Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarma_1179_talu_programmalau_3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
462 Кб
Скачать
☆

1.2.Паскаль программалау тілінің алфавиті.

Паскальдың, басқа да тілдер сияқты осы тілде қолданылатын әріптерден (символдардан) тұратын өз алфавиті бар. Паскаль алфавиті құрамына:

1) латынның a –дан z-ке дейінгі әріптері(бас әріптері де);

2) а-дан я-ға дейінгі орыс әріптері(бас әріптері де);

         3) 0-ден 9-ға дейінгі цифрлар;

4)      арнайы символдар: +, -, /, *, ; , : , =, <, > және басқалар енеді.

Паскальда тұрақтылардың (константа) үш түрі бар: сандық (немесе жай ғана-сандар), символдық және логикалық.. Символдық және логикалық тұрақтылармен жұмысты кейінірек қарастырамыз.

Сандар Паскальда әдеттегідей ондық санау жүйесінде жазыла-ды. Мұнда да Бейсиктегі сияқты, ондық үтір орнына нүкте қолдан-ылады. Дәрежелі сандар экспонентті түрде жазылады, мыс:

   6,25·10-23 саны 6.25Е-23 түрінде. Сандар Паскальда  да, Бейсикте-де бүтін және нақты (бөлшек бөлікті) түрде болатынын ескертеміз.

Айнымалылар латын әріптері мен цифрлардың кезкелген тір-кесі түрінде белгіленеді, бірақ бірінші символы әріп болады. Мыс: a, b1, summa, alfa21 және т.б . Паскальда айнымалының нақты типі болуы керек. Ондай тип төртеу: бүтін, нақты, символдық және логикалық.. Айнымалы типі программа мәтінінің басында арнайы сипатталады(§2-ні қараңыз).

Тұрақтылар мен айнымалыларды қоса алғанда мәліметтер деп атау қабылданған.

Паскальда мәліметтерді ұйымдастырудың жалпы схемасы 1-кестеде келтірілген:                                                                   

                                                  1-кесте

тұрақты типі

мәндер аралығы

мысал

бүтін

-32768 – 32767

5      -256

нақты

2.9·10-39 – 1.7·1038

12.5    6.03Е-23

символдық

апострофқа алынып жазыл-ған 256 символға дейін

‘мен Паскаль тілін үйренемін’

логикалық

екі мәнге ие

false, true

айнымалы типі

мәндер аралығы

сипатталуы

бүтін

-32768 – 32767

integer

нақты

2.9·10-39 – 1.7·1038

real

символдық

бір символ

char

логикалық

екі мәнге ие

boolean

 

Ескерту. Паскальдың қарастырылып отырған Турбо-Паскаль 7.0 версиясында тұрақтылар мен айнымалылардың қосымша типтері бар(олардың кейбіреуі 2-кестеде келтірілген). Олар жеке жағдайда есептеуді үлкен дәлдікпен жүргізуге мүмкіндік береді. Мыс: double арқылы нақты 15-16 мәнді цифр(real –дағы 11-12 цифр орнына) алуға болады. Алайда алғашқы кезде оларды өте қажет болмаса, пайдалана бермеген жөн ( ол программа жұмысын баяулатады, жадыдан артық орын алады т.с.с).

 Турбо-Паскальдағы айнымалылардың қосымша типтері    

2-кесте

айнымалы типі

мәндер аралығы

сипатталуы

ұзын бүтін

-2147483648  -  2147483647

longint

нақты екі есе дәлдікпен

5·10-324  -  1.7·10308

Double

символдық

255 символға дейін

String

 

Паскальда, Бейсиктегі сияқты өрнектердің үш типі бар: сандық(ол өзінше бүтін, нақты болып бөлінеді), логикалық (§3-ті қараңыз) және символдық (мұны тарау соңында қарастырамыз).

Сандық(не математикалық) өрнектерді жазу тура Бейсиктегідей. Мыс, мына бөлшек: былай жазылады:(alfa*alfa+beta)/(a*x*x+b*x+c).

Оның Бейсиктен бір айырмашылығы – дәрежелеу амалының жоқтығы.

Паскальда математикалық функцияларды жазудың Бейсиктен біршама өзгерісі бар. Ол 3-кестеде келтірілген.

Паскальдың математикалық функциялары                 3-кесте

математика-

лық жазбасы

Паскаль тіліндегі жазылуы

Ескерту

sinx

sin(x)

аргумент радианмен

cosx

cos(x)

аргумент радианмен

arctgx

arctan(x)

тангенсі х-ке тең бұрыш

lnx

ln(x)

натурал логарифм

ех

exp(x)

lnx-ке кері функция

|х|

abs(x)

х-санының абсолют шамасы

AutoShape 32

sqrt(x)

х санының квадрат түбірі

х2

sqr(x)

х санының квадраты

 

Кезкелген дәрежеге шығару үшін экспонента мен натурал логарифмді қолданады. Себебі  ab= elnAutoShape 33 =eb·ln(a)  тең. Сонда

Паскаль тілінде  ab былай жазылады: exp(b*ln(a)).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]