- •Мазмұны
- •Жарық сүйгіш өсімдіктер[өңдеу]
- •Жарықтық шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктер[өңдеу]
- •Көлеңкеге төзімді өсімдіктер[өңдеу]
- •Жылылықты сүйетін өсімдіктер[өңдеу]
- •Өсімдіктерді орналастыру[өңдеу]
- •Жылыжай қарашірік топырағы[өңдеу]
- •Өсімдіктерді суару[өңдеу]
- •Үй өсімдіктерінің топырағы[өңдеу]
- •Жапырақ араласқан топырақ[өңдеу]
- •Шымтезек топырағы[өңдеу]
- •Ыдыс[өңдеу]
- •Өсімдіктерді көшеттеу және топырағын алмастырып отырғызу[өңдеу]
- •Өсімдікті тыңайту[өңдеу]
- •Өсімдіктерді көбейту[өңдеу]
- •Өсімдіктерді өз кесінділерінен көбейту[өңдеу]
- •Тамырынан бөліп көбейту[өңдеу]
Үй өсімдіктерінің топырағы[өңдеу]
Әр түрлі өсімдіктер тобы әр түрлі топырақты қажет етеді. Бөлмеде гүл өсіргенде қорда, қарашірік, шымтезек, шым және құмараласқан топырақ пайдаланылады. Қорда топырағын өсімдіктердің қалдығынан: шөптен, қурай түскен жапырақтардан т. б. дайындайды. Оларды бір жерге үйіп не шұңқырға салып, үстіне жуынды, сабынды су, көң бөкпесін құнды. Тез шіруі үшін қордалы күрекпен әлсін-әлсін (3—5 рет) араластырып отырады. 2—3 жылдан кейін қорданы пайдалануға болады. Әдетте оны құнарсыз топырақтық құнарлылығын арттыру үшін қосады.
Жапырақ араласқан топырақ[өңдеу]
Жапырақ араласқан топырақты ағаштың (еменнен басқасы) қурай түсіп, шіріген жапырағынан дайындайды. Ол үшін жапырақты көктемде бір жерге жинап үйеді де, жазда 2—3 рет күрекпен қопарыстырады. 2—3 жылдан кейін топырақ пайдалануға жарайды.
Шымтезек топырағы[өңдеу]
Шымтезек топырағын ми батпақты саз-қорысты жерлердің шіріген шым тезегінен дайындайды. Топырақтың өсімдіктерге зиян келтіретін қышқылын кетіру мақсатымен оны бір жерге үйіп, 1—2 жыл ашық жерде ұстайды.
Жылыжай қарашірік топырағы[өңдеу]
Жылыжай қарашірік топырағын жылы қорада жатып, жақсы шіріген (әдетте 2 жыл) көңнен алады. Саздық топырақты шабындықтың сазды жерлерінен алады. Мұндай топырақтарды қыс түсерде бір жерге жиып үйеді де, көктемде бірнеше рет қотарыстырып, араластырады.
Шым топырақты былай дайындайды: жазда немесе ерте күзде ойылған шымды (ені 10—15 см және ұзындығы 30—35 см) арасына сиыр көңін салып, топырағын бетіне қаратып, биіктігін 1 м етіп жияды. Шірігеннен кейін (бір жылдан соң) топырақты пайдалануға болады. Жеңіл шым топырақтың (онда өсімдіктердің қарашірігі мол болады) ауыр немесе шым топыраққ а (онда саз топырақ мол болады) қарағанда өзгешелігі болады. Өсімдіктердің түріне, жасына және өсу фазасына қарай бұл. топырақтарды әр түрлі мөлшерде қосып араластырады.
Өсімдіктерді суару[өңдеу]
Әдетте үй өсімдіктерін өсірушілер өсімдікке суды көп құнды, соның салдарынан өсімдіктің тамыры шіриді. Өсімдікке құятын судың температурасы бөлме температурасына шамалас немесе одан 5—70 жоғары болуы керек. Ол үшін өзен, жаңбыр, қар, тоған немесе құбыр суын пайдалануға болады. Құбыр суын хлорынан тазарту үшін алдын-ала ыдысқа құйыл, тұндырып қояды. Өсімдікке су құйғанда топырақтың түйіршіктері жібіп, су ыдыстың түбінен ағуы тиіс. Тығыз топыраққа отырғызылған өсімдіктің аңқай суын сол бойда, ал жеңіл топырақтық артық суын 30 минуттай немесе 1 сағаттап кейін төгіп тастайды. Кейбір ылғал сүйетін өсімдіктердің (циперус) табандығында үнемі су жатқаны жөн. Егер топырақ өте қурап, кеуіп кетсе, онда өсімдіктің топырағы жібіп, судың бетіне шыққан көбік басылғанша ыдысымен суға салып қояды. Өсімдікке су құйғанда су құйғыштың шүмегі гүл тостағанының ернеуіне тиіп, тұруы қажет. Пиязға, бүлдіргенге су құйғанда оларға су тимеуін қадағалау керек. Өсімдіктерді әсіресе күн ыстықта бүркіп те суару қажет. Өсімдік жапырақтарын таза ұстау үшін жылы суға малын алынған мақтамен не губкамен екі жағын бірдей сүртіп отырады; ал науа жапырақтарды — жұмсақ кистімен сүртеді. Түкті жапырақтарды сумен жууға болмайды (бегония, глоксиния), мұндай жапырақтардың шаңын щеткамен немесе кистімен тазартады. Өсімдіктерді аптасына бір рет жуып отырады, өйткені жапырақты, көздерін шаң басып, ауруға тез шалдығады, сонымен бірге зиянкестер зақымдан, өсіп-өнуіне кедергі жасайды.
