- •Мазмұны
- •2 Бұрғыаттырма жұмыстары
- •2.1 Бұрғыаттырма жұмыстарының көрсеткіштері және олардың мәні
- •2.2 Атылғыш заттар (аз) және аттырыс тәсілдері (ат)
- •2.3 Теспелерді орналастыру схемалары
- •2.4 Бұрғыаттырма жұмыстарының шамашарттары
- •2.5 Теспелерді бұрғылауды механикаландыру
- •2.6 Теспелерді оқтауды механикаландыру
- •3.1 Тиегіш машиналарының түрлері және оларды қолдану шарттары
- •3 Тиеме-көлік жұмыстары
- •3.2 Шетелдік фирмалардың өзіжүргіш тиегіш машиналары
- •3.3 Жыныстарды тиеу кезінде алмастыру тәсілдері және көліктік жабдықтар
- •3.4 Тиеме-көліктік жиынтықтардың пайдалану өнімділіктері
- •3.5 Ұңғымалық жұмыстарды механикаландыру жиынтығы
- •3.6 Өзіжүргіш жабдықтардың оңтайлы ұңғыма жиынтығы
- •3.7 Тиегіш және көліктік техникаларды жетілдірудің бағыты
- •4 Тұрақты тіреулерді орнату технологиясы
- •4.1 Бүркітпе бетонды бекітпелеу технологиясы
- •4.2 Қарнақты тіреуді орнату технологиясы
- •4.3 Жыныстарды бекіндіру
- •4.4 Ұңғымалық жабдықтардың жиынтығы
- •4.5 Кенұңғымалық жұмыстарды ұйымдастыру және техника-экономикалық көрсеткіштер
- •4.6 Бұрғыаттырма жұмыстарын қолданып, дайындау қазбаларын жүргізудің шамашарттарын есептеу
- •4.6.1 Есептеуге арналған бастапқы мәліметтер
- •4.6.2 Жұмыс қиындығының үдірістерін есептеу
- •4.6.3 Дайындау қазбаларын жүргізудің техникалық көрсеткіштерін есептеу
- •5 Өрлемелерді жүргізу технологиясы
- •5.1 Өрлемелерді қысқа теспелік тәсілмен жүргізу
- •5.2 Өрлемелерді ілмелі клеттердің көмегімен өту
- •5.3 Өрлемелерді өзіжүргіш сөрелердің (полоктардың) көмегімен өту
- •5.4 Өрлемелерді бұрғылау тәсілімен жүргізу
- •5.5 Терең төтелдермен жыныстарды уатпалай өрлемелерді өту
2 Бұрғыаттырма жұмыстары
2.1 Бұрғыаттырма жұмыстарының көрсеткіштері және олардың мәні
Бұрғыаттырма жұмыстары тау жыныстары массивін уатпалау мен бұзудың негізгі тәсілі болып саналады және кейінгі кезде де қатты жыныстарда кенұңғымалық жұмыстарды механикаландырудың негізгі әдісінің бірі болып қала береді.
Сондықтан қатты жыныстарда кенұңғымалық жұмыстарды комплексті механикаландырып, тау-кен қазбаларын жүргізудің техника-экономикалық көрсеткіштерін арттыру мәселесі (еңбек өнімділігін және өту жылдамдығын арттыру және т.б.) бірінші кезеңмен БАЖ шамашарттарын дұрыс таңдау және бұрғыаттырма жұмыстарын теспелік әдіспен жүргізуді жетілдіру арқылы шешілуі қажет.
Қатты жыныстарда тау-кен қазбаларын жүргізу кезінде бұрғыаттырма жұмыстарының тиімділігі келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
- теспелерді пайдалану коэффициенті (т. п. к. - η);
- қазба қимасының артықтық коэффициенті (қ. а. к. - μ);
- қазбалардың нұсқасы (контуры) артындағы тау-кен жынысы массивінің бұзылу дәрежесі (олардың тұрақтылығын сипаттайды);
- қопарылған жыныстың ұсатылу дәрежесі (қопсыту коэффициентімен (Кқ) сипатталынады);
- жыныстың шойтастық (негабаритных) кесектігінің шығым проценті (кесектің орташа диаметрі (dор) бойынша сипатталынады);
- жыныстың үйілуімен сипатталынады;
- ұсатылған жыныстың кенжардан лақтырыстық қашықтығы.
Осы заманғы алдыңғы қатарлы кенұңғымалық жұмыстардың технологияландыру және механикаландыру мәліметтері бойынша ең аз еңбек сыйымдылық (адам-ауысымына/м3) теспелердің ұзындықтары 2 - 3,2 м құраған жағдайда жетілдіріледі.
Т. п. к. максималды мәні бұрғыаттырма жұмыстары тиімділігінің әрқашанда дұрыс көрсеткіші болып саналмайды. Себебі ол 1 м қазба кенжарының жылжуына қатысты еңбек пен уақыттың минималды шығынымен әрқашанда ере жүре алмайды. Тау-кен қазбаларын жүргізу кезінде рациональды болып т. п. к. оңтайлы мәні саналады. Демек 1 м қазба кенжарының жылжуына қатысты ұңғымалық циклдің минималды уақыт шығынымен қамтамасыз етіледі.
Қазба кенжарының жиектеліну сапасы қиманың артықтық коэффициентімен μ бағаланады. Ол қазбаның өтудегі Snp фактілі көлденең қимасы ауданының жобалық ауданына қатынасын көрсетеді. Қазбаның көлденең қимасының ауданына байланысты қиманың артықтық коэффициентінің мәні μ = 1,02 - 1,06 тең болған жағдайда бұрғыаттырыстық жұмыстардың дұрыс орындалуы қамтамасыз етіледі (S неғұрлым үлкен болса, соғұрлым μ кіші болады). Қатты жыныстарда қазбаларды жүргізу кезінде қиманың артықтық коэффициентінің мәні μ = 1,10 - 1,25 және одан артыққа жетеді (практикалық мәліметтер бойынша), яғни бұрғыаттырыстық жұмыстардың теріс көрсеткіштері болып саналады. Қ. а. к. өскен кезде жынысты тиеу және қазбаларды бекітпелеу бойынша жұмыстардың еңбек сыйымдылықтары артады (тіреу артындағы ұлғайған қуысты бітемдеу қажеттілігіне байланысты ).
Қазба кенжарының жиектеліну сапасына және қазбалардың нұсқасы (контуры) артындағы тау-кен жынысы массивінің бұзылу дәрежесіне теспелердің диаметрі және оларға орналастырылатын АЗ оқтамалары біршама әсер етеді. Теспелер диаметрлерінің кемуіне байланысты жиектеліну сапасы артады.
Диаметрі 36 мм және 32 мм теспелерді қолдану тәжірибелері бұрғыаттырыстық жұмыстардың жақсы көрсеткіштерін көрсетті. Әсіресе кіші қималы жазық қазбаларды өту кезінде. Түсті металлургиялық кеніштерінде қазбаларды қатты жыныс бойымен жүргізу кезінде диаметрі 36 мм-лі теспелер өздерін ойдағыдай ұсынған (патрондардың диаметрі 28 мм, АЗ типі детонит 10А және 6А). Осының арқасында жынысты қазудың еңбек өнімділігі 30 – 40 % өсті.
