Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Анатом СРС (13).docx
Скачиваний:
24
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
31 Кб
Скачать
☆

Остеохондроз қалай пайда болды

Остеохондроз — омыртқа желісінің аса жиі кездесетін аурулық (патологиялық) өзгерістерінің бірі. «Остеохондроз» деген терминді тұңғыш рет 1933 жылы неміс ғалымы Хильдебраидт омыртқааралық дискілердің ке-берсіп тозуын бір сөзбен анықтау үшін ұсынған еді. Алайда, кейінірек жүргізілген ғылыми жұмыстардың нәтижесінде кейбір жағдайда омыртқаның өзі омыртқааралық дискіден гөрі көбірек зақымданатындығы байқалды. Науқастың бұл түрін «спондилез» деп атайды. Бұл термин гректің спондилос — омыртқа деген сөзінен шыққан. Егер аурудың бұл түрі омыртқааралық дискілерде басымырақ болса, оны «дискоз» деп атаған жөн. Омыртқалар және оларды жалғастыратын буындар зақымданған жағдайда «спондилоартроз» деп атайды.Омыртқа мен омыртқааралық дискілердін зақымдануың анықтау үшін бұл айтылғандардан басқа да терминдер қолданылып жүр (Мысалы, «дискоз», «дискартроз» — омыртқааралық дискілердің зақымдануы). Де-генмендәрігерлерарасында да, халықарасында да ең кеңтараған термин — «остеохондроз». Бұл ауру кезінде омыртқааралықдискілер құрайтыншеміршектермен омыртқасүйегіпатологиялықөзгерістергеұшырайды. Сүйектілатынша «остеон», ал шеміршекті «хондрос»депатайды. Сондықтандаомыртқа желісініңәртұсындакездесетіннауқастыңбұлтүріномыртқа остеохондрозы депатайды. Омыртқа остеохондрозының пайда бола бастаған кезінде омыртқааралық дискілер кеберсіп сола бастайды да, бірте-бірте олардың құрылысы өзгереді, сөйтіп бұл процестер асқына келе омыртқалардың сыртын және оларды жалғастыратын буындар мен түйіндерді зақымдайды. Кәсіптің ерекшеліктеріне қарай омыртқаға зақым қалай келеді. Мысалы, үнемі еңкейіп жұмыс істейтін, жүріп терушілер мен тоқымашылардың мойын омыртқасы, жүкшілердің арқа омыртқасы ауырады. Кеншілер көбінесе белдерінен зардап шегеді. Адамға, әсіресе, жүкті еңкейіп көтеру зиян. Жүк шамадан тыс ауыр болса, омыртқа арасындағы былқылдақ ядроның бір жағынан ауыс түскен салмақ талшықты сақинаны жыртып жіберуі мүмкін. Мұндай белгілер әдетте штанга көтеретіндерде жиі кездеседі. Омыртқааралық дискінің зақымдануы осылай омыртқаның басқа да бөліктеріне, омыртқааралық буындарға, байланыстырушы аппаратқа зиянды әсерін тигізеді. Омыртқаның ір тобы өзінше ауырады, сырқат белгілері әртүрлі болады. Көріп жүргеніміздей, мойындағы соңғы екі омыртқа мен ақырғы екі бел омыртқа жиі зақымданады. Өйткені адам тік тұрғанда дәл сол омыртқаға салмақ көп түседі.

Остеохондроздың невралгиялық белгілері

Жұлынның ұзына бойының екі жағында бірдей қозғалыс және сезім клеткалары бар. Сол клеткалардың тұсынан мимен байланысты адамның бүкіл денесіне, тіпті саусақтың ұшына дейін таралатын нерв талшықтары шығады. Мұндай клеткалардың ең шоғырланған жері жұлынның мойын омыртқадан төменгі тұсына және бел омыртқадан жоғарылау орналасқан. Өйткені осы жерлерден олар аяққа және қолға таралады. Нерв клетка-ларының шоғырланған жері жуандау болғандықтан жай көзге анық көрінеді.Аурудың «радикулит» деген аты латынның «радикс» деген сөзінен шыққан. Ол «тамыр, түбірше» деген мағынаны береді. Оған қосылған «ит» деген жұрнақ бұл аурудың қабынудан пайда болатынын, яғни инфекциялық тегін көрсетеді. Себебі ертеректе радикулитті жұ-ыннын жекелеген талшықтарының қабынып зақымдануынан пайда болады деп ойлаған. Әрине мұндай жағдайлар да болады, бірақ өте сирек ұшырайды, ол жұлын қабығының қабынуынан, инфекциялық процестің зардабынан туады