- •1513000 «Ветеринария» мамандығы бойынша (ιVкурс) «Диплом алды тәжірбиенің» жұмыс бағдарламасы
- •Әзірлеген: ________оқытушы Айбекұлы қ. ___________
- •Қаралды: ___________ цкт Cуйесинова а.Е __________
- •Келісілген: ___________кә Жұмақұлова а _________
- •Мазмұны:
- •1. Түсіндірме жазба
- •Ветеринарлық фельдшер көмекшісі есебінде жұмыс істеу.
- •2. Тақырыптық жоспар
- •3. Тәжірибенің мазмұны
- •Шаруашылықпен, техника қауіпсіздігімен және емдеу бөлімдерімен танысу, мамандармен сұқбаттасу.
- •Өндірістегі танымжорық
- •Тәжірибелік оқыту нәтижелерін бақылау және есебін алу
- •Әдебиеттер тізімі
- •1.Тәжірибе іс жоспар кестесінен көшірме
- •2.Тәжірибе күнделігі
- •3. Оқып үйренген жұмыстарды суреттеп жазу (құрылымдарды технологиялық процесстерді, еңбек озық әдістерін, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру, орындалған жұмыстарды және т.Б.)
- •4.Жеке тапсырма
- •5.Тәжірибеден өтушілерді көтермелеу мен шаралар қолдану
- •Ауру тарихы ауру малды зерттеу
- •2.Анамнез
- •Эпикриз
- •Курация парағы №
- •Вакцинациялау (егу)
- •Қан алу кезінгдегі құжаттар
- •Дезинфекциялау (залалсыздандыру) актісі
2. Тақырыптық жоспар
№ |
Бөлімдер мен тақырыптар атаулары |
Сағат саны |
1 |
Шаруашылықпен, техника қауіпсіздігімен және емдеу бөлімдерімен танысу, мамандармен сұқбаттасу. |
* |
2 |
Ветеринарлық фельдшер көмекшісі есебінде жұмыс істеу |
* |
3 |
Өндірістегі танымжорық |
* |
4 |
Материалдарды жинақтау және күнделік –есепті рәсімдеу |
* |
|
барлығы |
288сағ /8 апта/ |
3. Тәжірибенің мазмұны
Шаруашылықпен, техника қауіпсіздігімен және емдеу бөлімдерімен танысу, мамандармен сұқбаттасу.
Шаруашылықпен, емдеу мекемесінен танысу, техника қауіпсіздігі бойынша нұсқама. Ветеринариялық қызмет көрсету аумағына кіретін шаруашылықтардың экономикалық, табиғи-климаттық, эпизоотиялық жағдайлармен танысу. Ауыл шаруашылық малдарының және құстардың өнімділік деңгейі, шаруашылықтардың соңғы екі-үш жылдағы негізгі даму көрсеткіштері, мал өнімдерінің өзіндік құны және мал шаруашылығы саласының тиімділігі. Техника қауіпсіздігі бойынша жалпы нұсқама.
Білім алушы
білуі керек:
ішкі тәртіп ережелерін, техника қауіпсіздігін;
істей білуі керек:
шарушылықтың мал шаруашылығының негізгі экономикалық көрсеткіштеріне талдау;
Ветеринарлық фельдшер көмекшісі есебінде жұмыс істеу.
Ветеринариялық фельдшердің міндеттері және жұмыс жағдайларымен танысу.
Ветфельдшер жәрдемшісі, малдәрігерлік зертхана лаборанты қызметтерін атқару. Малдәрігерлік дәріхана жұмысы және дәріхана құжаттарын жүргізумен танысу.
Малдәрігерінің белгілеуімен түрлі дәрілік заттарды дайындау және қолдану.
Малдәрігерінің жетекшілігімен ауру малдарды қабылдау және тіркеу.
Емдік профилактикалық шараларды жүргізу барысына қатысу.
Шаруашылықта және малдәрігері бақылайтын аймақтағы мал өнімі мен ауруына талдау жасау.
Шаруашылықта малдарды жалпы клиникалық бақылау. Індетке қарсы жүргізілетін жоспармен танысу.
Ауылшаруашылық малдарының түрлі гельминтозды ауруларын копрологиялық зерттеу техникасымен; қарапайымдылар туғызатын ауруларды анықтау жолдарымен танысу.
Шикізат қоймалары қасапхана жағдайларын ветеринариялық- санитариялық бақылау ережелерімен танысу.
Ауылшаруашылығы малдарын қолдан ұрықтандыру технигінің жәрдемшісі, қолдан ұрықтандыру пунктінің меңгерушісі қызметін атқару.
Қолдан ұрықтандыру стансасының жұмысымен, оның кұрамы және жабдықтарымен, сонымен қатар күн тәртібімен танысу.
Жасанды қынапқа шәуетті алу және жаңа алынған шәуеттің сапасын анықтау.
Ұрықтандыруға арналған құрал- саймандарды дайындау және шәуетті енгізу техникасымен танысу.
Шарушылықта малдырды қолдан ұрықтандыру жұмысына қатынасу, есепке алу және есеп беру құжаттарын толтыру.
Малдарды қолдан ұрықтандырудың экономикалық тиімділігімен танысу.
Шаруашылык меңгерушісінің жәрдемшісі қызметін атқару.
Шарушылықтағы технологиялық процестермен танысу.
Шаруашылықта ірі сояулы және балауса азықтық заттарды даярлау, дайындалған азықтық мөлшері және сапасын анықтау әдістерімен танысу; шаруашылықтың азықтық заттарымен қамтамассыз етілуін есептеу.
Малдарды азықтандыру бағып-баптау тәсіл дерімен танысу.
Мал шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық – санитарлық сараптау ережелерімен танысу.
Білім алушы
білуі керек:
емдеу, алдын – алу шараларын;
індетке қарсы шараларды;
карантин бөлмелерін, оқшауханаларды, өлекселер көмілетін жерді, биотермиялық шұңқырларды т.б. ұйымдастыруды және жабдықтауды;
паразитологиялық аурулардың диагностикасын;
ветеринариялық – санитариялық бақылауды жүргізуді;
ветеринариялық зертханадағы жұмыс ережелерін;
патологиялық материалмен жұмыс ережелерін;
істей білуі керек:
шаруашылықтың ветеринариялық – профилактикалық және індетке қарсы шараларының жоспарын жасақтап;
мал дәрігерлік есеп, дәрі – дәрмектердің, орағыш иатериалдардың, құралдардың сақтау жағдайы есебі формаларын толтырып;
мал дәрігерінің белгілеуі бойынша түрлі дәрілер дайындап, қолдану;
ауру малды қабылдау және тіркеу;
малдың ауруымен өлімін талдап;
серологиялық, бактериологиялық, биохимиялық, копрологиялық тексерулерді;
