- •5. Жоғары молекулалы бионанонысандар. Дендромерлер
- •6.Ферменттер, құрылысы, қасиеттері, нанотехнологияда қолдануы
- •7) Клетканың ұйымдасуы. Органеллалар. Биологиялық материалдардың нанотехнологияда қолданылуы.
- •9. Нанотүтікшелер, құрылысы, қасиеттері, қолдануы.
- •12.Макромолекулалар (белоктар, нуклеин қышқылдары, липидтер, көмірсулар).
- •14.Көміртектің аллотропты формалары.
- •16)Амин қышқылдары, нуклеотидтер, қарапайым қанттар, липидтер, биологиялық белсенді қоспалар - биологиялық макромолекулардың жасалуының негізі және бионанотехнологиялардың қатысушылары.
- •20. Өндірістегі биокатализ. Нанокатализаторлар.
- •21.Электронды микроскоптар. Тарихы, түрлері, жұмыс принциптері, ажырату мүмкіншіліктері. Қазіргі күнгі электронды микроскоптардың конструкциялары
- •23. Туннельдік микроскоп
- •25.Өткізгіш электронды, сканерлейтін электронды микроскоптар. Жұмыс принциптері, ажырату мүмкіншіліктері.
- •26. Бионанороботтардың жұмысы неге негізделген? Олардың түрлері.
- •27. Биоминералдану.
- •29.Тағам өндірісінде қолданылатын нанотехнология жетістіктері.
- •30. Медицина мен фармакологияда қолданатын наноматериалдар.
- •31.Бионаноқұрылғылардың қолдану аймағы: энергетика, электроника, құрылыс.
- •33)Нанобөлшектердің алу әдістері.
- •34)Биологиялық процесстер: фотосинтез, органикалық қосылыстардың тотығу-тотықсыздануы. Олардың нанотехнологияда қолданылуы.
- •35)Нанотүтікшелердің қандай алу әдістерін білесіз?
- •40. Организмде жүретін биологиялық процесстерді (репликация, транскрипция) нанотехнологияда қолданылуы.
- •42. Нанотехнологияда қолданылатын физика-химиялық әдістер. Олардың мүмкіншіліктері (электрофорез, гельфильтрлеу, гендік инженерия әдістері, т.Б)
- •43. Гидроксиапатиттің алу жолы. Оның негізінде жасалған нанокомпозиттерді қандай салаларды қолданады?
- •49. Фуллерендердің алу әдістері.
- •50.Нанороботтар. Ассемблер, дессемблер. Нанотехнологияда қолдануы.
- •51. Нанотехнология мен бағаналы клеткалар, жетістіктері мен болашағы.
- •54.Жана Нанодәрілік препараттар жасау, адрестік жеткізу мен пролонгация проблемалары.
- •55. Биоминералдану. Табиғаттағы биоминералдану және биоминерализацияның наномедицинада қолданылуы.
- •56.Нанотехнологияда қолданатын биопроцестер.
- •57.Реттеу параметрі. Мицелла, везикула түзілу үшін реттеу параметрінің мәні қандай болуы тиіс?
- •58. Супрамолекулярлы құрылыстардың алу жолдары, қолдануы.
- •59.Көміртекті құрылымдардың (графит, графен, карбин, фуллерен, нанотүтікшелер) сипаттамаларын беріңіз.
6.Ферменттер, құрылысы, қасиеттері, нанотехнологияда қолдануы
Ферменттердің жалпы сипаттамасы. Ферменттер – клеткаларда синтезделіп, биохимиялық реакцияларға қатысатын ақуыздық табиғаттағы биокатализаторлар. Фермент немесе энзим (лат. fermentum – ашу; грек. en – ішінде, zim – ашытқы; 19 ғ. Ван Гельмонт ұсынған) алғашқыда ашыту үдерістерінде анықталған зат.Ферменттердің қасиеттері.Ферменттер өз әсерін өте аз мөлшерде катализаторға ұқсас жүргізеді. Фермент өзінің әсер етуші заты – субстратпен (S) ферменттік реакция жүргенде фермент-субстраттық кешен (аралық зат) түзеді. Бұл кешеннің қызметі өте күрделі, ол субстрат пен фермент молекулалары конформациясы мен энергиясын және химиялық байланыстарын өзгертеді. Реакция өткен соң фермент-субстраттық кешен жаңа қалыпқа ауысып, фермент-реакция өнімі кешеніне айналады. Содан кейін ол фермент және реакция өніміне (Р) жекеленіп бөлінеді: S + E → S·E → EP → E + P
Ферменттердің катализдік ерекшелігіне келесі қасиеттері жатқызылады: а) Фермент өздігінен жаңа реакция жүргізбейді. Ол тек термодинамикалық мүмкін реакцияны ғана жүргізеді. Реакция барысында активтендіру энергиясы төмендейді. 2-суретте көрсетілгендей, реакцияның үлкен кедергі энергиясын сатылап бөліп, төмендету және активтендіру энергиясын жоғарлату арқылы реакция жылдамдығын жоғарлатады. б) Фермент басталған реакцияның бағытын өз бетінше өзгерте алмайды. Ол бір ғана реакция өнімі түзілуі бағытында жұмыс істейді. Мысалы, глюкокиназа глюкозадан тек глюкоза-6-фосфат түзілуін жүргізеді. в) Фермент қатысатын реакция қайтымды болса, ол реакцияны екі бағытта да жүргізе алады. Мысалы, көмірсулардың гликолиздік ыдырауына қатысатын фосфогексо-изомераза, альдолаза, фосфоглицерат-киназа, фосфоглицератлидаза және т.б.
2-сурет. Ферменттік реакциядағы энергия өзгерістері
г) Фермент реакцияға өте аз мөлшерде қатысады. Ферменттің бір молекуласы 1 минутта 1000-нан млн-ға дейін субстрат молекуласына әсер ете алады. Бұл көрсеткіш карбоангидраза ферментінде 36 млн-ға дейін жетеді. д) Фермент реакция өткен соң өзінің бастапқы қалпына қайта келеді. Сондықтан ол субстраттың жаңа молекуласына әсер етуге қашанда дайын болады. е) Ферменттік реакцияның жоғарғы белсенділігі оның реакцияны бейорганикалық катализаторлардан да жоғары жылдамдықта жүргізе алатындығында. Мысалы, ақуыздың амин қышқылдарына дейінгі гидролиздік ыдырауын бейорганикалық катализатор (күшті қышқыл, сілті қатысуында) жоғары температурада (Т=100°С) бірнеше сағатта жүргізсе, ферменттер төменгі температурада (Т=30-40°С) бірнеше минутта жүргізеді. ж) Арнайы субстраттық ерекшелігінің өте жоғары дәрежелілігі. Фермент реакциялық қоспадан реакция өнімін беретін субстратты таңдай алады және тек сонымен ғана реакцияға түседі. з) Ферменттік реакцияны реттеуге болатындығы. Бұл фермент молекуласындағы белсенді орталыққа, субстрат пен фермент мөлшеріне, ортаның факторларына (рН, Т, қысым) байланысты. Сондықтан клеткаларда мыңдаған реакциялар белгілі бір ретпен және қажеттілігіне сәйкес жүреді. Ферменттердің құрылымдық ұйымы. Химиялық құрылысы бойынша ферменттер протеин (жай ақуыздар) және протеид (күрделі ақуыздар) деп бөлінеді. Протеин ферменттерінің белсенділігі сол ақуыздың құрылымына байланысты. Протеид ферменттерінің белсенділігі ақуызсыз табиғаттағы топ – кофакторға байланысты. Күрделі құрылыстағы фермент – фермент-протеид, қос компонентті немесе холофермент, оның ақуыздық бөлігі – ақуыздық компонент, немесе феррон (алып жүруші), немесе апофермент, қосымша топ – простетикалық топ, немесе агон (белсенді топ), немесе кофермент (кофактор) деп аталады. Простетикалық топтың ерекшелігі – апоферментпен мықты байланысады және ажыратылмайды. Белсенді орталық – фермент молекуласының полипептидтік тізбегі құрамындағы белгілі бір амин қышқылдарының ерекше жинақталған түрлері. Белсенді орталықтың құрамында негізінен серин, тирозин, гистидин, триптофан, аргинин, цистеин, аспарагин және глутамин қышқылдары кездеседі. Бұл амин қышқылдарының радикалдары күрделі ферменттердегі кофермент тәріздес қызмет атқарады. Ферменттің белсенді орталығы ақуыздағы полипептид тізбегінің әртүрлі бөліктерінде орналасады. Белсенді орталықтың құралуы ақуыз молекуласының ү.р.қ. (үшінші реттік құрылымы) және т.р.қ. (төртінші реттік құрылымының) конформациялық деңгейлері қалыптасқанда өтеді.
3-сур. 2. Ферменттің қызметтік құрылымының схемасы:
1 - аллостерлік эффектор, 2 -аллостерлік орталық, 3 - кофермент, 4 - катализдік орталық, 5 - якорлық орталық, 6 – субстрат. Катализ жүруі үшін қызметші топтар қатаң түрде субстрат молекуласының реакция жүретін бөлігіндегі топтарына сәйкес келуі қажет. Белсендіорталық қызметі әртүрлі екі бөлімнен тұрады: жанастырушы (якорлық) және катализдік орталықтар. Жанастырушы орталық – фермент молекуласындағы катализдік реакцияға түсетін затты (субстратты) байланыстыруға жауап беретін бөлім. Бекіту үдерісі лизин қалдығындағы екінші амин тобы, немесе глутамин қышқылындағы екінші карбоксил тобы, немесе цистеин қалдығындағы сульфгидрилдік топтардың әсерлесуі арқылы өтеді. Жанастырушы орталықтың қызметі – субстрат молекуласын ферментке мықты бекіту және оның құрамындағы реакцияға қатысатын топтарды белсенді орталыққа қатаң түрде тура әкелу. Катализдік орталық.Белсенді орталықтың катализдік бөлімінде субстраттың химиялық өзгерісі өтеді, реакция өнімі түзіледі. Катализдік орталықтың қызметі химиялық құрылысына байланысты әртүрлі. Бір компонентті ферменттерде олар полипептидтік тізбектегі сол орталыққа жиналған амин қышқылдары радикалдарының қызметші топтарына байланысты, қос компонетті ферменттерде бұл кофакторға, оның табиғатына байланысты жүреді. Аллостерлік орталық. Фермент молекуласы, әдетте, ырықсыз күйде болады. Клетка ішінде кездесетін кез келген кіші молекулалы заттар (дәрумендер, олардың туындылары, металл иондары және т. б.) фермент молекуласының белгілі бір бөлігіне әсер еткенде ол күшейеді. Ырықтандырушы заттар – аллостерлік эффектор, ал олар әсер ететін ақуыздағы полипептидтік бөлім – аллостерлік орталық. Аллостерлік орталық ақуыздың катализдік қызметін атқаратын ү.р.қ. және т.р.қ. денгейлерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.
