- •«1С:Бухгалтерия» жүйесінің тұжырымдамасы
- •«1С:Предприятие» туралы негізгі ұғымдар
- •«Бухгалтерлік есеп» компоненттері туралы жалпы түсінік
- •1.Константалар терезесінің тізімі
- •2. Константаларды түзету (өзгерту)
- •3. Константалар мәнінің тарихымен жұмыс жасау
- •Анықтамалықтарға жалпы сипаттама
- •Анықтамалықтар терезесі
- •Анықтамалыққа жаңа элемент пен жаңа топты енгізу
- •Еңбекақы шоты бойынша операциялар есебі
- •Кассалық операциялар есебі
- •3. Есеп беретін тұлғалармен еңбекақы есебі
- •Тауарлардың келіп түсуінің есебі
- •Импорт тауарларының түсуі
- •1. «1С:Бухгалтерия» жүйесінің тұжырымдамасы
- •2. «1С:Предприятие» туралы негізгі ұғымдар
- •3. «Бухгалтерлік есеп» компоненттері туралы жалпы түсінік
Тауарлардың келіп түсуінің есебі
Импорт тауарларының түсуі
1. Ұйымның тауары сатып алынған материалдық-өндірістік қорларының бір бөлігі немесе заңды және жеке тұлғалардан қосымша өндеусіз сату немесе қайта сату үшін арналған деп түсінуге болады.
Ұйым тауарды қайта сату үшін сатып алған тауардың есебі баланстық шотта № 1330”Тауарлар” және 1350 “Басқа да қорлар”есепке алынады. Комиссия келісімі немесе талабымен сатылған тауарлардың есебі үшін баланстан тыс Х04 “Консигнацияға алынған тауарлар” шоты қарастырылған. Жауапты сақтауға алынған тауарлардың есебі үшін баланстан тыс № Х02 “Жауапты сақтауға алынған ТМҚ” Комиссияның келісімі немесе талабы бойынша сату үшін берілген тауарлардың есебі үшін баланстан тыс Х08 “Комиссияға берілген тауарлар” шоты пайдаланылады.
Аналитикалық есебі сандық және ақшалай өлшеммен тауарлар номенклатурасымен және сақтау орнымен жүргізіледі. Аналитикалық есебі
Құжатты қалыптастыру төмендегідей болады:
“Құжаттар/Сатылған тауарлар есебі”, “Келіп түскен тауарлар”пункті
“Журналдар/ Сатылған тауарлар есебі”, “Келіп түскен тауарлар”пункті, “Жаңа” командасы
Құжаттың экрандық түрдегі жоғарғы бөлігінде мыналар көрсетіледі: ұйымға келіп түскен тауарлар құжатының нөмері және күні, жабдықтаушы және тауар қабылданған қойма туралы мәліметтер.
Келіп түскен тауарлар бойынша операцияларды қалыптастыру үшін құжаттың “Жалпы” парағында келесі мәліметтерді қою керек:
Тауар кіріске алынатын қойманы көрсету;
Кредиторлық қарыз есебінің шотын таңдау (№ 3310 – Жабдықтаушылардың және мердігерлердің қысқа мерзімді қарыздары)
“Контрагент” және “Негіз” реквизиттерін толтырады, яғни сәйкес анықтамалықтан тауарды жабдықтаушыны және олармен есеп айырысу негізін көрсетеміз.
Контрагентті таңдау үшін контрагент анықтамасын басамыз. Осы кезде экранда “Контрагент” анықтамасының терезесі ашылады. Егер де анықтамалықта жабдықтаушы туралы мәліметтер бар болса, онда тышқанды екі рет басып оны таңдаймыз. Егер де жабдықтаушы туралы мәліметтер болмаса, онда оны осы кезеңде анықтамалыққа енгізу керек.
ҚҚС дұрыс енгізу және ҚҚС бойынша декларацияны әрі қарай дұрыс қалыптастыру үшін “Айналым түрін” /жалпы, босатылған, ұсталынатын/ және “Есепке алынатын ҚҚС түрін”/анықтамалыққа сәйкес таңдалады.
Егер таңдалған кредиторлық қарыз шот валюталық болса, онда құжаттың “Валюта қою” бөлігінде валюта және курсын көрсету қажет.
Кесте бөлігін толтыру үшін “Номенклатура” анықтамалығы пайдаланылады.
Бұл анықтамалықтың тізімдік түрі кесте бөлігіне жаңа жолды енгізгенде шығады /”Жана жол” пункты “Іс әрекет” менюі/ Егер де жабдықтаушыдан келіп түскен тауар анықтамалықта жоқ болатын болса, онда бірінші “Номенклатура”анықтамалығын ашып жаңа тауарды енгізіп, оны сақтаймыз. Содан соң сақталған жаңа элементті тышқанды екі рет басып тізім түрінен таңдап аламыз.
“Сомасы”, “Қосымша құнсыз сомасы”, “ҚҚС” реквизиттері “Сомасы” және “Бағасы” реквизиттерінің мәніне байланысты автоматты түрде есептелінеді. Есеп айырысу алгоритмі таңдап алынған салықтарды есептеу вариантына байланысты болады. Салықтарды есептеу варианты өзгерген кезде құжаттың кесте бөлігі қайта есептеледі.
Егер “Номенклатура” анықтамалығында келіп түскен тауарларға “Есептік/сатып алу/ бағасы” реквизиті толтырылса, онда реквизиттін мәні кесте бөлігіне ауысады. Егер де жабдықтаушының құжатындағы бағамен сәйкес келмесе, онда құжаттың кесте бөлігіндегі “Баға” бағанасына жабдықтаушының бағасын көрсету керек.
Құжатта косымша сервистік қажеттіліктер қарастырылған:
- Авансты есепке алу. Авансты есепке алу бойынша проводкаларды құжатта қалыптастыру үшін есепке алу сомасын көрсету қажет. “Есептеу” түймесі – таңдап алған негіз бойынша көрсетілген 1610 “Қысқа мерзімді берілген аванстар” немесе 2910 “Ұзақ мерзімді берілген аванстар” шоттарында аванстық төлемдер сомасы бар контрагент үшін есептелінеді. Сомадан басқа авансты есепке алу үшін “Берілген құжатпен авансты есепке алуды орындау” таяқшасын белгілеу қажет.
Жабдықтаушының шот фактурасын тіркеу. Алынған шот фактураны тіркеу үшін құжаттарда “Шот фактура” түймесі қарастырылған. Осы түймені басқанда жаңа шот фактура шығарылады немесе толтырылған “Алынған шот фактурасы” пайда болады.
Құжаттың кесте бөлігін толтырып қалыптастырғанда кредитінде 3310 “Жабдықтаушылар және мердігерлерге кредиторлық қарыздары”, ал дебетінде тауарлар есебінің шоттары беріледі. Құжаттың кесте бөлігінде көрсетілген әрбір ҚҚС мөлшері үшін мыннадай проводка қалыптасады:
Дебет 1420 “Қосымша құн салығы”
Кредит 3310 “Жабдықтаушылар және мердігерлерге кредиторлық қарыздары”
Авансты есепке алу бойынша проводкалар “Берілген құжатпен авансты есепке алуды орындау” таяқшасын белгілеген кезде ғана қалыптасады және есепке алу сомасы нөлге тең болмайды.
Құжатпен сұқпаттасу терезесінде төмендегі түймелер орналасқан:
“Қалыптастыру” – форманы жаппай құжатты қалыптастыру үшін
“Жазу”- форманы жаппай жазуды өзгерту үшін
“Басу” – Құжатты баспаға шығару үшін
“ОК”- құжатты жапқан кезде журналда сақтау үшін
“Жабу”- құжатты енгізуден бас тарту кезі үшін
“Іс - әрекеттер”- берілген құжатты ”Негізбен енгізу”, “Құжаттардың қозғалысы” есеп беруін баспадан шығару үшін қолданылады.
2. Ұйымға келіп түскен тауарлар, материалдар және тіркелетін активтерге байланысты операциялар есебін жүргізу үшін типтік конфигурацияда “ТМҚ/импорт/ келіп түсуі” құжаты арналған.
Құжатты қалыптастыру төмендегі жағдайда мүмкін:
“Құжаттар” менюінен / “Жалпы белгіленген” пунктен “ТМҚ /импорт/ келіп түсуі” рнемесе
“Журналдар” менюінен / “Жалпы белгіленген” пунктен “ТМҚ /импорт/ келіп түсуі” , “Жаңа” командасы
Құжаттын экрандық түріндегі “Жалпы” закладкасының жоғарғы бөлігінде мыналар: ұйымға келіп түскен тауарлар құжатынның нөмері мен датасы, жабдықтаушылар туралы мәліметтер, тауар қабылданған қойма және сонымен қатар келіп түсетін тіркелетін активтер пайдаланылатын ұйымның бөлімшелері көрсетіледі.
“Жалпы” закладкасына келіп түскен тауарлар бойынша операцияларды қалыптастыру үшін келесі реквизиттерді кою қажет:
тауарлар, материалдар кіріске алынатын қойма немесе тіркелетін активтер кіріске алынатын бөлімшелер көрсету;
“Контрагент” және “Негіз” реквизиттерін сәйкес анықтамалықтарды таңдау арқылы жабдықтаушыларды және олармен өзара есеп айырысу негізін көрсету керек;
Контрагентті таңдау үшін контрагент анықтамасын басамыз. Осы кезде экранда “Контрагент” анықтамасының терезесі ашылады. Егер де анықтамалықта жабдықтаушы туралы мәліметтер бар болса, онда тышқанды екі рет басып оны таңдаймыз. Егер де жабдықтаушы туралы мәліметтер болмаса, онда оны осы кезеңде анықтамалыққа енгізу керек.
Кесте бөлігін толтыру үшін “Номенклатура” /”Материалдар”, “Тіркелетін активтер”анықтамалығы пайдаланылады.
Бұл анықтамалықтың тізімдік түрі кесте бөлігіне жаңа жолды енгізгенде шығады /”Жана жол” пункты “Іс әрекет” менюі/ Егер де жабдықтаушыдан келіп түскен тауарлар /”Материалдар”, “Тіркелетін активтер”/ анықтамалықта жоқ болатын болса, онда бірінші “Номенклатура” /”Материалдар”, “Тіркелетін активтер”/ анықтамалығын ашып жаңа тауарды енгізіп, оны сақтаймыз. Содан соң сақталған жаңа элементті тышқанды екі рет басып тізім түрінен таңдап аламыз.
“Сомасы”, “Қосымша құнсыз сомасы”, “ҚҚС” реквизиттері “Сомасы” және “Бағасы” реквизиттерінің мәніне байланысты автоматты түрде есептелінеді. Есеп айырысу алгоритмі таңдап алынған салықтарды есептеу вариантына байланысты болады. Салықтарды есептеу варианты өзгерген кезде құжаттың кесте бөлігі қайта есептеледі.
Егер “Номенклатура” анықтамалығында келіп түскен тауарларға “Есептік/сатып алу/ бағасы” реквизиті толтырылса, онда реквизиттін мәні кесте бөлігіне ауысады. Егер де жабдықтаушының құжатындағы бағамен сәйкес келмесе, онда құжаттың кесте бөлігіндегі “Баға” бағанасына жабдықтаушының бағасын көрсету керек.
“Пошлина %” және “Пошлина” реквизиттері келесі алгоритм бойынша автоматты түрде есептеледі:
“Пошлина” реквизиті номенклатура жолындағы баж құны баж процентіне сәйкес есептеледі.
“Таможня, таможня алымы” закладкасында бухгалтерлік проводкаларды дұрыс беру үшін қажетті реквизиттер орналасқан.
“Қосымша шығындар” закладкасында сатып алынатын ТМҚ тасымалдау, растаможня жасау шін арналған
Қосымша шығындармен жұмыс істеу реті:
Сатып алынатын ТМҚ тасымалдау және растаможня жүргізу үшін ұйым қосымша шығындарды көрсету жағдайында құжаттарды енгізу үшін “Ввести” түймесін басуы қажет.
“Ввести” түймесі тек қана құжатты толтырғаннан соң жұмыс істейді. Оны басқанда “Басқа ұйым қызметі” құжаты толтырылады. “Басқа ұйым қызметі” құжаты толтырған соң оны қалыптастыру керек
Құжатпен сұқпаттасу терезесінде төмендегі түймелер орналасқан:
“Қалыптастыру” – форманы жаппай құжатты қалыптастыру үшін
“Жазу”- форманы жаппай жазуды өзгерту үшін
“Басу” – Құжатты баспаға шығару үшін
“ОК”- құжатты жапқан кезде журналда сақтау үшін“Жабу”- құжатты енгізуден бас тарту кезі үшін
“Іс - әрекеттер”- берілген құжатты ”Негізбен енгізу”, “Құжаттардың қозғалысы” есеп беруін баспадан шығару үшін қолданылады.
Лекция 11. Дайын өнім және өндіріс есебі
Дайын өнім есебі.
Жұмыстарды аяқтау
Аяқталмаған өндіріс
Бөлімшелердің қызметтері
Тауарлар мен дайын өнімді жөнелту
Тауарларды есептен шығару
Жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету.
1. Дайын өнім дегеніміз – кәсіпорынның өндірістік процесінің соңғы пайдалануға дайын өнімі. Бұл бұйымдар мен өнімдер осы кәсіпорында толық өндірістік циклден өткен стандарттар мен техникалық шарттардың талаптарына сәйкес келетін белгіленген тәртіпке сертификациядан өткен және дайын өнім қоймасына өткізілген өнімдер. Дайын өнімнің нақты өндірістік өз құны есепті ай аяқталған соң есептелінеді. Әдетте есептік баға ретінде нормативті (жоспарлы) өзіндік құн алынады.
Конфигурацияда өнімнің өзіндік құны орташа құн әдісімен үздіксіз түрде қалыптасады. «Дайын өнім құжаты» қарапайым өндірістік есепті жүргізуге және дайын өнімді қоймаға кірістеу үшін қолданылады. Құжатты екі әдіспен қалыптастырады:
Құжаттар/Өнім өндірісі менюіндегі дайын өнім пункті
Журналдар/Өнім өндіріс пункті – жаңа бұйрығы
Құжаттар дайын өнімнің өзіндік құнын есептеу және өнімді қоймаға кірістеу бойынша операцияларды қалыптастырады. Осы операцияларды қалыптастыру үшін бірнеше тізбекті іс әрекеттерді орналастыру қажет:
номенклатура анықтамалығана дайын өнім атауының тізімін енгізу.
өндірістік қызмет түріне сәйкес келетін анықтамалыққа белгі қою.
Осы аталған әс-әрекетттер орналасқаннан кейін өндірістік шығындар шотын таңдаймыз (8111 «Негізгі өндіріс» шоты). Содан соң дайын өнім кіріске алынатын шығындар сомасын көрсету қажет. Құжатты қалыптастур кезінде 1320 Дт-теледі, 8110 Кт-леді.
2. «Жұмысты аяқтау» құжаты жұмыстың атқарылуына байланысты жұмсалған өндірістік шығындар операцяисының жабылуын қалыптастырады.
Құжатты былай қалыптастыруға болады:
Құжаттар/ Өнім өндірісі – «Жұмыстың аяқталуы» пункті
Журналдар/ өнім өндірісі - Өнім – жаңа
Құжат өндірістік шығын сомасының жабылуын проводкасын «Өндірістік шығыннан» «Өзіндік құн шотына» ауысуын қалыптастырады. Орындалған жұмыс шығынның сомасын көшіру операциясын қалыптастыру үшін жұмсалған сомасы ол үшін «Қызмет түрі» және «Бөлімдер» құжатында көрсетілген «Өндірістік шығын» шотында алдын ала жинақталған болуы керек. Содан кейін өндірістік шғынның сомасын есептеп, олардың ішіндегі сомасын есептеп, олардың ішіндегі сомасын көрсету керек.Корреспонденцияда таңдалған (арнайы) шоттар мен құжаттар проводкасын қалыптасатын «Толтыру» түймесі арқылы «Өндіріс шығынның» жойылу сомасының баптар тізімі қалыптасады.
«Орындалған жұмыстар акті» құжат түрімен орналасқан «Жұмыстың орындалуы» құжаты «Жұмысты аяқтау» негізіне енгізілуі мүмкін.
Терезе дилогында мынадай түймелер орналасқан:
«Записать» |
Форманың жабуысыз өзгерістерді жазу үшін |
«Печать» «Шығару» |
Басып шығарылатын құжаттар формасының қалыптастыру; Құжатты шығару екі әдіс арқылы орындауға болады:
|
«Ок» |
Форма жабулы түрінде құжатты сақтау үшін |
«Закрыть» «Жабу» |
Енгізілген құжаттан немесе жасалған өзгерістерден бас тарту |
«Действия» «Әрекеттер» |
«Негізге енгізу» құжаты, «Құжат қозғалысы» есебін басып шығару, «ҚҰрылым бағыныштылығы» есебін басып шығару және «Журналда ашу» үшін керек |
«Заполнить» «Толтыру» |
Құжаттың бөлігін толтыру үшін |
«Очистить» «Тазарту» |
Құжаттың кестелік бөлігін тазарту үшін |
3. «Аяқталмаған өндіріс» құжаты аяақталмаған өнідіріс саласын жабу бойынша операцияларды қалыптастыру үшін және аяқталмаған өндірісті өндіріске қайта жіберу үшін қызмет етеді.
Құжатты былай қалыптастыруға болады:
Құажжатар/ Өндіріс, өнімді шығару – «Аяқталмаған өнідіріс» пункті
Журналдар/ Өндіріс, өнімді шығару – «Жаңа» бұйрығы
Құжат екі режимде жұмыс істей алады. Құжаттың жұмыс режимдері «Операция түрлері» ауыстырғышы мағынасымен анықталады.
«Аяқталмаған өндірісті жабу» құжатының жұмыс режимі.
Бұл режимде құжатаяқталмаған өндіріске сома жіберу бойынша берілген қызмет түрі және өндірістік шығын(8011-Негізгі өндіріс) аяқталмаған өндірісі шотына есебін қалыптастырады (1341-Негізгі өндіріс).
Аяқталмаған өндіріс сомасын жабу үшін проводкалар шығындар бабымен қалыптасады. Аяқталмаған өндіріс сомасын автоматты есептеу үшін шығындар баптарында «Өндірістік шығындар сомасын» («Есептеу» түймесі) және аяқталмаған өндірістің жалпы сомасын көрсету қажет. Осыдан кейін құжаттың кесте бөлігі автоматты түрде «Толтыру» («Заполнить») түймесі көмегінмен толтырылады.
«Аяқталмаған өндірісте өндіріске жіберу» құжатының жұмыс режимі.
Бұл режимде құжат таңдалған қызмет түрі және бөлімі бойынша аяқталмаған өндіріс есебі шотында («1341» - Негізгі өндіріс) өндірістік шығындар шотына аяқталмаған өндіріс («8011»-Негізгі өндіріс) сомасын жіберу.
Аяқталмаған өндіріс сомасын жіберу проводкалары шығындар бойынша қалыатасады. Құжаттың кестелік бөлігін автоматты түрде шығындар бабымен және сомасымен толтыру үшін, аяқталмаған өндірістің жалпы сомасын өндіріске жіберу керек. Содан соң «Толтыру» батырмасын басу қажет.
Терезе дилогында мына түймелер оранласқан:
«Толтыру» |
өзгертусіз және форманы ашық түрде сақтау үшін |
«Баспаға шығару» |
Құжаттың баспалық түрлерін құру үшін. Құжатты баспаға беру 2 әдіспен орындауға болады (баспалық түрлерін таңдау бастырма бойынша орындауды):
|
«Ок» |
құжатты журналда сақтау үшін |
«Жабу» |
Құжатқа енгізілгеннен немесе жасалған өзгерістер бас тарту үшін |
«Әрекеттер» |
Құжаттармен жұмыс атқару үшін, мысалы берілген құжаттың «Негізгі енгізу», «Құжаттың қозғалысы» туралы құжатты баспаға шығару, немесе «Журналда ашу» |
«Толтыру» |
Құжаттың кестелік бөлігін толтыру үшін |
«Тазарту» |
Құжаттың кестелік бөлігін тазарту үшін. |
4. «Бөлімшелер қызметі» құжаты кәсіпорынның бөлімшелерінің бір біріне көрсеткен қызметтерінің шығындар сомасын бөлуді қалыптастырады.
Құжатты төсендегідей қалыптастыруға болады:
Құжаттар/Өндіріс, өнім шығару – Бөлімшелер қызметі
Журналдар/ Өндіріс, өнім шығару –Жаңа
Құжат бөлімшелердің бір біріне көрсеткен қызметтерінің шығындар сомасын бөлу үшін керек.
«Жалпы» закладкасында келесі негізгі реквизиттер орналасқан.
«Көрсетілген қызметтер сомасын есептен шығару» тобы:
«Шот» - бөлімшелердің бөлінуге тиісті шығындары жинақталған, бухгалтерлік есеп шоты;
«Бөлімшелер» - қызметтер көрсеткен бөлімшелер;
«Қызмет түрі» - көрсетілген қызметтер бойынша шығынндар есептен шығарылатын өндірістік қызмет түрі.
«Сомаға қызмет» - бөліну бойынша шығындар сомасы;
«Көрсетілген қызметтер сомасын жатқызу» тобы:
- «Шот» - көрсетілген қызметтер сомасын алатындардың арасындағы жатықызылатын бухгалтерлік есеп шоты.
- «Шығындар бабы (На статью затрат)» - реквизит толтыру үшән міндетті емес, шығындар сомасын бөлу бойынша проводка қалыптастыру барысында дебетті талдау үшін пайдаланатын шығындар статьясы.
«Кесте бөлігі (Табличная часть)» - көрсетілген қызметтердің түрлері мен қызметтерді тарату арасында ақша сомасын бөлу бойынша ақпарат толтырылады. Әрбір қызмет түрлері мен бөлімшелерше қатысты қызмет сомасы жазбаша немесе «Тарату базасынан (база распределения)» алынып толтырылады. Өндірістік қызметтер сомасын автоматты түрде орналастыру үшін «Тарату (Распределить)» кнопкасын пайдалануға болады.
Диалог терезесінде келесідей т8ймелер орналасқан:
«Записать» - фоманы жаппастан өзгерістер енгізу үшін;
«Печать (басып шығару)» - құжаттың басып шығару формасын қалыптастыру үшін; құжатты екі варинтпен іске асырылады:
«ОК» - форманы жабқаннан кейін құжатты соқтау үшін;
«Жабу (Закрыть)» - құжатты енгізу немесе өзгеріс енгізуге рұқсат бермеу үшін;
«Действие (Іс әрекет)» - құжатпен жұмыс жасау үшін, мысалға «Ввести на основании ( негізінде іске асыру)», «Движение документа (құжаттың қозғалысы)» есебін басып шығару (печать отчета), «Бағыну құрылымы (Структура подчинености)», есебін басып шығару, «Открытие в журнале (журналда ашу)».
«Подбор (таңдау)» - құжаттың кесте бөлігін толтыру үшін;
«Очистить» - құжаттың кесте бөлігін тазарту үшін.
5. Типтік конфигурациядағы көрсетілген қызметтер және де қайта сатуға алынған дайын өнім мен тауарлар тасымалдау есебі мынадай негізгі шоттар арқылы жүргізіледі:
1300 «Қорлар»
1310 «Шикізат пен материал»
1320 «Дайын өнім»
1330 «Тауарлар»
1350 «Басқа да қорлар қорлар»
1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары»
2110 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді қарыздары»
3130 «Қосылған құн салығы»
3140 «Акциздер»
3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар»
4410 «Алынған ұзақ мерзімді аванстар»
6010 «Өнім өткізу мен көрсетілген қызметтен түскен табыстар»
7010 «Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтің өзіндік құны»
Дайын өнім тауарларын тиеу.
Тауарлардың және сатып алушының өзіндік өндірістік өнімін тиеумен байланысты операциялар конфьюгурациясы үшін «Тауарларды өткізу» құжаты бар.
Құжатты төмендегі әдістермен қалыптастырады:
Құжаттар/ Тауарлар есебі – Тауарларды өткізу
Журналда/ Тауарлар есебі – Жаңа бұйрығы
Материалдарды өткізу бойынша операцияларды қалыптастыру үшін «жалпы» закладкасында келесі реквизиттерді толтыру керек:
тауарлар жіберілген қойманы және оларды өткізуден түсетін табыстар өткізілетін бөлімді көрсету;
тауарларды сатып алушының дебиторлық қарызының шотын таңдау (1210 – «сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы»);
қажет болған жағжайда есепті кезең уақытында өнім өткізудің тек есепті кезең аяғында қалыптастырылатын өзіндік құнына «ТМҚ-ды есептен шығару бойынша проводкалар құрмау» жалаушасын белгілеу. Бұл жалаушаны белгілеу ТМҚ-ды есептен шығару бойынша проводкалар жүргізілген уақытта өзіндік құны бойынша қалыптаспайды дегенді білдіреді. Мұндай жағдайларда өткізілген өнімді есептен шығаруды «Тауарларды есептен шығару» құжаты арқылы жүзеге асыруға болады (қолмен немесе автоматты режимде);
тауарларды сатып алушыларды және олармен есеп айырысу негіздемесін көрсететін «Контрагент» және «Негіздеме» реквизиттерін толтыру;
өнімдерді өткізуден түсетін табыстар жататын қызмет түрін көрсету;
ҚҚС бойынша декларацияны дұрыс қалыптастыру үшін сәйкес классификатордан «Өткізу түрін» таңдау;
тауарларды алу сенімхаты бойынша құжатты баспа формасында көрсету үшін «реквизит», «кімнен», «кім арқылы» реквизиттерін толтыру керек.
Құжаттың кестелік бөлігі ( «Кестелік бөлік» закладкасы») олардың саны мен бағасы көрсетілген тауарлардың тізімімен толтырылады. «Сома», «Салықтар сомасы», «ҚҚС» және «Акциз» реквизиттері – «Саны» және «Бағасы» реквизиттерімен автоматты түрде есептеледі.
Құжаттың кестелік бөлігін есептеудің әдісін таңдау үшін құжаттың «Кестелік бөлік» закладкасындағы «Бағалар» түймесін шерту арқылы таңдалатын «Салықтарды есептеу варианты» реквизиті арналған. Салықтарды есептеудің варианты өзгерген жағдайда құжаттың кестелік бөлігі қайта есептеледі. «Саралау» («Подбор») түймесінің көмегімен құжаттың кестелік бөлігі құжатты қалыптастыру кезінде қалдығы бар жіберілген қойма бойынша материалдардың тізімі толтырылу керек. «Саралау» және «Тазарту» түймелерімен жұмыстар 170 бетте көрсетеліген.
Құжатта бірқатар қосымша сервистік мүмкіндіктер қарастырылған:
авансты есепке алу. Авансты есепке алу бойынша проводкалар құжатын қалыптастыру үшін есепке алынатын соманы көрсету керек. «Есептеу» түймесі - таңдалған негіздеме бойынша көрсетілген Контрагент үшін аванстық төлемдердің бар сомасын «3510 – Алынған қысқа мерзімді аванстар» және «4410 – алынған ұзақ мерзімді аванстар» шоттарында есептеледі. Авансты есепке алу сомасын басқа «Берілген құжаттың авансын есепке алу жүргізу» жалаушасын қалыптастыру керек.
Шот – фактураларды енгізу. Шот-фактураларды енгізу үшін құжатта толтырылған реквизиттермен жаңа «Шот - фактура» құжатын немесе енгізілген «Шот - фактура» құжатын шақыратын «Шот – фактура» түймесі арналған. Енгізілген құжат «Шот - фактура» түймесінің жанындағы текст түрінде жүкқұжат (накладная) формасында бейнеленеді.
Шот негізінде енгізі режимі. Бұл жағдайда «Алушы» және құжаттың кестелік бөлігі автоматты түрде, ал қалған реквизиттерді қолмен енгізуге тура келеді.
«Баспаға шығару» түймесі бойынша құжат «Шығыс жүкқұжатының» баспалық формасын қалыптастырады.
Толтырылған құжатты сақтау және өткізу керек. өткізу кезінде әрбір құжаттың кестелік бөлігінің жолы үшін тауардың өзіндік құнын есептен шығару (құжатты құалыптастыру уақытына есептеледі) және өткізуден түскен табыстарды бейнелеу (құжаттың кестелік бөлігінен алынады)бойынша жолсерік (проводник) қалыптасады. өзіндік құнды есептен шығару және табысты жатқызу шоттары әрбір тауарға «Номенклатура түрі»реквизитінен анықталады. Сонымен қатар әрбір ҚҚС ставкасы және Акциз ставкасы құжатының кестелік бөлігіне ҚҚС және акциз сомасын есептеу бойынша шоттар корреспонденциясына «3130 – Қосылған құнға салық» және «3140 – Акциз» сәйкес жолсерік қалыптасады.
«Өнімді өткізу»құжаты «Сатып алушыдан қайтару» және «Шот-фактура» құжаттарын енгізу үшін негіз болып табылады.
Диалог терезесінде түймелер орналасқан. Олар:
«Өткізу» ( «Провести») форманы жабусыз құжатты өткізу үшін;
«Жазып алу» («Записать») форманы жабусыз өзгерістерді жазу үшін;
«Басып шығару» құжаттың баспалық формаларын қалыптастыру үшін;
Құжатты баспаға шығару екі вариантта орындауға болады (баспалық формаларды таңдау мына түйме бойынша атқарылады):
Шығын жүкқұжаты;
«ОК» форманы жабар уақытта журналда құжатты сақтау үшін;
«Жабылу» («Закрытие») құжаттан немесе жасаллынған өзгерістерден бас тарту үшін;
«Іс әрекет» («Действие») берілген құжатқа «Негіздеме енгізу», «Құжат қозғалысы» есебін баспаға шығару, « Бағыныштылық құрылымы» есебін баспаға шығару, немесе «Журналда ашу»сияқты құжаттармен іс әрекет жасау үшін;
«Саралау» құжаттың кестелік бөлігін толтыру үшін;
«Тазарту» құжаттың кестелік бөлігін тазарту үшін;
6. «Тауарларды есептен шығару» құжаты шығынға кеткен тауарларды есептен шығару бойынша, сонымен қатар «Өзіндік құнын есептен шығару бойынша проводкаларды қалыптастырмау» белгісі қойылған өткізу құжаттарында тауарларды өткізу кезінде есептен шығару үшін операцияларды қалыптастыруға арналған.
Құжатты былайша қалыптастыруға болады:
«Құжаттар / Тауарлар есебі» менюіндегі «Тауарларды есептен шығару» пункті;
«Журналдар / Тауарлар есебі» менюіндегі «Тауарларды есептен шығару» пунктінің «Жаңа» бұйрығы;
Құжатар өндірістік, әкімшілік және басқа да шығандарда тауарларды есептен шығаруға арналған арналған. Құжатта тауарларды есептен шығару бойынша операцияларды қалыптастыру үшін олар есептен шыгарылатын қойманы көрсету керек.
Тауарларды есептен шығару бойынша комиссияны енгізу үшін комиссия мүшелерін енгізуге арналған « Комиссия құрамы» бағынышты құжаты ашылатын «Комиссия» түймесін қолдану қажет. Сонымен қатар «Комиссия құрамы» құжатының әрбір жолы құжаттың баспа формасында қызметкердің қызметі, оның фамилиясы, аты, әкесінің аты және қол қоюға арналған орын көрсетілген жеке жолға әсер етеді. «Комиссия» түймесі тек жазылмаған құжатта ғана қолданылады.
Құжат бұрын есепке алынған ҚҚС-ын қайтарады. Ол үшін «Бұрын есепке алынған ҚҚС сомасын түзету» жалаушасын қою керек және «ҚҚС-ын түзету» тобындағы реквизиттерді толтыру қажет. Егер берілген тауарды есептен шығару кезінде акциз салығын есептеу керек болса, онда «акцизді есептеу» белгісін қоюға, «Акцизді есептен шығару шоты» реквизитін толтыруға және оның аналитикасын көрсетуге болады.
Құжаттың кестелік бөлігінде есептен шығаруға жататын тауарларды және оның санын көрсетеді. әрбір тауар үшін есептен шығару шоты мен аналитикасы көрсетіледі. Есептен шығару сомасы құжатты өткізген уақытта есептеледі. «Саралау» түймесінің көмегімен құжаттың кестелік бөлігі құжаттың қалыптасу кезінде қалдықтар бар жіберілетін қойма бойынша материалдар тізімі толтырылуы тиіс. Егер ағымдағы айдағы ТМҚ – ды есептен шығару емес, өткізілген өнімді есептен шығару бойынша құжат қалыптастыру қажет болса, онда құжаттың кестелік бөлігінде «Бұрын өткізілген ТМҚ-ды есептен шығару» жалаушасы қойылады. Бұл жағдайда құжаттың кестелік бөлігі «Толтыру» түймесінің көмегімен есепті кезеңдегі өткізілген тауарлар толтырылады.
Өткізу кезінде құжат шот дебеті бойынша және есептен шыгару аналитикасы және тауарлардың есепке алуының есеп қарыздары бойынша проводкалар қалыптастырады (шот мәні «Номенклатура» реквизиті элементінен алынады).
Диалог терезесінде мынадай түймелер орналасады:
«Өткізу» ( «Провести») форманы жабусыз құжатты өткізу үшін;
«Жазып алу» («Записать») форманы жабусыз өзгерістерді жазу үшін;
«Басып шығару» құжаттың баспалық формаларын қалыптастыру үшін;
Құжатты баспаға шығару екі вариантта орындауға болады (баспалық формаларды таңдау мына түйме бойынша атқарылады):
Тауарды есептен шығару акті;
тауарларды есептен шығаруға арналған актісі;
«Ок» - форма жабылғанан кейін құжатты журналда сақтау үшін;
«Жабу» - құжатқа енгізуден және жасалған өзгерістердің бас тарту;
«Действие (Іс әрекет)» - құжатпен жұмыс жасау үшін, мысалға «Ввести на основании ( негізінде іске асыру)», «Движение документа (құжаттың қозғалысы)» есебін басып шығару (печать отчета), «Бағыну құрылымы (Структура подчинености)», есебін басып шығару, «Открытие в журнале (журналда ашу)».
«Подбор (таңдау)» - құжаттың кесте бөлігін толтыру үшін;
«Очистить» - құжаттың кесте бөлігін тазарту үшін.
7. «Жұмысты орындау, қызмет көрсету» көрсетілген қызметтер, ұйымдастырылған жұмыстарды орыдау бойынша операциялар қалыптастыру үшін қажет.
Құжатты келесідей қалыптастыруға болады:
менюдан «Құжаттар (Документы) / тауарлар есебі, өткізу (Учет товара, реализации)», «Жұмысты орындау (Выполнение работ)» немесе
менюдан «Құжаттар (Документы) / тауарлар есебі, өткізу (Учет товара, реализации)», «Орындалған жұмыстардың есебі (Учет выполненых работ)» , «Жаңа (Новый)» командасы.
Құжат жұмысты орындау, қызмет көрсету бойынша операциялар қалыптастыру үшін арналған құжат.
«Құжат түрі (Тип документа)» басып шығару үшін « орындалған жұмыс актісі (Акт выполненных работ)» немесе «Орындалған жұмыстардың құжаты (Накладной на выполненые работы)» формасы қалыптастырылады.
Құжат қалыптастыру барысында бухгалтерлік есептің дебиторлық берешек есебін толтыру қажет – «Өткізу шоты (Счет реализации) 1210 –тапсырыс берушілердің және сатып алушылардың қысқа мерзімдегі дебиторлық берешегі» сонымен бірге, контрагент және өзара есеп айырсудың негізі көрсетілу керек, бөлімше, қызмет түрі, өткізу варианты таңдалу қажет – оларға орындалған жұмыстар мен қызметтер табысын жатқызуға болады.
Құжаттың кесте бөлігінде қайта есептеудің әдісін таңдау үшін «Салықты есептеу варианты (Вариант расчета налогов)» реквизиті арналған, оны «Кесте бөлігіндегі (табличная часть)» - «Баға» кнопкасын басу арқылы таңдайды.
Құжаттың кесте бөлігіндегі анықтамадан «Номенклатура» таңдап, оның бағасын, ставкасын, ҚҚС (НДС) сомасы қойылып, автоматты түрде есептеледі.
«Подбор» кнопкасының көмегімен құжаттың кесте бөлігі қызметтер мен жұмыстардың тізімімен толтырыла алады. Сонымен қатар, «Номенклатура» анықтамасын таңдау үшін «Қызмет және «Жұмыс» номенклатурасы ашылады.
Құжатта қосымша сервистік мүмкіндіктер қарастырылған:
- Алдын ала төлеу есебі (Зачет аванса) - ол үшін соманы көрсету керек.
«Есептеп шығу» (Рассчитать) – кнопкасы есеп шоттағы авансалық төлемдерді есептейді «3510 – қысқа мерзімде аванс алу» және «4410 – ұзақ мерзімде аванс алу».
Сонымен қатар, сомадан басқа аванс есептеу үшін «аталған құжатпен авансты есепке алуды орындау (Выполнять зачет аванса данным документом)» жалаушасын белгілеу қажет.
Есеп шот-фактурасын енгізу. Ол үшін құжатта толтырылатын реквизиті бар «счет-фактура» кнопкасы арналған.
«Басып шығару (Печать)» көрсетілген қызметтерді көрсету немесе орындалған жұмыстар актісінің формасын басып шығарады.
Құжатты жүргізу барысында қызметті өткізу табысы және ҚҚС (НДС) төленуі бойынша қалыптастырылып көрсетіледі.
Диалог терезесінде келесідей кнопкалар орналасқан:
«Записать» - фоманы жаппастан өзгерістер енгізу үшін;
«Печать (басып шығару)» - құжаттың басып шығару формасын қалыптастыру үшін; құжатты екі варинтпен іске асырылады:
акт списания товара (тауарды есептен шығару актісі);
Істелген жұмыстар актісі;
Жұмысты орындауға құжат;
«ОК» - форманы жабқаннан кейін құжатты соқтау үшін;
«Жабу (Закрыть)» - құжатты енгізу немесе өзгеріс енгізуге рұқсат бермеу үшін;
«Подбор (таңдау)» - құжаттың кесте бөлігін толтыру үшін.
Лекция 12. Регламенттелінген есеп берулер
12.1 Регламенттелінген есеп берулермен жұмысты ұйымдастыру.
12.2 Регламенттелінген есеп берулерді пайдалану.
12.3 Регламенттелінген есеп берулерді құрастыру.
12.4 Есеп беруді құрастыру кезеңі.
12.5 Нысанды түзету пернелері.
12.6 Регламенттелінген есеп берулерді баспаға шығару.
12.7 Регламенттелінген есеп берулердің жаңа нысандарын бағдарламаға енгізу.
«1С:Бухгалтерия 8.2» жүйесіне регламенттелінген есеп берулердің жиынтығы кіреді. Бұл ең алдымен салық органдарына және өзге де қорларға ұсынуға арналған статистикалық, бухгалтерлік және салықтық есеп берулер. Регламенттелінген есеп берулердің жиынтығы тоқсан сайын жаңартылып отырады және тіркелген бағдарламаны пайдаланушыларға таратылады. Регламенттелінген есеп берулер ағымдағы нормативтік құжаттарға сәйкес өзгертіліп жекелеген файлдар түрінде «сыртқы есеп берулер» түрінде жеткізіледі.
Регламенттелінген есеп берулермен жұмыс жасау режимін шақыру үшін «Есеп берулер» менюіндегі «Регламенттелінген есеп берулер» пунктін таңдаймыз. Экранда «Регламенттелінген есеп берулер» нысаны пайда болады. Терезенің жоғары бөлігінде есеп берулер тобын таңдау үшін арнайы бар. «1С:Бухгалтерия 8.2» кешенінде бір ғана кезеңге арналған регламенттелінген есеп берулердің бір тобы енгізілген. Нақты бір есеп берулермен жұмыс жасау үшін қажетті топты таңдап оған курсорды орнатамыз. Содан кейін «открыть» түймесін немесе тышқанды екі рет шерту арқылы регламенттелінген есеп берулер нысанын ашамыз. Нақты есеп берулердің параметрлер құрамы олардың негізгі бағыты және жұмыс жасау принциптеріне байланысты болады.
«1С:Бухгалтерия 8.2» жүйесінде регламенттелінген есеп берулерді құрастыру «1С:Предприятие» кестелерінің «электронды кестелер» режимінде жұмыс жасау мүмкіндігіне байланысты. Кестенің белгілі бір ұяшығына нәтижелерді енгізгенде кестенің басқа ұяшығындағы мәндер түзетілетін ұяшықпен алгоритмдің байланыста болса, онда автоматты түрде қайта есептеледі. Регламенттелінген есеп берулерді құрастыру нысаны мәліметтерді енгізу режимінде жұмыс жасайтын «кесте – есеп беру» бланкісі түрінде болады. Есеп берулерді құрастыру нысаны есеп беру түріне байланысты. Дегенмен, барлық нысандарға ортақ диалогтық терезенің түймелері мен деректемелері болады.
Есеп беруді құрастыру кезеңінде пайдаланушылардың мүмкіндігі шектеулі. Есеп беруді құрастырукезеңі ретінде тоқсан немесе айды таңдау қажет. Мысалы, есеп беруді 3 тоқсан үшін жасайтын болсақ, ондак «кезең» деректемесінен «айды» таңдау арқылы біз осы тоқсанның кез келген айы үшін есеп беруді қалыптастыра аламыз.
Нысанмен жұмыс жасау кезінде төмендегідей пернелерді пайдалануға болады:
Enter - нысанның ұяшығына мәліметтерді енгізу және оны аяқтау үшін пайдаланады;
, , , - кестенің ұяшықтары бойынша қозғалып отыруы үшін;
Tab / Shift + Tab – мәліметтерді енгізуге арналған есеп берулер бланкісінің ұяшықтары бойынша ауысуға арналған;
Home / End – кестенің басы мен соңына курсорды ауыстыру үшін;
Page Up / Page Down – нысанды жоғары – төмен парақтар арқылы ауыстыру үшін;
Ғ6 – диалогтық терезе және нысанның баспалық түріне түзетулерге арналған.
Бағдарламаның бас менюіндегі «файл» менюіндегі «баспаға шығару» пунктін пайдалану арқылы басып шығаруға болады. «Файл» менюіндегі «баспаға шығару» пунктін пайдаланады, егер бланкінің түзету терезесі активті болғанда ғана мүмкін. Оны активті ету үшін осы терезені тышқанмен бір рет шерту қажет. Көппарақты бланкілерді басып шығару үшін «бланк» деректемесінде «бет» қою керек. Нысанның барлық беттерін басып шығару үшін «печать всех» түймесін басу керек.
Регламенттелінген есеп берулер режимі есеп берулердің жаңа нысандарын алу кезінде пайдаланылатын жаңа есеп берулерді бағдарламаға енгізу механизміне ие. Жаңа нысандарды енгізу үшін «загрузить» түймесін басу керек. Осы кезде «файл-архив» таңдау үшін диалогтық терезе ашылады. Осы терезеден қажетті файлдарды таңдаймыз. Осыдан кейін файл – архивтен есеп берулердің жаңа нысандары енгізіледі. Егер осы кезең үшін есеп беру әлі енгізілмеген болса, онда жаңа топ құрылады.
Лекция 13. Мамандандырылған есептер
Есеп айырысу – төлемдік ведомості
Еңбекақы бойынша есеп айырысу парақтары
Табыстар туралы анықтама
Кадрлық есеп
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу ведомості
Негізгі құралдардың жинақтамасы бойынша есеп
Есеп беруге берілген ақша қаражаттарының ведомості
Тауарлар мен материалдарды өткізу бойынша есеп
Материалдық есеп
Дайын өнімді шығару, жұмыстың аяқталуы
Алынған шот – фактураларды тіркеу журналы
1. «1С: Бухгалтерия 8.2» жүйесіне мамандандырылған есептер кіреді. Бұл салық органдарына беруге міндетті емес, бірақ кәсіпорынды басқару үшін және стандартты есептердің мүмкіндіктерін қолдану арқылы алуға болмайтын қозғалыстарын талдау мәліметтерінен тұратын есеп болып табылады. Мамандандырылған есептің құрамы:
Есеп айырысу – төлемдік ведомості;
Еңбекақы бойынша есеп айырысу парақтары;
Табыстар туралы анықтама;
Кадрлық есеп;
Тіркелген активтердің амортизациясын есептеу ведомості;
Тіркелген активтер жүйесі бойынша есеп;
Есеп беруге берілген ақша қаражаттарының ведомості;
Тауарлар мен материалдарды өткізу бойынша есеп;
Материалдық есеп;
Дайын өнімді шығару, жұмыстың аяқталуы;
Шот – фактураларды тіркеу журналы;
Алынған шот – фактураларды тіркеу журналы.
«1С: Бухгалтерия 8.2» бағдарламасында есеп айырысу – төлемдік ведомостінде екі жолмен қалыптастыруға болады:
«Есептеу ведомості» құжаты формасынан;
« Есептер / мамандандырылған» менюінен.
Есеп айрысу – төлемдік ведомості берілген құжатта көрсетілген барлық қызметкерлер үшін немесе берілген кезеңдегі қалдықтар немесе төлемдер есептелінген барлық қызметкерлер үшін қалыптастырылады.
Ведомость менюі арқылы есепті шақырған уақытта жеке құжат бойынша сияқты берілген кезең бойынша да қалыптастыруға болады. Ол үшін формада ауыстырғыш қарастырылған.
Егер ауыстырғыш «Кезең бойында» жағдайында тұрса, онда «Құжат» деректемесі – таңдалмайды.
Сонымен қатар есептің настройки сұрау салуында мыналарды көрсету керек:
Есепті қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезең басының датасы мен кезең аяғының датасын таңдаумен беріледі;
Есепті қалыптастыру бойынша бөлімшені таңдау (егер таңдалмаса, онда есеп барлық бөлімшелер бойынша қалыптасады). Егер бөлімшелер бойынша саралау керек болса, «Бөлімшелер бойынша топтау» дегенге жалауша қою қажет;
Егер қызметкерлерді табельдік нөмер бойынша саралау керек болса, «Табельдік номер бойынша саралау» жалаушасын қояды;
әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтерді бейнелеу керектігі жайлы көрсету;
есептеу түрі бойынша қажеттілікке байланысты күндер/сағаттарды көрсету, сәйкес жалаушаны белгілеу.
Егер ауыстырғыш «Құжат бойынша» жағдайында тұрса, онда кезең таңдауы мен «Бөлімше» деректемесі – таңдалмайды.
Сонымен қатар есептің қалпына келтіру сұрау салуында мыналарды көрсету керек:
есепті қандай құжат бойынша қалыптастыру қажет;
егер қызметкерлерді табельдік номер бойынша саралау керек болса, «Табельдік номер бойынша саралау» жалаушасын қою;
2. 1С: Бухгалтерия жүйесінде есеп айырысу парақтар екі жолмен қалыптастыруға болады:
«Есептеу ведомості» құжаты формасынан;
« Есептер / мамандандырылған» менюінен.
Егер есеп құжат бойынша қалыптасса, есеп айырысу парақтары берілген құжатта көрсетілген барлық қызметкерлер үшін қалыптасады.
Есепті есеп айрысу парақтары менюінен шақырған уақытта жеке құжат бойынша сияқты берілген кезең бойынша да қалыптастыруға болады. Ол үшін сәйкес ауыстырғыш қарастырылған.
Егер ауыстырғыш «Кезең бойында» жағдайында тұрса, онда «Құжат» деректемесі таңдалмайды.
Сонымен қатар есептің жөндеу сұрау салуында мыналарды көрсету керек:
Есепті қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезең басының датасы мен кезең аяғының датасын таңдаумен беріледі;
Есепті қалыптастыру бойынша бөлімшені таңдау (егер таңдалмаса, онда есеп барлық бөлімшелер бойынша қалыптасады);
Егер есепті нақты бір қызметкер бойынша қалыптастыру керек болса, онда «Қызметкер» деректемесінен оны таңдау қажет;
Егер әрбір қызметкер бойынша 2 дана парақтан басып шығару керек болса, «Парақта екі дана» жалаушасын белгілеу қажет;
Егер ауыстырғыш «Құжат бойынша» деп тұрса, онда кезең және «Бөлімше» мен «Қызметкер» деректемелері таңдалмайды.
Сонымен қатар есептің жөндеу сұрау салуында мыналарды көрсету керек:
есепті қандай құжат бойынша қалыптастыру қажет;
Егер әрбір қызметкер бойынша 2 дана парақтан басып шығару керек болса, «Парақта екі дана» жалаушасын белгілеу қажет;
Есепке еңбекақы төлеу құжаттары туралы мәліметтерді қосу үшін «Еңбекақыны төлеу құжатын көрсету» жалаушасын белгілеп қою керек. Егер есепте еңбекақы қорына кірмейтін есептеулер туралы анықтамалық мәліметтерді көрсету керек болса, «Еңбекақы қорына кірмейтін есептеулерді қосу» жалаушасын қолданамыз.
3.1С: Бухгалтерия типтік конфигурациясында әр түрлі органдарға, мысалы, несие алу үшін банкке және қызметкерді жұмыстан шығару кезінде қажет қызметкердің табысы туралы анықтаманы қалыптастыруға болады.
Сонымен қатар есептің жөндеу сұрау салуында мыналарды көрсету керек:
Есепті қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезең басының датасы мен кезең аяғының датасын таңдаумен беріледі;
Анықтама алатын қызметкерді «Қызметкер» деректемесінен таңдау керек.
4.1С: Бухгалтерия типтік конфигурациясында кәсіпорынның қызметкерлер бойынша негізгі кадрлық мәліметтері кіретін кадрлық есепті қалыптастыруға болады:
Табельдік номер;
ФИО;
Бөлімше;
Лауазымы;
РНН;
СИК;
Айлық.
Сонымен қатар есептің жөндеу сұрау салуында мыналарды көрсету керек:
Есепте қандай датаны қалыптастыру керек;
Есепте көрсетілуі тиіс қызметкерлердің бөлімшесі;
Сол бойынша есепті құрастыратын қызметкер;
Қызметкерлердің тізімін таңдау кезінде оларды табельдік номері бойынша «Табельдік номер бойынша саралау» жалаушасын белгілеу арқылы саралауға болады.
5.Негізгі құралдар бойынша амортизацияны есептеу сомасы туралы есеп программаның бас менюі «Есептер» менюі «Мамандандырылған» менюі «Тіркелген активтердің амортизациясын есептеу ведомості» пунктін таңдау арқылы қалыптастыруға болады.
Бұл есептің көмегімен тіркелген активтерді есепке алу шоттарының біреуі бойынша есептелген амортизация сомасын бағалауға болады. Егер шот таңдалмаса, онда есеп барлық шот бойынша құрылады.
Мұнан басқа есептің жөндеу сұрау салуында мыналарды көрсету керек:
Есепті қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезең басының датасы мен кезең аяғының датасын таңдаумен беріледі;
Есепке тіркелген активтердің белгілі бір тобына жататын объектілерді қосу үшін «Топтар» өрісінде тіркелген активтердің тобын таңдау керек. Егер топ таңдалмаса, онда есеп барлық топ бойынша құрылады;
Есепке белгілі бір бөлімшеге жататын объектілерді қосу үшін «Бөлімше» өрісінде тіркелген активтер есептелетін бөлімшені таңдау қажет. Егер бөлімшелер таңдалмаса, онда есеп барлық бөлімше бойынша құрылады;
Қажет болған кезде әрбір салық бойынша жеке ведомосттар алу: мүлік салығы бойынша, көлік құралдарына салынатын салық бойынша, жер салығы бойынша, «Салу объектісі бойынша іріктеу» өрісіне және керек салықтың терезесіне жалауша қою қажет;
Берілген тіркелген активтер туралы есеп алу үшін «Объект бойынша іріктеу» өрісіндегі тіркелген активтер тізімін толтыру қажет;
Есепте тіркелген активтердің топтастырылған тәртібін ауыстыруға болады, сонымен қатар есепті топтасусыз шоттар немесе активтердің тобы бойынша жасауға болады;
6.Есеп «Есептер» менюіндегі «Мамандандырылған» пунктінің папкасында орналасқан. «Тіркелген активтер жиынтығы бойынша есеп» тіркелген активтердің жиынтығының құрамы туралы мәліметтерден тұрады. Есеп нақты бір тіркелген актив бойынша немесе барлық тізім бойынша құрылуы мүмкін. «Жиынтықтан алып тасталған объектілерді қосу» жалаушасы бұрын жиынтықтың бөлігі болған объектілер бойынша есептерді алуға мүмкіндік береді.
Есеп көрсетілген датаға құрыстырылады.
7. «Ақша қаражаттарының есеп беруге берілген ведомості» есебі көрсетілген кезеңде ақша қаражаттарының есеп беруге берілгені туралы мәліметтерді қамтиды. Қажет болған кезде құжат құжат бойынша детализация мен таңдалған қызметкер бойынша қалыптасуы мүмкін.
Сонымен қатар есептің жөндеу сұрау салуында мыналарды көрсету керек:
Есепті қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезең басының датасы мен кезең аяғының датасын таңдаумен беріледі;
Сол бойынша қажетті есеп алу қызметкерін «Қызметкер» деректемесінен таңдау керек;
қажет болған жағдайда құжатқа дейін есепті бөлшектеу үшін «Құжат бойынша бөлшектеу» жалаушасын қосу керек.
8.Тауарлар мен материалдарды өткізу бойынша есепті «Есептер / Мамандандырылған» менюінің пункті бойынша алуға болады.
Сонымен қатар есептің жөндеу сұрау салуында мыналарды көрсету керек:
Номенклатура түрі – тауарлар немесе материалдар;
Есепті қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезең басының датасы мен кезең аяғының датасын таңдаумен беріледі;
Бөлімше бойынша есепті алу үшін «Бөлімше» деректемесінен таңдау керек;
Есепті нақты қызмет түрі бойынша «Қызмет түрі» деректемесін толтыру арқылы құруға болады;
Есепті нақты қойма бойынша «Қойма» деректемесін толтыру арқылы құруға болады;
Есепті нақты тауарлар немесе материалдар тобы бойынша «Тауарлар тобы» деректемесін толтыру арқылы құруға болады;
Қажет болған кезде есепті нақты бір контрагент және оның келісім шарты бойынша алу үшін оларды «Контрагент / Негіздеме» деректемесінен таңдау керек;
Есептегі деректемелер тобының тәртібі.
Есеп формасында талап етілген мәліметтер бөлшектеу бойынша тиелім жүкқұжатының 1 келісім контрагентіне дейін, сонымен қатар жүкқұжатта көрсетілген нақты тауарлар да шығарылады.
9.Конфигурацияда материалдық есепті «Есептер / мамандандырылған» менюіндегі пункті арқылы алуға болады.
Сонымен қатар есептің жөндеу сұрау салуында мыналарды көрсету керек:
Материалдарды есепке алу шоты (егер таңдалмаса, онда барлығы бойынша);
Есепті қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезең басының датасы мен кезең аяғының датасын таңдаумен беріледі;
Материалдардың сақталу орны, ол үшін «Қойма» деректемесін толтыру керек;
Есепті «Номенклатура» деректемесін толтыру арқылы нақты материал бойынша құруға болады;
Есептің бөлшектеу деңгейі «Корреспонденцияланған шоттар бойынша айналдыру» және «Корреспонденцияланған субконтолар бойынша айналдыру» жалаушасымен реттеледі.
10.Конфигурацияда өнімдерді шығару немесе жұмыстың аяқталуы бойынша есепті «Есептер/Мамандандырылған» менюіндегі пункті арқылы алуға болады.
Сонымен қатар есептің жөндеу сұрау салуында мыналарды көрсету керек:
Жалаушалар қою арқылы есепке мәліметтер таңдайтын шоттар;
Есепті қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезең басының датасы мен кезең аяғының датасын таңдаумен беріледі;
Бөлімше бойынша есепті алу үшін «Бөлімше» деректемесінен таңдау керек;
Есепті нақты қызмет түрі бойынша «Қызмет түрі» деректемесін толтыру арқылы құруға болады;
Есептің бөлшектеу деңгейі «шоттар бойынша мәліметтер» жалаушасымен реттеледі.
11.Конфигурацияда алынған шот-фактураларды тіркеу журналын құруға болады, сонымен қатар оларды құру кезінде жіберілген қателіктерді тексеру үшін есеп формасында «Тексеру» түймесі арналған.
Есепті қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезең басының датасы мен кезең аяғының датасын таңдаумен беріледі.
Лекция 14-15. Стандартты есептер
Стандартты есептермен жұмыс жасау
Айналымды – қалдықтық ведомость
Жиынтық проводкалар
Шахматка
Шот бойынша айналымды – қалдықтық ведомость
Шоттар айналымдары (Бас кітап)
Шот бойынша журнал – ордер және ведомость
Шоттар талдауы
Шоттар карточкасы
Диаграмма
1.»1С: Бухгалтерия» бағдарламасында әр түрлі қимадағы бухгалтерлік проводкалар бойынша мәліметтер алу үшін арналған стандартты есептер жиынтығы бар.
Стандартты есептер нақты шоттардың жиыны мен белгілеріне (субшоттың болуы, аналитикалық, сандық және валюталық есептердің жөндеуі) тәуелсіз кез келген шот жоспарымен жұмыс жасауға есептелген. Стандартты есептер кез келген бухгалтерлік есептің бөлімдері бойынша қорытынды немесе егжей тегжей мәліметтерді алу үшін қолданылады. Олар мынадай сөздермен, «Шот», «Субконто», «Валюта» т.б. байланысты.
Стандартты есептер программаның бас менюіндегі «Есептер» менюінен шақырылады. Есепті шақырған уақытта экранда есептің қалпына келтіру параметрлері диалогы ашылады. Онда есеп құрамына кіретін мәліметтер құрамын анықтайтын параметрлердің мәнін белгілеу керек.
Көбіне жиі пайдаланылатын есептерді құралдар панелі түймесінің көмегімен шақыру қолайлы.
Шоттар жоспарындағы барлық шоттар бойынша мәліметтерді беретін есептер үшін – «Айналымды – сальдолық ведомость», «Шахматка» және «Жиынтық провадкалар» - түймені басу есептің параметрлерін қалпына келтіру диалогын ашпай – ақ есепті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Басқа стандартты есептер үшін түймені басу есептің параметрлерін қалпына келтіру диалогын ашады.
Қажетті параметрлер көрсетілгеннен кейін есепті қалыптастыру үшін «Қалыптастыру» немесе «ОК» түймесін басу қажет. Қалыптастырылған есеп сосын басып шығыаруға болатын кестелік құжат түрінде ашылады.
«ОК» түймесін қолдану кезінде есепті қалыптастырғаннан кейін есептің параметрлерін қалпына келтіру диалогы терезесі жабылады.
«Қалыптастыру» түймесін пайдалану кезінде есептің параметрлерін қалпына келтіру диалогтық терезесі ашық қалады, ол қалпына келтіру параметрлерін өзгертіп есепті қайта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Есепті қалыптастырудан бас тарту және есептің параметрлерін қалпына келтіру диалогтық терезесін жабу үшін «Жабу» түймесін басу немесе терезені жабудың стадартты әдісін қолдану керек.
Барлық есептердерде бухгалтерлік есептің мәліметтері берілетін кезеңді көрсету қажет. Кезең есептің параметрлерін қалпына келтіру диалогының сәйкес деректемелерін енгізу қажет бастапқы және соңғы датасымен белгіленеді.
Жиі пайдаланылатын кезеңдерді (ай, квартал, жарты жылдық) кезеңді ендіру үшін деректеменің жанында орналасқан түйменің көмегімен шақырылатын арнайы диалогта көрсеткен қолайлы.
Есептің параметрлерін қалпына келтіру диалогын ашқан кезде есепті қалыптастырудың кезеңі ретінде жүйенің қалпына келтіру параметрлері режиміндегі (программаның бас менюіндегі «Сервистер» менюінің «Параметрлер» пункті) «Бухгалтерлік қорытындылар» белгісінде көрсетілген кезең автоматты түрде қалыптасады. Бұл кезең «Айналымды – сальдолық ведомості», «Шахматка» және «Жиынтық проводкалар» есебін құрған кезде, егер есептер құралдар панелінің түймесін басу арқы шақырылатын болса қолданылады.
Жұмыс қолайлы болу үшін параметрлер жүйесінде басқаларға қарағанда көп қолдануды жоспарлайтын бухгалтерлік қорытындылардың кезеңін белгілейді. Мысалы, жылдық бухгалтерлік есептемені дайындаған немесе жыл бойындағы салық есептеулерін жасаған кезде осы кезеңді жүйенің параметрлерінде белгілеген және келесі кезде де кезеңді көрсетуге уақыт жібермей есепті қалыптастырған дұрыс.
Есепің параметрлерін қалпына келтіру диалогы сыртқы түрі бойынша әртүрлі стандартты есептер үшін ерекше болады. Алайда, осы диалогпен жұмыс жасау уақытында бірқатар ортақ тәсілдер ұолданылады, олар туралы төменде айтылады.
Есептің параметрлерін қалпына келтіру кезінде көбіне бухгалтерлік есептің шотын көрсету, субконто түрін немесе нақты субконтоны (аналитикалық есеп объектісі) таңдау, сондай – егер валюталық шот таңдалса, онда есепті құрудың валютасын көрсету талап етіледі.
Бухгалтерлік есеп шотын клавиатурадан шоттын кодын таңдау немесе оны шот жоспарынан таңдау арқылы көрсетуге болады, ол үшін Ғ4 клавишін немесе шотты енгізу өрісінің оң жағындағы --- түймесін қолдануға болады.
Көбіне есептің парамаетрлерін қалпына келтіру диалогында бір параметрді енгізген уақытта басқа параметрлердің мәндері автоматты түрде толтырылады. Мысалы, егер есепті қалыптастыру үшін аналитикалық есептің объектілерін көрсету қажет болса, онда шотты таңдағаннан кейін осы шоттық субконтосының түрі есептің параметрлерін қалпына келтіру диалогындағы сәйкес деректемелерге автоматты түрде қойылады. Шот кодын клавиатурадан енгізген кезде басқа параметрлердің автоматты түрде толтырылуы диалогтың келесі өрісіне өткеннен кейін ғана жүргізіледі, мысалы, Enter клавишінің көмегімен.
Мәндері тек қана тізімнен таңдау арқылы қойлатын параметрлер үшін (таңдау түймесін басу арқылы) кей кезде параметрлердің мәндерін тазарту қажеттілігі болады. Ол үшін есептің параметрлерін қалпына келтіру диалогында мәнді енгізу өрісінің жанында «Х» түймесі болуы мүмкін, оны басқан кезде енгізу өрісі тазартылады.
Сонымен қатар мұндай мәндерді тазарту үшін программаның бас менюінің «Қызмет ету» менюіндегі «Мәнді тазарту» пунктін немесе Shift + Ғ4 клавишін қолдануға болады.
Есепті қалыптастыру параметрлерінің жиынтығын келесі қолдану үшін сақтауға болады. Ол үшін программаның бас менюіндегі «Іс әрекет» менюінің «Қалпына келтіруді сақтау»пунктін таңдау немесе есептің параметрлерін қалпына келтіру диалогының құралдар панелінде орналасқан --- түймесін басу керек және есептің параметрлерін қалпына келтіру сақталатын атауын көрсету керек.
Нәтижесінде, егер аналитикалық есепті алу қажеттілігі туындаса, қалпына келтіру параметрлерін жаңадан енгізбей-ақ программаның бас менюіндегі «Іс әрекет» менюінің «Қалпына келтіруді ашу» пунктін таңдау немесе --- түймесін басу керек және берілген есептің бұрын сақталған параметрлерін таңдау қажет. Бұл мүмкіндікпен көбіне жиі қолданылатын есептерді алу үшін пайдаланған қолайлы.
«Айналымды – қалдықтық ведомость», «Шоттар талдауы», «Субконто бойынша шоттар талдауы» есептерінің диалогтарында «Қалпына келтіру» түймесі бар, оны шерткен кезде субшоттар мен субконто бойынша қорытынды нәтижелерді қалпына келтіру диалогы ашылады.
Диалог кестесінде субшоттар мен субконто бойынша қорытындылар шығарылатын есептер үшін шоттар көрсетіледі. Көрсетілген шоттар бойынша қорытынды нәтижелер осы қалпына келтіруге байланысты қандай есепте қалпына келтіру жасалғанына тәуелсіз, барлық аталған есептерде жүргізіледі.
Кестенің «Шот» бағанасында шот номері көрсетіледі.
Кестеге жаңа шот қосу үшін --- түймесін басамыз, сосын шоттар тізімінен субшоттар мен субконто бойынша қорытындыларды алғыңыз келетін шотты таңдаңыз.
--- түймесі кестеден қалпына келтіру жолын (шот немесе субшот) жою үшін арналған.
«Субшот» бағанасында субшоттар бойынша қорытындылар нәтижелерді қалпына келтіру, ал «Субконто» бағанасында субконто бойынша бейнеленеді. «Х» субшоттар бойынша қорытындыны айналдыруды, «-» айналдырмау дегенді білдіреді.
--- түймесі бойынша кестенің ағымдағы ұяшығын қалпына кетіру параметрлерін өзгертуге болады, сондай-ақ бұл түймені басу Enter пернесін немесе кестенің берілген ұяшығын 2 рет шертумен тең болады. «Субшот» бағанасында --- түймесін басу тек қана субшоты бар шоттар үшін «Х» белгісін алып тастауға немесе белгілеуге алып келеді. Егер шоттың субшоты болмаса, «-» белгісін өзгерту мүмкін емес.
«Субконто» бағанасында «Х» белгісі орналасқан ұяшықтағы --- түймесін басу шоттын субконтосын қалпына келтіру диалогын ашады.
Қорытынды нәтижелер жүзеге асырылатын субконто үшін жалаушалар қосулы болады. Қорытынды нәтижелер керек емес субконтолар үшін жалаушаларды алып тастауға болады.
1С: Бухгалтерия есептер жүйесінің қолайы мүмкіндіктерінің бірі есептерді бөлшектеу (ажырату) мүмкіндігі болып табылады. Есептерді бөлшектеу қалыптасқан есепті көру кезінде есептің ұяшығына 2 рет шерту арқылы шақырылады.
1С: Бухгалтерия конфигурациясының стандартты есептері берілген есепті бөлшектеу арқылы бір есептің негізінде басқасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін жалпы жүйені көрсетеді. Бөлшектеудің ең соңғы деңгейі кезінде операциялардың нақты проводкаларына өту жүргізіледі.
Қалыптастырылған есептің жоғары жағындағы бөлігінде екі өріс орналасады: «Жаңарту» және «Қалпына келтіру». Бұл осы терезеде есепті жаңадан қалыптастыруға мүмкіндік беретін есептің арнайы саласы болып табылады.
«Жаңарту» өрісіндегі ажыратуларды шақырған кезде есеп бастапқыда құрылған параметрлермен есеп қалыптасады. Егер есеп бастапқы құрылған кезеңнен кейін ақпараттық базаға жаңа ақпарат енгізілсе, онда бұл жаңартылған есепте көрініс табады.
«Қалпына келтіру» өрісіндегі ажыратуларды шақырған уақытта есептің параметрлерін қалпына келтіру диалогы ашылады, онда жеке параметрлерді өзгертуге және есепті қайта қалыптастыруға болады.
2.Айналымды – қалдықтық ведомостқа әрбір шотқа кезең басы мен аяғындағы қалдықтар және осы кезеңдегі дебет пен кредит бойынша айналым туралы мәліметтер кіреді. Бұ есеп бухгалтерлік практикада көбіне жиі қолданылатын есептердің бірі болып табылады.
Осы ведомосттың нәтижесі үшін программаның бас менюінің «Есептер» менюіндегі «Айналымды – қалдықтық ведомость» пунктін таңдаңыз.
«Айналымды – қалдықтық ведомость» пунктін таңдаған кезде экранда айналымды – қалдықтық ведомосттың параметрлерін қалпына келтіру диалогы ашылады. Оның 2 закладкасы бар: «Параметрлер» және «Айқарма қалдық».
«Параметрлер» закладкасында мыналарды көрсету керек:
Айналымды – қалдықтық ведомостты қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезеңнің басындағы дата және соңындағы датамен белгіленеді;
Есептің бөлімшелері бойынша ведомость құру («Шоттар және субшоттар бойынша мәліметтер» жалаушасы белгіленбеген, ал «Бөлімшелер бойынша мәліметтер» жалаушасы белгіленген) немесе шоттар мен субшоттардағы айналымдар және қалдықтарды қосымша көрсету («Шоттар мен субшоттар бойынша мәліметтер» жалаушасы белгіленген);
Шоттар үшін валюталық есептің белгісімен тек теңгедегі қалдықтар мен айналымдарды («Валюталар бойынша мәліметтер» жалаушасы белгіленбеген) немесе әрбір валюта бойынша жеке қосымша көрсету («Валюта бойынша мәліметтер жалаушасы белгілеген). Бірінші жағдайда ведомость жолында валюталық сомалардың жалпы теңгелік эквиваленті көрінеді, екіншіде – валютадағы мәліметтер қосымша көрсетіледі;
Айқарма қалдықты қалыптастыру (айқарма қалдық қалыптасатын есептердің параметрлерін қалпына келтіру «Айқарма қалдық» бөлімшесінде бейнеледі);
Баланстан тыс шоттар бойынша мәліметтер қалыптастыру.
«Қалпына келтіру» түймесі бойынша субшот пен субконто бойынша қорытынды нәтижелердің қалпына келтіру диалогы ашылады.
Ведомомсть көрсетілген кезеңде нолдік қалдық немесе айналымдары бар әрбір шот және субшот үшін шығарылатын:
Шот және субшот коды;
Кезең басындағы қалдық;
Шоттық дебеті мен кредиті бойынша кезеңдегі айналымдар;
Кезең аяғындағы қалдықтан тұрады.
Валюталық есеп жүргізілетін шоттар үшін айналымды – қалдықтық ведомостта әрбір валюта бойынша жеке жолдар шығарылуы мүмкін (егер есептің параметрлерін қалпына келтіруде «Валюта бойынша мәліметтер» жалаушасы белгіленсе). Бұл жолдарда «Шот» бағанасында шоттық атауынан басқа валютаның қысқа атауы көрсетіледі, ал олардағы сома валюталарда да, теңгелік эквивалентте де көрінеді.
Валютаның төменгі жолында барлық шоттар бойынша қалдық және айналым бойынша қорытынды шығарылады.
Ведомостты қараған кезде сізді қызықтыратын шот бойынша көрсеткіштер туралы толық мәліметтерді алуға болады. Тышқанның бағыты --- түрде шықса, Enter пернесін басу немесе тышқанды 2 рет шерту арқылы осы тұрғыда шот белгіленген курсор бойынша мәліметтер бөлшектенуін сұратуға болады. Экранға меню шығарылады. Онда сізді нақты қандай есеп қызықтыратынын таңдауыңыз керек:
Шот карточкасы;
Шот бойынша ведомость;
Шот талдауы;
Проводкалар бойынша есеп;
Шоттың айналымдары (бас кітап)
Шот бойынша журнал – ордер (ведомость).
«Айқарма қалдық» закладкасында қалдық бойынша қалыптасатын шотты таңдау және бұл шоттар үшін параметрлерді қалпына келтіру керек. Айқарма қалдықты қалыптастырудың ережелері кестеде беріледі.
«Шот» бағанында айқарма қалдық бойынша қалыптасатын шот коды бейнеленеді. Шотты шоттар тізіміне қосу үшін --- түймесін басу керек. Осы түйме бойынша шотты таңдауға болатын шоттар жоспары ашылады.
--- түймесі бойынша ағымдағы кесте жолын қалпына келтіру параметрлерін өзгертуге болады.
--- түймесі кестеден қалпына келтіру жолын жою үшін арналған.
«Субшоттар» бағанасында айқарма қалдықтың субшоты бойынша қалыптастырудың белгісі белгіленеді: «Х» - айналдыру, «-» айналдырмау.
«Субконто» бағанасында қалдық қалыптасатын белгі аналитика бойынша белгіленеді: «Х» - айналдыру, «-» - айналдырмау.
Егер шот тобын таңдаса, онда оған тек субшот бойынша айқарма қалдық қалыптастыруға болады (аналитикала бойынша шоттар тобының қалдығы үшін айналдырылмайды, сондықтан «Субконто» бағанасында автоматты түрде «-» белгісі белгіленеді). Қалдық субшоттар бойынша айқарма болуы үшін, «Субшоттар» бағанасында тышқанмен «Х» белгісін қою керек.
Егер топ болып табылмайтын шот таңдалса, ол бойынша субшоттар бойынша айқарма қалдық қалыптастырудың қалпына келтіру автоматты түрде жабылады («Субшот» бағанасындағы «-» белгісі). Егер бұл шотпен аналитикалық есеп жүргізуге рұқсат берілсе, онда «Субконто» бағанасында тышқанмен шерту арқылы аналитика бойынша айқарма қалдықты қалыптастырудың белгілерін жасауға болады. Егер шот жоспарындағы шотқа бірнеше субконто белгіленсе, қандай субконто бойынша қалдықты айналдыруға болатындығын көрсететін диалог ашылады.
Айқарма қалдықтың қалыптасу ережелерін қалпына келтіру арқылы берілген шоттар үшін айқарма қалдықты қалыптастыруға болатын есептеу қалыптастыруға болады.
3.Жиынтық проводкалардың тізімі – бұл берілген кезеңдегі шоттар арасындағы айналымдардан тұратын есеп. Жиынтық проводкалардың тізімін шығару үшін программаның бас менюідегі «Есептер» менюінің «Жиынтық проводкалар» пунктін таңдау керек.
«Жиынтық проводкалар» пунктін таңдаған кезде экранда жиынтық проводкалар параметрлері нәтижесінің сұрау салу шығады. Бұл сұрау салуда мыналарды көрсету керек:
Жиынтық проводкалар туралы есеп қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезеңнің басындағы дата және соңындағы датамен белгіленеді;
Валюталарды есепке алмай (сонда валюталық шоттар үшін валюта бойынша бөлшектеусіз теңгемен қорытынды мәліметтер әсер етеді) немесе валюталарды есепке алып (яғни, нақты валюта бойынша мәіметтерді көрсету) жиынтық проводкаларды шығару;
Жиынтық проводкаларды дебеттік шоттар тәртібінде ( «Есепті тәртіпке келтіру» ауыстырғышы «Дебеттік шоттар бойынша» белгіленеді) немесе кредиттік шоттар тәртібінде («Есепті тәртіпке келтіру» ауыстырғышы «Кредиттік шоттар бойынша» белгіленеді) саралау;
Есепті жалпы есеп бөлімшелері («Бөлімшелер бойын мәліметтер» жалаушасы белгіленеді, ал «Шоттар мен субшоттар бойынша мәліметтер» белгіленбеген) немесе қосымша шоттар мен субшоттарда қалдықтар және айналымдарды («Шоттар мен субшоттар бойынша мәліметтер» жалаушасы белгіленген) көрсету бойынша құру;
Қалпына келтірудің қажетті параметрлерін көрсеткеннен кейін «Қалыптастыру» түймесін немесе «ОК» түймесін басу қажет. Программа жиынтық проводкалар тізімін қалыптастырды және оны қарау үшін шығарады.
Көрсетілген кезеңде қандай да бір жасалған проводкалар бойынша әрбір корреспонденцияланған шоттар үшін жиынтық проводкалар тізімінде шоттардың коды мен атауы және олардың арасындағы корреспонденциядан қорытынды сомалар шығарылады. Егер жиынтық проводкалар тізімі валютаны есепке алу бойынша шығарылса, онда валюталық шоттар үшін әрбір валюта бойынша мәліметтер көрсетіледі.
Жиынтық проводкалар тізімін қараған уақытта нақты шот бойынша толығырақ мәліметтер алуға болады. Егер тышқан бағыттаушысы --- түрінде болса, онда Enter пернесін немесе тышқанды 2 рет шерту арқылы берілген позицияда курсормен белгіленген шот бойынша бөлшектеу мәліметтеріне сұрау салуға болады. Экранға берілген шоттар корреспонденциясынан тұратын проводкалар журналы бойынша есеп шығарылады.
4.Шахматка – бұл кейбір көрсетілген кезең үшін шоттар арасындағы айналымдардың кестелік түрін көрсететін есеп. Шахматканы көбіне бухгалтерлер пайдаланады, өйткені ол кәсіпорынның қаражаттары мен міндеттемелерінің қозғалысы туралы мәліметтер береді.
Шахматканы шығару үшін бас менюдің «Есептер» менюіндегі «Шахматка» пунктін таңдау керек.
Шахматка шықпас бұрын экранда есепті құру параметрлерінің сұрау салуы шығады. Бұл сұрау салуда мыналарды көрсету қажет:
шахматканы қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезеңнің басындағы дата және соңындағы датамен белгіленеді;
шахматканы валюталарды есепке алмай (сонда валюталық шоттар үшін валюта бойынша бөлшектеусіз теңгемен қорытынды мәліметтер әсер етеді) немесе валюталарды есепке алып (яғни, нақты валюта бойынша мәіметтерді көрсету) шығару;
Есепті жалпы есеп бөлімшелері («Бөлімшелер бойын мәліметтер» жалаушасы белгіленеді, ал «Шоттар мен субшоттар бойынша мәліметтер» белгіленбеген) немесе қосымша шоттар мен субшоттарда қалдықтар және айналымдарды («Шоттар мен субшоттар бойынша мәліметтер» жалаушасы белгіленген) көрсету бойынша құру.
Қалпына келтірудің қажетті параметрлерін көрсеткеннен кейін «Қалыптастыру» түймесін немесе «ОК» түймесін басу қажет. Программа шахматканы қалыптастырады және оны қарау үшін шығарады.
Шахматка жолдары дебеттік шоттарға, ал бағаналары – кредиттік шоттарға сәйкес келетін кесте түрінде болады, ал олардың қиылысқан ұяшықтарында көрсетілген кезеңге жолдың басында көрсетілген дебет шоттарға, бағананың басында көрсетілген кредит шоттардың айналымының сомасы шығарылады. Шахматканың сол және жоғарғы жағында дебет және кредит шоттарының номері, ал оң және төменгі жағында осы шоттармен айналымдар бейнеленеді.
Жиынтық проводкалар тізімін қараған уақытта нақты шот бойынша толығырақ мәліметтер алуға болады. Егер тышқан бағыттаушысы --- түрінде болса, онда Enter пернесін немесе тышқанды 2 рет шерту арқылы берілген позицияда курсормен белгіленген шот бойынша бөлшектеу мәліметтеріне сұрау салуға болады. Экранға берілген шоттар корреспонденциясынан тұратын проводкалар журналы бойынша есеп шығарылады.
5.Аналитикалық есеп жүргізілетін шоттар үшін аналитикалық есептің нақты объектілері бойынша қалдықтар мен айналымдардың бөліктеуін алуға болады. Бұл есеп «Шот бойынша айналымды – қалдықтық ведомость» деп аталады.
Берілген есепті шығару үшін программаның бас менюінің «Есептер» менюіндегі «Шот бойынша айналымды – қалдықтық ведомость» пунктін таңдау қажет.
Есептің парамертлерін қалпына келтіру. «Шот бойынша айналымды – қалдықтық ведомость» пунктін таңдаған кезде экранда ведомосттың параметрлерінің сұрау салуы шығады. Бұл сұрау салуда мыналар көрсетілуі тиіс:
Айналымды – қалдықтық ведомостты қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезеңнің басындағы дата және соңындағы датамен белгіленеді;
Ведомостты қандай шот бойынша қалыптастыру керек;
Шот бойынша аналитикалық есеп жүргізілетін субконто түрі;
Көрсетілген түрдегі субконтоның мәні (немесе субконто тобы);
Субконтоның қолдану нұсқасы.
Айналдыру – берілген субконто түрінің мәні көрсетілген есеп;
Іріктеу – көрсетілген субконтоның мәні бойынша есеп;
Есепке алмау – айналдырмау және іріктемеу.
Есепке субконто тобы бойынша («Топтар» жалаушасы белгіленген) жалпы қалдықтар мен айналымдарды қосу.
Субконтоны қолдану параметрлері берілген шот бойынша аналитикалық есеп қандай субконтоның түрі бойынша жүргізілетініне байланысты толтырылады. Сонымен қатар есептің қалпына келтіру параметрлерін субконто түрінің тәртібін көрсету есептің топтарының жұмсалуын анықтайды. Мысалы, егер 1310 «Шикізаттар мен материалдар» шоты бойынша материалдардың түрдері мен сақтау орындары бойынша аналитикалық есеп жүргізілсе, онда субконтоның бірінші түрінде материалдарды, ал екіншісінде – сақтау орнын таңдауға болады. Мұндай жағдайда есепте әрбір материал бойынша айналымдар мен қалдықтар жеке қоймаларға аударылады. Егер керісінше, субконтоның бірінші түрінде субконтоның «Сақтау орындары» түрін, ал екіншісінде – «Материалдар» субконто түрін таңдаса, онда есепте әрбір қойма бойынша айналымдар мен қалдықтар жеке материалдар бойынша аударылады.
Қалпына келтірудің қажетті параметрлерін белгіленгеннен кейін, «Қалыптастыру» түймесін немесе «ОК» түймесін басамыз. Программа есепті қалыптастырады және оны көруге шығарады.
Ведомость субконто мәндері бойынша тізімді көрсетеді. Ведомосттың әрбір жолы аналитикалық есеп объектілерінің атауынан, кезең басындағы қалдықтан, дебеттік және кредиттік айналымнан және кезең соңындағы қалдықтан тұрады.
Тізімнің төменгі жағында қорытынды мәліметтер шығарылады: шот бойынша жалпы қальдық, айқарма қалдық (дебеттік және кредиттік қалдықтар бойынша жеке сомалар) және сомалық айналымдар.
Егер субконтомен операция шетел валютасында жүргізілсе, әрбір валюта бойынша сомалар және теңгедегі қорытынды сома жекелеген жолдармен шығарылады.
Сандық есеп жүргізілетін шоттар үшін сандақ қалдықтар мен айналымдар бойынша мәліметтер шығарылады.
Ведомостты қараған кезде сізді қызықтыратын субконто бойынша көрсеткіштер туралы толық мәліметтер алуға болады. Егер тышқан бағыттаушысы --- түрінде болса, онда Enter пернесін немесе тышқанды 2 рет шерту арқылы берілген позицияда курсормен белгіленген шот бойынша бөлшектеу мәліметтеріне сұрау салуға болады. Экранда есепті кезеңдегі аналитикалық есептің объектілері қолданылған барлық оперциялардан тұратын шоттың карточкасы шығады.
6. «Шоттар айналымдары» есебі әрбір айға шоттардың қалдықтары мен айналымдарын шығару үшін қолданылады. Ол қорытынды жасаған және есеп беруді қалыптастырғанда керек болады.
Шоттар айналымдарын алу үшін бас менюдегі «Есептер» менюінің «Шоттар айналымдары(Бас кітап)» пунктін таңдау қажет. Экранда шоттар айналымдары қалыптасатын параметрлер сұрау салуы шығарылады.
Шоттар айналымдары қалпына келтіру сұрау салуында мыналарды көрсету керек:
Есепті қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезеңнің басындағы дата және соңындағы датамен белгіленеді;
Есепті қандай шот бойынша қалыптастыру қажет. Егер шот көрсетілмесе, онда есеп барлық шоттар бойынша жалпы субшоттар бойынша қалдықтар мен айналымдарды бөлусіз қалыптасады;
Шоттар бойынша айналымды валюталарды есепке алмай (сонда валюталық шоттар үшін валюта бойынша бөлшектеусіз теңгемен қорытынды мәліметтер әсер етеді) немесе валюталарды есепке алып (яғни, нақты валюта бойынша мәіметтерді көрсету) шығару;
Есепті жалпы есеп бөлімшелері («Бөлімшелер бойын мәліметтер» жалаушасы белгіленеді, ал «Шоттар мен субшоттар бойынша мәліметтер» белгіленбеген) немесе қосымша шоттар мен субшоттарда қалдықтар және айналымдарды («Шоттар мен субшоттар бойынша мәліметтер» жалаушасы белгіленген) көрсету бойынша құру.
Сондай – ақ сұрау салуда кезең басы мен аяғына қалдықтар, кезеңдегі жалпы айналымдар және берілген шоттың дебеті мен кредиті бойынша басқа шоттармен айналымдарды көрсетуге болады.
Қалпына келтірудің қажетті параметрлері белгіленгеннен кейін, «Қалыптастыру» түймесін немесе «ОК» түймесін басамыз. Программа есепті қалыптастырады және оны көруге шығарады.
Есеп әрбір жолы ай бойындағы шоттар бойынша айналымдардан тұратын кесте түрінде көрінеді. Есептегі жолдардың саны есепті кезеңге кіретін толық және толық емес календарлық айлардың санына байланысты болады. Бағаналар саны осы кезеңдегі берілген шоттармен корреспонденцияланатын шоттар санына байланысты.
Егер тышқан бағыттаушысы --- түрінде болса, онда Enter пернесін немесе тышқанды 2 рет шерту арқылы берілген позицияда курсормен белгіленген шот бойынша бөлшектеу мәліметтеріне сұрау салуға болады. Экранда есепті кезеңдегі шоттар бойынша барлық проводкалардан тұратын (егер курсор қалдықтың басы мен соңындағы немесе айналымдағы ұяшықта орналасса) немесе шоттар корреспонденциясы көрсетілген барлық проводкалардан (егер курсор шоттар корреспонденциясы туралы мәліметтер ұяшығында орналасса) тұратын проводкалар журналы бойынша есеп шығарылады.
7. «Шот бойынша журнал – ордер және ведомомсть» есебі даталар (кезеңдермен) немесе проводкалар (операцичлар) бойынша бөлшектенетін шоттағы (бастапқы қалдық, басқа шоттармен айналымдар және соңғы қалдық) қозғалыс бойынша есеп түрінде түрінде болады.
Бұл есепті алу үшін бас менюдің «Есептер» менюіндегі «Шот бойынша журнал-ордер және ведомость» пунктін таңдау керек. Экранда есептің параметрлері сұрау салуы шығады.
Есептің қалпына келтіру сұрау салуында мыналарды көрсету қажет:
Есепті қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезеңнің басындағы дата және соңындағы датамен белгіленеді;
Есепті қандай шот бойынша қалыптастыру қажет.
Шоттар бойынша айналымды валюталарды есепке алмай (сонда валюталық шоттар үшін валюта бойынша бөлшектеусіз теңгемен қорытынды мәліметтер әсер етеді) немесе валюталарды есепке алып (яғни, нақты валюта бойынша мәіметтерді көрсету) шығару;
Есепті жалпы есеп бөлімшелері («Бөлімшелер бойын мәліметтер» жалаушасы белгіленеді, ал «Шоттар мен субшоттар бойынша мәліметтер» белгіленбеген) немесе қосымша шоттар мен субшоттарда қалдықтар және айналымдарды («Шоттар мен субшоттар бойынша мәліметтер» жалаушасы белгіленген) көрсету бойынша құру.
Кезең басы мен аяғына қалдық, кезеңдегі жалпы айналым және берілген шоттардың дебеті мен кредиті бойынша басқа шоттармен айналымдар шығару;
Есепті бөлшектеу нұсқасы:
Проводка – есептің әрбір жолы проводкаға сәйкес келеді;
Операция – есептің әрбір жолы операцияға сәйкес келеді;
Дата – есептің әрбір жолы датаға сәйкес келеді;
Апта – есептің әрбір жолы аптаға сәйкес келеді;
Он күндік – есептің әрбір жолы он күндікке сәйкес келеді;
Ай – есептің әрбір жолы айға сәйкес келеді;
Квартал – есептің әрбір жолы кварталға сәйкес келеді.
Нөлдік айналыммен кезеңдерді көрсету («Нөлдік айналыммен кезеңдер» жалаушасын белгілеу).
Қалпына келтірудің қажетті параметрлері белгіленгеннен кейін, «Қалыптастыру» түймесін немесе «ОК» түймесін басамыз. Программа есепті қалыптастырады және оны көруге шығарады.
Дебет пен кредит бойынша шоттар корреспонденциясымен нәтижелер режимін белгілеу есебі «Ведомость» немесе «Журнал – ордер» деп аталады. Егер екі нұсқа да таңдалса, онда есеп «Шот бойынша журнал-ордер және ведомость» деп аталады.
Есептің түрі таңдалған бөлшектеу нұсқасына байланысты болады. Есептің жолдары хронологиялық тәртіпте орналасады. Егер «Проводка» бөлшектеу нұсқасы таңдалған болса, онда есептің бағанасы операциялар бойынша мәліметтер шығарады. Егер курсор бастапқы немесе соңғы қалдық немесе айналыммен ұяшықта орналасса, онда көрсетілген датаға шот бойынша барлық проводкалардан тұратын проводкалар журналы бойынша есеп шығарылады. Егер курсор корреспонденцияланған шоттар туралы мәліметтер ұяшығында орналасса, онда есеп осы датаға шоттар корреспонденциясымен көрсетілген барлық проводкалардан тұрады.
Егер есептің қалпына келтіру параметрлерінде проводкалар бойынша бөлшектеу сұрау салынған болса, онда Enter пернесін немесе тышқанды екі рет шерткен кезде тышқанның бағыттаушысы --- түрінде шығарылатын экранда қарау және редакциялау үшін сәйкес операциялар шығады. Проводкалар бойынша бөлшектену кезінде курсор операцияларды қарау және редакциялау терезесінде ашылатын таңдалған проводкалар автоматты түрде белгіленеді.
«Субконто бойынша шоттың журнал – ордері» есебі субконто қимасындағы шоттың қозғалысы бойынша есепті көрсетеді: бастапқы қалдық, басқа шоттармен айналымдар және соңғы қалдық.
Бұл есепті алу үшін бас менюдің «Есептер» менюіндегі «Субконто бойынша шоттың журнал-ордері» пунктін таңдаймыз.
Бұл сұрау салуда мыналарды көрсету қажет:
Есепті қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезеңнің басындағы дата және соңындағы датамен белгіленеді;
Есепті қандай шот бойынша қалыптастыру қажет.
Шоттар бойынша айналымды валюталарды есепке алмай (сонда валюталық шоттар үшін валюта бойынша бөлшектеусіз теңгемен қорытынды мәліметтер әсер етеді) немесе валюталарды есепке алып (яғни, нақты валюта бойынша мәіметтерді көрсету) шығару;
Есепті жалпы есеп бөлімшелері («Бөлімшелер бойын мәліметтер» жалаушасы белгіленеді, ал «Шоттар мен субшоттар бойынша мәліметтер» белгіленбеген) немесе қосымша шоттар мен субшоттарда қалдықтар және айналымдарды («Шоттар мен субшоттар бойынша мәліметтер» жалаушасы белгіленген) көрсету бойынша құру.
Шоттар бойынша аналитикалық есеп жүргізілетін субконтолар түрі;
Көрсетілген түрдің субконтосының мәні;
Субконто қолданудың нұсқасы:
Айналдыру – берілген түрдің субконтосының мәнінің есебі;
Іріктеу – берілген түрдің субконтосының бір мәні бойынша есеп;
Есептемеу – айналдырмау және іріктемеу.
Субконтоның тобы бойынша ( «Топтар» жалаушасы белгіленген) жалпы қалдықтар мен айналымдарды есепке қосу.
Субконтоны қолдану параметрлері берілген шот бойынша аналитикалық есеп қандай субконтоның түрі бойынша жүргізілетініне байланысты толтырылады. Сонымен қатар есептің қалпына келтіру параметрлерін субконто түрінің тәртібін көрсету есептің топтарының жұмсалуын анықтайды. Мысалы, егер 1310 «Шикізаттар мен материалдар» шоты бойынша материалдардың түрдері мен сақтау орындары бойынша аналитикалық есеп жүргізілсе, онда субконтоның бірінші түрінде материалдарды, ал екіншісінде – сақтау орнын таңдауға болады. Мұндай жағдайда есепте әрбір материал бойынша айналымдар мен қалдықтар жеке қоймаларға аударылады. Егер керісінше, субконтоның бірінші түрінде субконтоның «Сақтау орындары» түрін, ал екіншісінде – «Материалдар» субконто түрін таңдаса, онда есепте әрбір қойма бойынша айналымдар мен қалдықтар жеке материалдар бойынша аударылады.
Қалпына келтірудің қажетті параметрлерін белгіленгеннен кейін, «Қалыптастыру» түймесін немесе «ОК» түймесін басамыз. Программа есепті қалыптастырады және оны көруге шығарады.
Есепте әрбір субконто үшін көрсетіледі: кезең басындағы қалдық, барлық синтетикалық шоттармен корреспонденцияның қорытынды сомасы, дебет пен кредит бойынша айналымдар және кезең соңындағы қалдық. Есеп журнал – ордер формасында шығарылады.
Егер шоттар бойынша сандық есеп жүргізілсе, онда әрбір субконто үшін қалдықтар мен айналымдардың сандық мағынасы шығарылады.
Егер шот бойынша валюталық есеп жүргізілсе, онда валтадағы мәліметтер де шығарылады.
Егер тышқан бағыттаушысы --- түрінде болса, онда Enter пернесін немесе тышқанды 2 рет шерту арқылы берілген позицияда курсормен белгіленген шот бойынша бөлшектеу мәліметтеріне сұрау салуға болады.
Егер курсор бастапқы немесе соңғы қалдықтар немесе айналымдар жолында орналасса, онда экранда есепті кезеңдегі субконто мәліметтерімен шоттар бойынша барлық операциялардан тұратын шот карточкасы шығарылады.
Егер де курсор корреспонденцияланған шоттар жолында орналасса, онда экранда шоттар корреспонденциясы көрсетілген шоттар бойынша есепті кезеңдегі барлық проводкалардан тұратын проводкалар журналы бойынша есеп шығарылады.
8. «Шоттар талдау» есебі таңдалған кезеңдегі басқа шоттармен шоттар айналымынан, сондай – ақ кезең басы мен аяғындағы қалдықтан тұрады.
Бұл берілген есепті ашу үшін бас менюдегі «Есептер» менюінің «Шоттар талдау» пунктін таңдау керек. Экранда шоттар талдауы параметрлерінің сұрау салуы шығарылады.
Есептің қалпына келтіру сұрау салуында мыналарды көрсету қажет:
Есепті қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезеңнің басындағы дата және соңындағы датамен белгіленеді;
Есепті қандай шот бойынша қалыптастыру қажет.
Субшоттар мен субконто бойынша ( «Субшоттар мен субконто бойынша» жалаушасы белгіленген) немесе тек жалпы шоттар бойынша ( «Субконто мен субшоттар бойынша» жалаушасы белгіленбеген) айналымдарды шығару;
Шоттар бойынша айналымды валюталарды есепке алмай (сонда валюталық шоттар үшін валюта бойынша бөлшектеусіз теңгемен қорытынды мәліметтер әсер етеді) немесе валюталарды есепке алып (яғни, нақты валюта бойынша мәіметтерді көрсету) шығару;
Есепті жалпы есеп бөлімшелері («Бөлімшелер бойын мәліметтер» жалаушасы белгіленеді, ал «Шоттар мен субшоттар бойынша мәліметтер» белгіленбеген) немесе қосымша шоттар мен субшоттарда қалдықтар және айналымдарды («Шоттар мен субшоттар бойынша мәліметтер» жалаушасы белгіленген) көрсету бойынша құру.
«Қалпына келтіру» түймесі бойынша субшоттар мен субконто бойынша қорытынды нәтижелердің қалпына келтіру диалогы ашылады.
Қалпына келтірудің қажетті параметрлерін белгіленгеннен кейін, «Қалыптастыру» түймесін немесе «ОК» түймесін басамыз. Программа есепті қалыптастырады және оны көруге шығарады.
Шоттар талдауы көрсетілген кезеңдегі басқа шоттармен шоттар айналымынан, сондай – ақ кезең басы мен соңындағы қалдықтан тұратын кесте түрінде болады. Егер шоттар талдауы валюталарды есепке алумен көрсетілсе, онда әрбір валюта бойынша жеке мәліметтер шығарылады.
Егер тышқан бағыттаушысы --- түрінде болса, онда Enter пернесін немесе тышқанды 2 рет шерту арқылы берілген позицияда курсормен белгіленген шот бойынша бөлшектеу мәліметтеріне сұрау салуға болады. Экранда берілген шоттар корреспонденциясынан тұратын проводкалар журналы бойынша есеп шығарылады. Егер курсор бөлшектеу кезінде кезең басы мен аяғындағы қалдық жолдарында орналасса, онда бөлшектеу нәтижесі кезең есебіндегі параметрлерінде көрсетілген есеп карточкасы болады.
9. «Шоттар карточкасы» есебіне аналитикалық есептің нақты мәні бойынша – материал атауы, жеткізуші кәсіпорын және т.б. – берілген шотқа орай проводкалар немесе берілген шотқа байланысты проводкалар кіреді. Сондай – ақ шоттар карточкасында кезең басы мен аяғындағы қалдықтар, кезеңдегі айналымдар және әрбір проводкадан кейінгі қалдықтар көрсетіледі.
Шоттар карточкасын шығару үшін программаның бас менюінің «Есептер» менюіндегі «Шоттар карточкасы» пунктін таңдау керек. Экранда шоттар карточкасы параметрлері сұрау салуы шығарылады.
Есептің қалпына келтіру сұрау салуында мыналарды көрсету қажет:
Есепті қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезеңнің басындағы дата және соңындағы датамен белгіленеді;
Есепті қандай шот бойынша қалыптастыру қажет.
Есептік кезеңнің бөлшектеуін көрсету: күндер, апталар, айлар, кварталдар, жылдар бойынша немесе «Кезеңдегі» (бөлшектеусіз);
Нақты бір валюта немесе барлық валюта бойынша шоттарға проводкалар шығару.
Егер көрсетілген шот үшін аналитикалық есеп жүргізілсе, онда тек аналитикалық есептің нақты объектілерімен берілген шот бойынша проводкаларды көрсететін карточканы шығаруға болады. Аналитикалық есептің нақты объектілері бойынша проводкалар карточкасында іріктеу жасау үшін проводкалар мәні бойынша іріктелетін «Іріктеу» жалаушасы белгіленетін субконто түрінің мәнін таңдау қажет. Егер «Іріктеу» жалаушасы бірнеше субконто түрі үшін болса, онда карточкаға субконто бойынша барлық талаптарға сәйкес келетін проводкалар ғана кіреді.
Аналитикалық есептің нақты объектілері бойынша айналымдармен шоттар карточкасын қолданған кезде есеп қойма есебін, контрагенттермен есеп айрысу есебін және т.б. алуға мүмкіндік береді.
Есеп мынадай бағаналардан тұрады: «Дата», Операциялар» (берілген шот бойынша операциялар сипаттамасы), «»»дебет» (берілген шоттың кредиті бойынша корреспонденцияланған шоттар мен операциялар сомасы) және «Ағымдағы қалдық» (Д – дебеттік, К – кредиттік). Сандық сипатта көрсетілетін операциялар үшін шоттар карточкасында сандар келтіріледі.
Тышқан бағыттаушысы --- түрде көрсетілген болса, enter пернесі немесе тышқанды 2 рет шерту арқылы экранда қарау және редакциялау үшін сәйкес операция шығарылады. Курсор қарау және редакциялау операциясы терезесінде берілген проводкаларда автоматты түрде белгіленеді.
«Субконто бойынша шоттар талдауы» есебі көрсетілген кезеңдегі берілген шоттың басқа шоттармен корреспонденция қорытынды сомасынан, сондай – ақ аналитикалық есептің объектілері бойынша кезең басы мен аяғындағы шоттар бойынша қалдықтардан тұрады.
Берілген есепті алау үшін бас менюдің «Есептер» менюіндегі «Субконто бойынша шоттар талдауы» пунктін таңдау қажет. Экранда осы есептің қорытынды параметрлерінің сұрау салуы шығарылады.
Көбіне белгілі бір кезеңнің әрбір датасына шот бойынша айналымдар мен қалдықтар алу қажеттілігі туындайды. Бұл мысалы, кәсіпорынның міндеттемелері мн қаражаттарының өзгерісі кезіндегі талдауда, ақпараттық базаға енгізілген мәліметтерді тексеру үшін, көрсетілген банктік қолхаттар және т.б. үшін қажет болады. Керек ақпаратты «Мәліметтер бойынша шоттар талдауы» есебінен алуға болады.
Бұл есепті алу үшін бас менюідің «Есептер» менюіндегі «Дата бойынша шоттар талдауы» пунктін таңдау қажет.
Есептің қалпына келтіру сұрау салуында мыналарды көрсету қажет:
Есепті қандай шот бойынша қалыптастыру керек;
Есепті жалпы есеп бөлімшелері («Бөлімшелер бойын мәліметтер» жалаушасы белгіленеді, ал «Шоттар мен субшоттар бойынша мәліметтер» белгіленбеген) немесе қосымша шоттар мен субшоттарда қалдықтар және айналымдарды («Шоттар мен субшоттар бойынша мәліметтер» жалаушасы белгіленген) көрсету бойынша құру.
Шоттар бойынша айналымды валюталарды есепке алмай (сонда валюталық шоттар үшін валюта бойынша бөлшектеусіз теңгемен қорытынды мәліметтер әсер етеді) немесе валюталарды есепке алып (яғни, нақты валюта бойынша мәіметтерді көрсету) шығару;
Қалпына келтірудің қажетті параметрлерін белгіленгеннен кейін, «Қалыптастыру» түймесін немесе «ОК» түймесін басамыз. Программа есепті қалыптастырады және оны көруге шығарады.
Бірнеше синтетикалық шоттармен байланысты субконто түрлері үшін бір шот бойынша айналымды – қалдықтық ведомосттың көмегімен субконто бойынша қорытындылар мен айналымдар туралы толық ақпарат алу мүмкін емес. Мұндай жағдайда «Субконто тадауы» есебін қолдануға болады. Онда әрбір таңдалған субконто түрі үшін (аналитикалық есептің объектісі) осы субконто қолданылатын барлық шоттар, сондай- ақ айқарма және қысқартылған қалдық бойынша келтіріледі.
Бұл есепті ашу үшін бас менюдің «Есептер» менбіндегі «Субконто талдауы» пунктін таңдау керек.
Есептің қалпына келтіру сұрау салуында мыналарды көрсету қажет:
Есепті қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезеңнің басындағы дата және соңындағы датамен белгіленеді;
Субконто түрлері;
Субконтоның көрсетілген түрінің мәні (немесе субконто тобы);
Субконтоны қолдану нұсқасы:
Айналдыру – субконто мәнінің қимасындағы есеп;
Іріктеу – бір мән бойынша есеп;
Есепке алмау – айналдырмау және іріктемеу.
Субконто түрлері бойынша жиынтық қалдықтар және қалдықтар айналымын есепке қосу («Топтар» жалаушасын белгіленген);
Есепті жалпы есеп бөлімшелері («Бөлімшелер бойын мәліметтер» жалаушасы белгіленеді, ал «Шоттар мен субшоттар бойынша мәліметтер» белгіленбеген) немесе қосымша шоттар мен субшоттарда қалдықтар және айналымдарды («Шоттар мен субшоттар бойынша мәліметтер» жалаушасы белгіленген) көрсету бойынша құру.
Субконтоны қолдану параметрлері аналитикалық есеп жүргізілетін субконто түрі бойынша толтырылуы мүмкін. Сонымен қатар субконто түрлерін көрсету тәртібі қалпына келтіру терезесі параметрлерінде есептің топтарының анықтауға мүмкіндік береді.
Қалпына келтірудің қажетті параметрлерін белгіленгеннен кейін, «Қалыптастыру» түймесін немесе «ОК» түймесін басамыз. Программа есепті қалыптастырады және оны көруге шығарады.
Субконто талдауы бағаналарында субконто атауы, кезең басындағы қалдық, дебет пен кредит бойынша айналымдары және кезең аяғындағы айналымдар. әрбір субконто үшін осы субконто қолданылатын барлық синтетикалық шоттар бойынша қалдықтар мен айналымдар келтіріледі.
Сандық есептеу жүргізілетін шоттар үшін әрбір субконто үшін айналымдар мен қалдықтардың ақшалай да сандық та сипаты шығарылады.
Валюталық қорытындылар үшін есепке әрбір валюта бойынша жолдар қосылады.
Егер тышқан бағыттаушысы --- түрінде болса, онда Enter пернесін немесе тышқанды 2 рет шерту арқылы берілген позицияда курсормен белгіленген шот бойынша бөлшектеу мәліметтеріне сұрау салуға болады.
Егер курсор субконто атауы немесе қорытындылар жолында белгіленсе, онда экранда есепті кезеңдегі аналитикалық есептің нақты бір объектісі бойынша барлық операциялардан тұратын субконто карточкасы шығарылады.
Егер курсор шот атауы жолында белгіленсе, онда экранда аналитикалық есептің көрсетілген объектісі үшін белгіленген кезеңдегі барлық операциялардан тұратын шоттар карточкасы шығарылады.
Егер аналитикалық есептің объектісі немесе субконто тобы бойынша толық операциялар көрінісін алу қажет болса, онда «Субконто карточкасын» шығаруға болады. Бұл есеп аналитикалық есептің нақты объектілерімен барлық операциялардан, әрбір операциядан кейінгі субконто бойынша қалдықтардан тұрады.
Қалдықтар мен айналымдар ақшалай сипатта шығарылады, ал сандық есептеу кезінде табиғи сипатта болады. Сол шоттар бойынша валюталық есептеу енгізу кезінде есепке валюта туралы ақпараттар қосылады.
Субконто карточкасын ашу үшін бас менюдің «Есептер» менюіндегі «Субконто карточкасы» пунктін таңдау керек. Экранда осы есептің қорытынды параметрлерінің сұрау салуы шығарылады.
Есептің қалпына келтіру сұрау салуында мыналарды көрсету қажет:
Есепті қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезеңнің басындағы дата және соңындағы датамен белгіленеді;
Есептік кезеңнің бөлшектеуін көрсету: күндер, апталар, айлар, кварталдар, жылдар бойынша немесе кезеңдегі бөлшектеусіз;
Субконто түрін;
Субконтоның көрсетілген түрінің (немесе субконто тобы) мәні;
Субконтоны іріктеу. Егер жалауша белгіленген болса, онда карточкаға қосылған проводкалар субконның көрсетілген мәні бойынша іріктеледі;
Шоттар бойынша айналымды валюталарды есепке алмай (сонда валюталық шоттар үшін валюта бойынша бөлшектеусіз теңгемен қорытынды мәліметтер әсер етеді) немесе валюталарды есепке алып (яғни, нақты валюта бойынша мәліметтерді көрсету) шығару;
Аналитикалық есеп нақты объектісі бойынша проводкаларды көрсететін карточканы шығара аласыз. Ол үшін тізімнен субконтоның қажетті түрін және осы субконто түрінің мәнін таңдау, «Іріктеу» жалаушасын белгілеу және «Қалыптастыру» немесе «ОК» түймесін басуға болады.
Егер «Іріктеу» жалаушасы субконтоның бірнеше түрлері бойынша белгіленсе, онда карточка субконто бойынша барлық талаптарға сәйкес келетін проводкалардан ғана түрады.
Субконто карточкасы мынадай бағаналардан тұрады:
«дата»;
«документ»;
«операциялар» (осы субконто бойынша проводкалар сипаты);
«Дебет» (дебеттік проводкалар бойынша қозғаплатын субконтолардан тұратын шоттар мен проводкалар сомасы);
«Кредит» (дебеттік проводкалар бойынша қозғаплатын субконтолардан тұратын шоттар мен проводкалар сомасы);
«ағымдағы қалдық» (Д – дебеттік қалдық, К – кредиттік қалдық).
Тышқан бағыттаушысы --- түрде көрсетілген болса, enter пернесі немесе тышқанды 2 рет шерту арқылы экранда қарау және редакциялау үшін сәйкес операция шығарылады. Курсор қарау және редакциялау операциясы терезесінде берілген проводкаларда автоматты түрде белгіленеді.
Бір түрдегі бір немесе барлық субконто және басқа түрдегі бір немесе барлық субконтолардың арасындағы айналымды талдау үшін «Субконто арасындағы айналымдар» есебін қолдануға болады. Бұл есеп, мысалы, әрбір сатып алушы қанша түлі тауар сатып алғанын немесе керісінше, әрбір тауар үшін әрбір сатып алушымен келетін оның сатып алынуының жиынтық көлемін анықтауға мүмкіндік береді.
10. «Диаграмма» есебі әр түрлі диаграммалар түрінде болатын шоттар талдауының күшті құралы болып табылады. Бұл есепті алу үшін бас менюдің «Есептер» менюіндегі «Қосымшалар» пунктінің «Диаграмма» подпунктін таңдау қажет. Экранда есепті параметрлерін сұрау салуы шығарылады. Сұрау салу формасы екі закладкада толтырылады.
«Мәліметтер» закладкасында мыналарды көрсету керек:
Есепті қандай кезеңге қалыптастыру керек. Кезең кезеңнің басындағы дата және соңындағы датамен белгіленеді;
Қандай шот бойынша лиаграмманы құрастыру керек;
Диаграмманы қандай валюта бойынша қалыптастыру қажет;
Диаграмманы қалыптастырудағы нәтижелер түрі.
Диаграмманы таңдалған кезеңнің басындағы қалдықпен, кезеңдегі айналыммен және кезең соңындағы қалдықпен құрастыруға болады. Қосымша қандай айналымдар мен қалдықтарды қолдану керек: шот дебеті бойынша, шот кредиті бойынша немесе дебеті де кредиті де бойынша. Валюталық есеп белгісі бар шоттар үшін диаграмманы валюталық сома бойынша, сандық есеп белгісі бар шоттар үшін сандық мөлшерлемеді, ал басқа шоттар үшін диаграммада теңгемен сомалық қорытынды қолданылады.
«Диаграмма» закладкасында мыналарды көрсету керек:
Берілген тізімнен диаграмма түрін таңдау:
Гистограмма;
Дөңгелектік;
Бағана;
Облыстармен;
Көпқабатты.
Диаграмманың қандай серияларын шығару;
Серияларды мыналар бойынша құрастыруға болады:
Субшоттар бойынша:
Режим егер «Мәліметтер» закладкасында есеп субшоттар қимасында есеп жүргізілетін шоттар таңдалса қолданылады, мысалы, 1250 « Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары»;
Валюта бойынша:
Режим егер «Мәліметтер» закладкасында валюталық есеп белгісімен және көрсетілген кезеңде бірнеше валюталарда қалдықтар мен айналымдары бар шотты таңдауда қолданылады.
Кезең бойынша:
Серияның бұл түрін қолданған уақытта «Мәліметтер» закладкасында көрсетілген шекті кезеңмен диаграмманы құру бөлшектеуінің: күн, апта, он күндік, ай, квартал, жыл деңгейін көрсетуге болады.
Субконто бойынша:
Режим егер «Мәліметтерә закладкасында аналитикалық есеп жүргізілетін шот таңдалған уақытта қолданылады. Егер аналитикалық есеп шотта субконтоның бірнеше түрі бойынша жүрігізілетін болса, онда серия қалыптастырылатын субконто түрін көрсету. Егер серияны нақты субконто немесе бірнеше субконто бойынша жүргізсе, онда енгізу өрісінде «...» және «.....» түймелерінің көмегімен қызықтыратын объектілерді нгізуге болады.
Көлденең бойынша мәліметтерді қандай нүктелер арқылы шығаруға болады. Диаграммаға және шығындық мәліметтерге байланысты есепте көлденең шкаланы масштабтаудың бірнеше нұсқасы бар. Мысалы, егер «Бағана» диаграмма түрі таңдалса, онда бөлшектеудің кезеңі бойынша шығаруға болады.
Сериялар саны. Егер диаграммада бірнеші ондық немесе жүздік объектілер бойынша нәтиже шығарылса, онда диаграмманы бөліктерге бөледі. Серия номері 8 – ге тең болатын серия оңтайлы деп танылады.
Қалпына келтірудің қажетті параметрлерін белгіленгеннен кейін, «Қалыптастыру» түймесін немесе «ОК» түймесін басамыз. Программа есепті қалыптастырады және оны көруге шығарады.
Лекция 14-15. Стандартты есептер
1. Стандартты есептермен жұмыс жасау
2. Айналымды – қалдықтық ведомость
3. Жиынтық проводкалар
4. Шахматка
5. Шот бойынша айналымды – қалдықтық ведомость
6. Шоттар айналымдары (Бас кітап)
7. Шот бойынша журнал – ордер және ведомость
8. Шоттар талдауы
9. Шоттар карточкасы
10. Диаграмма
Лекция 13. Мамандандырылған есептер
1. Есеп айырысу – төлемдік ведомості
2. Еңбекақы бойынша есеп айырысу парақтары
3. Табыстар туралы анықтама
4. Кадрлық есеп
5. Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу ведомості
6. Негізгі құралдардың жинақтамасы бойынша есеп
7. Есеп беруге берілген ақша қаражаттарының ведомості
8. Тауарлар мен материалдарды өткізу бойынша есеп
9. Материалдық есеп
10. Дайын өнімді шығару, жұмыстың аяқталуы
11. Алынған шот – фактураларды тіркеу журналы
Лекция 12. Регламенттелінген есеп берулер
1. Регламенттелінген есеп берулермен жұмысты ұйымдастыру.
2. Регламенттелінген есеп берулерді пайдалану.
3. Регламенттелінген есеп берулерді құрастыру.
4. Есеп беруді құрастыру кезеңі.
5. Нысанды түзету пернелері.
6. Регламенттелінген есеп берулерді баспаға шығару.
7. Регламенттелінген есеп берулердің жаңа нысандарын бағдарламаға енгізу.
Лекция 11. Дайын өнім және өндіріс есебі
1. Дайын өнім есебі.
2. Жұмыстарды аяқтау
3. Аяқталмаған өндіріс
4. Бөлімшелердің қызметтері
5. Тауарлар мен дайын өнімді жөнелту
6. Тауарларды есептен шығару
7. Жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету.
Лекция 10. Тауарлар есебі.
1. Тауарлардың келіп түсуінің есебі
2. Импорт тауарларының түсуі
Лекция 9. Материалдар есебі.
1. Материалдардың келіп түсуі.
2. Материалдардың ішкі қозғалысы.
3. Материалдарды сыртқа жөнелту.
4. Материалдарды есептен шығару.
Лекция 8. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есебі
1. Сатып алынған негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есебі
2. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді есептен шығару және ауыстыру
3. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді қайта бағалау
4. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтерді сату
5. Амортизация есептеу
Лекция 7. Ақша қаражаттары және есеп беретін тұлғалармен еңбекақы есебі
1. Еңбекақы шоты бойынша операциялар есебі
2. Кассалық операциялар есебі
3. Есеп беретін тұлғалармен еңбекақы есебі
Лекция 6. Еңбекақыны есептеу және төлеу
1. Еңбекақыны есептеу
2. Еңбекақы ведомосі
3. Еңбекақы депоненттеу
4. Еңбекақыны төлеу
Лекция 5. Кадрлар есебі.
1. Қызметкерді жұмысқа қабылдау
2. Бұрыңғы жұмыс орнынан анықтама
3. Кадрлық өзгерістерді енгізу
4. Қызметкерлердің жалақысын өзгерту
5. Қызметкерді жұмыстан шығару
Лекция 4. Құжатттар және құжаттар журналы
1. Құжаттармен жұмыс туралы жалпы мағлұмат
2. Құжатты енгізу нысаны
3. Құжаттар журналы
4. Құжаттармен жасалатын іс-әрекеттер
5. Бір құжат негізінде екіншілерін енгізу
Лекция 3. Анықтамалықтар.
1. Анықтамалықтарға жалпы сипаттама
2. Анықтамалықтар терезесі
3. Анықтамалыққа жаңа элемент пен жаңа топты енгізу
Лекция 2. Константалар
1. Константалар терезесінің тізімі
2. Константаларды түзету (өзгерту)
3. Константалар мәнінің тарихымен жұмыс жасау
Лекция 1. «1С:Бухгалтерия» жүйесінің тұжырымдамасы
