- •2. Сәулет – құрылыс бөлімі.
- •2.1. Бастапқы мәліметтер.
- •2.2. Бас жоспар шешімі.
- •2.3.Өндірістік корпустың көлемдік – жобалау шешімі.
- •2.4.Тұрмыстық және әкімшілік бөлмелер құрамын және ауданын есептеу.
- •2.5. Жылутехникалық есеп.
- •2.6. Конструктивтік шешім.
- •2.7. Инженерлік жүйелері және коммуникациялары.
- •2.9 Антисейсмикалық шаралар
2.7. Инженерлік жүйелері және коммуникациялары.
Ғимараттың жылу жүйесі – төменгі жағы П тәрізді тұрағы бірқұбырлы. Жылутасу құбырлары – 95-700С. Жылытушы аспаптар – МС-90-108 типті секциялы шойын радиаторлар және «Камфорт» типті болат конвекторлар.
Техникалық жертөледегі магистральды құбырлар синтетикалық байланыс ретінде қалыңдығы 40мм цилиндрлі минерал мақталармен оқшауланады және қалыңдығы 0,2мм шыныматериалмен қапталады.
Желдету жүйесі. Ғимараттың желдету дегеніміз – қызмет атқарылатын
аймақта немесе жұмыс аймағында, орташа қамтамасыз етілмегенде (тәулік бойы жұмыс істегенде 400сағ/ж және 300сағ/ж) күндізгі уақытта бір ауысымды жұмыста болғанда рұқсат етілетін метереологиялық жағдайлар мен ауа тазалығын қамтамасыз ету мақсатымен жылудың, ылғалдың, зиянды және басқа заттардың молдығын жою үшін бөлмелердегі ауаны алмастыру.
Жылдың ыстық (ауа райы жылы) мезгілінде ғимараттың іші орталық кондиционердің көмегімен адиабаталық ылғалдалынады.
Ауа құбыры металлдан жасалынған және оның ғимараттан тыс жерлері
қалыңдығы 70мм болатын минерал мақтамен оқшауланады. Сонымен қатар қалыңдығы 0,2мм шыныматериалмен қапталады. Барлық ауа сорғыштар дірілоқшаулағыш негіздеріне орнатылады. Ауа құбырларында шумен күресу мақсатымен жұмыс аймағына әсерін тигізетін шуоқшаулағыштар қондырылған.
Сумен қамтамасыз ету. Керекті мөлшерде және қажетті сапамен өнеркәсіп кәсіпорындарын сумен қамтамасыз етуге арналған шаралар қарастырылды.
Сумен жабдықтау жүйесі қолданыстағы қалалық жүйеге қосылған.
Су тұтынудың мөлшері СНиП 2.04.01-85 сейкес қабылданды. Су құбырларын жеткізу ГОСТ 10704-76 бойынша дәнекерленген болаттан жобаланған және «Усиленная» типті антикоррозиямен оқшауланған. Құбыр төсемінің тереңдігі 2метр – жобадағы жердің белгісінен құбыр астына дейінгі деңгей.
Тұрмыс және өндіріс канализациясы керамикалық құбырлар арқылы қамтамасыз етіледі. Құбырлардың диаметрі 150 және 200мм.
Жылу жүйелері 1м тереңдікте темір бетон каналдарында орналасқан. Су диаметрі 100,150мм шойын құбыр арқылы қамтамасыз етіледі.
Дренаж жүйесі 4-5м тереңділікте орналасқан және диаметрі 150мм керамикалық құбырлардан жасалған.
Кернеулігі 320,220, 6 және 0,4 кВт электр жүйелерінің кабельдері 0,7-0,9м тереңділікте орналасқан. Телефон байланыс кабельдері траншеяларда жатқызылып, ал радио байланыс ғимараттардың шатырлары бойынша жүргізілген.
Ішкі алаңдардың жүйелері жеке коммуникациялары толық жер астындағы траншеялар көмегімен жүргізілген. Олар автокөлік жолдарының шет жағында және ғимараттардың құрылысының линиялық паралллельді болып саналады.
2.9 Антисейсмикалық шаралар
Ауданның (Тараз қаласы) сеймикалылығы – 9 (тоғыз) балл. Сейсмика құрамы бойынша топырақ категориясы – ІІ (екінші).
Ғимараттың басжоспардағы өлшемдері – х метр, /20/,яғни 4.1-кестесі бойынша бұл өлшемдер аз (құрылыс ауданының сейсмикалылығы 9балл және топырақ қабаты ІІ категорияға арналған).
Ғимараттың жалпы биіктігі метр 4.1.2-кестеде (37бет) көрсетілген өлшемнен аспайды (құрылыс ауданының сейсмикалылығы бойынша 9балл және ғимараттың конструктивтік шешімі темірбетон қаңқалы, қабырғасы – аспалы панель үшін максималды биіктігі – 10метр).
Ғимаратты жобалау барысында сейсмикалық әсерлер кезінде ғимараттың тұрақтылығын қамтамасыз ететін қатаңдық байланыстары («3» - «4» және «8» - «9» осьтерінде) ескерілген.
