Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИЯ_1_1КАЗ (1).doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
994 Кб
Скачать
☆

6. Электрбайланыстың бағыттаушы жүйелеріне негізгі талаптар

Электрбайланыстың бағыттаушы жүйелеріне мынадай келесі талаптар көрсетілген:

- мемлекет шеттерінде магистральды байланысты 12500 км қашықтыққа дейін, мемлекетаралық байланыста 25000 кмге дейінгі қашықтықта жүзеге асыру;

- әртүрлі типтегі заманауи ақпараттарды тарату үшін кеңжолақтылығы және жарамды болуы (телефония, телевидение, мәліметтер тарату, хабарлар тарату т.б);

- өзара және ішкі кедергілерден, сонымен қатар найзағай мен тот басудан қорғанысы;

- желінің электрлік параметрлерінің тұрақтылығы; байланыстың тұрақтылығы мен сенімділігі;

- байланыс жүйесінің бүтіндец үнемділігі;

Кабельді техника келесі бағыттарда дамып келеді:

1.Оптикалық жүйелердің айтарлықтай дамуы; байланыстың мықты түйіндерін құруға және әртүрлі түрдегі ақпараттарды ұзақ қашықтыққа дейін жеткізуге мүмкіндік береді

2.Көп мөлшердегі каналды құра алатын және өз өндірілуіне дефицитті меалдарды (мыс, қорғасын) талап етпейтін, перспективті ОК байланыс құру және енгізу;

3.кабельді техникаға жақсы электрлік және механикалық қасиеті бар және өндірісті автоматтандыруға мүмкіндік беретін пластмассаны (полиэтилен, полистирола, полипропилен және т.б) қолдануды кеңінен енгізу.

4.Алюминийлі, болаттың және металдыпластмассалық қабықшаларды енгізу.

Қабықшалар герметикалық болуы мүмкін өызмет көрсету кезіндегі барлық уақытта кабельдің электрлік параметрлерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуі керек.

5. Абоненттік тораптар үшін оптикалық кабельдердің экономикалық конструкциясын өңдеуге енгізу және өндіру.

6. Абоненттік тораптар үшінқымбат емес кеңжолақты электрлік байланыс кабельдерін құру.

Лекция №2. Бағыттаушы байланыс жүйесінің конструкциясы мен сипаттамасы

2.1 Электрлік байланыс кабелі

2.1.1. Электрлік байланыс кабелінің классификациясы

Б айланыс кабелі анықталған жүйе бойынша ширатылған және жалпы ылғал өткізбейтін қабықшалы изолирленген сымдар жиынтығын көрсетеді. (сур.2.1)

Сур. 2.1. кабельдің жалпы түрі: 1-өзекшесі; 2- қабықшасы; 3- бронды сыртқы қабаты

Электрлік байланыс кабелінің классификациясы келесі белгілерде болады:

  1. Пайдалану обылысы – магистральды байланыс кабелі, ішкізоналы

байланыс кабелі, ауылдық байланыс кабелі, қалалық телефондық кабельдер, дәнекер желілер және бағалар үшінгі кабельдер;

  1. Аралық қабат пен пайдалану шарттары – жерасты кабельдері, суасты

және әуе (немесе әуе ілгекті) кабельдері;

  1. К онструкция – сымдардың өзара орналасуына байланысты физикалық сымдар – симметриялы және коаксиальды. Симметриялы тізбек екі бірдей конструктивті және электрлік байланыстағы сымдардан тұрады. (сур. 2.2,а). Коаксиальды тізбек қосарланған осьты екі цилиндрді, ондағы бір цилиндр – біріңғай сым келесі цилиндрдің ішіне концентрациялы орналасады, жартылай. (сур. 2.2,б);

Сур. 2.2. Кабельді тізбектер: а – симметриялы, б – коаксиальды

  1. Жиілік тарататын спектр – төменгіжиілікті кабельдер (10 кГц-ке дейін) және жоғарғыжиілікті (10 кГц-тен жоғары);

  2. Сыңар шиыршықты кабель және төрт (жұлдызды) шиыршықты кабель, тудырушы кабель және түйінді кабель тобына жататын изолирленген сымдардың шиыршықты түрлері.

  3. Қорғаушы бетінің түрі – металды, пластмассалық қабықшалы кабель. Бронды кабельдің қабығы болаттан (жерасты қабатына), дөңгелек сымды болаттан (керуші күштен қорғау үшін) жасалынады.