- •Коммуналдық гигиена бойынша қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының бітірушілеріне объективті құрылымдық практикалық эмтихан қорытынды аттестациялық бағдарламасы
- •2013-2014 Оқу жылы
- •Мамандықтың бакалавр (бітірушісіне) қойылатын мамандығы бойынша талаптар:
- •Практикалық дағдылар:
- •Қорытынды мемлекеттік атестацияның өткізу процедурасы (қма)
- •II этап
- •Пәнің мазмұны (пәнің бөлімдері)
- •5.2 Пән бойынша тест сұрақтарының базасы:
- •Станция 2 «Жоба бойынша тұрғын бөлменің тжк анықтау»
- •Станция 3 «Жоба бойынша бөлменің үздіксіз инсоляция уақытын анықтау»
- •Бағалау Станция 1 «Атмосфералық ауа сынамасын алу және ластануын бағалау»
- •Пән бойынша Әдебиттер
Практикалық дағдылар:
1. Ауыз судан химиялық, бактериологиялық зерттеулер жүргізу үшін сынама алу әдістемесін меңгеру, алынған лабораториялық зерттеулер нәтижесі бойынша судың сапасын бағалау және қажетті құжаттарды толтыру.
2. Топырақтан химиялық, бактериологиялық және гельминтологиялық зерттеулер жүргізу үшін сынама алу, алынған зерттеулер нәтижесі бойынша топырақтың сапасын бағалау және қажетті құжаттарды толтыру.
3. Топырақтың құрамына гигиеналық зерттеулер жүргізу.
4. Елді мекеннің атмосфералық ауасынан сынама алу және жабық бөлмелерден аспирациялық әдіспен сынама алу.
5. Емдеу-профилактикалық мекемелердің жабық бөлмелерінен, дәріхананың дәрі-дәрмек жасайтын өндіріс орнынан седиментациялық әдіспен ауасынан сынама алу.
6. Санитарлық-қорғау аймағының мөлшерін анықтау.
7. «Жел раушаны» мен «ластану раушаны», оларды құрастыру әдістемелері.
8. Тұрғын аудан территориясынан және бөлмелерден ықшам климатты анықтау көрсеткіштері (температура, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы және ауа ағымының жылдамдығы).
9. Тұрғын және қоғамдық ғимараттардан табиғи және жасанды жарықтану деңгейін анықтау және бағалау.
10. Селитебті территориядан транспортты шудың деңгейін анықтау және бағалау.
11. Жобадан бөлмелерге үздіксіз инсоляция түсу уақытын белгілеу.
12. Жобадан тұрғын бөлмелердегі табиғи жарықтану коэффициентін анықтау.
13. Тұрғын және қоғамдық ғимараттардан ықшам климат көрсеткіштерін зерттеу.
14. Белгілі уақыт аралығына коммуналдық гигиена бөлімінің жұмысына (қауіптілік дәрежесін ескере отырып нысандарды жоспарлау және осы нысандардың зертханалық және ұйымдастыру-әдістемелік жоспарын құрастыру) және есеп беру (тоқсандық , жартыжылдық, 9 айлық, жылдық).
15. Тұрғындар арасында санитарлық салауттылығы бойынша білім деңгейін жоғарлату үшін санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.
Коммуникативтік дағдылар:
1. Жеке және заңды түлғалардың шағымымен жұмыс істей білу. Шағымды қарай білу және оған жауап беру.
2. Арыздарды қарау тәртібі мен оған жауап бере білу.
3. Жіберілген сұрақ пен жауаптарды қарау тәртібі және оған жауап бере білу.
4. Басқа да мекемелермен (әкімшілік, ІІБ, Балқаш Алакөл бассейінің басқармасымен, су дайындау және суды алып кету нысандарымен, жайластыру қызметімен, экология қызметімен, ветеринар қызметімен, прокуратура, сот мекемелерімен және тағы басқаларымен) қарым-қатынас және бірігіп жұмыс істей білу.
Құқықтық компетенция:
1. «Денсаулық сақтау және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі, коммуналдық гигиенаға тікелей қатысты негізгі бөлімдері.
2. «Әкімшілік іс туралы» Қазақстан Республикасының кодексі, халықтың салауаттылығын сақтау туралы бұзушылық туралы негізгі баптары, сонымен бірге гигиеналық нормативтер.
3. «Жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын, өтініштерін қарастыру» туралы Қазақстан Республикасының заңы.
4. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қадағалау және бақылау» туралы заңы.
5. Мемлекеттік қызметкерлердің ар-намысы туралы кодексі.
1. Ауыз және шаруашылық су гигиенасы
2. су нысандарын санитарлық қорғау.
3. Атмосфералық уаныны санититарлық қорғау
4. Елді мекендегі топырақты санитарлық қорғау.
5. Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың гигиенасы.
6. Елді мекендерді жоспарлау.
7. Медициналық қалдықтар ( компостирлеу уақытша сақтау утелдеу, класификациясы)
Өзін –өзі дамыту:
Ғаламтор желісімен жұмыс істеу, әдебиеттермен, оқу және ғылыми материалдам жұмыс істеу.
