- •Лекция Тақырып: Бетон құрылымының қалыптасуы Жоспар
- •Лекция Тақырып: Бетон толтырғыштары Жоспар
- •Лекция Тақырып: Бетонға қажетті материалдар Жоспар
- •Темір бетонт конструкцияларын өндіруде ерекше жағдайда қолданады.
- •Тақырып: Бетондардың жіктелу белгілері, олардың пайдалану ерекшеліктері. Жоспар
- •Лекция Тақырып: Бетонның қату процесіндегі және пайдалану кезіндегі көлемдік деформациясы, оның бетон қасиеттерінің қалыптасу ролі.
- •Бетонды пайдаланудың (бетон технологиясының) даму кезеңдері.
Темір бетонт конструкцияларын өндіруде ерекше жағдайда қолданады.
Сульфатқа төзімді портланцемент (ССПЦ)
Клинкердің құрамы С3S<50%, С3А<5% белсенде кремнеземді қосынды 5-15%.
Қолданылуы:
гидротехникалық сооружениенің су деңгейі өзгеріп тұратын бөлігінде, сульфатты агрессия әсер ететін жағдайда қоладанады;
Конструкцияларды пайдалану кезінде алма кезек аяздан, ылғалданумен кептірудің әсер ететін жағдайда пайдалану тиімді.
Тұтқыр заттардың негізгі техникалық көрсеткіштері:
ұнтақтау дәрежесі;
беріктігі;
ұстасудың басталу және аяқталу мерзімдері;
Бақылау сұрақтары.
Сапалы бетон алуда компоненттердің ролі
Портландцемент клинкерінің минерологиялық құрамы, олардың ерекшеліктері.
Шлакты портландцементтің ерекшеліктері, пайдалану жолдары.
Пуццоланды портланцемент ерекшеліктері, пайдалану жолдары.
Сульфатқа төзімді ПЦ-ның ерекшеліктері, пайдалану жолдары.
Тез қататын ПЦ-ның ерекшеліктері, пайдалану жолдары.
Тұтқыр заттардың техникалық сипаттамалары, олардың ролі.
Лекция
Тақырып: Бетондардың жіктелу белгілері, олардың пайдалану ерекшеліктері. Жоспар
Тығыздығы бойынша түрлері.
Пайдалануы бойынша түрлері.
Тұтқыр заттары бойынша.
Құрылымы бойынша
Түрлеріне байланысты қойылатын талаптар.
Бетонды құрылыстың түрлі саласында қолданылуына, бетон үшін әртүрлі шикізаттардың қолданылуына, құрылымының ерекшеліктеріне байланысты бетонның төменгі жіктелу белгілері қабылданған:
Тығыздығы бойынша бетонның түрелірі:
тығыздығы 2500кг/м3 артық аса ауыр бетон;
тығыздығы 2100 кг/м3 жай ауыр бетон (конструктивті бетон);
тығыздығы 1800-2100 кг/м3 жеңілдеу ауыр бетон (конструктивті бетон);
тығыздығы 600-1800 кг/м3 жеңіл бетон (конструктивті жылу оқшаулағыш бетондар);
тығыздығы 600 кг/м3 аз жеңіл бетондар (жылулықты оқшаулағыш бетондар).
Ерекше (аса) ауыр бетон арнайы құрылыста пайдаланылады. Майда толтырғыщтар ретінде темір ұнтақтары (опилка), темір рудалары, барит пайдаланылады.
Радиактивтік сәулелерден қорғау үшін қажет.
Бетоннның құрылыста көп тараған түрі ауар бетон γ=2100-2500 кг/м3.
Толтырғыштары әртүрлі тығыз тау жыныстарынан алынады (известьняк, гранит, диабаз).
Жеңілдеу бетон (1800-2100 кг/м3) үшін жеңілдеу (1800-2100 кг/м3) тау жыныстарынан алынған толтырғыштар пайдаланылады.
Жеңіл бетон табиғи не болмаса жасанды кеуекті толтырғыштар негізінде алынады (керамзит, аглопорит, пемза, перлит т.б.).
Тиімділігі - конструкцияның салмағының жеңілдеуі, тұрғын үй және азаматтық құрылыстарда қорғаушы панельдерді өндіруде кеңінен пайдаланылуы.
Аса жеңіл бетон не болмаса ұялы бетон, қоршағыш панельдерді, блоктарды өніруде жылуоқшаулағыш материал түрінде пайдаланылады.
Түрлері – газды бетон, көбікті бетон.
Бетонның беріктігіне қол жеткізуде толтырғыштарды бір-бірімен байланыстыратын оның қасиеттеріне ерекше әсер ететін материал – тұтқыр зат (байланыстырғыш зат).
Байланыстырғыш заттарға байланысты бетонның түрлері:
Құрылыстың әр салада кеңінен қолданылатын цемент (портландцемент және оның түрлері (шлакты портландцемент, пуццолонды портландцемент, глинеземді портландцемент);
Әк негізіндегі силикатты автоклавты бетон.
Ішкі қабырғаларды жасауға, әрлеу жұмыстарына қажетті гипсті бетон.
Полимер байланыстырғыштар негізіндегі полимер бетон (агрессивтік жағдайға және үйкеліске төзімді).
Пайдалану (қажеттілігі) түріне байланысты бетонның түрелері:
жай темірбетон бұйымдарына (конструкцияларына) қажетті бетон (іргетастар, арқалықтар, жабын плиталар және т.б.);
гидротехникалық, гидромелиоративтік құрылыстарға қажетті бетондар;
жол және аэродром құрылыс бетоны;
аранайы қажеттілік бетоны (ыстыққа төзімділік, қышқылға төзімді, т.б.);
қорғаныш (ограждаюшие) қабырғалық конструкцияларға қажетті жеңіл бетон.
Пайдалану ерекшеліктеріне байланысты бетоннның түрлеріне қойылатын талаптар:
конструктивті бетон (беріктік, деформативтігі);
жол және аэродром құрылысының бетоны (тығыздық, аязға төзімділік, үйкеліске шыдамдылық, зиянды агрессияға төзімділік);
гидротехникалық бетон: жоғары тығыздық, суоқшаулағыштық, аз шөгулік (малая усадка), коррозияға төзңмділік, жылу аз бөлгіштік, минералдық агрессияға төзімділік.
Құрылымы (строение) бойынша бетонның түрлері:
Бетон құрамы көп компонентті болуына байланысты оның құрылымының қалыптасуына әр түрлі факторлар әсер етеді (толтырғыштардың түрлері, олардың концентрациясы, бетонның қолдануы (теплоизоляционные)).
Құрылымының түрлері:
ірі түйіршікті тығыз;
тығыз кеуекті толтырғыштармен;
ұялы;
түйіршікті ірі қуысты.
Бақылау сұрақтары.
Тығыздығы бойынша бетонның жіктелуі, оларға пайдалануына байланысты қойылатын талаптар. Қолданылатын толтырғыштардың түрлері.
Бетонда пайдаланылатын тұтқыр заттарға байланысты бетоннның түрлері, ерекшеліктері.
Пайдалану ерекшеліктеріне байланысты бетонның түрлері, қойылатын талаптар.
Бетон құрылымының ерекше болуына әсер ететін факторлар.
