- •Дүниежүзілік туристік ұйым (дтұ)
- •Туризм туралы Гааг декларациясы
- •Саяхаттар кезінде тәуекелдерді азайту мен туризмдегі қауіпсіздік туралы Эстерундық конференция
- •Туризм бойынша Кадистік халықаралық-парламенттік форум
- •Төлқұжаттық жұйенің пайда болу тарихы.
- •Визалық формалдылықтар
- •18 Жасқа дейінгі балаға виза алу үшін келесі ақпаратты қамтитын құжаттар керек:
Туризм туралы Гааг декларациясы
Гаагада 1989 ж. 10-14 сәуір аралығындағы өткен туризм бойынша парламентаралық конференцияда барлық мемлекеттер мен ұлттардың әлеуметтік – экономикалық өмірінде туризмнің алатын орны анықталмағандықтан, Гаагалық декларация қабылданды. Онда саяхаттар мен жорықтарды жеңілдету және туристік формалдылықтарды жеңілдету және дамыту бойынша мемлекеттердің координацияланған саясаты болып табылатыны айтылған. Туралмасу бойынша формалдықтарды реттеу – бұл сәйкес келісімдердің жасалуы туристерді қорғау проблемаларын шешу, туристік сақтандыру, туристер арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, мемлекеттердің мемлекеттік-әкімшілік қызметінің құралдарын орналастыру арқылы жүзеге асады.
Туризм бойынша Парламентаралық конференцияда туризм және қоршаған орта арасындағы байланысқа көп көңіл бөлініп, сол жерлердің туристерді өькізу мүмкіндігінің деңгейі анықталған болатын.
Сонымен қатар соңғы жылдары туризм және саяхаттардың жылдам өсуіне байланысты «туристік формалдылықтарды жеңілдету» түсінігі кеңейе түсуде.
Гаагалық декларацияда: «туризмді дамыту жолында туристерге қатысты және туристік бизнеске қатысты 2 негізгі кедергі түрі бар» деп жазылған. Туризмді дамыту жолындағы кедергілерді жою дегеніміз – алғашқыда шекаралық және кедендік шаралар болып табылатын туристік формалдылықтарды жеңілдету болып табылады. Әрбір адам ішкі және сыртқы туризмге қатыса алуы, жыл сайын демалу жүйесін дұрыс орнату, жастар, қарттар және мүгедектер үшін туризм түрлерін дамыту – бұл туризмге позитивті түрде адамдарды ынталандырады. Соңғы жылдары туристік формалдылықтарды жеңілдетуге есірткі заттарын тарату, терроризм, қылмыстық істердің көбеюі кері әсер етуде. Өйткені, шектеулі иммиграциялық заңнама мен дискриминациялық шаралар халықаралық туризмді жеңілдетуге үйлеспейді.
Саяхаттар кезінде тәуекелдерді азайту мен туризмдегі қауіпсіздік туралы Эстерундық конференция
1995 ж. 9-11 маусым аралығында швед қаласы – Эстерундта ДТҰ басшылығымен саяхаттар кезінде тәуекелдерді азайту мен туризмдегі қауіпсіздік туралы бірінші халықаралық конференция этті. Конференцияда Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Канада, Израиль, Испания, Австрия және басқа да 20 мемлекеттердің ұлттық туристік әкімшіліктерінің өкілдері, сонымен қатар туристік ассоциациялардың, туризмді оқыту және зерттеу орындары, туристік фирмалардың өкілдері қатысты.
Сонымен қатар ресми түрде Интерполдың, Еуропалық туристік зертеу орталығының, Аргентинаның туристік және авиациялық полициясының, Канада туризмінің қауіпсіздігінің қызметкерлері көптеген елдердің ішкі істер министрлігінің өкілдері қатысты.
Конференцияның негізгі мақсаты – туризмнің қауіпсіздігі мен саяхатта қауіп-қатерлерді қысқарту туралы сұрақтарды қарастыру болды. Сонымен бірге мемлекеттер, ұлттық туристік әкімшіліктер және туризм сферасының басқа да мекемелері арасында үнемі ақпарат алмасу, бір-біріне көмектесу және координация, халықаралық туризмнің даму жолындағы проблемаларды шешуде үкімет пен мемлекеттің жауапкершілігі, туризмнің дамуында және оның қауіпсіздігінде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі туралы сұрақтар талқыланды.
Конференцияның барысында туризмнің қауіпсіздігі мен саяхат кезіндегі қауіп-қатерлерді азайту, көптеген спектрлік сұрақтарды қамтитындығы жөнінде айтылып өтті. Оларға көптеген аурулар, эпидемиялар, вич-инфекциялар, терроризм, әскери қиыншылықтар және төңкерістер, пираттылық және криминациялық жағдайлар, қылмыстық, есірткіні тарату, вандализм және зорлықтың басқа да түрлері, турситерге және тұрғылықты тұрғындарға, турфирмаларға және туризм индустриясына қатысты болатын барлық қауіп-қатерлерге кешенді түрде қарастыру жатады.
Сонымен қатар, туризм қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен саяхат кезіндегі қауіп-қатерлерді азайтуда басты рөл мемлекеттік органдарға және ұлтық туристік әкімшіліктерге жүктеледі. Олар өз кезегінде туризм қауіпсіздігін қамтамасыз ету және саяхат кезінде қауіп-қатерлерді азайту туралы Эстерундық декларацияны қабылдаған барлық қатысушылармен координация жұмысынң деңгейін қамтамасыз етулері керек.
