік жасырын немесе ашық түрде, зорлықпен немесе зорлықсыз, алдау арқылы немесе сенімге қиянат жасау және т.б. арқылы алынуы мүмкін. Қолданыстағы қылмыстық заңдарда ұрлықтың алты нысаны қарастырылған: ұрлық, тонау, қарақшылық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу не ысырап ету. Аталған әрбір ұрлық нысанына ұрлықтың бір түрін екіншісінен айырып көрсететін өз ерекшеліктері тән. Ұрлық — бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау. Айыптының бөтеннің мүлкін алған жене өз қалауы бойынша мүлікке билік етуге шынайы мүмкіндік алған сәтінен бастап бұл мүмкіндікті іске асырған, асырмағанына қарамастан ұрлық жасалған деп есептеледі. Айыпты адам жасырын түрде заңсыз және қайтарымсыз бөтеннің мүлкін алатынын біледі, өз әрекетінің нәтижесінде меншік иесіне немесе өзге иеленушіге материалдық зала келтіретінін болжайды және аталған тәсілмен осындай зиян келтіруді қалайды. Ол пайдакүнемдік мақсатты басшылыққа алады және заңсыз олжаға бату мақсатын көздейді.

40. Тонау — бұл бөтеннің мүлкін ашық ұрлау. Бұл ұрлық пен алаяқтық қылмыстарына қарағанда ұрлықтың аса қауіпті түрі.Тонау бөтеннің мүлкін ашық түрде күш қолданып иеленуден тұратын белсенді әрекетпен сипатталады. Мүлікті ашық түрде ұрлау туралы мәселе, ұрлықтағы сияқты субъективтік критерий негізінде шешіледі, яғни иеленушінің өзінің жағдайды субъективтік қабылдауынан келіп шығады. Егер кінәлі адам қылмысты жәбірленушінің немесе басқа адамның көзінше жасап жатқанын және олардың өз әрекетін түсініп тұрғанын білгенін сезінсе ұрлық ашық (тонау) жасалған болып табылады. Ұрлықты ашық түрде ұрлау деп тану үшін, біріншіден, меншік иесі, өзге иеленушісі немесе басқа адам айыптының құқыққа қайшы әрекетін бақылап, оның қылмыстық сипатын түсінуі керек екіншіден, айыпты осы мән-жайды елемеуі қажет. Тонау қылмысы үшiн көзделген қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Тонау қылмысы үшін қылмыстық жауапкершiлiк Қазақстан Республикасы қылмыстық кодекiсiнiң 178 бабының 2-бөлiгiнде тонаудын ауырлататын түрлерi көрсетiлген: а) жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына қауiптi емес күш қолданумен, б) бiрнеше рет  в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша г) тұрғын, қызметтiк, өңдiрiстiк үй- жайға не қоймаға заңсыз мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi

Есеп

1.Аталған жағдайда Вагаповты мерзімінен бұрын шартты түрде босатуда ҚР жаңа қылмыстық заңының кері күші болады, себебі жаңа заңның қабылдануына байланысты ҚР ҚК-да мынандай жағдай көрсетілген. Егер жаңа қылмыстық заң адаам сол үшін өтеп жүрген әрекеттің жазаланатындығын жеңілдетсе, тағайындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегінде қысқартылуға тиіс. Ал әрекеттің қылмыстыығын немесе жазаланушылығын белгілейтін, жауаптылықты немесе жазаны күшейтетін немесе немесе осы әрекетті жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын заңнынң кері күші болмайды. Сол себепті де бұл жерде Вагаповты мерзімінен бұрын шартты түрде босатуда ҚР жаңа қылмыстық заңының кері күші болады.

2. Қазақстандық теплоходтың шет мемлекеттің портында аялдау кезіндежанжал тугандыктан Қазақстан Республикасының портына тiркелген, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс ашық су немесе әуе кеңiстiгiнде жүрген кемеде қылмыс жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Қазақстан Республикасының әскери кораблiнде немесе әскери әуе кемесiнде қылмыс жасаған адам да, оның қай жерде болуына қарамастан, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Қылмыстың орны – ҚР. Субъектісі – Гаев. Субъективтік жағынан қасаөаналық нысаны. Объективтік жағынан – Кимнің денсаулығы.

3.ҚР Қылмыстық Кодексінің 9 бабының 2 бөлігінде Қылмыс ұғымы  2. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде көзделген қайсыбiр әрекеттiң белгiлерi формальды болса да бар, бiрақ елеулi маңызы болмағандықтан қоғамдық қауiптi емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтiрмеген және зиян келтiру қаупiн туғызбаған iс-әрекет немесе әрекетсiздiк қылмыс болып табылмайды. Бірақ бұл жерде қылмыс бар ол ҚР Қылмыстық Кодексінің Тонау бабымен Тонау, яғни бөтен мүлiктi ашық ұрлау - үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге  бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

4. Қылмыстық заңның керi күшi 1. Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңiлдететiн немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңiлдететiн заңның керi күшi болады, яғни осындай заң күшiне енгенге дейiн тиiстi әрекет жасаған адамдарға, оның iшiнде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бiрақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.   2. Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшiн жазасын өтеп жүрген әрекеттiң жазаланатындығын жеңiлдетсе, тағайындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегiнде қысқартылуға тиiс. 3. Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгiлейтiн, жауаптылықты немесе жазаны күшейтетiн немесе осы әрекеттi жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын заңның керi күшi болмайды. Бұл жерде Сорокинге Сот Үкімін шыгармағандықтан оны Қаз ССР ҚК 217-бабымен саралаймыз.

5. Саматовтың іс-әрекетінде қылмыс бар. Саматовтың іс-әрекетін ҚР ҚК ның бабы бойынша саралауға болады, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету – кінәлі адамға тапсырылған бөтен мүлікті талан-таражға салу, кінәлі адамның өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті біреуге сатуы әрекеттері арқылы көрініс тапқан. Сол себепті де Саматовтың іс-әрекетінде қылмыс бар, ол өзіне сеніп тапсырылған мүлікті өз пайдасы үшін сатып жіберіп, жалған ақпарат берді. Субъектісі – Саматов, субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істелінген іс-әрекет.

6.Капитанның іс-әрекетінде су көлігі қозғалысы мен оны пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу қылмысының белгілері бар. Ж/е капитанның кінәсі абайсызда жасалған қылмысқа жатады, себебі ол матрос И-нің кеме бортынан құлағандығын бірден байқамады.Яғни, бұл есептегі капитан Б-ның іс-әрекеті ҚР ҚК-ң «темір жол, әуе көлігі н/се су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану ережелерін бұзу» атты бабымен сараланады. Алдымен осы баптағы қылмыстың құрамын аша кетсем: -қылмыстың тікелей объектісі–нақты көлік құралы түрінің (есептегі жағдайда балық аулау кемесі) жол қауіпсіздігі ж/е пайдалану ережесі. Қосымша тікелей объект–адамның денсаулығы ж/е (н/се) өмірі.-қылмыстың заты–көліктің түрі.-объективтік жағы–а)нақты көлік құралы түрінің жол қауіпсіздігі ж/е пайдалану ережесін бұзатын іс-әрекеттер(әрекет н/се әрекетсіздік); ә)қылмыстың зардабы-адмның денсаулығы н/се өмірі; б) іс-әрекет пен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыс. Қылмыс құрамы-формальдық, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасалған сәттен бастып қылмыс аяқталды деп саналады.-субъективтік жағы–жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін бұзу жөнінде де ж/е одан туындайтын зардап жөнінде де тек абайсыздықпен істеледі.-субъектісі-арнаулы,

есі дұрыс, 16-ға толған, орындайтын жұмысына н/се атқаратын қызметіне байланысты заңда көрсетілген ережелерді сақтауға міндетті адам.Бұл бап б/ша, темір жол, әуе көлігі н/се су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану ережелерін орындайтын жұмысына н/се атқаратын қызметіне байланысты осы ережелерді сақтауға міндетті адамның бұларды бұзуы, егер бұл әрекет абайсызда кісі өліміне әкеп соқса, 3жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару н/се белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып н/се онсыз 7жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Яғни, капитан Б осы жазалардың біріне тартылады.

7. Иә, жүргізуші М-нің іс-әрекетінде абайсызда адам өлтіру қылмысының белгілері бар. Әрине, бұл жерде жаяу жүргінші К-ң іс-әрекетінде де кінәсі бар, өйткені ол жол қозғалысы ережесін елеулі түрде бұзып тұр. Алайда, оның көшеден өтіп бара жатқанын көріп келе жатқан М тоқтауға тиіс еді, бірақ тоқтамады. Бірақ оның бұл әрекетін қасақаналықта адам өлтіру деп тануға негіз жоқ. Өйткені оның қасақана ниеті болмады, ол бұл жағдайға немқұрайдылықпен қарады. Сондықтан да оның әрекеті ҚР ҚК-ң абайсызда адам өлтіру бабымен сараланады.ҚР ҚК б/ша абайсыздықта адам өлтіріп алу адам өлтірудің түсінігіне жатпайды, ол өз алдына жеке қылмыс болып табылады. Мұның адам өлтіруден негізгі айырмашылығы өлімнің болуына қатысты кінә нысанының өзгешілігінде. Абайсыздықта адам өлтіріп алу менмендіктің н/се немқұрайдылықтың салдарынан болуы мүмкін. Менмендік салдарынан адам өлтіріп алу кінәлі өз әрекетінен (әрекетсіздігінен) өлімнің болу мүмкіндігін шамалайды, бірақ өзіне-өзі сеніп, оған жеткілікті негіз болмағанның өзінде де өлімнің жолын кесемін деп есептейді. Егер тұлға өзінің әрекетінен (әрекетсіздігінен) өлімнің болу мүмкіндігін шамаламаса, бірақ оған қажетті деңгейде көңіл бөлген н/се шамалаған кезде өлімнің болатындығын алдын ала болжауға тиіс болған жағдай немқұрайдылық салдарынан адам өлтіріп алу деп танылады. Абайсыздықта адам өлтіріп алудың субъектісі-16 жасқа толған адам болады.Яғни, жүргізуші М ҚР ҚК б/ша абайсызда кiсi өлтiру іс-әрекеті үшін үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге н/се сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

8. Біріншіден, Симаковтың автобус салонында әдепсіз сөздер сөйлеуі ұсақ бұзақылық болып табылады ж/е оның бұл әрекеті ҚР ӘҚБтК б/ша сараланады. Бұл кодекске сәйкес, ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап тиiсу, тұрғын жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару ж/е қоғамдық тәртiптi ж/е жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай iс-әрекеттер айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады. Екіншіден, Симаковтың Тополевтің ішіне пышақ тығып,оның құлап қалуы қылмыс болып табылады, ж/е оның бұл әрекеті ҚР ҚК-мен сараланады. Тополевтің құлап қалғаннан кейінгі жағдайы бізге беймәлім болғандықтан, Симаковтың әрекетін екі баппен қарастыруға тура келеді.Егер, Тополев қайтыс болған жағдайда, Симаковтың әрекеті ҚР ҚК-ң адамды өлтіру бабымен сараланады. Яғни, Симаков, осы бапқа сәйкес, кiсi өлтiру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтiру әрекеті үшін алты жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ал егер, Тополев қайтыс болмаса, бірақ оның денсаулығына ауыр зиян келген жағдайда, Симаковтың әрекеті ҚР ҚК-ң денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабымен сараланады. Яғни, Симаков, осы бапқа сәйкес, адамның өмiрiне қауiптi н/се денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру әрекеті үшін үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

9. Қылмыс жасау тәсілінің нақты қылмыс түрін табудағы ж/е сол жасаған қылмысы үшін тағайындалатын жауапкершілікті, сондай-ақ оның ауырлық дәрежесін анықтаудағы маңызы өте зор.Берілген есепте Петровтың жасаған әрекеті ұрлық болып табылады. Себебі ҚР ҚК б/ша ұрлық дегеніміз бөтен мүлікті жасырын алу болып табылады. Ж/е бөтен мүлікті жасырын алу екі түрлі – объективтік ж/е субъективтік белгілер б/ша анықталады. Адамның ешкімге сездірмей, білдірмей әрекет істеуі арқылы мүлікті жасырын алуы – объективтік белгіге жатады. Ұрлық жасаған адамның мүлікті меншік иесіне н/се өзге иеленушіге сездірмей, жасырын алудамын деген сезімі ж/е осы тәсілмен оны жүзеге асыруды тікелей тілейтіндігі субъективті белгіге, яғни кінәлінің бөтен мүлікті жасырын алуға байланысты іс-әрекетке деген психикалық көзқарасын білдіреді. Осыған байланысты Петровтың іс-әрекеті ұрлық болып табылады деп нақты тұжырым жасауға болады, себебі ол бұл қылмыстық әрекетті қасындағылар байқамай тұрғанда жүзеге асырғандығын ж/е оны бақылап тұрған тұтынушы Глядушинді көрмегендігін айтты. ал бұл ұрлықтың субъективті белгісі болып табылады.Ж/е ол ҚР ҚК-не сәйкес, ол ұрлық, яғни бөтен мүлiктi жасырын ұрлағаны үшін екi жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiн бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

10.Жидковтың қылмыстық жауапкершілігі мәселесі ҚР ҚК-ң «Айналадағыларға қауiп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселердi ұстау ережелерiн бұзу» атты бабымен сараланады. Себебі, ол тәлімгерлермен оқ ату сабағын өтіп болғаннан кейін, тәлімгерлер атқан тапаншаны Пчелкинге қоймаға сақтау үшін берердің алдында сол тапаншаларды тексермеді. Бұл бап бапқа сәйкес, айналасындағыларға үлкен қатер туғызатын қару-жарақты, оқ-дәрiлердi, радиоактивтi материалдарды, жарылғыш ж/е өзге де заттар мен нәрселердi ұстау ережелерiн бұзу, егер бұл абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соқса бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ал Пчелкиннің тарапынан жасалған іс-әрекет ҚР ҚК-ң «Абайсызда кісі өлтіру» бабымен сараланады. Себебі, ол тапаншаны оқталмаған деп ойлап, оның шүріппесін басып қалған болатын. Яғни, бұл бапқа сәйкес, абайсызда кiсi өлтiру үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге н/се сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

11.- Жалпы, қылмыс субъектісі дегеніміз – қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған, заңда көрсетілген жасқа толған (ұрлық - 14 жас), есі дұрыс адам. Берілген есепке сәйкес, топ мүшесі 12 жасар Шүкеев қылмыс субъектісі болып табылмайды. Өйткені қылмыстық заң өзі арнайы көрсеткен жасқа толмаған жасөспірімдерді қылмыстық жауапқа не жазаға тартуға тыйым салады. Айта кететін жайт, қылмысқа қатысушы жасы толмауына байланысты қылмыстық жауапқа тартылмаса, басқа қылмысқа қатысушыларды жауаптылықтан босатуға негіз жоқ.- Топтың мүшелерін қылмыстық жауапкершілікке тартудың негізі болып қ-қ заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу болып табылады. Берілген есепке сәйкес, қылмыскерлер қылмысты орындауға тікелей қатысқандықтан олар қоса орындаушылар болып табылады. ҚРҚК-не сай қоса орындаушылардың барлығы да бірдей негізде ж/е ҚК-ң Ерекше бөлімінде көрсетілген баптың санкциясы шеңберінде жауапқа тартылады.

Ұрлық, яғни бөтен мүлiктi жасырын ұрлау.       2. Мынадай:       а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;       б) бiрнеше рет;       в) тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық -       мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.      

12. - Егоровтың қылмыстық әрекетінің об-к жағы қоғамдық тәртіпті өрескел бұзумен сипатталалады, яғни ол мас күйінде түнгі уақытта тұрып, мылтығының атысымен адамдарды оятып, қорқытты. Сонымен қатар, ол бөтеннің мүлкін бүлдірді, яғни көршісінің қаздарына атып, терезесін сындырды. Оның қылмысы об-к жағынан ҚК-тегі бұзақылық қылмысына сәйкес:

Бұзақылық - яғни қоғамды анық құрметтемеуiн бiлдiретiн азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз iс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртiптi тым өрескел бұзушылық. - Егоров қылмыс жасау барысында аңшы мылтығын колданды, ал ҚК-ке сәйкес, атыс қаруын қолдану арқылы жасалған бұзақылық әрекетінің жазасы жай бұзақылық әрекетке қарағанда ауырырақ.

- Атыс қаруын, газ қаруын, пышақты, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы бейiмделген басқа да заттарды қолданып немесе қолдану әрекетi арқылы жасалған бұзақылық - үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

13. Николаев ж/е Ереппев бұзақылық қылмысын жасады. ҚК-ке сәйкес, бұзақылық қылмысының субъектісі – 16-ға(257-б, 1-т.) және 14-ке(257-б, 2,3-т.) толған есі дұрыс адам. Сондықтан Николаев жауапкершілікке тартылады. Ал Ереппев белгіленген жасқа толмағандықтан қыл-қ жазаға тартылмайды. Өйткені қылмыстық заң өзі арнайы көрсеткен жасқа толмаған жасөспірімдерді қылмыстық жауапқа не жазаға тартуға тыйым салады.Бұзақылық яғни қоғамды анық құрметтемеуiн бiлдiретiн азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз iс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртiптi тым өрескел бұзушылық.     (257-б, 2-т.) Нақ сол әрекет, егер оны:       а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;       жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

14. - Савин ҚК-ке сәйкес адамды қасақана өлтіргендігі үшін жауапкершілікке тартылады.

- Савиннің өзінің әйелін қызғануы жеңілдететін мән-жай болып танылмайды.

Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылады: а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыс жасау; б) айыпкердiң кәмелетке толмауы; в) жүктiлiк; г) айыпкердiң жас балалары болуы; д) қылмыс жасағаннан кейiн зардап шегушiге тiкелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залал мен моральдық зиянның орнын өз еркiмен толтыру, қылмыспен келтiрiлген зиянды жоюға бағытталған өзге де iс-әрекеттер; е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебiмен қылмыс жасау; ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтiк немесе өзге де тәуелдiлiгi себептi қылмыс жасау; з) қажеттi қорғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттiлiк қылмыс жасаған адамды ұстау, негiздi тәуекел, бұйрықты немесе үкiмдi орындау жағдайында, жедел-iздестiру iс-шараларын жүзеге асыру кезiнде қылмыс жасау; и) қылмыс жасау үшiн түрткi болып табылған жәбiрленушiнiң заңға қайшы немесе адамгершiлiкке жатпайтын қылығы; к) шын жүректен өкiну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесiнде алынған мүлiктi iздеуге белсендi жәрдемдесу.

15. Исмайловтың әрекеті нәпсiқұмарлық сипатындағы күш қолдану қылмысы болып табылады. ҚК – ке сәйкес бұл қылмыстың субъектісі – 14 толған ерлер мен әйелдер. Исмайлов 15 жаста болғандықтан оны қылмыс субъектісі ретінде тануға болады, ж/е ол ҚК-ке сәйкес жауапкершілікке тартылады.Нәпсiқұмарлық сипатындағы күш қолдану – еркек пен еркектiң жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдiң жыныстық қатынасы немесе жәбiрленушiге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып не жәбiрленушiнiң дәрменсiз күйiн пайдаланып жасалған нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де әрекеттер.  Дәл сол әрекеттердi:       д) кәмелетке толмағаны көрiнеу адамға қатысты жасаса, -       бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

16. ҚР Қылмыстық Кодексінің нормасына сәйкес мас күйінде қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды. Бұл қылмыстың субъективтік жағына талдау жасайтын болсақ:Бұл қылмыс кінәнің абайсыздық нысанымен жасалған. Себебі, абайсыз қылмыстардың жасалуы негiзiнен бiрқатар адамдардың əлеуметтiк жауапсыздығынан, тəртiпсiздiгiнен, өзiн жоғары бағалаудан, салғыртығынан, өз мiндеттерi мен қауiпсiздiк ережелерiнесалақтықпен қарауынан, айналадағылардың өмiрi мен денсаулығына ұқыпсыз қатынасынан, тəжiрибенiң жоқтығынан не өзге де себептермен шамасы келмейтiн функцияларды өзiне алуына байланысты орын алады. Бұл қылмыс адамдардың тәртіпсіздігінен туындап отыр. Қылмыстың ниетi – бұл белгiлер қажеттiлiк пен мүдделермен сипатталған сезiмiнiң оянуынан адамды қылмыс жасауға итермелейтiн жəне қылмыс жасау кезiнде адам басшылыққа алатын адамның саналы iшкi түрткiсi. Ал мақсат - қылмыс жасай отырып адамның қолжеткiзуге ұмтылатын нəтиженi тiлеуi. Берілген қылмыс бойыншаСавкин мен Жаровтың мақсаты Фролованы өлтіру емес, сол үйден тезірек кету болып табылады. Фролова жолды бөгегендіктен, Савкин мен Жаров оны өлтіреміз деген оймен емес, жолдан аламыз деген оймен бұл әрекетті жасады. Бұл қылмыстың пайда болуында виктимділік орын алған. Яғни, жәбірленуші өзі себепкер.

17.Есинді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін негіз бар, Ол ҚР Қылмыстық кодексінің денсаулыққа абайсызда зиян келтіру бабымен сараланады. Денсаулыққа абайсызда ауыр зиян келтiру, - жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.  Қылмыстың обьектісі адамның денсаулығы Обьективті жағы Денсаулыққа абайсызда ауыр зиян келтiру Субьективтіжағы абайсыздық Субьектісі 16 толған адам

18. Коневті абайсызда адам өлтірді деп айыптауға болмайды себебі абайсызда жасалған қылмыс

      1. Менмендiкпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады.        2. Егер адам өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiп туғызуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлсе, бiрақ бұл зардаптарды жеткiлiктi негiздерсiз жеңiлтектiкпен болғызбау мүмкiндiгiне сенсе, қылмыс менмендiкпен жасалған қылмыс деп танылады.        3. Егер адам қажеттi ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап бiлуге тиiс және болжап бiле алатын бола тұра өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамдық қауiптi зардаптарының болуы мүмкiн екенiн болжап бiлмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады. СондықтанКоневті айыптау негізсіз. Бұл жерде болған оқиғаны абайсызда кісі өлімі деп қарастыруға болмайды, себебі Конев Нефедовты жарға әдейі алып келмеді және де оның өлімін тілемеді де. Конев Нефедовтың құлап, қайтыс болғанына ешқандайда қатысы жоқ. Және де 10 метрдей жерде Коневтің ұстанып қалуына да Коневтің ешқандай қатысы жоқ, ол бар болғаны өз өмірін барынша сақтап қалды. Сондықтанда Коневті Нефедовты абайсызда адам өлтіргені үшін қылмыстық іс қозғау негізсіз.

19. Бұл есеп бойынша аса қатігездік орын алмайды. ҚР қылмыстық кодексінің денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру бабымен сараланады. Және осы кодекске сәйкес 3 жылға бас бостандығын шектеуге немесе 2 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланады. Агаевтің кінәсі анықталған және ол тікелей қасақаналық болып табылады. Рзаевке келтірілген дене жарақаттары өмірге қауіпті емес және ауыр болып табылмайды.

20. Веллерттің әрекеті кінәнің абайсыздық нысанымен орын алған. Абайсыздық адамның тәртіпсіздігі, жауапсыздығы немесе салақтығы себебінен туындайды. абайсызда жасалған қылмыс 1. Менмендiкпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады.        2. Егер адам өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiп туғызуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлсе, бiрақ бұл зардаптарды жеткiлiктi негiздерсiз жеңiлтектiкпен болғызбау мүмкiндiгiне сенсе, қылмыс менмендiкпен жасалған қылмыс деп танылады.        3. Егер адам қажеттi ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап бiлуге тиiс және болжап бiле алатын бола тұра өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамдық қауiптi зардаптарының болуы мүмкiн екенiн болжап бiлмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады. Веллертті ҚР Қылмыстық кодексінің Денсаулыққа абайсызда ауыр зиян келтiру, - жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.. Бұл жерде ескере кететін жәйт оның мақсаты өрт шығару болған жоқ.

21. Соттың осындай шешімімен келісуге болмайды. Себебі, пайда табу мақсатымен адам өлтірген жағдайда кінәлінің материалдық пайда алу немесе материалдық шығыннан құтылу ал материалдық пайда: ақша мүлік немесе мүлікке, тұрғын үй алаңына үшінші адамнан сыйақы алуға құқықты алу түрінде болуы мүмкін. Материалдық шығыннан құтылу, қарызды өтеуден, мүлікті қайтарудан, көрсетілген қызметке ақы төлуден, алимент төлуден т.б босану мақсатымен адам өлтіруде пайда күнемдік мақсатты білдіреді.Сондықтан осы ниет болуы керек . Ал бұл жағдайда Савченко ешқандайда өзіне пайда тауып тұрған жоқ. Сол себепті де, сот Савченконы пайдакүнемдік ниетпен адам өлтіргені үшін соттай алмайды. Бірақ оны кек алу мақсатында жасалған адам өлтіру бабымен сараланады.

22. Пенкиннің іс-әрекетіндегі кінә нысаны – абайсыздықта жасалған, оның ішінде менмендікпен жасалған қылмыс. ҚРҚК-не сәйкес, егер адам өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiп туғызуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлсе, бiрақ бұл зардаптарды жеткiлiктi негiздерсiз жеңiлтектiкпен болғызбау мүмкiндiгiне сенсе, қылмыс менмендiкпен жасалған қылмыс деп танылады. Пенкин бұл іс-әрекетті, яғни Бекетовты пышақпен ұруды оның денсаулығына ауыр зардап келтіремін не өміріне қауіп тудырамын деп істеген жоқ, оның ниеті мен мақсаты пышақтың беріктігін тексеру болды. Сол себептен, Пенкиннің Бекетовтың өміріне қауіп туғызатын зиян келтіруі абайсыздықтың менмендікпен жасалған кінә нысаны болып отыр.Пенкиннің әрекеті ҚК-тің Денсаулыққа абайсызда ауыр зиян келтiру бабымен сараланады. Оған сәйкес Пенкин жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады. 

23. Бұл жерден біз Белобородовтің іс-әрекетінен ешқандайда кінәнің нысанын көре алмаймыз, себебі, Юркиннің бүйрегі бұрыннан ауырған және де оған Белобородов ұрмай тұрып та зақым келген. Сот медицина сараптамасының қорытындысы бойынша бүйректі сылып алып тастау Юркиннің өзі және ата-аналары білмеген аурумен байланысты болғандығы дәлелденген. Сондықтанда менің ойымша, бұл жерде Белобородовтың іс-әрекетінен кінә нысанын анықтау мүмкін емес.

24. - Егер адам жасаған әрекетте ҚК-те көзделген қылмыс құрамының барлық белгiлерi болса, қылмыс аяқталған деп танылады. Берілген есепте Қалмұрзаев, Дмитриев және Рогов шолақ мылтықпен және пышақпен қаруланып алып, бай азаматтардың пәтерлеріне шабуыл жасау арқылы олардың мүлкін иелену мақсатын көздеді. Басқаша айтқанда, қарақшылық жасауды көздеді. Қарақшылық қылмысы формальды, яғни оның объективтік жағы орын алғаннан бастап қылмыс аяқталды деп есептеледі. Ал бұл қылмыстың объективтік жағы – бөтен мүлiктi ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш көрсетумен немесе тiкелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау.- Қалмұрзаев, Дмитриев және Рогов шабуыл жасаудың алдында полиция қызметкерлерімен әшкереленгендіктен олардың қылмысы аяқталмады. Және бұл қылмысқа оқталу болып та табылмайды. Себебі тiкелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк) қана, егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмесе, қылмыс жасауға оқталу болып танылады. Берілген есептегі Қалмұрзаев, Дмитриев және Роговтың әрекеті қылмысқа дайындалу болып табылады. Өйткені ҚК-ке сәйкес, тiкелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын iздестiру, әзiрлеу немесе бейiмдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды iздестiру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшiн өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркiне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмесе, қылмысқа дайындалу деп танылады.Бұл орайда Қалмұрзаев, Дмитриев және Роговтың дайындық сатысында істеген қылмысы ҚК-тің 24-б ж/е Ерекше бөлімдегі «қарақшылық» бабымен саралануы тиіс. Айта кететін жайт, қылмысқа дайындалғаны үшiн жазаның мерзiмi мен мөлшерi осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде аяқталған қылмыс үшiн тиiстi бапта көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрiнiң ең жоғары мерзiмiнiң немесе мөлшерiнiң жартысынан аспауы керек.

25. Пара беру формальды қылмыс құрамы болып табылады. Кіләлі тұлға пара алған кезден бастап, яғни берушінің мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекет істелгені не істелмегеніне қарамастан қылмыс аяқталған деп саналады. Қалмағамбетов қылмыстық заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылуы тиіс. Мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамға не оған теңестiрiлген адамға тiкелей немесе делдал арқылы пара бергені үшін жетi жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Егер пара беру iрi мөлшерде болса, мүлкi тәркiленiп жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады, ал егер аса iрi мөлшерде жасалса, мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

26. Ж: Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені біріккен қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда бірге жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айдаудың маңызы зор. Екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Бұл жағдайда қылмысқа қатысу бар. Бұл есеп б/ша Бобров қылмысқа айдап салушы яғни, басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен н/се өзге де жолдармен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы болып танылады. Ал, 2 жасөспірім Левашев пен Семенов қылмысты орындаушы, яғни, қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен (қоса орындаушылармен) бірге тікелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есінің дұрыс еместігіне немесе басқа да мән-жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты әрекетті абайсызда жасаған адамдарды пайдалану жолымен қылмыс жасаған адам. Және де бұл жерде ескеретін бір жайт бар 2 жасөспірім кәмелет жасына толмағандықтан, Бобров қылмысты орындашы болып танылады. Және сол б/ша жауапкершілікке тартылады.

27. Ж:  Егер қылмыс жасауға екi немесе одан да көп орындаушы күнi бұрын сөз байласпай бiрлесiп қатысса, ол адамдар тобы жасаған қылмыс деп танылады. Егер қылмысқа бiрлесiп жасау туралы күнi бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, ол адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған қылмыс деп танылады. Егер қылмысты бiр немесе бiрнеше қылмыс жасау үшiн күнi бұрын бiрiккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады.Егер қылмысты ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар жасау үшiн құрылған бiрiгiп ұйымдасқан топ (ұйым) не нақ сондай мақсатпен құрылған ұйымдасқан топтардың бiрлестiгi жасаса, ол қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс деп танылады.Ұйымдасқан топты немесе қылмыстық сыбайластықты (қылмыстық ұйымды) құрған не оларға басшылық еткен адам осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларда оларды ұйымдастырғаны және оларға басшылық еткенi, сондай-ақ қылмыстар оның қаскүнемдiк ниетiмен қамтылса, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған барлық қылмыс үшiн қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс. Ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) басқа қатысушылары осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларда оларға қатысқаны үшiн, сондай-ақ өздерi дайындауға немесе жасауға қатысқан қылмыстар үшiн қылмыстық жауапқа тартылады. Ұйымдасқан топ құру осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделмеген жағдайларда оны жасау үшiн құрылған қылмыстарға дайындалғаны үшiн қылмыстық жауаптылыққа әкелiп соғады. Григорьев, Бабаев және Демидовтердің әрекеттерінде қылмысқа қатысудың қандай нысаны көрініс тапқан? Ж: Бұл есеп б/ша Қоса орындаушылық себебі Григорьев, Бабаев және Демидовтер қылмысты жасауға қатысты.  Қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен (қоса орындаушылармен) бірге тікелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есінің дұрыс еместігіне немесе басқа да мән-жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты әрекетті абайсызда жасаған адамдарды пайдалану жолымен қылмыс жасаған адам.

28. Бұл есеп ҚР ҚК 208 бабы 3 бөлігі б/ша саралану мүмкін емес. Себебі 208 бап Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркаларменжәне (немесе) есепке алу-бақылау маркаларыментаңбалаудың тәртiбi мен ережелерiн бұзу,акциздiк маркаларды және (немесе) есепкеалу-бақылау маркаларын қолдан жасау жәнепайдалану болып табылады. Бұл есеп ҚР-ның ҚК 209 бабы 1 бөлігі б/ша өз шешімін табады. Яғни, Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендiк теңдестiру құралдарын алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды, осы Кодекстiң 250-бабында көрсетiлгендерiн қоспағанда, не декларацияланбаумен немесе күмәндi декларациялаумен ұштасқан кедендiк шекарадан өткiзуге тыйым салынған немесе өткiзу шектелген, кедендiк шекара арқылы өткiзудiң арнайы ережелерi белгiленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды iрi мөлшерде өткiзу болып танылады.Ұйымдасқан қылмыс— негізінен экономика аясындағы жүйелі қылмыстық әрекет. Ұйымдасқан қылмыс ұзақ уақытқа есептеліп, кәсіпшілік түрінде жасалады, оны қылмыстық қоғамдастықтар (қылмыстық ұйымдар) материалдық пайда алу немесе қоғамдық өмірдің белгілі бір аясына ықпал ету мақсатымен жоспарлап, жүзеге асырады. Қылмыстық ұйымдардың, көбінесе ел ішінде де, халықаралық деңгейде де белгілі бір құрылымы болады. Ұйымдасқан қылмыс ең алдымен құпия тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің айналымын шоғырландырып, бақылауға алады, мұндай тауарлар мен қызметтерге, бір жағынан, заң жүзінде тыйым салынған, екінші жағынан, олар қоғамда үлкен сұраныс туғызады (есірткі заттар, контрабандалық тауарлар, жезөкшелік, құмар ойындар). Ұйымдасқан қылмыс ерекше қауіпті, өйткені ол халықаралық деңгейде іскерлік әлеміне байқатпай дерлік ықпал етеді және онда үстем жағдайға қол жеткізеді.

29. Бұл есеп б/ша Машиннің іс-әрекетінде қылмыстың қайталануы бар. Себебі 321 баптың 1 бөлігінде көзделіп отырғандай, өкiмет өкiлiнiң өз қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiз күш қолдану немесе күш қолданбақ болып қорқыту арқылы өз қылмысын қайталап отыр. Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшiн соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады.Қылмыстың қайталануы:а) егер адам бұрын қасақана жасаған қылмысы үшiн екi рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;б) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, ол ауыр қылмыс жасаған жағдайда қауiптi деп танылады.Қылмыстардың қайталануы:а) егер адам бұрын ауыр қылмыс немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;б) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшiн екi рет бас бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, осы адам жасаған ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;в) егер адам бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, ол аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда аса қауiптi деп танылады.Он сегiз жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшiн соттылығы, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген тәртiп бойынша алынып тасталған немесе жойылған соттылық қылмыстың қайталануын тану кезiнде ескерiлмейдi. Қылмыстың қайталануының өзі қылмыстың көптігінің бір түрі, яғни қылмыстың көптігінің тағы 2 түрі бар, олар:

Қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуы

1. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң белгiлi бiр бабында немесе бабының бөлiгiнде көзделген екi немесе одан да көп әрекеттi жасау - қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы деп танылады.

2. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң түрлi баптарында көзделген екi немесе одан да көп қылмыс жасау осы Кодексте арнайы көрсетiлген жағдайларда ғана бiрнеше рет жасалған деп танылуы мүмкiн.

3. Егер адам бұрын жасаған қылмысы үшiн заңмен белгiленген тәртiп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса не адамның бұрын жасаған қылмысы үшiн соттылығы жойылған немесе онысы алынған болса, немесе мұндай қылмыс үшiн қылмыстық жауапқа тарту мерзiмi өтiп кетсе, қылмыс бiрнеше рет жасалған деп танылмайды.

4. Жалғасатын қылмыс, яғни бiр ниетпен және бiр мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда бiр қылмысты құрайтын бiрқатар бiрдей қылмыстық әрекеттерден тұратын қылмыс бiрнеше мәрте жасалған қылмыс деп танылмайды.

5. Қылмыстардың әлденеше рет жасалуы осы Кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын мән-жай ретiнде көзделген жағдайларда адамның жасаған қылмысы осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң қылмыстарды бiрнеше мәрте жасағаны үшiн жазалауды көздейтiн бабының тиiстi бөлiгi бойынша айқындалады.

Қылмыстардың жиынтығы1. Осы Кодекстiң түрлi баптарында немесе баптарының бөлiктерiнде көзделген, адам солардың бiрде-бiреуi үшiн сотталмаған немесе заңмен белгiленген негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екi немесе одан да көп әрекеттердi жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Қылмыстардың жиынтығында адам , егер жасалған әрекеттердiң белгiлерi осы Кодекстiң бiр бабының немесе бабының бiр бөлiгiнiң неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса, әрбiр жасалған қылмыс үшiн осы Кодекстiң тиiстi бабы немесе бабының бөлiгi бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.2. Осы Кодекстiң екi немесе одан да көп баптарында көзделген қылмыстардың белгiлерi бар бiр iс-әрекет (әрекетсiздiк) те қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Адам қылмыстардың мұндай жиынтығында, егер бiр әрекеттiң белгiлерi осы Кодекс бабының басқа әрекет үшiн неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса, әрбiр қылмыс үшiн осы Кодекстiң тиiстi баптары бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.3. Егер белгiлi бiр және нақ сол әрекет осы Кодекстiң тиiстi баптарының жалпы және арнаулы нормаларының белгiлерiне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң арнаулы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды.

30. Бұл есеп б/ша Орловтың іс-әрекетінде қатысу белгілерібар. Орлов қылмысқа айдап салушы яғни, басқа адамды (бұл жағдайда Зырянов) азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндiрген адам айдап салушы деп танылады. Ал, Зырянов қылмысты орындаушы, Қылмысты тiкелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен (қоса орындаушылармен) бiрге тiкелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есiнiң дұрыс еместiгiне немесе осы Кодексте көзделген басқа да мән-жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты әрекеттi абайсызда жасаған адамдарды пайдалану жолымен қылмыс жасаған адам орындаушы деп танылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]