- •2 Билет
- •3 Билет
- •4 Билет
- •5 Билет
- •6 Билет
- •7 Билет
- •8 Билет
- •9 Билет
- •10 Билет
- •11 Билет
- •12 Билет
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16 Билет
- •17 Билет
- •18 Билет
- •19 Билет
- •20 Билет
- •21 Билет
- •22 Билет
- •23 Билет
- •24 Билет
- •20 Сурет
- •25 Билет
- •26 Билет
- •27 Билет
- •28 Билет
- •29 Билет
- •30 Билет
- •31 Билет
- •32 Билет
- •33 Билет
- •34 Билет
- •36 Билет
- •37 Билет
- •38 Билет
- •39 Билет
- •40 Билет
- •42 Билет
- •43 Билет
- •44 Билет
- •45 Билет
4 Билет
1) Ом заңы– электр тогының негізгі заңдарының бірі. Ом заңы – өткізгіштегі ток күшінің (І) осы өткізгіштің ұштары арасындағы кернеумен (U) байланысын анықтайды:
U=r*І (1) мұндағы r өткізгіштің геометриялық өлшемдеріне, электрлік қасиеттеріне және температурасына байланысты болатын пропорционалдық коэффициенті r – омдық кедергі немесе өткізгіштің берілген бөлігінің кедергісі деп аталады. Ом заңын 1826 ж. неміс физигі Г. Ом (1787 – 1854) ашқан.
Тізбек бөлігі арқылы өтетін ток күші тізбек ұштарындағы кернеуге тура пропорционал және оның кедергісіне кері пропорционал. Өткізгіштегі ток күшінің кернеуге тәуелділігі вольтамперлік сипаттама деп аталады. Кедергіні өзгертуге болады. Ол үшін реостат деген құрал қолданылады.
2) Кедергілері аралас жалғанған электр тізбегін есептеу үшін алдымен параллель тармақтардың кедергісін бір балама кедергімен R23 айырбастаймыз: 1/R23=1/R2+1/R3. Сонан кейін R1 мен R23 бірізді жалғанғандықтан балама кедергімен Rб= R1+ R23 айырбастаймыз (3-сурет). Тізбектегі толық ток
I1=U/Rб=U/( R1+R23).I2 мен I3 токтарын табу үшін Uаб кернеуін табамыз: Uаб=I1 ∙R23. Бұдан кейін токтарды табуға болады: I2=Uаб/R2 , I3=Uаб/R3 .
3-сурет
5 Билет
1 Тиристор (грек thyra – есік, кіру және ағылш resіstor – кедергі) – көп қабатты құрылымды шалаөткізгіштің монокристалды негізінде жасалған шалаөткізгіштік аспап; үш немесе одан да көп электрон-кемтіктік ауысуы бар р-п-р-п типті аспап. Тиристор электрлік вентильдің қасиеттеріне ие. Тиристордың әдетте үш шықпасы, оның екеуі (А анод пен К катод) монокристалдың шеткі облыстарымен түйіседі. Мұндай басқарылатын тиристорды триодтық тиристор немесе тринистор деп, ал тек екі шықпасы бар басқарылмайтын тиристорды диодтық тиристор немесе динистор деп атайды. Тиристорлар бірнеше мА-ден ондаған (күштік тиристорлар) кА-ге дейін және кернеуі бірнеше В-тан 10 кВ-қа дейін, кейде одан да жоғары етіп шығарылады. Олардағы тура токтың өсу жылд. 109 А/с-қа, кернеудікі 109 В/с-қа жетеді; ПӘК-і 99%-ды құрайды. Тиристордың сенімділігі жоғары, жұмыс істеу мерзімі ұзақ. Жұмыс істеу принципіне байланысты тиристорлар жабылатын (басқару электроды тізбегі бойынша қосылатын), тез әрекетті, импульстік, симисторлар, бинисторлар, т.б. түрлерге бөлінеді. Тиристорлар түрлендіргіш техникада, қуатты импульстер генераторларында, автоматты басқару жүйелерінде, т.б. қолданылады.
2) Беттестіру принципі: Егер тізбекте бірнеше электр қозғаушы күштер болса, онда осы тізбектің кез келген тармағындағы ток осы электр қозғаушы күштердің сол тармақта әрқайсы тудырған токтарының алгебралық қосындысына тең.
6 Билет
1)
Кирхгоф екінші заңы
математикалық түрде жазылуы:
,
*
2) Кедергілердің ұшбұрыштап және жұлдызша жалғануы және оларды балама түрлендіру.
Кейбір жағдайларда есепті жеңілдету мақсатында ұшбұрыштап жалғанған кедергілерді жұлдызша жалғау сұлбасына түрлендіреді. Кейде керісінше түрлендіру де қолданылады. Түрлендіру кезінде мынандай шарттар орындалуы керек:а)Үшбұрыштың А,В,С түйіндеріндегі потенциалдар жұлдызшаның А,В,С потенциалына тең болуы керек; ә)Үшбұрыштың А,В,С түйіндеріне келетін токтар жұлдызшаның осы түйіндерге келетін токтарына тең болуы керек; б)Түрлендіру тізбектің басқа бөлігіне әсер етпеуі керек.
4-сурет
Жұлдызша сұлбаның кедергілерін түрлендірілген үшбұрыш сұлбаның кедергілері арқылы табуға болады: RA=RAB ∙RCA /(RAB+RCA+RBC); RB=RAB ∙RBC /(RAB+RCA+RBC); RC=RCA∙RBC /(RAB+RCA+RBC).
Жұлдызша сұлбаны үшбұрыш сұлбаға түрлендіргенде оның кедергілері төмендегі формулалар арқылы табылады: RAB=RA+RB+RA∙RB/RC; RBC=RB+RC+RB∙RC/RA; RCA=RC+RA+RC∙RA/RB
г)Қоректендіргіштер бірізді жалғанса, онда оларды бір балама қоректендіргішпен айырбастауға (түрлендіруге) болады. Балама қоректендіргіштің э.қ.к.-і Eб қоректендіргіштердің э.қ.к.-терінің алгебралық қосындысына тең, ал ішкі кедергісі Rб қоректендіргіштердің ішкі кедергілерінің арифметикалық қосындысына тең: Rб=R1+R2+...+Rn. Бағыттары токтың бағыттымен бағыттас э.қ.к.-тер плюс таңбасымен алынады. Керісінше жағдайда таңбасы минус болады.
д) Параллель жалғанған қоректендіргіштерді бір балама қоректендіргішпен айырбастауға (түрлендіруге) болады (5-сурет) .
5-сурет
Кирхгофтың бірінші заңы бойынша: I=I1+I2+I3+I4, немесе
(Eб – Uаб)/Rб =(E1 – Uаб)/R1+(E2 – Uаб)/R2 +(-E3 – Uаб)/R3+(E4 – Uаб)/R4. Бұдан
Eб= (E1G1+ E2G2-E3G3+E4G4 )/(G1+G2+G3+G4 ), 1/Rб=1/R1+1/ R2+1/ R3+1/R4= G1+G2+G3+G4.
Жалпы
жағдайда Уб=
/
