- •1.Муниципалдық құқықтың түсінігін беріп, оның пәні мен әдістері ашыңыздар.
- •2.Муниципалдық құқықтық қатынастар мен нормаларды түсіндіріп, олардың түрлерін көрсетіңіздер
- •3.Муниципалдық құқықтың қайнар көздеріне анықтама беріп, оның нормативтік қайнар көздерін ашыңыздар.
- •4.Муниципалдық құқықты ғылым және оқу тәртібі ретінде анықтаңыздар және олардың байланысын көрсетіңіздер.
- •5.Жергілікті өзін-өзі басқарудың түсінігін беріп, оның белгілерін ашыңыздар.
- •6.Жергілікті өзін - өзі басқарудың принциптерін көрсетіп, олардың жеке-жеке мәнін ашыңыздар.
- •7.Жергілікті өзін - өзі басқарудың функцияларына түсінік беріп, әрбір функцияға жеке қарастырыңыз.
- •9.Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің тікелей және жанама нысандарын анықтап, олардың реттелу жағдайына тоқталыңыз
- •10.Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын анықтап, олардың ұйымдастырылу тәртібін анықтаңыз.
- •11.Муниципалдық құрылымның өкілді органдарының құрылуы және қызмет етуі тәртібін ашыңыздар
- •12.Жергілікті өзін - өзі басқару жүйесіне түсінік беріп, жергілікті сайлау мен жергілікті референдумның өзін-өзі басқару жүйесіндегі орнын көрсетіңіздер
- •13.Жергілікті өзін - өзі басқарудың қызмет етуінің негіздерін анықтап, әрқайсысын жеке-жеке ашып қарастырыңыздар
- •14.Жергілікті өзін - өзі басқарудың құқықтық негізінің мәнін анықтап, қр-да жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық реттелу жағдайына шолу жасаңыз.
- •15.Жергілікті өзін - өзі басқару қызметінің құрылымы және ұйымдық негіздерін ашып көрсетіңіздер.
- •16.Жергілікті өзін - өзі басқарудың материалдық - қаржылық базасын анықтап, жергілікті өзін - өзі басқарудың экономикалық негіздерін бөліп көрсетіңіздер.
- •17.Жергілікті өзін - өзі басқарудың аумақтық негізіне түсінік беріп, қр-дағы жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық негізінің шегін көрсетіңіз.
- •18.Тұрғылықты халықтың аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқаруына талдау жасаңыздар
- •19.Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің нормативтік реттелуіне талдау жасаңыздар
- •20.Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің тікелей нысандарын анықтап, әрқайсысына жеке талдау жасаңыз
- •21.Жергілікті өзін - өзі басқарудың құзыретінің түсінігін ашып, оның құрылымы мен элементтерін ашып көрсетіңіздер.
- •22.Муниципалдық қүрылымдардың құзыреттерін құрайтын мәселелерді анықтаңыздар.
- •23.Муниципалдық құрылым шегінде тұратын азаматтармен жүзеге асырылатын құзыреттерді анықтап, талдау жасаңыздар.
- •25.Жергілікті өзін - өзі басқарудың сайланбалы лауазымды тұлғаларының өкілеттіктерін қарастырыңыздар.
- •26.Жергілікті өзін-өзі басқарудың кепілдіктерінің түсінігін беріп, олардың жүйесін ашып көрсетіңіздер.
- •27.Жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдық және материалдық- қаржылық дербестігін қамтамасыз ететін кепілдіктерді ашып, саралау жасаңыздар.
- •28.Жергілікті өзін-өзі басқаруды қорғаудың соттық және өзге құқықтық нысандарын анықтап, олардың маңызын ашыңыздар.
- •29.Муниципалдық құқықтағы жауапкершілікке түсінік беріп, оның түрлерін анықтаңыздар.
- •30.Жергілікті өзін - өзі басқару органдары мен лауазымды тұлғаларының қызметіне бақылау жасаудың мәнін ашып көрсетіңіздер.
- •31.Ұлыбританиядағы жергілікті өзін - өзі басқаруға қысқаша шолу жасаңыз.
- •32.Қазіргі кезеңдегі Ресейдегі өзін - өзі басқарудың реттелуіне шолу жасап, Қазақстанмен салыстырыңыз .
- •33.Франциядағы жергілікті өзін - өзі басқару ұйымдастырылуы мен қызметіне шолу жасаңыз.
- •34.Германиядағы жергілікті өзін - өзі басқарудың ұйымдастырылуы мен қызметіне талдау жасаңыз.
- •35.Жапониядағы жергілікті өзін - өзі басқарудың ұйымдастырылуы мен қызметін қарастырып, ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •36.Муниципалдық органдардың конституциялық құқықтық жауапкершілігін тудыратын негіздерді анықтап, реттелуін қарастырыңыздар
- •37.Жергілікті өзін-өзі басқарудың атқарушы органдарын анықтап, олардың құрылуын және қызметін саралаңыздар
- •38.Муниципалдық құрылымның басшысының мәртебесін қарастырып, оның құрылу тәртібі мен өкілеттіктеріне талдау жасаңыздар
- •39.Жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді және атқарушы органдарының өзара қатынасын анықтап, байланысын көрсетіңіздер
- •40.Тұрғын халықтың жергілікті өзін-өзі басқаруға тікелей қатысуының нысандарын анықтап, мәнін ашыңыздар
- •1. Алматы облысының маслихаты депутаттығына №3 сайлау округінен 3 адам ұсын
- •2. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау кезінде республика аумағы бір мандатты 7
- •3. Көп мандатты сайлау округінен Алматы қалалық маслихатына сайлау өткізілді. Учаскелік
- •4. Жамбыл облысының Қордай аудандық маслихатының кезектен тыс сессиясын мәслихат
- •5. Бір күнтізбелік жыл ішінде Алматы қалалық мәслихатында 3 кезекті сессия өткізілді. Үшінші
- •6. Жаңа сайланған мәслихаттың бірінші сессиясын мәслихат депутаттары тіркелген күннен
- •7. Алматы қалалық мәслихатының кезекті сессиясында қалалық әкім жергілікті бюджеттің
- •8. Қаскелен қалалық мәслихатының кезекті сессиясы 2 жылда 7 рет мәслихат хатшысымен
- •9. Есік қаласының жергілікті өзін-өзі басқару органы – жимиятқа кезекті сайлау тағайындалып,
- •10. 2008 Жылы 24 ақпанда жергілікті өзін-өзі басқару органына (мәслихаттан өзге) кезектен тыс
- •11. 2007 Жылы 20 наурызда Қордай селосының жергілікті өзін-өзі басқару органы – Жамиятқа
- •12. Облыстық мәслихатқа кезекті сайлау кезінде көпмандатты 8 аумақтық сайлау округі
- •13. Алматы қалалық мәслихатының 1-ші сессиясын мәслихат депутаттары сайлауы
- •14. Алматы қалалық мәслихаты депутаттарының жалпы санының үштен бірінің
- •15. Алматы қалалық мәслихаты Алматы облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау үшін 3
- •16. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы оның мүшелерінің жалпы санының
- •17. Мәслихат хатшысы жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін уақытша комиссия
- •18. Қр азаматы кәсіпкер Нұрдаулет 2003 жылдың 23 қазанында Жамбыл облысы
- •19. Азамат в. Қылмыс жасағаны үшін айыпталып, ешқайда кетпейтіндігі туралы
- •20. Азамат а. Психикалық аурумен ауырады, бірақ оны әрекет қабілеттігінен айыру туралы сот
- •21. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға №5 көпмандатты (үш мандатты) сайлау
- •22. Бір күнтізбелік жыл ішінде Жамбыл облыстық мәслихатында 2 кезекті сессия өткізілді.
- •23. Алматы қалалық мәслихатты 8 тұрақты комиссия құрды. Тұрақты комиссиясының
- •24. Аудандық мәслихаттың хатшысы жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін уақытша
- •25. Қр Парламенті Мәжілісінің бұрыңғы депутаты 2010 жылы Алматы қалалық
- •26. 2012 Жылы мәслихат сессиясының төрағасы мәслихаттың кезектен тыс отырысын шақыру
- •27. Қарасай аудандық мәслихатқа кезекті сайлау кезінде көпмандатты сайлау округі
- •28. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы 1 жылда 3 рет мәслихат хатшысымен шақырылды.
- •29. Астана қаласының жаңа сайланған мәслихатының бірінші сессиясын сайлау
- •30. Жергілікті өзін-өзі басқару органына кезекті сайлау тағайындалып, округтік сайлау
2.Муниципалдық құқықтық қатынастар мен нормаларды түсіндіріп, олардың түрлерін көрсетіңіздер
Муниципалдық құқықтық қатынас дегеніміз муниципалдық құқық нормаларымен реттелген, жергілікті өзін-өзі басқаруға құқықты қамтамасыз етуге бағытталған қоғамдық қатынастар.
Муниципалдық қатынас субъектілері:
ЖӨӨБ органдары- акимат, маслихат, әкім, жамағат, басқарма т.б
Тиісті аумақта тұратын ҚР азаматтары
Белгілі аумақта тұратын шетел азаматтары
Тиісті аумақтың мекемесі, ұйымы
Мемлекеттік тиісті органдар
Муниципалдық құқықтың оъектісі ЖӨӨБ мәселелері, тиісті аумақтың мәселелері, тиісті аумақтың халқының жағдайы.
Муниципалдық құқықтық қатынасты туғызатын ол заңи факт болып табылады.(белгілі бір оқиғаны туғызатын, өзгертетін)
Жалпы муниципалдық құқықтық нормаға келмес бұрын бірінші жалпы норманы анықтап кетейік. Норма дегеніміз жүріс тұрыс ереже . Құқықтық норма бұл дегеніміз қоғамдық қатынастарды реттейтін жүріс тұрыс ережесі. Ал енді Муниципалдық құқықтық норма дегеніміз азаматтардың өзін-өзі басқаруға қатысуының ұйымдық-құқықтық нысандарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін реттеп, бекітетін міндетті жүріс-тұрын ережесі.
3.Муниципалдық құқықтың қайнар көздеріне анықтама беріп, оның нормативтік қайнар көздерін ашыңыздар.
Муниципалдық құқықтың қайнар көздері дегеніміз – муниципалдық құқық нормасынан тұратын актілер. Мыс: Конституция, ж.ө.ө.б байланысты қатынастарды реттейтін заң т.б.Кейбір ғалымдар муниципалдық құқықтың қайнар көздеріне муниципалдық құқықтық әдет-ғұрыптар,сот прецедентін,доктриналарды жатқызады. Бірақ біздің елімізде бұлар муниципалдық құқықтың қайнар көздері ретінде танылмайды.
Жалпы, ҚР-да нормативтік құқықтық актілер құқықтың ең негізгі қайнар көзі болып табылады.Ол 2-ге бөлінеді: заң, заңға негізделген актілер.
Заңның 3 түрі бар: Конституция, конст.заңдар және жай заңдар.
1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған ҚР Конституциясы құқықтық қайнар көздердің ішінде негізгі орын алады. ҚР Конституцияда жергілікті өзін-өзі басқару туралы норма көрініс тапты. Конституцияның 89 бабының 1 тармағында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады деп бекітілді.
Заңға негізделген актілер – заңның орындалуы үшін қабылданатын заңға сәйкес қосымша актілер. Оларға:президенттің заңи күші жоқ жарлықтары,парламенттің қаулылары мен бұйрықтары,жоғ.соттың қаулылары т.б жатады.
4.Муниципалдық құқықты ғылым және оқу тәртібі ретінде анықтаңыздар және олардың байланысын көрсетіңіздер.
“Муниципалитет” сөзі латынның “municipium” деген сөзінен шыққан. Рим тарихының республикалық кезеңінде жергілікті өзін-өзі басқару құқығын пайдаланған қалаларды осылай атаған. ҚР Конституциясы өзге мемлекеттердің Конституциялары секілді “жергілікті өзін-өзі басқару”, “жергілікті өзін-өзі басқару органдары” ұғымдарын “муниципалдық органдар”, “муниципалдық құқық” ұғымдарына синоним ретінде пайдаланады. Демек, муниципалдық құқықты жергілікті өзін-өзі басқару құқығы ретінде анықтауға болады. Муниципалдық құқық ұғымын үш тұрғыда қарастырамыз: құқық саласы ретінде, ғылым ретінде және оқу тәртібі ретінде. Құқық саласы ретіндегі МҚ дегеніміз – ЖӨӨБ-ға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын білдіретін құқық саласы. Ал ғылым ретіндегі МҚ дегеніміз – МҚ саласын, яғни ЖӨӨБ-ға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын білдіретін құқық саласын зерттейтін теориялық ережелердің жиынтығын білдіретін ғылыми идеялар мен ғылыми ережелер жүйесі. Оқу тәртібі ретіндегі МҚ – муниципалдық құқық саласын және муниципалдық құқық ғылымын оқытатын пән түрі. МҚ ПӘНІ реттеу, зерттеу, оқыту б.т. МҚ зерттеу пәні – ЖӨӨБ-ға байланысты қатынастар, оларды реттеу күйі мен ЖӨӨБ-ға байланысты қатынастарды реттейтін нормалар б.т. Ал МҚ оқыту пәні – МҚ саласы мен МҚ ғылымы.
