Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лс шпор 12-17.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
106 Кб
Скачать
☆

3.7 Сурет–Несимметрия кернеуі

Алыс ұштағы үшін дәл сондай

, дБ. (3.32)

JSO/JEC -11801 стандарттарына сай несимметрияның өшу параматрлері LCL жәнеLCTL 1МГц жиелікте А, В, С, Д тораптар кластары үшін 30, 20, 30, 40 дБ құрайды.

Қосымша шығындар. (JLD Insertion Loss Deviation). Аталған сипаттама әр түрлі тораптар қондырылғын жекеленген компоненттерді жазу үшін қолданылады. Аталған шығындардың шығу себебі жекеленген компоненттердің толқындық кедергісінің күшті вариясясы әсерінен туындайды, олардың тізбектеліп жалғануы еспе жұбы негізінде кабельдік тракт құрайды. Аталған шығындар көлемі өте үлкен болмайды, түрлі жиелікте және әр түрлі тораптарда 1 ден 2 дБ-ға дейін құрайды.

Сыртқы электромагниттік сәулелерден шығатын шу. Еспе жұбында теңдестірудің төмендігінен сыртқы электромагниттік өрістерден келеңсіз әсерлер туындауы мүмкін. Ондай өрістер электрқозғалтқыштарынан, күштік кабельдерден, флуоресценттік шамдар стартерлерінен, ұялы радио телефондардан, радио және теле апараттарынан және басқа көздерден таралатын сәулелер әсерінен болуы мүмкін. Жалпы алғанда еспе жұптары ондай факторларға тұрақты болып келеді және сондықтан аталған әсерлерге арнайы нормативтер қаралмаған.

13.Әуе байланыс жолдарының қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар?

Әуе байланыс жолдарының азғантай көлемде салыстырмалы байланыс каналдары түйіндерін жасақтау үшін арналған: телефондық, телеграфтық, мәліметтер беру, сонымен қатар темір жолдарда теле басқару дабылдары, телебақылау телесигнал беру.

Әуе жолдарының артықшылықтары және кемшіліктері де болады.

Әуе жолдарының артықшылықтары:

а) үлкен механикалық беріктігі болады;

б) ұзақ мерзімде қызмет етеді;

в) алыс қашықтықта байланыспен қамтамасыз етеді.

Әуе жолдарының кемшіліктері:

а) жиелігі 150 кГц көп болғанда беру мүмкіншілігінің жоқтығы;

б) электрлік тізбек параметрлерінің ауа райына тәуелділігі;

в) конструкциясының ұлкендігі;

г) ақаулыққа жақындығы, электромагниттік әсерлер;

д) бір канал-километр байланыстың едәуір құны.

14.Әуе байланыс жолдарының неше және қандай кластары бар?

Әуе байланыс жолдары үш класқа бөлінеді:

I класс – магистралдық, жолдық және оперативтік – технологиялық байланыс тізбектерін тасушы жолдар;

II класс – тек қана жолдық және оперативтік – технологиялық байланыс тізбектерін тасушы жолдар

III класс – жергілікті станция іші байланыс тізбектерін тасушы жолдар

I және II кластар линияларына жоғарғы талап қойылады. Механикалық беріктігіне байланысты I және II кластағы линиялар төрт түрге бөлінеді: Ж – жеңілдетілген; Қ – қалыпты; К – күшейтілген және ЕК – ерекше күшейтілген, олардың бір – бірінен айырмашылығы 1 километрдегі тіреу саны және ілінген сымдардың саны (4.1 кесте). Сәйкесінше 20-дан 28 ге дейін тіреулер саны1 км.

Линияға меғаникалық салмақ мұз басқанда ерекше білінеді. Көбіне мұз басу ұзындық бойынша бір келкі болмайды. Сондықтан мөлшерлік бағалауда эквиваленттік мұз қабырғасы қалыңдығы алынады. Бұл қалыңдық сымның үстіне мұздың массасы 0,9·103 кг/м3 тығыздықпен есептегенде мұздың нақты салмағына тең келеді.

4.1Кесте –Әуе байланыс түрлері мен кластары

Торап түрлері

Мұз басқан жағдайда мұздың ең жоғарғы эквиваленттік қалыңдығы, мм

Тіреулер саны 1 км - ға

Треулердің орташа ара қашықтығы, м

Ж

5

20

50

Қ

10

20

50

К

15

25

40

ЕК

20

28

35,7

III класс линияларда ілінген сымдар саны тоғызға дейін болғанда Ж линиясы үшін 12 тіреу; Қ үшін 16; К және ЕК үшін 1км линияға 20 қойылады.

Телефония саласындағы әуе байланыс жолдарының класстары:

1-класс- қалааралық тел. Байланысының магист жолдары

2-класс-қалааралық тел. Байланысының аймақішілік жолдары

3-класс-ауылдық телефон байл-ң абонентік жолдары

Нақты кернеуге байл радиотрансляцияның желілердің әуе байланыс жолдарының кластары:

1-класс. Нақты кернеуі 360В жоғарғы фидерлі жолдар

2-класс. Нақты кернеуі 360В дейінгі фидерлі жолдар және кернеуі 15 және 50В абоненттік жолдар