Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_skul.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79 Кб
Скачать
☆

Инфологиялық және даталогиялық тәсілдердің айырмашылықтары.

Иеррархиялық модельге негізгі мәліметтер базасы реттелген тармақтық жиыннан тұрады.Әрбір тармақ бід «түбірлік» және реттелген нольдік немесе көптеген байланысқан тармақтардан тұрады. олардың арасындағы байланыстың бүтіндігі автоматты түрде орналасады, ал желілік жүйедегі МБ–нда тармақшалар кез–келген түбірлік тармақтардан шығуы мүмкін. Нақты алғанда желілік МБ–сы жазбалар арасындағы көптеген байланыстардан тұрады. Иерархиялық құрылым бір-бірімен белгілі бір ережелер бойынша байланысқан элменеттер жиынтығын береді. Иерархиялық байланыстағы объектілер бағытталған граф (төңкерілген ағаш) құрады. Оның түрі суретте бейнеленген.

Иерархиялық құрылымның негізгі ұғымдарына мыналар жатады: деңгей, элемент (түйін), байланыс. Түйін дегеніміз белгілі бір объектіні сипаттайтын деректер атрибуттарының жиынтығы. Сұлбада иерархиялық ағаштың түйіндері граф төбелері ретінде бейнеленген. Төменгі деңгейдегі әр түйін, жоғары деңгейдегі әр түйінмен ғана байланысқан. Иерархиялық ағаштың ешқандай төбеге бағынбаған, ең жоғарғы деңгейде орналасқан бір түйіні бар (ағаш түбірі). Бағыныңқы түйіндер екінші, үшінші т.б. деңгейлерде орналасады. Деректер базасындағы ағаштар саны түбір жазбалары санымен анықталады         Даталогиялық жобалау мәліметтер базасының  логикалық құрылымын жобалау болып МББЖ – мен ұсынылатын мәліметтерді физикалық мүмкіндіктері әсер етеді. Сондықтан да, мәліметтерді физикалық ұйымдастыру ерекшеліктерін білү логикалық құрылымды жобалау барысында пайдалы болып табылады.Мәліметтер базасының логикалық құрылымы,және де мәліметтермен толтырылған мәліметтер базасы реалды пәндік облыстың көрінісі болып табылады. Сондықтан жобалық шешімдерді таңдауға информациялық модельде көрсетілген, пәндік облыспен көрсетілетін специфика әсер етеді.

Кесте кілтінің атқаратын қызметіне толық түсінік беріңіз

Кесте кілтінің атқаратын қызметі:

І.Жазбалардың қайталануын болдырмау

2.Кортеждерді кілт жиектің (жиектердің) мөндерінің өсу немесе кему ретімен реттеу

3. Кестедегі жазбаларды окуды тездету

4.Кестелерді өзара байланыстыру.

Реляциялық моделде кестелердің байланысы сыртқы кілттер (Foreign Key — FK) арқылы ұйымдастырылады. Сыртқы кілт — мәңдері басқа бір кестенің жазбалары арқылы көрсетілген, яғни басқа бір кестенің негізгі кілтінің мәндерінен тұратын атрибут. Сыртқы кілті анықталған қатыс (кесте) оған сәйкес атрибуты (жиегі) негізгі кілті болып табылатын екінші бір қатысқа (кестеге) сілтеме жасайды деп айтады

Жазбаны кесте кілтінің құрамындағы барлық атрибутгары толық анықгалмағанша МҚ-на жазу, енгізу мүмкін емес. Бұл тәртіп категориялық бүтіндік тәртібі деп аталады және қысқаша былайша тұжырымдалады: кесте кілтінің ешбір атрибуты анықгалмаған болуы мүмкін емес.

Кестелердің арасындағы байланыс түрлері.

"Бірге-бір" байланысы (1:1) екі кестенің де байланыстырушы жиектері олардың кілті болған жағдайда орын алады, сондықган бұл кестелердің өзара дәрежелері бірдей. Бұл байланыс МҚ-да сирек қолданылады, себебі мұндай кестелердегі мәліметтерді ЭЕМ жадын тиімді пайдалану мақсатында бір кестеге біріктіруге болады.

"Көпке-бір" байланысы (М:1) негізгі және қосымша кестені анықгау барысына байланысты МҚ-нда кеңінен қодданылатын "бірге-көп " байланысының (1:М) бір түрі болып табылады.

"Бірге-көп" байланысына (1:М) қоймадан тұтынушыларға жіберілген заттарды есепке алу тарифі бойынша Tovar және Rashod кестелерінің байланысын көрсетуге болады (3,4—суретгер), мұңцағы Tovar— заттың аты, Edjzm — тауардың өлшем бірлігі, Сепа — тауардың бір бірлігінің сату бағасы, Dataras— тауардың жібірілген күні, Kolras — жіберілген заттың саны. Бұл мысалдағы 14.05.04 -не дейінгі мәліметтер бойынша күріш әлі сатылмаған, соңдықган Rashod кестесіңце күрішке сәйкес жазба жок, Rashod кестесінің кілті Tovar және Rashod жиектерінен тұрады.

МҚ құрылымының кең тараған IDEF1X нотациясында "бірге-көп" қатысы "көп" жағында дөңгелекпен аяқталған сызық арқылы көрсетіледі (2,4-суреттер)

"Көпке-көп" байланысы (М:М) негізгі кестенің бірнеше жазбасьша қосымша кестенің бірнеше жазбасы сәйкес болған жағдайда орын алады. 5-суретге "көпке-көп" байланыстағы оку топтарындағы пәндер мен сабақжүргізетін окзытушылар арасындағы катыстар көрсетілген: әрбір топка бірнеше окщушы сабақбереді;

әрбір оқытушы біріншіден, бірнеше пәндерді, екіншіден, әртүрлі топтарда сабақ беруі мүмкін.

Grpred кестесінің бірінші және үшінші жазбаларына Pred_prep кестесінің бірінші жазбасы, ал төртінші жазбасына— екінші және төртінші жазбалары сәйкес келеді. Бұл кестелерді Pred жиектері бойынша біріктіру арқылы әр топтағы пәндерді жүргізетін оқытушылар туралы мәліметгерден тұратьш Gr_pred_prep кестесін алуға болады (6-сурет).

Мәліметтер қорын жобалау барысында бірнеше кесте өзара байланыста болып, бір кесте калған кестелермен әртүрлі қатыста болуы мүмкін. Байланыста тұрған кесте басқа кестелермен тағы да байланысқан жағдайда кестелердің иерархиясы түзіледі.

Қондырылған SQL,

Программалау тіліне SQL операторын енгізуге SQLSystemR-де арнайы оператор бар. SQL-ң енгізудегі негізгі кедергі SQL тілі - реляциондық тіл болуы. Ол дегеніміз программалау тілі негізі скалярлық операция болса, оның операторы – көпшеленген оператормен жұмыс істейді. Белгілі бір курсормен, мынадай оператор орындауға болады. OPEN операторы сұраныс нәтижесінің қатынас материализмін анықтайтын оператор. FETCH операторы қатынасты нәтижелейтін кезектегі кортеж таңдауға мүмкіндік береді. CLOSE операторы курсор жұмысының соңын білдіреді.

Логикалық модельдер.

Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος — «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») — ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды. Логикалық модель пән саласының түсінігін, олардың өзарабайланысын, сонымен қатар пән саласымен қойылатын мәліметтерге шектеулер қояды. Логикалық моделдің негізгі құралы ER-диаграмма (Entity-Relationship, мән – байланыс диаграммасы).

Мәліметтердің физикалық  моделі мәліметтерді нақты МҚБЖ құралдарымен суреттейді.

Мәліметтер қорының  өзі және қосымшасы. Алдағы кезеңнің нәтижесі ретінде мәліметтер қорының өзі пайда болады. Мәліметтер қоры нақты программалық аппаратық негізінде іске асырылды және осы негізді таңдау мәліметтер қорымен жұмыс істеу жылдамдығын көтеруге мүмкіндік береді. Негізгі ролды үлгілеудің ерте кезеңінде дұрыс шешімді қабылдау  ойнайды.

Мәліметтердің логикалық моделінің сапасын  бағалау критериі.  Мәліметтердің логикалық моделінің деңгейінде қабылданған шешімдердің сапасын бағалау үшін физикалық модель терминінде және нақты іске асыруда  кейбір сапаның критерилерін тұжырымдау керек және логикалық үлгілеу процесінде қабылдаған әртүрлі шешімдер  физикалық моделдің сапасына және мәліметтер қорының жұмыс істеу жылдамдығына қалай әсер етеінін қарау. Әрине ондай критерилер көп, бірақ біз кейбіреулерін қарастырамыз:

  • Пән саласындағы мәліметер қорының адекваттылығы

  • Мәліметтер қорын өндеудің және жүзеге асырудың жеңілділігі

  • Мәліметтерді жаңарту операциялардың орындалу жылдамдығы

  • Мәліметтерді таңдау операциялардың орындалу жылдамдылығы

Пән саласының  мәліметтер қорының адекваттылығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]