Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
answers_1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162 Кб
Скачать
☆

14.П.Бурдьенің социологиялық көзқарасы.

П.Бурдье /1930-2002/ өте көрнекті француз социологы. Әлемдік ғылыми бағалау өлшемі бойынша /табель о рангах/ ол бірінші орында тұр. Ол алғашында философия саласында, онан антропология, содан барып социологияға келген. Оның көзқарасының негізін іс-әрекет ұғымы құрайды. Теоретикалық концепцияларының негізгі идеалары- әлеуметтік кеңістік, әлеуметтік алаң /поле/, мәдени және әлеуметтік капитал, габитус. Соның ішінде габитус ұғымына тоқталайық. Бұл ұғым арқылы ол социология ғылымында қалыптасқан бір біріне қарама-қарсы /объективтік, яғни әлеуметтік құрылым және субьективтік, яғни жеке индивидтің практикасы/ екі теоретикалық ұстанымдардың біржақтылығы шеңберінен шықпақ болды.

Габитус-агенттердің түсініктерін, практикасын құрылымдастыратын және оларды тудыратын диспозициалар жүйесі. қабылдау матрицасы, мақсат қою, мәселелерді шешу, іс-әрект жасау ретінде жұмыс істейді. Габитус дегеніміз қабылдаудың, бағалаудың, топтастырудың және іс-әрекет жасаудың, практиканың нәтижесі мен индивидтің сана елегінен өтпеген /бессознательный/ әлеуметтік құрылымдарды интериоризациаландырудың біртұтас диспозициялық жүйесі.

Бір жағынан габитус-бұл индивидтке тән қабылдау, бағалау, топтастыру және іс-әрекет жасаудың ішкі схемасы. Басқа жағынан- әлеуметтік агенттердің ұғынып және өзімденіп алған интериоризандылған әлеуметтік қатынастар. Габитус әлеуметтік институттарды ұдайы өндірілуіне жағдай тудырады, институт құрылымы индивидтің ішкі құрылымына сіңісіп болашақ практикада ұдайы өндіріліп /воспроизводство/ отырылады. Габитуста бір тап өкілдерінің, кәсіби мамандардың, ұлттардың бағалау және ойлау тәсілі, эстетикалық талғамы, сөйлеу және жүріс-тұрыс мәнері, өмір сүру қалпы басқалардан ерекшелендіріліп нақтыланған.

Габитус әлеуметтік кеңістікте агенттің спонтанды үйренуіне және туындаған оқиғалар мен жағдайларға адекватты қыймылдауына мүмкіндік туғызады.Габитустың санадан өтпегедігі оның тәнділігімен /телесность/ анықталынады, денеге сіңілген ұстанымдар, сөйлеу мәнері, өзін ұстауы, жүрісі, стилі арнайы инкорпориаландырылған талаптарға бағыну арқылы көрінеді.

15.Ж.Баласағұнның «Құтты білігін» социологиялық тұрғыдан түсіну.

Түркі әлеміне есімі мәшһүр болып, қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті ақыны, данышпан-ойшылы Жүсіп Баласағұн өнегелі ой-толғамдарын өзінің «Құтадғу білік» атты дастанында өрнектеп кеткен. «Құтты білік» дастанының төрт принципке негізделіп жазылғаны белгілі. Біріншісі – мемлекетті әділ басқару; екіншісі – бақ-дәулеттің елге құт болып даруын Айтолды бейнесі арқылы суреттеуі, үшіншісі – Өгдүлміш бейнесі арқылы берілетін ақыл-парасат, төртіншісі – қанағат-ынсап жайында. Бүгінгі біздің сөз еткелі отырған мәселеміз – ақынның замана құбылыстары, оның кейпі турасында айтқан ой-толғамдарының кейінгі ақындармен, яғни ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы қазақ ақындарының поэзиясының негізгі идеяларымен ұштасатынын ашып көрсету. «Ақын өзінің «Құтты білік» дастанын сөз түсінбес парықсыздарға емес, сөз қадірін білетін ақылды жандарға арнап жазғанын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады» /1.209/. Ақын шығармасында замана бейнесі «Заманның озғаны, достардың жапасы туралы» деген тарауда анық та ашық түрде беріледі: Бәрін таптым, тек кісілік таппадым, Кездессе егер, жүзін көру, баққаным.  Опа құрып, жапа толды ғаламға, Аз-маз опа қалды қандай адамда? /2.584/ - деп, өмірден түңіліп, адамдар ортасынан безініп, «киік тобымен лағайын» дейді. Шыдамының шегіне жеткені сонша, мұндай қорлықты көргенше, тағылықпен өмір сүріп, «елден жырақ өмір сүрейін», жаһан кезіп кетейін немесе «иірім кешіп, өзен болып ағайын» және сол үшін де: Жапа шектім, ием, мұңлы сияғым, Опалы кім, шыбын жанды қиямын /2.585/, - деп, оны түсінер ешкім қалмағандықтан, жалғыздықтан жапа шегіп, торығады. Оның түңілетіні – жан-жағындағы бауыр-туыс, ағайын, дос-жаранның қатігездігі. Адамның жанын ұқтыратын көңіл айнасы – жан мен тіл, ал: Тіл, жан ала болды, сенсін қайтіп діл! /2.585/ - деп, тілдің де алдамшы екендігін, жүректің де таза емес, яғни адам пейілінің де тарылғанын сөз етеді. Дүниеде жалғыз қалып, өзін түсінер ешкім таппай, содан жапа шегіп: Кімді сүйеу, кімді жақын санайын, Кімге сеніп, кімді досқа балайын?! /2.585/ - деген жолдарда Жүсіп не үшін, неліктен жабырқауының себебін дәл, нақты көрсетпегенімен, Абайдың «көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» дегені сияқты күңіреніс байқатады :   Көңіл қалды туыстан да, жаттан да, Бауырың – жат, құлқы жаман қастан да! /2.585/ Ақын түңілетін орта – Абай айтатын «заманға күйлеген» адам мінезі, олардың тар дүниетанымы, тоғышарлығы.  Сауда қуып, бұзылды ма маңайым, Елес пе әлде, көзімді кең ашайын. Заң, ізгілік кетті – ниет қарайып, Сұмдар қалды, қайдан шындық табайын /2.586/, - деген ақын мұңы қай ғасырда да халық мұңы болып қала берді. Өйткені өмір бар жерде әлеуметтік қайшылықтар бар, әлеумет бойындағы міндер бар. Бұндай келеңсіздіктен халық үлкен өркениетке жеткенде ғана құтыла алады, оған дейін әр заман ойшылы, әр кезең ақыны сол кемшіліктерді айтуы, кесапатты қылықтардың қандай екендігіне халықтың көзін жеткізуді заңды құбылыс, сондықтан да бұл тақырып кейінгі қазақ поэзиясында өз дәстүрлі жалғасын тапқан тақырып. Мұндай замана келеңсіздіктері Ж.Баласағұн мен ХІХ-ХХ ғасыр ақындары шығармашылығында бірдей көрініс беріп отыратындығынан да себебі осыдан.    Қазақ әдебиетінің тарихында ХІХ және ХХ ғасыр – халық басынан өткен қайғылы оқиғалардың өрбіп, олардың бет-бейнесі әдебиетте көрініс тауып, тарихи кезеңнің шындықпен бейнеленуі. Х.Сүйіншәлиев ХІХ ғасыр әдебиеті өкілдері турасында: «Ақын атаулы халық қайғысына үн қосып, әлеуметтік шындықты тайға таңба басқандай бейнелеп, ерлік күрес шежірелерін жазды» /3.3/, - деп көрсетеді. Сондықтан осы дәуірде азаттық рухты аңсап, ерлікке үндеген күресшіл поэзия өмірге келді.  ХІХ ғасырдың І жартысында өмір сүрген «зар заман ақындары» елде отаршылдық саясат орнап, әлеуметтік-қоғамдық қатынастардың, моральдық-этикалық нормалардың бұзылып, елдің күйзеліске ұшырағанына көкірегі қарс айырылып, сол заманға көңілі толмады. М.Әуезовше айтсақ: «...Қалың елге жаңа өріс, жаңа жайылыс табамыз деген ниеттер туған соң, бұл елдің әдебиетінде ең алғашқы бағыт, мақсат деген нәрселер туды. Жақсылыққа бастасын, қайда тартса да, әйтеуір өз халқының халіне қанағаттанбай, жаңалықты іздеп, «бастаймын», «түзеймін», «қазіргі күйге қанағаттанбаймын» деген күй беріліп, алғашқы рет тұтасқан ой құралып, әдебиет жүзінде елдің әлеуметтік тіршілігі сөз бола бастаған соң, жазба әдебиет дәуірі туа бастады деп есептеу керек» /6.192/. Ғасыр басындағы ақындардың бірі – Жанақ Сағындықұлы Рүстем төреге өзінің ащы да улы жырларымен шындықты жасырмай, төренің отаршыл патшаның әбден басынып, орданы өртеп, орнына дуан салып жатқанын бетіне шоқтай басып, «мықты болсаң қанекей бермеші ырық» /3.11/ деп тіке айтады:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]