- •3Сурак.
- •3Сурак.
- •1Сурак.
- •2Сурак.
- •3Сурак.
- •2Сурак.
- •3Сурак.
- •1Сурак. Қр-дағы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері:
- •Салықтар:
- •Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
- •3Сурак.
- •1)Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасу кезеңдерін келесі 1-кестеден көруге болады.
- •2) Қосылған құн салығынан босатылатын импорт
- •Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны
- •Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар
- •Ққс артықшылықтары:
- •2. Жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі мен салық базасы
- •1.Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстары
- •2.Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі
- •1.Жтс ставкалары және салық декларациясы
- •2.Баждардың экономикалық табиғаты,мазмұны және құрылу негіздері
- •1.Әлеум.Салық:экон.Мәні мен қалыптастыру негіздері
- •1.Әлеум.Салық:экон.Мәні мен қалыптастыру негіздері
- •2.А.Ш. Өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдану шарттары
- •1.А.Ш. Өнімдерін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдерінің экономикалық мазмұны
- •2.Әлеум.Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
- •1.Мін.Зейн.Жарналары мен мін.Әлеум.Сақт.Қорына әлеум.Аударымдар
- •2.Бірыңғай жер салығы негізінде арнаулы салық режимінің құрылу ерекшеліктері
- •1.Жер қойн.Пайд.Алынатын арн.Төлемдер:түрлері мен есептеу тәртібі
- •2.Төлемақыны төлеушілер,объектілер,төлеуден босатылған тұлғалар
- •Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимінің экономикалық мәні
- •Мемлекеттік баждың ставкалары
- •Ойын бизнесі салығы: төлеушілер, салық салу объектілері, ставкалары, салық кезеңі және декларациясы
- •Төлемақылардың экономикалық мазмұны, түрлері мен оларды есептеу ерекшеліктері
- •«Алым» ұғымы, түрлері және оларды төлеу ерекшеліктері
- •Қол қойылатын бонус: мәні, төлеушілері
- •2.Мемлекеттік баж төлеуден босату
- •Тіркелген салық: төлеушілер, салық салу объектілері
- •Арнаулы салықтық режимдер: экономикалық мазмұны және қолданылу сферасы
1.Мін.Зейн.Жарналары мен мін.Әлеум.Сақт.Қорына әлеум.Аударымдар
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы маусымның 27-сіндегі заңның қабылдануымен байланысты зейнетақы реформасы басталды.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі кезінде әркім өз табысынан (жалақысынан) міндетті зейнетақы жарнасын аударады. Осы көздің есебінен жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының зейнетақы қорланымдары қалыптасады. Ұстау және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу мына мөлшерлемелер бойынша жүзеге асырылады: жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустар ай сайынғы ақша немесе натуралдық нысанындағы табысынан 10 пайыз мөлшерінде жарна аударады. Міндетті зейнетақы жарналарын есептеуге алынатын ай сайынға табыс ең төменгі айлық жалақы мөлшерінің жетпіс бес еселік мөлшерінен аспауы тиіс. Кейін зейнетақы төлемдері жинақтаушы зейнетақы қорларындағы әркімнің жеке зейнетақы шотынан төленеді. 2013 жылғы 3 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 21.06.2013ж. № 105-V Заңы (бұдан әрі – Заң) күшіне енді. Қазақстан Республикасының Үкіметі Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) құрады.
БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт (қосылу шарты) болып табылатын зейнетақы қағидаларын әзірлейді және БЖЗҚ мен зейнетақы жинақтары салымшыларының (алушыларының) құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, сондай-ақ БЖЗҚ мен салымшылардың (алушылардың) арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшеліктерін белгілейді. БЖЗҚ зейнетақы қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін болады.
Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры азаматтардың еңбек ету қабілетінен, жұмысынан немесе асыраушысынан айрылуына, сонымен бірге жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы асырап алуына, бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылуына әкеліп соқтыратын жағдайлар туындағанда, оларды әлеуметтік қорғау мақсатында құрылған.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленуге тиісті әлеуметтік аударымдар оларды есептеу объектісінен 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1,5%, 2006ж.- 2%, 2007ж.- 3%, 2009ж.- 4%, 2010ж. бастап- 5% мөлшерінде белгіленді.
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР-ның Заңына сәйкес әлеуметтік аударымдар есептеуге арналған объект қызметкерге Салық Кодексінде көзделген табыстарды төлеу шығындары болып табылады. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ай сайын жүргізіледі.
Бұл ретте айлық табыс әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін ҚР-ның заң актілерінде белгіленген ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде алынады.
2.Бірыңғай жер салығы негізінде арнаулы салық режимінің құрылу ерекшеліктері
Егістік бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына жер учаскелерінің жиынтық ауданын негізге ала отырып, мынадай ставкаларды қолдану жолымен жүргізіледі:
№ |
Жер учаскелерінің алаңы (гектар) |
Салық ставкасы |
1. |
500-ге дейін |
0,1% |
2. |
501-ден 1000-ға дейін қоса алғанда |
500 гектардан бағалау құнының 0,1% + 500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,2% |
3. |
1000-нан 1500-ге дейін қоса алғанда |
1000 гектардан бағалау құнының 0,2% + 1000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,3% |
4. |
1501-ден 3000-ға дейін қоса алғанда |
1500 гектардан бағалау құнының 0,3% + 1500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,4% |
5. |
3000-нан жоғары |
3000 гектардан бағалау құнының 0,4% + 3000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,5% |
Жайлаулар, табиғи шабындықтар және арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын басқа да жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнының 0,1% ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.
Шаруа немесе фермер қожалықтары жер пайдалану құқығындағы бірыңғай жер салығын жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін есептейді.
Жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін жер учаскесін бағалаудың құны жер учаскесін бағалаудың құнын он екіге бөлу және жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі айларының санына көбейту арқылы айқындалады.
Шаруа немесе фермер қожалықтары жер учаскесін басқа шаруа немесе фермер қожалығына жалға берген кезде тараптардың әрқайсысы бірыңғай жер салығын жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін есептейді.
Жалға алушының бірыңғай жер салығын есептеуі жер учаскесін жалға алған айдан кейінгі айдан бастап жүргізіледі.Бірыңғай жер салығын есептеу кезінде жалға берушінің жер учаскесін нақты пайдалану кезеңіне жер учаскесі жалға берілген ай қосы
№29 билет
