Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
28_09_20013_ELITOLOGIYa.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
628 Кб
Скачать
☆

6. Негізгі және қосымша әдебиеттер :

6.1. Негізгі әдебиеттер:

6.2. Қосымша әдебиеттер:

7. Білімді бақылау

Аудиторлық сабақ барысында ағымдық бақылау өткізу жоспарланған, СӨЖ және СОӨЖ орындаудың сапасын бақылау қарастырылған, коллоквиум және тест түрінде екі аралық бақылау жоспарланған; емтихан түріндегі қорытынды бақылау жүзеге асырылады.

Ағымдық бақылау– 20%

СОӨЖ және СӨЖ – 20%

Аралық бақылау:

коллоквиум – 10%

тест – 10%

Ағымдық және аралық бақылау 60%-дан кем емес

қорытынды аттестация - 40 %

8. Оқу пәнінің саясаты

«Элита теориялары» таңдау пәні болып табылады. Оқу жүктемесінің көлемі 3 кредит немесе 135 сағат, оның ішінде 30 сағат - дәріс, 15 сағат - семинарлық сабақтар.

Оқу пәнінің талаптары

Аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысу, сабақ барысындағы сұрақтарды талқылауға белсене қатысу, оқу-әдістемелік құралдар мен негізгі әдебиеттер бойынша дәріс және семинар сабақтарына алдын ала дайындалу, CӨЖ - ді сапалы және уақытында орындау, бақылаудың барлық түріне қатысу (ағымдық бақылау, CӨЖ бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау).

Сабақты қалдыру мен кешігулеріне жол берілмеуі керек. Барлық тапсырмаларды дер кезінде орындамаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

  1. Сөздік (глоссарий)

Артикуляция интересов –

Абсентеизм – халықтың саяси өмірге немқұрайды, селқос қарауы, азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы. Ол әсіресе сайлаушылар тарапына өкіметтің өкілдік органдарына сайлауға қатынасқысы келмеуінен байқалады. Оны әркім әр түрлі бағалайды. Біреулер адам не істесе де, сайлауға қатысып дауыс берсе де, бермесе де өз еркі деп санайды. Кейбіреулер оны сайлаушылардың саяси шешімдерді немесе сайланушы үміткерді (кандидатты) қабылдамағандықтан деп түсінеді. Ал жалпы көпшілік жұрт саяси өмірге осылайша селқостық танытса, өкімет органдарының легитимдігіне нұқсан туады.

Авторитаризм - жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік-саяси тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент болғанымен ол кеңесші органға айналады. Тоталитарлық тәртіппен салыстырғанда мұнда көпшілік партия, бірыңғай идеология болмайды және экономика бақылауға алынбайды. Тоталитарлық тәртіптің басқа белгілері негізінен сақталады. Ол көбіне саяси жағдайға белсене араласатын әскер күшіне сүйенеді. Мемлекеттің сайлау органдары шектеледі.

Азаматтық қоғам - жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның күйі. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (қоғамдық, кәсіби, шығармашылық ұйымдар, ассоциациялар және т.б) азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, әдет-ғұрыптары, салттары кіреді. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары сақталады.

Анархизм - жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым. Оны жақтаушылар күштеу арқылы еріксіз көндіретін органдарды азаматтардың еркін ассоциацияларымен (құрама одақтармен) алмастырғылары келеді. Оның алғашқы идеялары Платонның еңбектерінде кездеседі. Орта ғасырда утопистердің, жаңа дәуірде ұсақ буржуазия ( У. Годвин, М. Штирнер, П. Прудон), орыс және халықаралық революциялық қозғалыстың идеологтарының ( М. Бакунин, П. Кропоткин) ілімдерінде кең тараған. Қазіргі кезде бұл ағымның саяси өмірде әсері шамалы.

Аристократия - 1) пұрсатты, бай, ерекше құқықтар мен жеңілдіктерге ие ақсүйектер тобы;

2) ақсүйектер әулеті, билік жүргізетін мемлекеттік басқарудың түрі. Мысалы, мұндай мемлекеттік билік Ежелгі Гректерде болды.

Билік - 1) адамдардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір адамдардың (бедел, жігер, құқық, зорлықтың) көмегімен әсер ету мүмкіншілігі;

2) адамдарға саяси билік жүргізу;

3) мемлекеттік органдардың жүйесі;

4) мемлекеттік және әкімшілік өкілеттілігі бар қызмет адамдары, органдары.

Бипатридтер - бір мезгілде екі немесе одан да көп мемлекеттердің азаматы болып есептелуі.

Блокада – өз дегендерін істету үшін қарсы жақтың жерін немесе бір бөлігін қоршауға алып, сырт әлемнен бөліп тастау. Ол саяси, экономикалық, әскери, дипломатиялық және т.с.с. түрінде болуы мүмкін.

Брифинг– үкіметтің жеке мәселелер бойынша немесе халықаралық келіссөзге қатысушылардың келісімімен оның барысы туралы хабарлама жасау үшін ресми адамдардың ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуі.

Бюрократ– 1) азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз міндеттерін формальды түрде атқаратын қызмет адамы; 2) басқарудың бюрократиялық жүйесіне жататын ресми қызметтегі адам.

Бюрократизм – істің мәніне немқұрайды, формальды қарау, істі көпке созу.

Гуманизм – қайта өркендеу дәуірінде дін мен феодализм құрсауынан адам баласын босатып, еркін жетілуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс. Саяси салада адамдардың дұрыс қалыптасуы мен дамуына қажетті әлеуметтік–экономикалық, саяси және рухани жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған саяси көзқарастар, идеялар жүйесін білдіреді.

Демократия – халық билігін, заңдылықты мойындап, азаматтардың теңдігін, құқықтары мен бостандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік органдардың сайланып қойылуын және олардың жұмысы халықтың бақылауында болуын, сайлау құқығы бәріне тең болуын, адамдардың экономикалық және саяси қорғалуын, шешім қабылдағанда азшылықтың көпшілікке бағынуын сонымен қатар азшылықтың да пікірі еске алынуын және т.б. қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылыс түрі. Бұл – тарихи ұғым. Адамзат тарихының даму кезеңдеріне сай оның принциптері өзгеріп, байып отырады.

Доктрина - саяси, экономикалық, әскери мақсаттарды жинақталған түрде білдіретін саяси теория, ілім. Кейде оның негізін қалаған адамның атымен аталады. Мысалы, Монро доктринасы.

Детерминизм – табиғатта және қоғамда кездесетін оқиға, құбылыстарды, оның ішінде адамның еркі мен мінезінің өзара байланыстылығының себептерін, себептестігінің заңдылығын зерттейтін ілім.

Жаңарған консерватизм (неоконсерватизм) - бұрынғы қалыптасқан дәстүрлі қазыналар мен арман-мұраттарды сақтап, оларды өмірдің бүгінгі талабына сай жаңғыртуға тырысқан Батыс саясаттану ғылымындағы ағым. Ол ХХ ғасырдың 70 жылдарының екінші жартысында пайда болған. Белсенді өкілдері: Д.Белл, И.Кристонн, С. Липсет және т.б.

Жаңарған либерализм (неолиберализм) - дәстүрлі либерализмнің қағидаларын сақтап, оларды ХХ ғасырдың жаңа талаптарына сай өзгертуші идеялық-саяси ағым. Мысалы, бұрынғы либерализм мемлекет экономикаға араласпасын дейтін. Қазір әлеуметтік-экономикалық және т.б. мәселелердің кейбір жерлерін мемлекеттің реттегенін жөн көреді. Мемлекеттің бюрократиялануына, адамның жеке өміріне араласуына және т.с.с. қарсы шығады.

Идеология - белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі. Жүйеленген түрінде ол партия бағдарламасында, декларация, манифест, жарғыларында, сондай-ақ әр түрлі насихаттық құжаттарда қалыптасады. Ол көпшіліктің саяси санасын қалыптастыруға, саяси өмірде бағыт-бағдар, рухани байлықтар жүйесін айқындауға, саяси іс-әрекет жолдарын белгілеу және т.с.с. қызметтерді атқарады, қоғам дамуында зор рөл атқарады.

Консерватизм - 1) тарихи қалыптасқан саяси және қоғамдық өмірді өзгеріссіз сақтауға тырысқан әлеуметтік-саяси қозғалыстар, теориялар жүйесі;

2) консервативтік партиялардың ұстаған бағдарламалық бағыты.

Конформизм - іштей келіспесе де, көпшіліктің ой-пікірі, көзқарастарына икемделу, әсіресе билік басындағы адамдардың ығына жығылып, бейімделу.

Легитимдік - халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін, ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне сай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мерзімге халық сайлайды және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы қажет. Екіншіден, мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. М.Вебер легитимдіктің үш түрін көрсетті:

1) әдет-ғұрып легитимдігі;

2) харизматикалық легитимдік;

3) ақыл-парасат, құқық легитимдігі.

Либерализм - 1) жеке адамның саяси және экономикалық құқықтарын мақұлдап, мемлекеттің экономикаға араласуын шектеуге тырысатын ілім, саяси бағыт; 2) бірқатар елдерде орта топтың мүддесін қорғайтын либералдық партиялар. Олар нарықтық экономиканы, еркін бәсекелестікті, халықтың әлеуметтік қамтамасыз етілуін, халықаралық қауіпсіздікті және т.б. жақтайды.

Люмпен – қоғамның азғындалған бөлігінің жалпылама аты. Оған қаңғыбастар, қайыршылар, жезөкшелер, қылмыскерлер және т.с.с. жатады.

Мемлекет – белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың, әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі. Мемлекеттің ерекше өкімет аппараты болады. Ол бүкіл қоғам атынан ресми істерді жүргізуге құқылы. Оның заңдарын сол елдегі адамдардың бәрі де сыйлайды және орындауға тиіс. Егер орындамаса, оның ырықсыз көндіруге қақысы бар.

Нигилизм - жалпы қабылданған заңдық ережелер, қоғамдық саяси өмірдің тәртіптерін және т.с.с. жоққа шығару. Саясатта оны жақтаушылар қалыптасқан саяси қазыналарға, партиялар мен саяси қайраткерлердің іс-әрекетіне қарсы болып, қабылдамайды.

Полис -ежелгі грек елінде қоғам мен мемлекеттің саяси-экономикалық ұйымы, қала-мемлекет.

Парламент – жоғары сайланбалы өкілдік және заң шығаратын орган. Әр елде ол әр түрлі аталады. Мысалы, АҚШ – та, Филиппинде, Латын Америкасының көптеген елдерінде оны Конгресс, Польша мен Финляндияда – Сейм, Иран мен Түркияда – Мәжіліс, Германияда – Федералдық жиналыс, Израильде - Кнессет, Норвегияда - Стортинг, Ұлыбританияда – Парламент, Швецияда - Риксдаг, Францияда – Ұлттық жиналыс дейді.

Пакт- халықаралық келісім.

Радикализм - партияның, қозғалыстың, фракцияның, жеке басшының және т.с.с. қоғамда қалыптасқан жағдайды өзгерту мақсатымен жасалатын батыл іс-әрекеті, қимылы. Әдетте, оппозициядағы күштер билік басындағылардың қызметін тартыншақтық, жасқаншақтық, көзбояушылық жасап отыр деп кінәлайды.

Реидеологизация - ішкі және сыртқы саясатты жүргізгенде идеологиялық нұсқауларды, қазыналарды басшылыққа алу. Ол идеологиясыздануға қарсы теория ретінде Батыс елдерінде ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында пайда болды.

Референдум - маңызды заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы мәселені түпкілікті шешу мақсатында сайлаушылардың көңілін білдіруі. Мысалы, онда конституцияны немесе оған түзету кіргізу, мемлекеттік құрылыс немесе билік түрін өзгерту, ескі заңның күшін жою немесе жаңасын қабылдау, елдің халықаралық ұйымға кіру, мемлекетаралық келісімге қосылу және т.с.с. мәселелер қаралады. Бұл мәселелерді конституция не заң ережелеріне сәйкес парламент немесе үкімет басшысы қояды. Мысалы, біздің республикамызда 1995 жылғы 29 сәуірде президенттің өкілеттігін ұзарту жөнінде бүкілхалықтық референдум болды.

Реформа - қоғамдық құрылысты және оның институттарын жетілдіру үшін билік жүйесіне, саяси қызметтердің түрлі жақтарына өзгерістер енгізу. Ол қоғамның саяси жүйесін түгел немесе оның бір я бірнеше саласын қамтуы мүмкін.

Риксдаг- екі палатадан тұратын Швеция парламентінің аты

Саяси мәдениет - өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.

Саяси сана - адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс - әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.

Социал-демркратия - қоғам дамуында әлеуметтік салаларға басымдық беретін идеялық саяси ағым. Мұндай партиялар ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында жұмысшы табының партиясы ретінде пайда болды. Олардың мақсаты - барлық еңбекшілерге жақсы өмірді, еркіндікті, әлемде бейбітшілікті қамтамасыз ету. Қоғам дамуында және социалистік құрылысты орнату жолында революциялық әдіске сүйенбей, эволюциялық (біртіндеп даму) жолды дұрыс деп санайды. Саяси плюрализм мен аралас экономиканы қолдайды.

Субмәдениет - қоғамда үстемдік ететін мәдени бағыттан айтарлықтай ерекшеленетін саяси бағдар. Ол қоғамдық топтардың экономикалық, әлеуметтік жағдайларына, этникалық, діни, нәсілдік, білімдік, жыныстық, жас ерекшеліктеріне және т.с.с. белгілеріне байланысты болады.

Технократия – 1) инженерлерге, менеджерлерге, техника ғылымдарына иек артатын саяси тәртіп;

2) басқарушы элитаға кіретін техникалық мамандардың жоғарғы жігі және соларды дәріптейтін тұғырнама. Технократиялық теорияларды жақтаушылар техникаға, технологияның рөліне шексіз басымдық береді. Олардың негізін ХХ ғасырдың 20 жылдарында америкалық Т.Веблен, Дж. Гэлбрейт және т.б. қалады. Олар ғылыми – техникалық революция кезінде қоғамды техникалық басқарушы мамандар билейді және адамдар техникаға бағынышты болады деген идеяны алға тартады.

Тоталитаризм - әрбір азаматтың, қоғам өмірінің барлық саласы мемлекет тарапынан толық бақылауға алынған мемлекеттік - саяси құрылыстың түрі. Онда бір партия, бір идеология үстемдік етеді. Мұндай тәртіпте өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі және т.б. тегіс бақыланады. Азаматтардың, конституциялық ұйымдардың жұмыстарына тыйым салынады, жазалау, қуғын-сүргін күшейеді, террорлық-полициялық бақылау орнайды.

Фашизм - реакциялық, агрессивтік күштердің террорлық диктатурасы. Ол 1919 жылы Италияда, содан кейін Германияда пайда болды. Оның ерекшеліктеріне жататындар: бір нәсілді екіншіден жоғары қою, мемлекетке барлық басшылықты беру, демократиялық құқықтар мен бостандықтарды басып-жаншуда шектен тыс күштеу әдіс-тәсілдерін пайдалану, қоғамдық және жеке өмірді жаппай бақылауға алу және т.с.с. Екінші дүниежүзілік соғыс фашизмге күйрете соққы берді. Бірақ кейбір елдерде қазір жаңарған фашизм бой көрсетуде.

Экстремизм - 1) саяси және басқа мақсаттарға жету үшін заңсыз, күштеу, зорлау тәсілдерін пайдаланатын әрекет. Ол ұлтаралық араздықты қоздырады, демократиялық принциптерді шектейді, елді тұрақсыздандырады, саяси шиеленістерді бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік бермейді;

2) шектен шыққан көзқарастарға және шараларға бет бұрушылық.

Этнос - тілінде, мәдениетінде, мінез-құлықында ортақ ерекшеліктері бар, белгілі бір аумақта (территорияда) тарихи қалыптасқан, өз қауымдастығының бірлігін сезінетін адамдар жиынтығы. Мысалы, тайпа, ұлыс, ұлт. Бұлардың әрқайсысын кейде «халық» деп те атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]