- •Мамандық аты, шифры: 5b050600 – «Экономика», 5b050700- «Менеджмент», 5b050800 - «Бухгалтерлік есеп және аудит», 5b050900 – «Қаржы»,
- •5B051000 - «Мемлекеттік және жергіліктік басқару», 5в090200 - «Туризм»
- •Түркістан 2011
- •2. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме
- •3. Пән мазмұны
- •4. Лекцияның күнтізбелік тақырыптық жоспары
- •5. Семинар сабағының күнтізбелік тақырыптық жоспары
- •6. Студентің өзіндік жұмысының тақырыптары (сөж)
- •8. Бақылау түрлері
- •9. Студентің білімін бағалау
- •8. Аралық бақылау сұрақтары
- •10. Кафедра және оқытушы тарапынан студентке қойылатын талаптар:
- •11. Лекция тезистері
- •1.1. Экономикалық теорияның қалыптасуы және даму кезеңдері
- •1.2. Экономикалық теория пәні мен зерттеу әдістері
- •1.1. Экономикалық теорияның қалыптасуы және даму кезеңдері
- •1.2. Экономикалық теория пәні мен зерттеу әдістері
- •2.3. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары.
- •3.2. Меншіктің типтері мен формалары
- •3.3. Меншік формаларын өзгерту тәсілдері
- •3.4. Экономикалық жүйелердің мәні және типтері
- •4.2. Тауардың мәні және қасиеттері
- •4.3. Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері
- •4.4. Ақша жүйесі: құрылымы және қолданылуы. Ақша айналымының эволюциясы.
- •5.2. Нарықтың инфрақұрылымы: мәні және негізгі элементтері
- •5.3. Нарықтың элементтері: сауда және коммерция
- •5.4. Нарықтың типтері
- •7.2. Ұсыныс заңы және оған әсер ететін факторлар
- •7.3. Нарықтық тепе-теңдік
- •7.4. Икемділік ұғымы. Сұраныс пен ұсыныстың икемділігі
- •7.2. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
- •7.3. Капиталдың айналымы және шеңбер айналымы
- •7.4. Негізгі және айналмалы капитал
- •7.5. Негізгі капиталдың тозуы. Амортизация
- •7.6. Инвестицияның мәні.
- •8.1. Өндірістің бухгалтерлік және экономикалық шығындары
- •8.2. Тұрақты, өзгермелі және жалпы шығындар. Орташа және шекті шығындар. Кемімелі табыстылық заңы
- •16.3 Жалпы, орташа және шекті табыс
- •8.4. Экономикалық және бухгалтерлік пайда. Пайданы жоғарлатудың шарты.
- •9.1. Факторлық табыстың қалыптасуы және табыстардың бөлінуі теориясының негізі
- •9.2. Жалақы – еңбек бағасы
- •Процент – капиталдың меншік иесінің табысы
- •Банктік жалпы пайда-банктік істі жүргізу шығындары
- •Банктік меншік капиталы
- •9.4. Жер рентасы-жерді иемденушінің табысы
- •Экологиялық рента
- •Жерге жеке меншік монополиясы
- •Ерекше сападағы жерлердің шектеулілігі
- •Жерлердің экологиялық жағдайындағы айырмашылық
- •Пайда – кәсіпкердің табысы
- •10.2. Макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы сипаттамасы
- •10.3. Жұө және оны өлшеу әдістері
- •Номиналды жұө
- •10.4. Ұлттық есеп жүйесі
- •11.2 Жиынтыќ ±сыныс: классикалыќ жєне Кейнс модельдері
- •11.3. Т±тыну мен қор жинау
- •11.4. Инвестициялар жєне оѓан єсер ететін факторлар
- •11.5 Мультипликатор жєне акселератор єсері
- •Жұмыссыздар саны
- •12.2 Еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу
- •12.3 Жұмыссыздыққа жұө әсері. Оукен заңы.
- •12.4 Инфляцияның мәні, түрлері, себептері
- •12.5 Инфляция мен жұмысбастылық арасындағы байланыс. Филлипс қисығы
- •12.6 Инфляцияныњ єлеуметтік-экономикалыќ зардаптары
- •13.2 Дағдарыс және оның түрлері
- •13.3 Экономикалық өсудің мәні, типтері, факторлары
- •13.4 Экономикалық өсудің моделдері
- •14.2. Ақша нарығындағы тепе-теңдік
- •14.3 Сурет. Ақшаға жалпы сұраныс
- •14.3. Банк жүйесі және банктің атқаратын қызметтері. Ақша мультипликаторы
- •Орталық банктің ақша-несие саясатының құралдары
- •. Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік шығындар. Мемлекеттік шығындар мультипликаторы
- •Салықтық және салық-
- •Капитал операциялары
- •Ресми трансферттер
- •15.3. Салық салудың түрлері мен принциптері. Салық мультипликаторы
- •15.4. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз. Ішкі және сыртқы қарыз
12.3 Жұмыссыздыққа жұө әсері. Оукен заңы.
Жұмыссыздық деңгейі қандай факторларға тәуелді Эконом белсенділік пен жұмыссыздық арасындағы сандық өзара байланысты белгілеген Оукен заңы. Бұл заңға сәйкес жұмыссыздықтың нақты деңгейінің табиғи деңгейден 1-ке өсу ЖҰӨ көлемін 2.5-ке азайтады. Осы 2,5 Оукен коэффициенті деп аталады. Бұл 1 2,5 қатынасы жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне қатынасы болып табылады және жұмыссыздық пен байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға көмектеседі.
Мысалы, құлдырау жылдарында жұмыссыздық деңгейі – 9,5 немесе 6 табиғи деңгейден 3,5 -ке жоғары. Осы 3,5×2,5 Оукен коэффициентіне көбейтіп ЖҰӨ -нің арта қалу көлемі 8,75 құрағанын көреміз. Басқаша айтқанда толық жұмысбастылық жағдайында жұмыссыздық деңгейі болатын болса ЖҰӨ 8,75 көп болған болар еді . Оукен заңы 2 бөліктен тұрады.
ЖҰӨ өсімінің белгілі бір шамасы тек қана жұмыссыздық деңгейін өсірмеу үшін қажет. Жұмыс күшінің саны жыл сайын өседі, ал оны қолдану бұл кезде одан әрі өнімді болады. Осы себептер бойынша 2,5 тен 3 -ке дейін нақты ЖҰӨ жыл сайынғы өсімі жұмыссыздықты бұрынғы деңгейде ұстап тұруға қабілетті жаңа жұмыс орындарын құру үшін қажет
Қарқынды өсім жұмыссыздықты азайтады, ал өсу қарқынының төмендеуі жұмыссыздардың үлесін ұлғайтады. Егер өсім қарқыны мысалы, 3 тен 5,5% -ке дейін өсетін болса, жұмыссыздық үлесі шамамен 1 % -ке түседі. Оукен заңының маңызды аспектісі оның екінші бөлігі, яғни 2:1 ережесі табылады. 2:1 ережесі жұмыссыздық мәселесін шешу үшін эконом өсім қандай болуы тиіс екендігін көрсетеді.
Айталық, жұмыссыздық үлесі 8%, ал үкіметтің міндеті оны 6%-ке төмендету. Бұл салықтық ынталандыру ақша саясаты арқылы экономикалық өсудің жоғарғы темпіне қол жеткізуді білдіреді. Бірақ экономикалық өсу қандай болуы тиіс? Жұмыссыздық жыл ағымында 2%-ке түсуі тиіс. Бұл үкімет алдағы жылы нақты ЖҰӨ өсу қарқынын шамамен 6,5% деңгейінде қамтамасыз етуі тиіс екендігін білдіреді. Оның 2,5% жұмыссыздық деңгейін өткен жыл деңгейінде сақтау үшін қажет, ал тағы да 4% жұмыссыздық деңгейін 2%-ке қысқарту үшін қажет.
12.4 Инфляцияның мәні, түрлері, себептері
Инфляция қағаз ақшаның құнсыздануынан болатын әлеуметтік-экономикалық процестер жиынтығы. Инфляция жалпы баға деңгейінің көтерілуімен байқалады. Инфляцияға ықпал етуші факторлар мыналар:
Мемлекет секторының өсуі және мемлекеттің экономикаға араласуы. Бұл мемлекеттік шығындар мен табыстардың теңсіздігіне алып келеді, ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығын туғызады. Бұл жағдайда Орталық банк тапшылықты банкнот эмиссиясымен, ал коммерциялық банктер несиені кеңейтумен, яғни депозиттік-чектік эмиссиямен өтей алады. Нәтижесінде ақша санының өсуімен олардың құнсыздануы орын алады.
Бір жағынан трансұлттық корпорациялар ретінде жеке биліктік ірі институттардың пайда болуы, екінші жағынан кәсіпорындардың пайда болуы. Қандай да монополист бағаның жоғарғы дәрежесін ұстап тұруға мүмкіндік беретін тапшылықтың болуын қалайды. Кәсіподақтар да өздерінің мүшелерін қолдау мақсатында осындай саясатты жүргізеді. Бұл баға мен жалақының өсуіне алып келеді.
Тауар тапшылығы сұраныстың ұсыныстан алшақтануына алып келеді және осының негізінде бағаның өсуі.
Жалақының өсуінің еңбек өнімділігінің өсуінен алшақтығы
Ұлттық экономиканың ашықтығының өсуі және әлемдік шаруашылық байланыстардың кеңеюі "импортталған инфляцияның" қауіптілігін тудырады.
Қағаз ақшалардың эмиссиясына бақылаудың болмауы. Бұл нарықта тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының пайда болуына алып келеді. Нәтижесінде тауарларға баға өсіп, инфляциялық процестерге негіз пайда болады.
Экономиканың рационалдық емес құрылымы. Инфляцияның пайда болуы ішкі және сыртқы себептерге байланысты. Инфляцияның сыртқы себептеріне сыртқы саудадан түсетін түсімдердің қысқаруы, төлем және сыртқы сауда балансының теріс сальдосы жатады. Ішкі себептеріне халықшаруашылық құрылымдарының деформациясы және шаруашылық механизмнің кемшіліктері жатады.
Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңдегі инфляция себептеріне мыналарды жатқызуға болады:
- ұлттық экономикада өндірістің терең құлдырауынан болған тауар тапшылығы;
- өндірілген өнімдерге энергетиканың, материалдардың, еңбектің жоғарғы мөлшерде жұмсалуы;
- өз тауарлары мен қызметтеріне бағаны негізсіз көтеруге мүмкіндік берген жеке тауар өндірушілер монополизмі;
- мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны бүркемелеу үшін мемлекет қағаз ақша шығарады;
- мемлекеттің өнімсіз шығындарының жоғарғы деңгейі;
- басқа мемлекеттердегі экономикалық дағдарыстардың ықпалы.
Инфляцияның бірнеше түрлері бар. Инфляция ашық және басыңқы инфляция деп бөлінеді.
Ашық инфляция- еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-теңділік сұраныс жағына қарай өзгерсе және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляция деп атаймыз. Ашық инфляция бірнеше көрсеткіштер бойынша жіктеледі:
1.Бағаның өсу қарқыны
2.Әртүрлі тауар топтары бойынша бағаның өсу деңгейінің алшақтауы
3. Инфляцияның күтілуі және алдын-ала болжануы
Бірінші белгі, яғни бағаның өсу қарқыны тұрғысынан инфляция 3 түрге бөлінеді:
Баяу
Қарқынды
Ұшқыр
Баяу инфляция кезінде бағалар баяу өседі (жылына 10%-ке дейін). Инфляция 2-3 % болған жағдайда нарық үшін орынды құбылыс болып табылады. Мысалы, 1992 жылы инфляция Францияда –2,7%, Германия мен АҚШ-та –3,8% құрады.
Қарқынды инфляция кезінде баға жылдам, ырғи-ырғи өседі (жылына 12%-тен 120%-ке дейін). Мұндай инфляцияға жол бермеу керек, себебі ол өте ауыр әлеуметтік-экономикалық салдарға ұшыратады (тұрғындардың өмір сүру деңгейі төмендейді, кәсіпорын күйзеліске ұшырайды).
Ұшқыр инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға астрономиялық жылдамдықпен 1000% және одан да жоғары өседі.
Екінші белгі бойынша инфляция балансталған және баланстанбаған инфляция болып бөлінеді. Баланстанған инфляцияда әртүрлі тауарлар мен қызметтер көрсетудің бір-біріне қатынасында баға өзгермейді, ал баланстанбаған инфляцияда әртүрлі тауар мен қызмет көрсетудің бағасы бір-бірімен салыстырғанда тұрақсыз және әртүрлі пропорцияда өзгереді. Ол шағын және орта бизнестің дамуына кедергілер келтіреді.
Үшінші белгі бойынша күтілетін және күтілмейтін инфляция болып бөлінеді. Күтілу факторы инфляцияның салдарынан білінеді. Егер фирмалар мен халық келесі жылы баға 5 есе өсетінін білсе, онда тиімді нарық жағдайында олар келесі жылы өздерінің тауар бағасын 5 есе көтереді және ешкім күтілетін инфляциядан зардап шекпейді. Ал күтілмейтін инфляцияда бағаның 10%-ке өсуі экономикалық жағдайды нашарлатады.
Басыңқы инфляция оны кейде жасырын инфляция деп те атайды. Ол жалпылама мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ тауар тапшылығы, өнім сапасының төмендеуі, көлеңкелі экономиканың дамуы мен бартерлік іс -әрекетте көрінеді. Басыңқы инфляция мемлекеттің бағаны сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінен төмен болуын қолдау арқылы пайда болады.
КР-да 1992 жылға дейін жасырын инфляция басым болып, ол кейінірек ашық қарқынды инфляциялық сипатқа ие болды. Сосын ұшқыр инфляцияға ұласты. 1993 жылы инфляция 2260 % құраса, 1994 жылы 1258 %, ал 1995 жыл аяғында теңге тұрақтана бастады, бұл кезде инфляция төмендеп, 56-58 %-ке қысқарды. Инфляция 1996 жылы 30 %-тің маңайында болса, 1997 жылы 12 %, ал 1200 жыл аяғында 7 %-ке тұрақтады. Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 1997 жылы-11,2 %, 1998 жылы – 1,9, 1200жылы - 9,8, 1201жылы – 6,4 % құрады.
Шетел экономистері сұраныс пен ұсынысқа байланысты инфляцияны екі типке жіктейді:
Сұраныс инфляциясы
Ұсыныс инфляциясы
Сұраныс инфляциясы- бағаның жоғарлауы артық сұраныспен түсіндірілуі мүмкін. Барлық қолда бар ресурстар іске қосылғанда сқраныстың өсуі тауар көлемінің ұлғаюына алып келмейді, бірақ өндірілген тауарларға бағаның өсуіне алып келеді.
Ұсыныс инфляциясы- бұл кезде өнім бірлігіне келетін шығындардың көлемі өседі. Шығынның артуы қалыптасқан баға деңгейінде фирмалар ұсынуға дайын өнім көлемін қысқартады. Нәтижесінде өзгеріссіз сұраныс жағдайында тауарлардың ұсынысы қысқарады да баға өседі.
Инфляцияның өлшенуі:
ТБИ а.ж.-ТБИ б.ж. Инфляция деңгейі (баға индексі)= ------------------------- 100%
ТБИ б.ж.
Инфляцияның табысқа тигізетін ықпалын түсіну үшін ақшалай немесе номиналды және нақты табыс арасындағы айырмашылықты білу қажет. Номиналды табыс – бұл жалақы, рента, процент немесе пайда түрінде алатын ақша саны. Нақты табыс – номиналды табысқа алуға болатын тауарлар мен қызметтердің саны. Егер номиналды табыс баға деңгейіне қарағанда жоғарғы қарқынмен өсетін болса, онда нақты табыс көтеріледі.
