- •1.1. Пәннің мақсаты
- •2. Геодезияның қысқаша даму тарихы
- •3. Геодезияның құрылыс инженері қызметінде алатын орны
- •2.1. Жердің пішіні
- •2. Геоид
- •3. Жер эллипсоиды
- •13.1.Азимуттар, румбалар, дирекциондық бұрыштар
- •2.Олардың арасындағы байланыс
- •3. Жер бедері карталар мен пландарда жер бедерін бейнелеу, топографиялық пландар мен карталардың шартты белгілері
- •4. План немесе карта бойынша инженерлік есептерді шығару.
- •4.1. Координаталардың кеңістікті және жазықтықты жүйелері
- •2. Нүктенің орнын кеңістікте және жазықтықта анықтау
- •3. Жер бетінің абсолютті және салыстырмалы биіктігі
- •2.Топографиялық карталармен пландар номенклатурасы
- •5.1.Теодолиттің құрылысы, тексермелері және түзетулері
- •2.Есеп алу тетігі, деңгей
- •3.Көру дүрбісі, вертикаль бұрыштарды өлшеу
- •9.1.Нивелир құрылысы, оның тексермелері және түзетулер
- •2.Нивелирлердің жіктелуі
- •3.Рейкалар оларды құру және тіктемелік жағдайы
- •2.Далалық жұмыстар
- •12.1.Фототопографиялық түсірістің мәні
- •2.Стереотопографиялқ аэрофототүсіріс
- •3.Фотограмметриялық өңдеу жұмыстары
- •14.1.Қауіпсіздік ережелері
- •2.Далалық жұмыстардағы қауіпсіздік ережелері
- •3. Еңбекті қорғау, gps жүйесін пайдалану .
12.1.Фототопографиялық түсірістің мәні
2.Стереотопографиялқ аэрофототүсіріс
3.Фотограмметриялық өңдеу жұмыстары
Фототопографиялық түсіріс фотосуреттер бойынша топографиялық план мен картаны жасауға негізделген геодезиялық жұмыстардың бір түрі. Суретке түсіру әдістеріне байланысты фототопографиялық түсірістер аэрофототүсірістер және жер бетіндегі фототіріс болып бөлінеді.Аэрофототүсірісте жер беті самолеттен, вертолеттен және жер серігінен арнайы аэрофотоаппараттар (АФА) арқылы түсіріледі. Бұл әдіс көлемі үлкен аймақтардың 1:1000-1:5000 масштабты карталары мен пландарын жасау үшін қолданылады. Топографиялық карталардың түпнұсқаларын жасауда қолданып жүрген әдістерге қарай аэрофототүсіріс құрама және стереотопографиялық болып екіге бөлінеді.Құрама аэрофототүсірісте картаның контур бөлігін аэрофототүсіріс материалдарын өңдеу арқылы жасайды, ал жер бедерін фотопланға немесе фотосхемаға далада түсіреді. Бұл әдісті жазық аудандар мен ірі масштабтағы түсірістерді және аэросуреттер арқылы топографиялық пландар мен карталарды жасау жатады.
Ал, жер бетіндегі фототүсіріс теодолит пен фотокамералардан тұратын фототеодолит жүргізіледі. Түсірістің бұл түрімен қай масштабта болсын 1:2000-1:1000 план мен карталар жасауға болады.Жалпы фотографиялық түсіруде жұмыстың көбі камеральдық жағдайда жүргізіледі, яғни түсірілген фотосуреттер жан-жақты өңделіп, жер бетінің фотсуретіндегі кескіннен, оның кеңістікте орналасқан бейнесі алынады. Стереоэффект деп аталатын объективтің кеңістіктегі бейнесі стереоскоп аспабы арқылы көруге болады. Стереотопографиялық аэрофототүсіріс топографиялық картаның түпнұсқасын жасауға қажетті жұмыстардың жиынтығы, құрама түсірістермен салыстырғанда, бұл әдісте далалық жұмыстардың көлемі аз болады. Стереотопографиялық түсірістің артықшылығы: далалық, топографиялық жұмыстарды едәуір қысқарту; түсірілетін ауданның физика-географиялық жағдайына тәуелсіз жұмыстардың бірқалыпты дәлдігін сақтау және барлық жұмыстарды жыл бойына біркелкі бөлу. Фотограмметриялық өңдеу жұмыстарына арнайы далалық, топографиялық аспатар мен далалық, топографиялық геодезиялық жұмыстардың мәліметтерін пайдаланады. Фотографиялық түсірістер ашық кеніштерді түсіруде, инженерлік құрылыстарды жобалауда, жер қорларын, тау-кен жыныстарының жәнге үлкен құрылыстардың деформацияларын зерттегенде, геологиялық барлауға т.б. жұмыстарға қолданылады.
14.1.Қауіпсіздік ережелері
2.Далалық жұмыстардағы қауіпсіздік ережелері
3. Еңбекті қорғау, gps жүйесін пайдалану .
Далалық топографиялық-географиялық жұмыстарды орындауға қауiпсiздiк техникасы туралы арнайы нұсқаулардан өткен адамдарға рұқсат берiледi, оларға жұмыстарды қауiпсiз жүргiзудiң талаптары және пайда болған қолайсыз жағдайлардағы тиiстi тәртiптерi түсiндiрiледi. Орманды, далалы, елсiз, таулы және елдi мекендерде жұмыс iстегенде оқыс оқиғалар мен жарақат алудың негiзгi себептерiне көптеген табиғи кедергiлер, стихиялық ауыртпалықтар, электр тоғынан зақымға ұшырау, автомобиль және темip жол транспорттарымен байланысты оқиғалар және т. б. жатады. Әрбiр оқыс оқиға кезiнде зақымданған адам жұмысты тоқтатып, ол жөнiнде өзi немесе оқыс оқиғаны көрген адам жұмыс бастығына айтуы керек. Зақымданған адамға қолдан келетiн көмек тез арада көрсетiлуi тиiс. Керек болған жағдайда ол адам медицина пунктiне жеткiзiлуi қажет.Топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жүргiзгенде қоршаған ортаны қорғауға қамқорлық жасау қажет. жұмыстарды орындағанда орманды және eгiн салатын жерлердiң жайылым және де басқа ауыл шаруашылық ~лқ аптарының бұзылмауына барынша тырысу керек. Орманды массив территориясында топографиялық-геодезиялық жұмыстарды орындаушылар орман шаруашылығы жұмыскерлерiнiң нұсқауларын сөзсiз орындаулары тиiс. Ағаштардың бұтақтарын, бұталарды кесуге, iнжугүлдiң гүлiн, кувшинканы және де басқа халық депутаттары cовeтi қаулыларымен қорғалатын өсiмдiктердi жинауға тыйым салынады. Газондарда, бақшаларда және де әр түрлi eгін дақылдары егiлген жерлерден жүруге және жұмыстар жүргiзуге болмайды.Жұмыс кезiнде су көздерiн және қоршаған ортаны ластанудан, ал ормандарды, шым тезектердi, ауыл шаруашылық eгicтepiн өрттен сақтау және қорғау қажет. Қағаздар, телефон қалталар шынылар консерві банкалары, тамақ қалдықтағы және т. с. с. жинап, оларды жәшiктерге салу керек. Полигон территориясында, ағаштар тез жанатын заттар жанында, құраған шөптер бар жерлерде үзiлдi-кесiлдi от жағуға, палаткалар орналастыруға серуен құруға болмайды.ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ең ірі оқиға әртүрлі дәлдіктегі жоспарлық тораптарды құруда кең пайдаланылатын жер серіктерінің навигациондық жүйесінің пайда болуы. Навигациондық жүйелерінің бірінші кезеңіне төмен орбиталы «Цикада» (ҚСРО) және «Транзит» (АҚШ) жүйелері жатады.Ғарыштық навигациондық-геодезиялық жүйелердің екінші кезеңіне НАВСТАР (Ақш), 80 жылдардың аяғында GPS деп аталған және ГЛОНАСС (Ресей Федерациясы) жүйелері жатады.GPS арқылы геодезиялық өлшеулердің қазіргі кезде жиі жүргізілуі, оның дәлдігіне, тез орындалуына ыңғайлылығына және экономикалық тиімділігіне байланысты. GPS өлшеу әдістері классикалық геодезиялық әдістерден мүлдем басқа. GPS –технлогиясы барлық топографиялық-геодезиялық жұмыстарды, ең жоғарғы дәлдіктегі ғылыми-зерттеулер мен геодезиялық тораптарды дамытуға электрондық тахеометрлер арқылы түсіріс негізін құру мен жергілікті жерде топографиялық түсіріс жасауға дейін мүмкіндік береді. GPS пункттілерінің орналасқан орындарын анықтау жер серігі глобальдық жүйесі анықталатын объектінің кеңістіктік координаталарын және жылжу жылдамдығы векторын кез-келген уақытта және жер шарының кез келген нүктесінде жоғары дәлдікте анықтауға арналған
