- •Өндіріске, цехқа және құрал жабдықтарға қойылатын санитарлы-техникалық талаптар
- •Энергия мен тағамдық заттардағы балалардың қажеттігі
- •Лекция №4 Шикізат және дайын өнім сапасына қойылатын талаптар
- •2. Балалар тағамын қаптау мен тазалау
- •3. Балалар тағамының өнімдерін таңбалау
- •Балалар тағымының сүт өнімдері Сұйық және паста тәріздес сүт өнімдері
- •Құрғақ сүт өнімдері
- •Балаларға арналған ет өнімдері Ерте жастағы балаларды тамақтандыруға арналған ет консервілері
- •Емшектегі балаларға емдік қорек үшін ет өнімдері
- •Балаларға арналған балық консервісі
- •Балаларға арналған жеміс-жидекті консерві
- •Жеміс-жидекті езбетәрізді консервілер
- •Пюре тәріздес жемісті кремдер мен десерттер
- •Пюре және тропикалық жемістердің жартылай фабрикат шәрбаттары
Энергия мен тағамдық заттардағы балалардың қажеттігі
Балалардың бүкіл балалық шақ мерзімін шартты түрде 11 мерзімге бөлуге болады: жаңадан туылған мерзімі(1 айға дейін), ана сүтін еметін мерзім (1 жасқа дейін), мектепке дейінгі мерзімнің алдындағы мерзім (1 жастан 3 жасқа дейін) , мектепке дейінгі мерзім (4 жастан 6 жасқа дейін), мектеп уақытындағы мерзім (11жастан бастап, жыныстық бөлінуді есепке ала отырып 7 жастан 17 жасқа дейін). Әр жастың мерзімі үшін анатомиялық құрылым, физиологиялық функциялар және зат алмасу ерекшеліктері тән. Баланың организмінің физиологиялық ерекшеліктері бойынша мектеп уақытындағы мерзімді екі этапқа бөлуге болады: кіші(7-10жас) ; орташа(10-13 жас); үлкен (14-17 жас). 7-10 жас мерзімінде дене массасының өсуі біркелкі жүреді, бірақ қыздарда 10-11 жаста және 12-13 жаста ұлдарда жыныстық жетілудің басталумен байланысты дене массасының өсуі жылдамырақ жүреді.
Осы мерзімде бұлшық ет пен бұлшық ет күші жылдамырақ үлкейеді және скелеттің бойының өсуін қамтамасыз ететін минералдық алмасудың кезеңі жоғары болады. Жасөспірімдерде барлық органдар мен жүйелерге және одан бұрын орталық, жүрек-қан тамыр және ас қорыту жүйелеріне функционалды жүктеме үлкейеді.
Қазіргі кезде балалардың жетілуіне акселерация тән. Акселерация- бой мен дене массасының үйлесімсіз тез өсуі, және балалар мен жасөспірімдердің ерте жыныстық жетілуі; осындай бой мен дене массасының тез өсуі әр түрлі сыртқы және ішкі ортаның жарақатқа шалдықтыруы мүмкін факторларға тұрақсыздығын үлкейтетін бөлек органдар мен жүйелердің функционалдық және морфологиялық жетілуін төмендетеді.
Балалардың негізгі рационалды тамақтану тәсілдеріне жататындар:
Күнделікті жұмсалатын энергия мен рационның құнарлылығының сәйкес болуы- бала организмінің энергия жұмсауы организмнің негізгі өмірлік функцияларын ұстануға кеткен шығынымен анықталады (негізгі алмасу энергиясы); тағамның спицификалық-динамикалық әсері (тамақ қабылдауға жауап ретінде алмасымның тездетілуі); бойға кеткен энергия шығыны, терінің өсуі мен тоқтауы; жұмыс істеуге, қимыл активтілігіне, балалардың айғайлауы мен жылауына кеткен энергия шығыны. Рационды құраған кезде энергетикалық балансқа назар аударылуы қажет: құнарлылықтың организмге түсуі міндетті түрде олардың шығынымен теңесуі керек.
Нәрестенің организмі тіпті тыныштық қалпында да энергия жұмсайды, бұлшық етке және ойлау жүйесіне әсері бар жұмыстарда зат алмасу жоғарылайды. Тыныш жатқандағы энергия шығынымен салыстырғанда зат алмасу тыныш отырған кезде тіпті 12%-ға үлкейеді, тұрып тұрған кезде 20%-ға, жүрген кезде80-100%-ға, ал жүгіргенде 400%-ға үлкейеді екен. Балалардағы негізгі алмасым үлкендермен салыстырғанда 1,5-2 есе жоғарырақ, бұл жаңа тері құрылыуына кеткен энергия шығынымен байланысты.
2.Тағамданудың сапалы болуы – химиялық құрамының , организм ерекшеліктері мен жас талабына құнарлылық және рацион көлемінің сәйкес болуы. Сапалы тағамданумен қамтамасыз еткен кезде нормаланған, алмастырылмайтын тағамдық заттарға назар аударылуы керек. Оларға ақуыздар, тағамдық майлардың эссенциалды құраушы бөлігі, дәрумендер, минералды тұздар, мен су жатады.
Көрсетілген қосылыстар организмде синтезделмейді, немесе қажетті деңгейде синтезделмейді; депо қалыптастыра алмайды, олардың болмауы ең соңында қорек жетіспеушілігіне әкеліп соғады.
3. Рациондағы тағамдық заттардың қатынасының тепе-теңдігі (ақуыздар, майлар, дәрумендер, көмірсулар, минералды элементтердің тепе-теңдігі). Рационның энергетикалық құндылығын келесі түрде бөледі: ақуыздарға қатысты-14%, майлардан- 31%-ға жуық, көмірсулардан- 55%-ға жуық. Кіші жастағы балалар тамағындағы ақуыздар, майлар мен көмірсулар 1:1:3 қатынасындай, ал үлкенірек жастағыларда-1:1:4 қатынасындай болуы қажет.
4. Тамақтану режимі- күнделікті рационды энергиялық құндылығына байланысты бөлу, химиялық құрамына, азықтық наборына байланысты уақаттылығы, тездігі, мерзімділігі келесідегідей: 1 жасқа дейінгі балалар тәулігіне- 6 рет, 7 жасқа дейін- 5 рет, мектеп жасындағылар - 4 рет . 1-3 жас арасындағы балалардың таңғы ас, түскі ас, түскі астан кейінгі (полдник) және кешкі асқа сәйкесінше 15,25%-дан, 3жастан 17 жасқа дейінгі балаларға сәйкесінше 25, 40, 10, 25%-дан , алты жасар бала бақшаларға баратын балаларға рационның энергетикалық құндылығының таңғы асқа -25%-ы, түскі асқа 35%-ы, түскі астан кейінгі асқа -15%-ы берілуі тиіс (қалғаны үйде).
5.Дұрыс кулинарлы-технологиялық өңдеу. Өнімді дұрыс кулинарлы-технологиялық өңдеуден өнімнің биологиялық және тағамдық құндылығын , жоғарғы органолептикалық қасиеттері мен азықтық заттарды меңгеруін, және де бала ағзасына кері әсер ететін өнімдегі жаңа заттардың қалыптасуының төмендеуін сақтау мақсатында өткізеді (мысалы, экстрактивті заттар және құрамында көп мөлшерде меланоидтар болатын қатты қуырылған қабыршықтар балардың жүйке жүйесінің тежелу үдерістерін бұзады, бауыр мен бүйрек жұмыстарын қиындатады ).
Негізгі азықтық заттар мен энергиядағы баланың тәуліктік қажеттігі халықтың әртүрлі топтары үшін 2-кестеде көрсетілген азықтық заттар мен энергияның физиологиялық қажеттілік нормаларына сәйкес анықталады.
Ақузды қажетсіну. Ақуыздар- бұл түрлі гормондар, ферменттік жүйелердің құрылуына, тері клеткалары мен органдардың қалыптасуына қажетті негізгі пластикалық материал болып табылады. Тағамда ақуыздың жетіспеуі балалардың бойына, бас миының функциясына кері әсер етеді, антидене және гемоглобин түзілуін төмендетеді, эндрогиндік бездердің және т.б өсімін тежейді.
Организмде ақуыздың резерві аз болған жағдайда, ағза синтез бен ресинтездің физиологиялық үдерістерін ағзада бар қорлармен ұзақ уақыт қамтамасыз ете алмайды. Сонымен қатар ақуыздық алмасымның қарқындылығы өте жоғары және орташа өмір сүрген адам денесінің ақуыздары 200-ге жуық рет жаңартылады. Рациондағы ақуыз жетіспеушілігінің алғашқы белгілерінің бірі организмнің қорғаныштық қабілетінің төмендеуі, яғни жағымсыз сыртқы орта факторлар әсеріне, әсіресе суыққа және инфекцияларға төтеп беру қабілеті кемуі. Одан бөлек, ақуыздың жеткіліксіздігінен азықтық жетіспеушіліктің басқа барлық түрлерінің белгілері қарқынды дамиды, мысалы, авитаминоздар мен гипервитаминоздар. Сондықтан ақуыздың жетіспеушілігі өсіп келе жатқан организмге аса қауіпті. Дербес жағдайда рациондағы ақуыздың қажетті нормадан 3 %-ға дейін төмендеуі бойдың өсуін толағымен тоқтатады, дене массасының төмендеуі және сүйектің химиялық құрамының өзгеруіне алып келеді. Әсіресе өсіп жатқан организм терісінің ақуыз синтезінің жоғары дәрежесін жануарлардың ақуызы қамтамасыз етеді.
Бірақ рациондағы ақуыздың артықтығы да зиянды. Ол алмасу процесстерінің, жүйке жүйесінің жоғарғы ашуланшақтығына және ас қорыту жүйесінің бұзылуына әкеліп соғады.
Қолда бар ақпараттарға байланысты бала рационындағы жануарлар ақуызының үлесті массасы қажетті түрде жоғары болуы керек, және кіші жастағы балалар үшін тәуліктегі қажеттіктің 70-80%-ын, мектеп жасындағылар үшін -60-70%-ын құрау қажет.
Балалар тағамында (в детском питании) ақуыздың сапалық ерекшеліктерін ескеру қажет.
Аминқышқылдарын қажетсіну. Бала тағаммен бірге алмастырылмайтын аминқышқылдарын алуы қажет, әсіресе нәресте өмірінің алғашқы айларында аса қажет. Баланың өмірінің алғашқы жылында аса қажет алмастырылмайтын аминқышқылдарының орташа тәуліктік қажеттілігі төмендегілерді құрайды(нәресте денесінің 1 кг массасына 1 мг):
валин – 9,3, лейцин – 161, изолейцин – 70, лизин – 161, метионин и цистин – 58-61, триптофан – 17, фенилаланин и тирозин – 125, треонин – 116, гистидин – 28.
Көптеген ғылыми зерттеулермен дәлелденгендей, рациондағы бөлек аминқышқылдарының көп мөлшерде болуы ақуызды меңгерудің төмендеуін шақыруы мүмкін. Одан бөлек, аминқышқылдарын организмге жекелей енгізу, әсіресе ақуыз мөлшерін төмендету арқылы жүретін ашығу және диета кезінде уландырғыш әсер қалдырады.
Майларды қажетсіну. Майлар- тағамданудың маңызды ингредиенттерінің бірі. Олар организмнің құрамына енеді, зат алмасуға қатысады, мембрана жасушаларының қалыпты жағдайын, және олармен бактериялы метоболиттер, уландырғыш және антигендік заттардың ағзаға енуінен қоғаныштық функцияны орындауды қамтамасыз етеді. Майлар жоғары энергетикалық құндылықты иемденген, және организмнің 30%-ға денінгі шығынын жабады, майлар қордағы (запастағы) қоректік, қорғаныштық, жылулықты оқшаулағыш материал рөлін атқарады. Организмге май еріткіш дәрумендер мен бала өмірінің алғашқы жылдарында аса қажетті алмастырылмайтын биологиялық активті полиқанық емес (полиненасыщенные) май қышқылдары майдың маңызды ерекшеліктері болып табылады.
Майлар ақуыздар, дәрумендер мен минералды тұздардың меңгерілуіне әсер етеді. Олардың жетіспеушілігінен алмасу прцесстерінің барлық түрлері бой мен баланың жетілу процесстері бұзылады, иммунитет төмендейді. Одан бөлек майлардың артық мөлшерде болуы да организмге жаман әсерін тигізеді: ішек-қарын жолдар бездерінің секрециялық қызметі және организмнен көп мөлшерде кальций мен магний тұздарының бөлінуімен, тұздардың жиналып қалуымен бірге жүретін алмасу процесстері бұзылады. Жаңадан туған нәрестелердің тағамында ақуыздар мен майлар мөлшері 1:1,5 қатынасындай болуы керек.
Көмірсуларға деген қажеттілік. Организмнің энергетикалық қажеттіліктерін қанағаттандырудағы негізгі рөл көмірсуларға тиеді. Олар нуклеин қышқылдарының, мембрана жасушаларының, біріктіруші терінің құрамына кіреді,және организмнің ішкі орта орнықтылығын реттеуші процесстеріне қатысады. Олар болған жағайда тамақтағы ақуыздар мен майларды пайдалану жақсарады. Көмірсулардың жетіспеушілігі энергетикалық мақсаттардағы ақуызды қолданудың тиімсіздігіне алып келеді, осының салдарынан ақуыздың жасырын жетіспеушілігі болады.
Бала тамағы рационындағы көмірсулардың артықтығы құнарлы заттардың тепе-теңсіздігінен В1 гиповитаминозына, майдың жиналуына, терінің сутартқыштығының жоғарылауына және күшейтілген метоболизмға алып келуі мүмкін.
2-кесте
Ақуыз, майлар, көмірсулар мен энергияны тұтынудың балалар мен жасөспірімдер үшін ұсынылатын шамасы. (г күніне)
Жасы |
Энергия, ккал |
Ақуыз, г |
В т. ч. животного, г |
Майлар, г |
Көмірсулар, г |
0 - 3 ай |
115 |
2,2 |
2,2 |
6,5 (0,7) |
13 |
4 - 6 ай |
115 |
2,6 |
2,5 |
6,0 (0,7) |
13 |
7 - 12 ай |
110 |
2,9 |
2,3 |
5,5 (0,7) |
13 |
1 - 3 жас |
1540 |
53 |
37 |
53 |
212 |
4 - 6 жас |
1970 |
68 |
44 |
68 |
272 |
6 (оқушы) |
2000 |
69 |
45 |
67 |
285 |
7 - 10 жас |
2350 |
77 |
46 |
79 |
335 |
11 - 13 жаста ұлдар қыздар |
2750 2500 |
90 82 |
54 49 |
92 84 |
390 355 |
14 - 17 жаста ұлдар қыздар |
3000 2600 |
98 90 |
59 54 |
100 90 |
425 360 |
Ескертулер:
1.Баланың омірінің бірінші жылындағы энергияда, ақуызда, май, көмірсулардағы қажеттіліктері, дене салмағының г/кг есебінде берілген.
2.Жақша ішінде линольдік қышқылдың қажеттілігі көрсетілген,дене салмағының г/кг.
3.Баланы ана сүтімен емізуге немесе биологиялық құндылығы 80% асатын ана сүтін алмастырушыны қолдану үшін ақуыз қажеттілік мөлшері берілген; ал биологиялық құндылығы 80% кем болса өнім мөлшерін 20-25% көбейту керек.
Минералды заттардың қажеттілігі. Минералды заттар адамның барлық ағзасында бар. Олар су-тұз ауысымына қатысады, сүйек қаңқасын құруда, қанжасау үрдісінде, рН бақылау үшін,қанның осмотикалық қысымында, басқада дене сұйықтықтарында бар, гормондар,жасуша мембранасына, ферменттер құрамына кіреді.
Кальции көп болып кеткен жағдайда бүйрек, аорта, басқада ағза мушелерінің кальцинозына әкеліп соғады. Фосфор көпшілігі тұз ауысымын бұзады, бүйректің түзілу жүйесіне жүктеме түсіреді. Фосфорды үлкен мөлшерде қолдану ішектің кальций тартуын баяулатады. Бұның бәрі аурулар туғызуы мүмкін: рахит, остеопороз және т.б. Рационда селен, магний, темір,калий, натрий, хлор және т.б. минералды заттар болуы маңызды. Темір гемоглобин және басқа ферменттер құруда қатысады. Оңың мөлшері тамақ өнімдерінде 100 г-да 70-тен 4000 мкг дейін болуы мүмкін. Әсіресе бауыр, бүйрек және бұршақтыларда темір көп мөлшерде. Бала тамақтануында жаңа рецептураларды құрған кезде, фосфат пен фитинге бай дәнді дақылдардың темірмен қатар күрделі еритін тұздар түзетінін есте сақтау қажет.
Магний жетіспеушілігі иммунитет түсуіне, терінің трофикалық өзгерулерге әкеліп соғады. Калий және натрий қажеттілігі нормаланбайды, бірақ оның маңызы буферлік жүйеде өте үлкен, олар осматикалық қысымды қамтамасыз етеді, қан плазмасында және лимфада қышқылдар тепе-теңдігін сақтайды, сондықтан маңызы зор. Жасуша және су-тұз ауысымдарында үлкен маңызы бар. Натрий тұзының шамадан тыс көп болуы судың тұрып қалуын және тері ақпасын тудырады. Калий, кальций, магний тұздары керісінше сулардың шығуына көмектеседі. Бала тамағында калий және натрий арасындағы қатынасты сақтау керек, 3-ке жуық.
Бала ағзасының йод қажеттілігі 50-150 мкг/күн арасында болады. Оның мөлшері қарапайым тағамдарда 4-15 мкг 100 г-да, теңіз балығында 70 мкг в 100 г-да, треска бауырында 800 мкг в 100 г-да. Йод жетіспеушілігі кезінде зоб ауруы пайда болады.
Минералды заттар қолдану нормалары 3 кестеде келтірілген.
Кесте – 3. Балалар мен жасөспірімдер үшін минералды заттарды қолдану нормалары. (мг күніне)
Жасы |
Са, мг |
Р, мг |
Mg, мг |
Fe, мг |
Zn, мг |
J, мкг |
0 - 3 ай |
400 |
300 |
55 |
4 |
3 |
40 |
4 - 6 ай |
500 |
400 |
60 |
7 |
3 |
40 |
7 - 12 ай |
600 |
500 |
70 |
10 |
4 |
50 |
1 - 3 жыл |
800 |
800 |
150 |
10 |
5 |
60 |
4 - 6 жыл |
900 |
1350 |
200 |
10 |
8 |
70 |
6 (оқушылар) |
1000 |
1500 |
250 |
12 |
10 |
80 |
7 - 10 жыл |
1100 |
1650 |
250 |
12 |
10 |
100 |
11-13 жыл ұлдар қыздар |
1200 1200 |
1800 1800 |
300 300 |
15 18 |
15 12 |
100 100 |
14 - 17 жыл бозбала бойжеткен |
1200 1200 |
1800 1800 |
300 300 |
15 18 |
15 12 |
130 130 |
Витаминдердің қажеттілігі. Витаминдер – баланың міндетті рацион бөлігі. Олар адам ағзасында синтезделмейді, тамақпен бірге түседі. Жіті өсумен және заталмасу жоғары болғандықтан балалар витаминдердің үлкен мөлшерін қажет етеді.(1 кг дене салмағы есебі бойынша).
Витаминдер жасуша деңгейінде биохимиялық үрдістердің биокатализаторы болып табылады. Көптеген витаминдер коферменттер биосинтезі үшін және простетикалық ферменттер тобына бастапқы материал болып табылады, және нормалды түрде заталмасуын қамтамасыз етеді. Олар бала ағзасының инфекциялы және басқа да ауруларға қарсы тұруын жоғарылатады.
Шартты түрде витаминдер бөлінеді суда еритін - В1 (тиамин), В2 (рибофлавин), В3 (пантотеновтік қышқыл), РР (никотиндік қышқыл), Вс (пиридоксин), В9 (фолацин), В12 (цианокобаламин), Н (биотин), С (аскорбин қышқылы); майерітетін - А (ретинол), β-каротин (провитамин А), D (кальциферолы), D2 (эргокальциферол), D3 (холикальциферол), Е (токоферолы), К (нафтохиноны), К1 (филлохинон), К2 (менохинон); витамин тәріздес липтік қосылыстар - (тиокт қышқылы), пангам қышқылы, орот қышқылы, картинин, витамин U, эссенциальді май қышқылдары, нуклеотиды.
Витаминдерді қолдану нормалары 4 кестеде көрсетілген.
Витаминнің жоқтығы немесе жетіспеушілігі авитаминоз тудырады. Бұл аурудың спецификалық турлері бар : цинга (С витамин жетіспеушілігі), рахит (D витамин жетіспеушілігі), бери-бери (В1 витамин жетіспеушілігі), пеллагра (РР витамин жетіспеушілігі), анемия (В6 витамин жетіспеушілігі) және т.б. Гиповитаминоз деп спецификалық түрде витаминдер жетіспеушілігі кезіндегі ағза күйі. Бастапқы кезеңінде балалар басы аурады, дерттілік сезінеді, бозарады.
Бала тағамында витаминдер жетіспеушілігі тез өсу кезеңінде байқалады және ол кезде жылдам шаршау, әлсіздік, ұйқысыздық, бас ауруы байқалады. Балабақшаларда немесе үйде жасалған тамақтардың дұрыс жүйеленбеуі витамин жетіспеушілігін тудырады. Мысалы, шамадан тыс термиялық өңдеу кезінде, ұзақ сақтау, тамақ жасау технологиясы дұрыс болмағандықтан.
Майерітетін тобында ерекше маңыздылары балалар үшін А және D витаминдері.
Витамин А жануарлар ағзасынан алынады. Ол теңіз балықтар құрамында көп мөлшерде кездеседі, олар, теңіз окуні, треска, палтуса, тунца. Аз мөлшерде ол жұмыртқа сарысында, қаймақта, сүтте.
Жеміс-жидектерде, көкеністерде түсі қызыл, қызыл-сары немесе жасыл (итмұрын, сәбіз, шпинат, асқабақ, томат, өрік, т.б. ) каротиноидті пигменттер бар, соның ішінде β-каротин, бұл өз ретінде жануар ағзасында каротиндиоксилиназ ферметінің әсерінен витамин А-ға өзгереді.
Витамин А баланың өсуін және тері мен сұйық жабындардың нормалды күде болуын қамтамасыз етеді. Витамин А және β-каротин термиялық өңдеуді жақсы өткізеді, консервация кезінде сақталады.
Кесте – 4.Витаминдерді қолдану нормалары балалар мен жасөспірімдер үшін (мг күніне
жасы |
С, мг |
А, мкг рет. экв. |
Е, мг ток. экв. |
D, мкг |
В1, мг |
В2, мг |
В6, мг |
Ниа- цин, мг ниац. экв. |
Фо- лат, мкг |
В12, мкг |
0 - 3 ай |
30 |
400 |
3 |
10 |
0,3 |
0,4 |
0,4 |
5 |
40 |
0,3 |
4 - 6 ай |
35 |
400 |
3 |
10 |
0,4 |
0,5 |
0,5 |
6 |
40 |
0,4 |
7 - 12 ай |
40 |
400 |
4 |
10 |
0,5 |
0,6 |
0,6 |
7 |
60 |
0,5 |
1 - 3 жыл |
45 |
450 |
5 |
10 |
0,8 |
0,9 |
0,9 |
10 |
100 |
1.0 |
4 - 6 жыл |
50 |
500 |
7 |
2,5 |
0,9 |
1,0 |
1,3 |
11 |
200 |
1,5 |
6 оқушы |
60 |
500 |
10 |
2,5 |
1,0 |
1,2 |
1,3 |
13 |
200 |
1,5 |
7 - 10 жыл |
60 |
700 |
10 |
2,5 |
1,2 |
1,4 |
1,6 |
15 |
200 |
2,0 |
11–13 жыл ұлдар қыздар |
70 70 |
1000 800 |
12 10 |
2,5 2,5 |
1,4 1,3 |
1,7 1,5 |
1,8 1,6 |
18 17 |
200 200 |
3,0 3,0 |
14-17 жыл бозбала бойжеткен |
70 70 |
1000 800 |
15 12 |
2,5 2,5 |
1,5 1,3 |
1,8 1,5 |
2,0 1,6 |
20 17 |
200 200 |
3,0 3,0 |
Ескертулер
1.Витамин А қажеттілігі мкг ретинол эквивалентте көрсетілген(1 мкг ретинолэквивалент = 1 мкг ретинола немесе 6 мкг -каротина).
2.Витамин Е қажеттілігі мг токоферол эквивалентте(1 мг токоферолэквивалент =1 мг - α-токоферол).
3.Витамин D қажеттілігі мкг холекальциферолда көрсетілген(10 мг холикальциферол = 400 ИЕ витамин D).
4.Ниацин қажеттілігі ниацин эквивалентте көрсетілген(1 ниацинэквивалент = 1 мг ниацин немесе 60 мг триптофан рационда)
Бірақ есте сақтау қажет, өңделмеген өсімдік шикізатын сақтау кезінде каротиноид мөлшері азаяды.
Каротиноидты тағамдар токсикоз тудырмайды, ол оның ішекте, бауырда, басқа ағза мүшелерінде ретинолға айналу дәрежесімен және төмен абсорбционды қасиетімен түсіндіріледі.
Витамин D (кальциферол) кальций және фосфор ауысуын қамтамасыз етеді, жас ағзаның өсуіне себепкер, рахит тууын ескертеді. Ультракүлгін сәулелер адам ағзасындағы провитаминдерден D витаминін тудырады.
Витамин D2 (эргокальциферол) өсімдіктерде эргостерин провитаминінен жасалады, D3 (холекальциферол) теріде болатын 7-дегидрохолестериннен алынады. Биологиялық белсенді турлер болып тотықтандырылған өнімдер эрго- және холекальциферол: 25-оксикальциферол, бауырда жасалады, 1,25-диоксикальциферол, бүйректе спецификалық ферменттер көмегімен туындайды. Витамин D кальций йондары және басқа катиондар үшін субжасуша жүйесін және жасуша мембранасының өткізу қабілетін анықтайды.
D витаминінің жетіспеушілігі кішкентай балаларда арнайы диета тағайындаумен және эргокальциферол сұйықтығын пероральді енгізумен жойылады. Балаларда кальциферолда қажеттілігі 100-400 МЕ күніне. 1 МЕ = 0,025 мкг витамин D3. Кальциферолдің ағзада жеткіліктілігін мыналар көрсетеді – қан құрамында кальций ( 0,1 г/л), фосфор (0,05 г/л), кальциферол (60-200 МЕ/100 мл) болуы және фосфатаздың белсенділігінің артуы.
Кальциферолды үлкен мөлшерлерде қолдану (3 млн МЕ жоғары) өте токсикалы және гипервитаминоз D-ға әкеп соғады. Кальциферолға сезімтал балаларда интоксикация витаминді 1000-1500 МЕ мөлшерінде қабылдаған кезде де пайда болады.
Витамин Е ақуыз, көмірсу, майлар ауысымында қатысады, ағзаның қышқылдаушы-қалпына келтіруші үрдістерге әсер етеді. 1 МЕ = 1 мг витамин Е (D-α-токоферолацетат).
К тобының витаминдері жоғары биологиялық белсенділігі бар. Олар қан жиырылуына әсер етеді, ақуыз пайда болу үрдісіне қатысады.
К Гиповитаминоз және авитаминоз күйі көбінесе нәрестелерде болады. Асқорытудың бұзылуынан К авитаминоз туу мүмкін, ішекте оның мөлшерінің азаюынан.
Витамин С (аскорбин қышқылы) суда еритіндердің ең көп тарағаны және атақтысы. Ол бала ағзасындағы көптеген биохимиялық реакцияларға қатысады, терілер жазылуына, регенерация үрдісіне, иммунологиялық және гематологиялық статустың қалыпты болуына, әр түрлі ауру түрлеріне, стресске қарсы тұра алуына көмектеседі.
Витамин С ауа және қыздыру кезінде бұзылады. Ол қышқылды ортада жақсы сақталады. Мыс, із ретінде болатын, аскорбин қышқылын бұзады. С витаминіне сақтау әсерін ақуыздар, амин қышқылдары, ет сорпасы, крахмал, қант, тұз, ұн көрсетеді.
Көкеністерде С витамин серігі флавоноидтар, және ол Р-витаминді белсенділік көрсетеді. Кейбір флавоноидтар антиоксидантты қаситеттерге ие.
Өсімдіктер жасушаларында флавоноидтар көбінесе қанттермен байланысты(арабиноза, глюкоза, ксилоза т.б.) гликозид түріндегі.
Флавоноидтар мына топтарға бөлінеді: антоциандар, аурондар, изофлавондар, дигидрохалкондар, катехиндар, флавонолдар, флавондар, флавонондар, халкондар.
В тобының витаминдері әр түрлі қасиетке ие.
В1 – антиневротикалық зат. Ол көмірсу ауысымына қатысады, эндокринді тепе-теңдік факторы болып табылады.
В2 –заттар алмасуын жақсартады. Кемшілігі балаларда құлақ, кірпік, ерін шеттерінің бұзылуы, дерматиттер, бас айналуын тудырады.
В6 – пиридоксин, қаназдықты жоюға көмектеседі, бала ағзасының нормалды жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Пантотен қышқылы – бала ағзасының өсуіне көмектеседі, тері, нерв, респираторлы ауруларда, қан ауруында, асқорыту бұзылуында қолданылады.
Фолацин – қан жасау функциясына қатысады.
Витамин РР (никотин қышқылы, ниацин) тері ауруларында, асқорыту бұзылуында, нерв-бұлшық ет ауруларында қолданылады.
Никотин қышқылының Биологиялық ролі анықталады – ол никотинамидті коферменттер түзеді, және жасушаларда қышқылдандыру-қалпына келтіру реакцияларына қатысады.
РР витаминінің жеіспеушілігі балаларда асқорытудың бұзылуына әкеп соғады, және оны емдеу қиын болады, кейін маңдай, желке, іш, қолтық терілерінде пигменттер пайда болуына әсер етеді.
