Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
20_05_2014_god_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
358 Кб
Скачать
☆

№10 Емтихан билеті

  1. Айналым қорларының айналысы

Айналым қаражаттары үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан (өзінің нысанын өзгертіп) тұратын ауыспалы айналым жасайды. Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын (айналым қорларын) сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.

Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі – дайын өнімге (тауар нысанына) айналады.

Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нітижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірақ, айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір мезгілде айналымның барлық үш сатысында да белгілі орында болады. Бір нәрсенің әрбір мезеті сатып алынады, өндіріледі, сатылады және қайтадан сатып алынады. Нақ осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген өнімдерді сатуды қамтамасыз етеді. Сонымен, бұдан ескеретін жай – әрбір сатыдағы айналым қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтынушылық, технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.

Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады:

А – Қ ... Ө... Д – А1,

Мұнда А – шаруашылық субъектілерін авансылаудағы ақша қаражаттары;

Қ – өндіріс құралы;

Ө – өндіріс;

Д – дайын өнім;

А1 – өнімді сатудан түскен және өзіне қосылған пайданың ақша қаражаттары.

Шаруашылықты жүргізудегі нарықтық жүйе жағдайында кәсіпорын экономикасын дамытуда оны айналым қаражаттармен оңтайлы қамтамасыз етудің төтенше маңызы бар.

Айналым қаражаттарының айналымдылығын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштер болады. Олардың ішіндегі ең қарапайымы – айналым қаражатының айналымдылығының коэффициенті. Ол сатылған өнімнің көлемін (Рп) айналым қаражаттарының орташа қалдығына (СО) бөлу арқылы анықталады:

Ко = Рп/СО

Айналым қорларының айналымын жылдамдату кәсіпорынның негізгі мақсаты болып табылады және оның мынадай жолдары бар:

  • ғылыми-техникалық прогрестің соңғы нәтижелерін қолдану;

  • өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру формаларын жетілдіру;

  • қолайлы конструкциялық материалды қолдану;

  • шикізат, отын-энергетика ресурстарын үнемді қолдану және т.б.

Айналым қорларын қолдануды ұйымдастырудың негізгі мақсаты – өндіріс процесін үзіліссіз жалғастыру және сатуға шығарылған өнімді айналым қорларының ең аз мөлшерінен қамтамасыз ету.

  1. Ғылыми-техникалық прогрестің тиімділігі

Ғылыми-техникалық прогрестің тиімділігі дегеніміз, ғылыми-техникалық іс-әрекеттің нәтижесі. Ол – салыстырмалы өлшем бірлік үлестерімен немесе пайыз бойынша белгіленеді және шығындарының нәтижелігін көрсетеді. Тиімділік теориясында ғылыми-техникалық прогрестің әсерін таза өнімнің көлемімен салыстыруға болады.

Салалар мен кәсіпорындар деңгейінде әсер ретінде таза өнім немесе таза өнімнің бір бөлігі – пайда алынады. Сонымен бірге әсерге – нақты еңбек шығындарын азайту, материал ресурстары мен күрделі қаржылардың шығындарын азайту жатады.

Ғылыми-техникалық прогрестің шығындарына – ресурстардың әсеріне жету үшін жұмсалған шығындардың барлық жиынтығы кіреді. Ұлттық экономика масштабында шығындарға – күрделі қаржылардың жиынтығы, айналым қорлары және нақты еңбек (еңбекақы) жатады. Салалар, кәсіпорындар үшін шығындар өзіндік құн немесе өндірістік қорлар қолданылады.

Тиімділіктің бірнеше түрлері бар:

  • Ғылыми-техникалық прогрестің халық шаруашылығындағы тиімділігі - халық шаруашылығындағы әсердің шығындарға қатынасын сипаттайды және оның атқарымдық қызметін көрсететін көрсеткіштер арқылы өлшенеді;

  • Ғылыми-техникалық прогрестің шаруашылық есеп тиімділігі – шығындарды салалар, кәсіпорындар бойынша сипаттайды, халық шаруашылық жүйесінің барлық звеноларының іс-әрекетін бағалайтын көрсеткіштер арқылы есептеледі, әсер дегеніміз таза өнім немесе пайда, ал шығын дегеніміз өндірістік қорлардың құны немесе өзіндік құн. Шаруашылық есеп тиімділігінің кең тараған түрі өндіріс рентабельділігі.

  • Ғылыми-техникалық прогрестің толық тиімділігі – шаруашылық және әлеуметтік іс-әрекеттің толық әсерін көрсетеді, мысалы: ұлттық табыстың немесе пайданың толық көлемінің, осы әсерді шығаруға кеткен шығындардың жалпы санына қатынасы.

  • Ғылыми-техникалық прогрестің өсімділік тиімділігі – әсердің өсімін шығындардың өсіміне бөлу арқылы анықталады.

  • Ғылыми-техникалық прогрестің салыстырмалы тиімділігі бойынша әсер мен шығындарды есептеу үшін салыстырмалы варианттардың көрсеткішітері алынады. Әсер ретінде бұл жерде көбінесе, бір вариантты келесі бір варианттпен салыстырғанда өзінің құнының төмендеуі нәтижесінде болған пайда алынады; ал, шығын ретінде – таңдап алынған ең жақсы вариант бойынша өзіндік құнды төмендетуге жұмсалған қосымша күрделі қаржылар алынады.

  • Ғылыми-техникалық прогрестің абсолюттік тиімділігі - халық шаруашылық немесе шаруашылық есептің ең соңғы әсерінің салыстырмалы тиімділік бойынша таңдап алынған вариантты іске асыруға кеткен шығындарға қатынасын көрсетеді.