Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор-эконом.тарих.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Кб
Скачать
☆

20.Хіх ғ. Екінші жартысы мен хх ғ. Басындағы өндірістік капитализмнің эволюциясы

21.Әлемнің жетекші елдерінде монополистік капитализмнің қалыптасу ерекшелігі

Монополистік капитализм дәуірінде отар елдер мен тәуелді мемлекеттер бірінші кезекте үстемдік етуші метрополияның өнеркәсіп тауарларын өткізу және капитал салу көзі болып қалды. Бұл шетелде монополистерге құлдыққа түскен елдердің экономикасын толық өз қолына алып, бақылау жасауына мүмкіндік берді. Метрополиялар отарлар мен тәуелді елдерге экспортқа тауар шығаруды олардың капиталын салу негізінде ғана жүрді, себебі қажетті мөлшерде пайда түсіру үшін емес, бұл елдерді арзан шикізат көзі мен жері, үнемі болып тұратын жұмыссыздыққа байланысты болатын арзан жұмыс күші, жалпы бұқара халықтың қайыршылығы мен кең көлемдегі пайдаланылатын күшпен жұмыс жасату, соның ішінде әйелдер мен балалардың арзан еңбегін пайдалану үшін салынды.

Германия экономикалық салмағы жағынан Англия мен Францияны басып озған мемлекет. Мұнда өндіріс құрылысы болды. Ерекшелігі: өндіріс, сауда, көлік біріккен ірі банктердің бақылауында болуы. 1910 жылы жалпы салымның 10 млрд. маркасы 10 ірі банк иелігінде болған. Мемлекеттер картель мен синдикат қолданылған. Мысалы көмір саласындағы «Рейнско-Вестфальский »синдикаты.

Англия. Бұл елде ескі құралдар мен төмен деңгейдегі еңбек өндірісіне байланысты үлкен шығындар болып, Германия сияқты мемлекеттен өндірістік капитализм жағынан артта қалуына себеп болды. Негізгі даму бағытында колониялық империя ұстанымын қолданды. Бұл бағыт жоғары табыс пен ұлттық тауар өндірісін сақтауға көмектесті. Ал Францияда 19-ғасырдың соңында колониялық империяны құрды. Ол нарықта өнім өндіруге кепіл берді. Жеңіл өндірісте негізгі кәсіпорындар дербестігін сақтап қалған болатын.

22.АҚШ-та қоныс аударушылық және өндірістік капитализмнің дамуы

1860-1865 ж Азаматтық соғыс аяқталған соң экономиканың қарқынды дамуы 19 аяғында АҚШ-ты қуатты индустриалды аграрлы елге айналдырды. Азаматтық соғыстан кейін Батысты колонизациялау процесі белсендірілді. Экономикалық өсудің маңызды факторы- Еуропадан жұмысшы күштің ағылуы. Статистикаға жүгінетін болсақ, 1870-1900 аралығында елге 14 млн мигрант келді.

АҚШ-ң экономикалық өсімінің динамикасы ғылыми- техникалық процеспен анықталады. Елде өнеркәсіп электрефикациясы өндірісінің энергетикалық базасы өзгерді – бу машиналары электрмен алмастырылды. Индустриализациялау барысында еуропалық мемлекеттердің ең жаңа ғылыми – техникалық тәжірибесі қолданылды.

Экономика өзінің ашық жүйесімен ерекшеленеді. Шетелдік инвестицияның ағылуына ешбір кедергі болған жоқ. Инвестициялар көбінесе Англия тарапынан бөлінді. Американдықтар әлемдік нарыққа тауарларды экспорттаушылар ретінде шықты. 1874 ж бастап экспорт импорттан асып түсті. Америкалық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігінің жоғарлауы мен өндірістің эффективтілігі арқасында 60-90 ж Америка экспорты 3 есеге өсті.

19 ғ соңғы ширегінде ауыр өнеркәсіптің өсу қарқыны жеңіл өнеркәсіптің өсу қарқынынан жөғары болды. 20 ғ басында темір жолдары барлық штаттарды байланыстырды. Бұл капитал мен жұмыс күшінің мобилдігіне, еңбек өнімділігіне, урбанизация процесіне, ауыл шаруашылығының одан әрі дамуына негіз болды.

23.АҚШ-та өндірістік капитализмнің қалыптасуы

АҚШ-ң экономикалық өсімінің динамикасы ғылыми- техникалық процеспен анықталды. Елде өнеркәсіп электрефикациясы өндірісінің энергетикалық базасы өзгерді – бу машиналары электрмен алмастырылды. Индустриализациялау барысында еуропалық мемлекеттердің ең жаңа ғылыми – техникалық тәжірибесі қолданылды.

Экономика өзінің ашық жүйесімен ерекшеленеді. Шетелдік инвестицияның ағылуына ешбір кедергі болған жоқ. Инвестициялар көбінесе Англия тарапынан бөлінді. Американдықтар әлемдік нарыққа тауарларды экспорттаушылар ретінде шықты. 1874 ж бастап экспорт импорттан асып түсті. Америкалық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігінің жоғарлауы мен өндірістің эффективтілігі арқасында 60-90 ж Америка экспорты 3 есеге өсті.

19 ғ соңғы ширегінде ауыр өнеркәсіптің өсу қарқыны жеңіл өнеркәсіптің өсу қарқынынан жөғары болды. 20 ғ басында темір жолдары барлық штаттарды байланыстырды. Бұл капитал мен жұмыс күшінің мобилдігіне, еңбек өнімділігіне, урбанизация процесіне, ауыл шаруашылығының одан әрі дамуына негіз болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]