Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РАД-ГИГ-КАЗ-пособие.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
380 Кб
Скачать
☆

4. Адамға әсер ететін иондаушы сәулелену көздері.

4.1. Табиғи радиациялық фон(трф) туралы түсінік

Иондаушы сәулелену, бұл адам синтездегенкөптеген химиялық заттар сияқты, бұрын табиғатта болмаған, адамға әсер ететін қандай да бір жаңа фактор емес.

Адамды қоса есептегенде, әрбір тірі ағза, жеке өмір сүруі кезінде (онтогенез) және бүкіл тірі табиғаттың дамуы барысында (яғни филогенез үрдісі)табиғи радиациялық фон деп аталатын, ИСәр түрлі табиғи көздеріненсәулеленуге ұшырайды.Табиғи радиациялық фон – бұл, қоршаған ортаның ажыратылмайтын бір бөлігі (фактор). Ғалымдардың ТРФ-ға қызығушылығының пайда болуына салыстырмалы түрде көп уақыт өткен жоқ, негізінен, адам атом энергиясын басқаруды үйренгеннен кейін пайда болды және ол кездейсоқ болған жоқ. Атом энергиясын пайдаланудың ауқымы кеңіген сайын, ИС-тің әр түрлі көздеріненсәулелену әсеріне ұшырайтын адамдар саны көбеюде. Сондықтан, ИС-тің қауіптілігін бағалау және сәулеленудің әсер ету шегін орнату кезінде, сәулеленудің әр түрлі табиғи көздерінен сәулеленугеұшырау деңгейін және сипатын білу өте маңызды.

Бірақ, ТРФ тірі ағзалар тіршілігіндегі ролі әлі соңына дейін анықталаған жоқ. Кейбір зерттеушілер,аз дозаларда сәулеленуге ұшыраудың пайдалы рөлі туралы айтады, яғни оның өмір үшін маңызды үрдістердіынталандыратынәсері (гормезис құбылысы) туралы айтады. Эксперименттік бақылауда әлі де жеткілікті дәрежеде дәлелденбеген бұл көзқарас, радиациялық фактордың адам денсаулығына да, басқа да жануарлар мен өсімдіктердің ағзасына да ешбір қолайлы әсері жоқ деген қазіргі кездегі көзқарасқа сәйкес келмейді. БҰҰ атом радиациясының әсері жөніндегі ғылыми комитеттің (АРӘҒК) және ХРҚК мәліметтері бойынша,радиациялық фактордың, тіпті фон деңгейінің өзінде, адам денсаулығы үшін азда болса, қауіп-қатері бар екені көрсетілген. В.А. Книжниковтың айтуы бойынша, ТРФ есебінен қатерлі ісіктен өліммен аяқталуқауіп-қатері, шамамен 1% құрайды. Сол сияқты,обырдың спонтанды пайда болуы мен тұқым қуалайтын аурулардыңбір бөлігі осы табиғи көздерден сәулеленуге ұшыраумен байланысты болуы мүмкін. Бұлардың барлығы оларды жете зерттеуді қажет ететіндігінің айғағы.

ТРФ ерекше айырмашылығы-жер бетіндегі барлық халыққатүгел әсері етуі және ұзақ уақыт бойына оның деңгейінің салыстырмалы түрде тұрақты болуы. Сонымен бірге, табиғи сәулеленудің әсер ету деңгейлерініңәр түрлі аймақтарда және теңіз деңгейінен әр түрлі биіктікте,бір-бірінен едәуір айырмашылығы бар.

4.2. Табиғи жағдайларда адамды сәулеленудің әсеріне ұшырататын көздері

Адамды сәулеленудің әсеріне ұшырататын көздерініңқазіргі кездегі жіктелуі. Радиацияның табиғи көздері туралы түсінік.

Табиғи жағдайда адамды иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшырататын көздер қандай?

Ен алдымен, бұл табиғи көздер, жер текті емес те (ғарыштық сәулелену) және жер текті де:қоршаған ортаның әр түрлі нысандарында - топырақта, суатсуларында, өсімдіктердежәне т.б. кездесетін космогендіжәнежердегі радионуклидтер (12.1-сурет).

БҰҰ АРӘҒК (1994 ж.) бағалауы бойынша,халықтың сәулеленуге ұшыраудан алатын жиынтықтық эффективті дозасынаең үлкен үлесті (70%)ТРФ қосады.Халықтың табиғи өмір сүру жағдайларында сәулелену әсеріне ұшыраудың жалпы жиынтығында медициналық мақсатта жүргізілетіні екінші орын (29%) алады.Қалған көздерініңқосатын үлесі 1 %-ға дейінқұрайды, оның ішінде, ядролық қаруды сынаудан – 0,3%; кәсіби сәулелену әсеріне ұшырау кезінде – 0,06%, атом энергетикасы кәсіпорындарынан – 0,006% және т.б. (12.2-сурет). Планетамыздың тұрғындарының табиғи радиация көздерімен байланысты сәулеленуге ұшыраудан алатын орташа эффективті дозасы 2,4 мЗв/жыл деңгейіндеболады (АРӘҒК,2000). Бірақ, бұл дозаның шамасы табиғи жағдайғаларға да, және адамдардың іс- әрекеттеріне де байланысты, сондықтан ол әр елде әр түрлі болады. Мысалы, Ұлыбританияда бұл доза жылына, шамамен 2,5 мЗв, АҚШ–та - шамамен 3,6 мЗв, Ресейде жылына - 0,6 мЗв-3,1 мЗв дейін (орташа алғанда, жылына 1,9 мЗв), ал ТМД елдерінде жылына орташа есеппен – 5,1 мЗв құрайды (12.3- сурет).

Бірақ, табиғи сәулелену көздерінің халық үшін салыстырмалы түрдегі радиациялық қауіпсіздік дәрежесін эффективті дозалардың келесі мәндері сипаттайды: егер, сәулеленуге ұшыраудың деңгейі жылына 2 мЗв аз болса, онда