- •Гипоталамус және гипофиз гормондары.
- •4. Қалқанша маңы безінің гормондары.
- •5. Қант диабет ауруға қарсы.
- •6. Бұйрек үсті гормондық дәрілер.
- •7 Жыныс гормондық дәрілер.
- •3. Препараты гормонов щитовидной железы.
- •5. Препараты гормонов поджелудочной железы.
- •6. Препараты гормонов коры надпочечников.
- •4. Препараты глюкокортиокоидов для ингаляционного применения
- •7. Препараты половых гормонов.
- •Триамцинолон оказывает выраженное противовоспалительное, противоаллергическое и иммунодепрессивное действие и основном влияет на углеводный и белковый обмен.
4. Қалқанша маңы безінің гормондары.
Қалқанша маңындағы бездің гормоналдық дәрілері – кальцитонин, бұған ұқсас кальцитрин және тахистин - бұл эргокальциферолға ұқсас. – қалқанша маңы бездің жетіспеушілігі кезінде болатын гипокальциемия, спазмофилия кезінде және синдром тетанияда қолданады.
Кальцитрин (Calcitrinum) – гипокальциемиялық дәрі (Педжет ауруы), жетілмеген остеогенез, ортан жіліктің басының асептикалық некрозы, стероидты, паратиреоидты және климактерикалық остеопороз, фиброзды дисплазия, асқынған сүйек жарақаты. Гипокальциемия, жүктілік және бала емізу кезінде қолдануға болмайды. Жанама әсерлері: егу орнында жергілікті аллергиялық өзгерістер, беттің қанталауы, қан қысымының жоғарлауы, құсу, гипокальциемия болуы мүмкін. 1 мл ампулы 50 және 100 ХБ.
Rp.: Calcitrini 100 ХБ
D.t.d. № 6 in amp
S. Күніне 1 рет бұлшық етке.
#
5. Қант диабет ауруға қарсы.
1.Ұйқы безі гормондарының препараты – Insulinum - инсулин 5 мл (200 ЕД) инсулинге тәуелді диабетте (қант диабеті 1 типті).
2. Толбутамид (бутамид), хлорпропамид (диабенезе), глибенкламид (манинил, глюкобене), глипизид, метформин, акарбоза (глюкобай) т.б - инсулинге тәуелсіз диабете (қант диабеті 2 типті).
Ұйқы безінің β-торшасындағы түзілетін гормоны – Инсулин (Insulinum) болып табылады. Бұның гипогликемиялық әсеріне байланысты қантты диабет кезінде қолданылады, өйткені инсулин гипергликемияны және глюкозурияны төмендетеді. Инсулин көбінесе жануарлардан және адамдардан алынады. Әсер ету уақытына қарай олар:
1) қысқа уақытқа - жалпы 4-6 сағат (актрапид НМ);
2) ұзақ уақытқа - 8-12 сағат (изофан-инсулин ГМ, монотпрд НМ, инсулин Лента СПП) және
3) өте ұзақ уақытқа 20-30 сағат (ультратард НМ) әсер ететін болып бөлінеді.
Инсулин ( хумулин, хумалог, актрапид т.б.) – инсулинге тәуелді диабет кезінде қолданылады. Комалық жағдайлар, жұқпалы аурулар, қант диабетін хирургиялық жолмен емдеу кезінде қолданылмайды. Біраздан кейін бас айналу, ашығу және тершеңдік пайда болады.
Rp.: Insulini pro in injectionibus 5 ml (1ml-40 ED)
D.t.d. № 5
S. 0,5-1 мл-ден тері астына 2 рет.
#
Диабетке қарсы қолданылатын жасанды дәрілері химиялық құрылысы бойынша келесі екі топқа бөлінеді: сульфонилмочевина туындысы (Глибенкламид, Глипизид т.б.) және бигуанидтер (Метформин т.б).
Глибенкламид (глюкобене) – инсулинге тәуелсіз диабет кезінде қолданылады. Комалық жағдайларда, кетоацидозда, жасөспірімдерге, жүктілік, бала емізу кезеңінде, бауыр мен бүйрек қызметі бұзылғанда, лейкопения, сульфаниламидтермен бірге, індетті жұқпалы ауруларда қолданбайды. Аллергия, лейкопения, агранулоцитоз, диарея, тромбоцитопения болуы мүмкін. Түймедағы 0,005 г. Бірінші рет қолданғанда 0,0025 г-нан, 0,005 – 0,01 г-ға дейін тағайындайды, кейде мөлшерін 0,02 г-ға көбейтеді.
Rp.: Glibenclamidi 0,005
D.t.d. № 20 in tab.
S. 1 түймедақтан күніне 1-2 рет.
#
Глипизид (глибенез және т.б.) глибенкламидке ұқсас келеді, бірақ денеден жылдам шығады, ішке жиналмайды. Түймедақ түрінде 0,005 және 0,01г шығарылады. Бастапқы мөлшері 0,0025 г – 0,005 (күніне 1 рет), ең үлкен мөлшері 0,03 г (күніне 2-3 реттен). Қолданылуы тағы басқа әсерлері глибенкламидке ұқсас.
Метформин (гликомет және т.б.; қоспа дәрі «глибомат») бигуанид туындысы, қант диабетінің ІІ түрінде (инсулинге тәуелсіз) және семіздікпен бірге болса тәбетті тежейді және ауасыз гликолизді қоздырып отырады. Бұл түймедақ түрінде мөлшері 0,25, 0,5 және 0,85 г-нан шығарылады. Алғашқы қолданылатын мөлшері 0,5 г, тамақпен бірге шайнамай жұту керек. Ең көп мөлшері 2,5 г тәулігіне, орташа мөлшері 0,85 г күніне.
Метформиннің жанама әсерлері: асқазан қызметінің бұзылуы, тері аллергиялық өзгерістері және т.б. жағдайлар. Кері көрсеткіштері: диабеттік кома, бауыр мен бүйректер жұмысының бұзылыстары, миокард инфаркты, анемия және бала емізу және жүктілік.
