- •3.Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс:
- •2. Қазақстан қола дәуірінде. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырай бастауы:
- •9. Қаңлы мемлекті
- •12. Түрік қағанаты
- •17Қарахан мемлекеті
- •15. Қазақстанда Илам дінінің таралуы.
- •19. Найман, Керей және Жалайыр мемлекеттік бірлестіктері.
- •21. Қазақстан территориясындағы орта қалалар мен елді мекендер (VI-XII ғ.Ғ.)
- •28 Алтын Орда
- •27. Моңғолдардың Қазақстанды жаулап алуы. Ұлыстардың құрылуы.
- •33 Қазақ халқының қалыптасуы, «қазақ» атауының шығу тарихы.
- •36. Қасым хан
- •37.Хақназар (Ақназар) хан саясаты.
- •45.Бөкей ордасы. Жәңгірхан (1823-1845жж.)
- •44. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1783–1797 жж.)
- •46. 1836-1837 Жылдардағы Бөкей хандығындағы халық-азаттық көтеріліс
- •56.XIX ғ. Екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті
- •54. XIX ғ. 60ж. Аяғы 70жылдардың басындағы Маңғыстау және Орал, Торғай жерлеріндегі қазақтардың бас көтеруі.
- •51. 1867-1868 Жылдардағы патша үкіметінің Қазақстандағы әкімшілік реформалары.
- •55. 1886–1891 Жж. Қазақстандағы патша өкіметінің реформалары және оның сипаты.
- •65.Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі.
- •66.Қазақстан 1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде
- •69. Облыстық азақ съездері (1917ж. Сәуір - мамар)
- •86. Қазақстанның Ұлы Отан соғысының кейінгі мәдениетімен ғылымының дамуы (1946-1965).
- •90. Желтоқсан Көтерілісі
- •88.Қазіргі кездегі қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдыққ қозғалыстар.
- •58. Абай Құнанбаев – ақын ағартушы.
- •100. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы қазақстан тарихының зерттелу барысы.
- •26. Махмұт Қашқари.
- •101. Назарбаевтың «Нұр Отан» халық демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанатының 1 съезінде сөйлеген көзі.
- •103 Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлі: еқыұ-ға және Ислам конфедерациясына төрағалығы
- •50 Хіх ғасырдың екінші жартысы хх ғасыр басындағы Қазақстанның саяси-экономикалық және әлеуметтік жағдайы.
- •76 Қазақстандағы жэс.
- •81 Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру – Қазақстан шаруаларының трагедиясы.
27. Моңғолдардың Қазақстанды жаулап алуы. Ұлыстардың құрылуы.
Моңғолдардың Қазақстан жерін басып кіруіне «Отырар апаты» деген оқиға сылтау болды. Хорезм шахы Мұхаммед моңғолияға екі елшілік аттандырды. 1218 жылы Моңғолдар орта Азияға 450 адамы бар 500 түйеден тұратын сауда керуенін аттандырады. Ол 1218 жылы Отырарға келді. Отырар билеушісі қыпшақ Қайырхан Иналшық көпестердің тыңшылық әрекетін сезіп, оларды өлтіріп салады. Шыңғыс хан елші жіберіп Қайырханды беруді талап етеді. Бірақ оған жауап ретінде елшілерді өлтіреді. Міне соғыс осы себепті басталды.1219жылдың қыркүйегінде Шыңғыс ханның 150 мыңға жуық әскері өз одақтастары – қарлұқтармен және ұйғырлармен бірге Жетісуды арқылы Қазақстанға басып кірді. Отырарға жақындағанда Шыңғыс ханның ұлдары Шағатай мен Үгедей оны басып алу үшін қалды да, ал Жошы өз әскерімен Жент пен Янгикентті бағындыру үшін – Сырдарияның төменгі ағысына қарай бағыт алды. Шыңғыс ханның өзі ұлы Төлемен бірге Мәуренахрдың астанасы, ірі сауда орталықтарының бірі – Самарқант пен Бұқараға қарай жылжиды. Отырар билеушісі Қайыр ханның 20 мыңнан 50 мыңға дейінгі әскері ерлікпен шайқасты, бірақ қоршаудың 5айының соңына қарай Хорезмнен көмекке Қараджа Хаджип 10 мың әскерімен моңғолдарға беріліп, қақпаны ашып берді. Сонда да ішкі қамалына бекінген іскерлер тағы бір ай жан қиярлықпен қорғанды. Монғолдар 1220 жылдың ақпаннында қаланы алды. Сырдария бойындағы қыпшақ мемлекеттік бірлестігінің орталығы Сығанақ қаласының және Ашынас қала халқы да моңғол әскеріне қарсылық көрсеткеніне байланысты 1220 жылы көктемде қаланы басып алып, халықты аяусыз қырып салды. 1220 жылдың наурыз айында Шыңғыс хан әскері Бұхраны алды, ал сәуірде Самарқанды да бағындырды. 1221 жылы Жошы әскері Үргеніш қаласын алды. 1224 жылдың күзінде Шыңғыс хан Моңғолияға қайтып оралды. Сөйтіп, 1219 -1224 жылдардығы шапқыншылық нәтижесінде Қазақстан және орта Азия моңғол империясының құрамына енді. Қазақстандағы жаулап алған жерді Шыңғыс хан өз ұрпақтарына 3 ұлысқа бөліп берді. Далалық ұлан –ғайыр аймақ оның үлкен ұлы – Жошының ұлысына кірді. Шыңғысқанның көзі тірісінде қайтыс болғандықтан Жошының үлкен ұлы Батый билік жүргізді. Ол Еділдің төменгі ағысына дейінгі аймақты алып, астанасы- Ертіс алқабында орналасты. Шағатай ұлысына Оңтүстік – Шығыс Қазақстан, Шығыс Түркістан, Мәуренахр аймақтары кірді. Ордасы Іле алқабында орналасты. Үгедей ұлысына Жетісудың Солтүстік - шығыс бөлігі, батыс - моңғолия, Ертістің жоғарғы ағысы мен Тарбағатай аумақтары бөлінді. Ордасы – Шәуешек өлкесінде орналасты. Шыңғыстың кіші ұлы Төле Моңғолиядағы Қара шаңыраққа ие болып қалды.
28 Алтын Орда
1227 жылы Жошы қайтыс болып орнына ұлы Батый отырды. Батый әскерінің негізін қыпшақтар құрады, ал Монғолдар аз болды. 1243 жыл- Еділдің төменгі бойында Алтын Орда Мемлекеті құрылды. Территориясы: Шығыс Дешті-қыпшақ, Хорезм, Батыс Сібіртерриториясының бір бөлігімен қоса Алтай тауынан Дунай өзеніне жерлер. Астанасы- Сарай Бату (Астрахань маңы). Орыс князъдықтары Алтын Ордаға тәуелді болып, салық төледі. XIII ғаырдың 60-шы жылдарынан дербес хандық болып бөлінді а) Алтын Орданың қоғамдық құрылымы. Алтын Орда-көп ұлтты мемлекет. Кошпелі халқы негізінен түркі тілдес тайпалар – қыпшақтар, наймандар, қаңлылар т.б. Тілі – қыпшақ тілі. Қазақстан жерінде Шыңғыс ханның «Яса» заңдар жинағы және отырықшы аудандарда шариғат заңдары қолданылды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Шыңғыс хан ұрпағы ғана хан болып сайланды. Ханнан кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобы – сұлтандар ( төрелер, оғландар). Ордада ұлыстық жүйе қалыптасып, Батый хан тұсында мемлекет 2ге бөлінді: Оң қанат – Батый хан билігі, сол қанат – Орда Ежен билігі (Жошының үлкен ұлы). Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат құрамына енді. Басқару құрылымы: Құрылтай – ақсүйектерінің жалпы империясының жиналысы. Жоғарғы өкімет билігінің жоғарғы органы. Қаржы, салық мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін атқарды, басқарушысы – уәзір, хатшылары – бітікші. Беклербек – әскерді және дипломатиялық істерді баскарушы. Мәлік – азаматтық басқару билігін жүргізушілір. Даругтер, басқақтар – бағынышты елдерді басқарушы және салық жинаушылар. Нояндар, бектер, әмірлер, бахадүрлер – әскер басылары. Алтын орда хандары Ислам дәнән қабылдағаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын түрік жазуымен және орта ғасырдағы ұйғыр жазуымен жүргізді. Феодалдық жер иелену түрлері: інжу. Салықтың 20 жуық түрі енгізілді (тағар, ұшыр, зекер, харадж т.б.). Алтын орданың гүлденуі мен ыдырауы: XIII-XIV ғасырларда Алты орда күшті мемлекет болды. Батый хан тұсында Алтын Орда Моңғол империясына тәуелді болды. Берке хан тұсында тәуелсіздігін жариялады. Мөңке хан өз атынан теңге шығарды.
30Моғолстан мемлекеті (XIVғ. ортасы-XVI ғ. басы)
XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы дербес екі иелікке – шығыс және батыс бөліктерге бөлінді. Шағатай ұлысы қоныс еткен Мәуеренахрдың батыс бөлігінде 50–60 жж. феодалдық ыдыраушылық әрекеті жойылып, Әмір Темір мемлекеті құрылды.Ал оның шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті орнады. «Моғолстан» тарихи-жағрафиялық термині «моңғол» атауынан шыққан. Моғолстан мемлекеті алғашқы құрылған кезде билік Шағатай ханға адал қызмет еткен Дулат тайпасы әмірлерінің бірі – Болаттың қолында болған. Шыңғыс тұқымынан шықпаған, сондықтан хан болуға құқы болмағандықтан, Болат өзінің айтқанына көнетін әрі жас 18 жастағы Шағатай ұрпағы Тоғылық Темірді 1348 жылы хан тағына отырғызды.Моғолстан мемлекетінің құрамына Шығыс Түркістан, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір жерлері кірді. Мемлекет шекарасы батыста Ташкент пен Түркістан аймағынан шығыстағы Баркөл мен Хами қаласына дейінгі, солтүстікте Балхаш, Тарбағатай мен Қара Ертістен оңтүстіктегі Ферғана мен Қашғарияның егінді аймақтарына дейін созылып жатты. Моғолстан мемлекетінің орталығы – Алмалық қаласы. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған моңғол әмірлерінің бірінің баласы – Тоғылық-Темір хан (1348–1362 жж.). Моғолстан құрамына кіретін тайпалар: дулаттар, қаңлылар, керейлер, арғындар, баириндер, арлаттар, барластар, булғашылар және басқалары.Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер-судың жоғарғы иесі хан болды. Бай-феодалдар жерді шартты иеленудің икта, инджу, сойұрғал сияқты түрлерін пайдаланған. Хандар мен ел билеуші ақ сүйектердің пайдасына қала мен ауыл тұрғындарынан, егінші мен көшпелі халықтан күпшір, зекет, тағар, баж, карадж және тағы басқа да салықтар жиналды. Мемлекетті басқару ісінде ханға Ұлысбек көмектесті. Ол дулат тайпасы әмірлерінен тағайындалған.Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өзі билеген түркі тілдес мұсылман халықтары арасында беделін арттырып, үстемдігін нығайту үшін ислам дінін қабылдаған. 1362 жылы Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс-қожаға көшкенде Мәуеренахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайын тағайындалды. Шайқастардың бірінде Темірдің екі саусағы кесіліп, бір аяғы жаншылды. Аяғы өмір бойы сырқырап ауырып, ақсақ болып қалған соң, ол содан бастап Темирлан (дұрысы Темирленг, «ленг» парсыша – ақсақ) Ақсақ Темір атанды.Тоғылық Темірден кейін Моғолстанның ханы болған Ілияс-Қожа 1365 жылы бұрынғы Шағатай иеліктерін біріктіруге әрекет жасады. «Батпақты шайқасында» Әмір Темір жеңіліп қашып құтылды. Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған алғаш жорығы 1371 жылы басталды. 1372 жылы Әмір Темірдің өзі Моғолстанға қайта жорық жасап, Ыстықкөл маңындағы Сегізағашқа дейін барып, сансыз тұтқын, сан жетпейтін олжа түсіріп оралады. Осыдан кейін Әмір Темірдің сол кездегі Моғолстанның ең ірі билеушісі болған әмір Қамар-ад-дин дуғлатқа қарсы 1375–1377 жж. аралығында бірнеше жорықтары жүрді.1375 жылы Жетісу жеріндегі Шарын өзені бойында болып, Моғол әскерлері талқандалды. 1376 жылдың көктемінде Хорезмді жаулап алумен айналысып жатқан Темір Моғолстанға Камар-ад-динге қарсы 30 мың әскерімен әмір Сасы-Бұға қыпшақты, Әділ-шақты және басқа да әмірлерін аттандырды. 1377 жылы Камар-ад-дин екі рет: біріншісінде – Қаратау етегінде, екіншісінде – Шу бойымен Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында Әмір Темірден жеңіліске ұшырап, өзі қашып құтылды. Ол Моғолстанды біржолата басып алуды көздеді. Оған жету үшін 1380–1390 жж. арасында Темір балаларымен бірігіп, Моғолстан жеріне бірнеше рет жойқын жорықтар ұйымдастырды.Ақсақ Темір басқан ізінен қан сорғалатып, тек Моғолстанды ғана емес, сонымен бірге тағы басқа да көптеген елдерді жаулап алды. Мәуеренахрдан өзінің қанды жорығын бастаған ол әмірші болған 35 жыл ішінде (1370–1405 жж.) Хорезмді, Персияны, Әзірбайжанды, Гератты, Грузияны, Арменияны, Ақ Орданы, Ауғанстанды, Үндістанды, Египетті, Бағдатты, Сирияны, Кіші Азияны жаулап алып, табан астына салды.Әмір Темір құрған орасан зор мемлекет, 1405 жылы ол өлгеннен кейін бытырап тарап кетті. Моғол билігі Қызыр Қожа ханның немересі Уәйіс оғлан қолына көшті.1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін, хандық үшін оның екі баласы Жүніс пен Есенбұғы арасында талас басталды. 1434 жылы Есенбұғы хан тағына отырды. 1462 жылы Жүніс Есенбұғы ханның қайтыс болғанын естіп, өзінің Моғолстанға хандық өкіметке заңды мирасқор екендігін жариялап, онда 1487 жылға дейін билігін жүргізді.XVI ғасырдың басында Жүніс хан ұрпақтары арасындағы алауыздық пен ішкі феодалдық қырқыс Моғолстан хандығының біржолата ыдырауына әкеліп соқты. Нәтижесінде ежелден Жетісу мен Іле өңірін мекендеген үйсін, дулат, қаңлы, жалайыр және тағы басқа қазақ ру-тайпалары Жетісуда құрылған Қазақ хандығының құрамына бірікті.
31 Ноғай Ордасы (XIV аяғы – XVI ғғ.)
Алтын Орда ыдырап, Ақ Орданың әлсіреуі нәтижесінде Қазақстанда бой көтерген мемлекеттік құрылымдардың бірі – Ноғай Ордасы еді. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан XIII ғасырдың екінші жартысында бөлектене бастады. Бұл жағдай әмір Едіге тұсында 1396–1411 жылдары жалғасып, оның баласы Нұр ад-дының (1426–1440) кезінде аяқталды. Ноғай Ордасындағы басты тайпа маңғыттар болды. XIII ғасырдың екінші жартысында маңғыттар Алтын Орданың уақытша басшысы түмен басы Ноғай иелігінің құрамына кіреді. Осыдан барып «Ноғай Ордасы» ұғымы пайда болған.Ноғай Ордасы Еділ мен Жайық арасындағы созылып жатқан жалпақ дала мен құмды, таулы жерлерді мекендеді. Оның халқы солтүстік батыста – Қазанға, оңтүстік шығыста – Арал, Атырау өңірлерінің солтүстігіне, Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі жерлерде көше-қонып жүріп мекендеді. Сыр бойындағы қалалар мен қамалдардың бірқатары осы Ноғай Ордасына қарады. Оның орталығы – Жайықтың төменгі сағасындағы Сарайшық қаласы.Ноғай Ордасының негізін қалаушы Едіге болып саналады. Ол XIV ғасырдың соңы – XV ғасырдың басында 15 жыл Алтын Ордада бүкіл билікті өз қолынан шығармай, оны өзі тағайындаған хандар арқылы басқарды. Едіге 1399 жылы Литва-Польша әскері мен Тевтон ордені рыцарьларының біріккен жасақтарына күйрете соққы берді. 1408 жылы Едіге орыс әскерлерін талқандап, Мәскеуге дейінгі жерлерді жеңісті жорықпен жүріп өтті. Алтын Ордадағы феодалдық өзара қырқыс кезінде Ноғай ұлысын нығайтуға тырысқан жаулары Едігені 1419 жылы өлтіреді. Едіге өлгеннен кейін де Ноғай Ордасында бүкіл саяси билік пен экономикалық жағдай оның ұрпағы – маңғыт әмірлерінің қолында болды.Ноғай Ордасы құрамына Маңғыттармен қатар Қоңырат, Найман, Арғын, Қаңлы, Алшын, Қыпшақ, Кенгерес, Қарлұқ, Алаша, Тама және басқа ру тайпалары кірді. Олардың басшылары арасында билік пен жер үшін толассыз тартыстар үнемі орын алды. XV ғасырдың екінші жартысында ноғайлар Жайықтың сол жағалауынан өтіп, «Көшпелі өзбектердің» өріс-қонысын басып ала бастайды. Ноғай ру-тайпаларының билеушілері Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы мырза және басқалары Әбілхайыр ханға Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алуға көмектескен. Кейбір кезде ноғайлар қазақ хандығымен соғысса, енді бірде татуласып, олармен одақ құрып отырған.XIV-XV ғасырларда Ноғай Ордасында ерте феодалдық қатынастар қалыптасқан. Әлеуметтік бай-феодал топтардың қатарында хандар мен мырзалар, сұлтандар мен билер, бектер болды. Мұндағы жер-су, жайылым жерлер сөз жүзінде рулық қауымдастықтың меншігі болып есептелгенімен, шын мәнінде қоныстар, мал өрістері, аң аулайтын жерлер бай топтардың иелігінде болды. Ноғай Ордасында өкімет пен елді басқару ісі саяси ұйымдастырудың ұлыстық жүйесі негізінде қалыптасты. Шыңғыс тұқымынан шыққан хандар мен сұлтандарға Ордадағы өкімет билігі, соның ішінде әскери, елшілік, әкімшілік т. б. билік түрлері мұра ретінде көшіп отырған. Орда бірнеше ұлыстарға бөлінген. XVI ғасырда Ноғай Ордасы өздерінің солтүстіктегі көршісі Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық қатынастар және саяси байланыстар орнатады.Ноғай Ордасында да сұлтандар мен ақсүйек-феодалдардың арасында хандық билік үшін талас-тартыс тоқтамай үнемі жүріп жатты. Осы алауыздық оның да түбіне жетті. XV ғасырдың бірінші жартысында Ноғай Ордасы ыдырап, оның орнына Қазан, Қырым, Астрахань хандықтары құрылды. Оның Қазақстан жеріндегі бір бөлігі қазақстардың Кіші жүзінің құрамына кірді.
