- •Мазмұны
- •Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі туралы жалпы сипаттама
- •Кәмелетке толмағандардың азаматтық айналымдағы әрекет қабілеттілігі
- •Кәмелетке толмағандардың еңбегін құқықтық реттеу
- •Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі туралы жалпы сипаттама
- •1.1 Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің заңды табиғаты
- •1.2 Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің ерекшеліктері
- •1.3 Кәмелетке толмағандардың отбасындағы құқықтық жағдайы
- •2.1 Кәмелетке толмағандардың кәсіпкерлік қызметпен айналысу ерекшеліктері
- •Кәмелетке толмағандардың азаматтық айналымдағы әрекет қабілеттілігі
- •2.2 Кәмелетке толмағандарың интелелктуалдық шығармашылық қызметпен айналысу ерекшеліктері
- •3.Кәмелетке толмағандардың еңбегін құқықтық реттеу
- •3.1 Қазақстан Республикасы заңнамалары бойынша кәмелетке толмағандардың еңбегін құқықтық реттеу
- •3.2 Кәмелетке толмағандар еңбегін қорғауды жүзеге асыру шаралары
- •3.4 Кәмелетке толмағандар мүдделерін қорғаншылары мен қамқоршылардың қорғауы
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
3.4 Кәмелетке толмағандар мүдделерін қорғаншылары мен қамқоршылардың қорғауы
Мәмілелерді әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шектеулі адамдардың атынан олардың қамқоршылары мен қорғаншылары жасайтынын жоғарыда айтып өткенбіз. Олар тек кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамдар болуға тиіс.
Әрекетке қабілетсіз азаматтардың мүдделерін қорғайтын қамқоршыларды, ал әрекет қабілеттілігі шектеулі азаматтардың мүдделерін қорғайтын – қорғаншыларды арнайы мемлекеттік қамқоршылық және қорғаншылық жасау органдары тағайындайды.
Егер кәмелетке толмағандардың ата-аналары (асырап алушылары) жоқ болса неесе олар кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғау жөніндегі өз міндеттерін атқара алмаса, кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғау үшін қамқоршылар мен қорғаншылар тағайындалады. Қамқоршылар мен қорғаншыларды тағайындау тәртібін, олардың атқаратын қызметін, құқықтары мен міндеттерін отбасылық заңдар белгілейді.
Ата-анасының қайтыс болуы, олардың ата-ана құқықтарынан айырылуы, олардың ата-ана құқықтарының шектелуі, ата-анасының әрекетке қабілетсіз деп танылуы, ата-анасының сырқаттылығы, ата-аналарының ұзақ уақыт болмауы, ата-аналардың балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруы, соның ішінде ата-аналардың тәрбиелеу, емдеу және басқа да осыған ұқсас мекемелерден өз балаларын алудан бас тартуы, сондай-ақ ата-аналардың қамқорлығы болмаған өзге де жағдайларда, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қорғаншы және қамқоршы органдарға жүктеледі.
Қорғаншы және қамқоршы органдар ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтайды, осындай балалардың есебін алуды жүргізеді және ата-анасының қамқорлығынсыз қалудың нақты мән-жайларын негізге ала отырып, балаларды орналастырудың нысандарын таңдайды, сондай-ақ оларды асырау тәрбиелеу және білім беру жағдайларына одан әрі бақылау жасауды жүзеге асырады.
Қорғаншы және қамқоршы органдардан басқа, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың қызметіне жол берілмейді.
Қорғаншылық және қамқоршылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, оларды асырау, тәрбиелеу және білім беру мақсатында, сондай-ақ олардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін белгіленеді. Қорғаншылық және қамқоршылық әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін де белгіленеді.
Қорғаншылық он төрт жасқа толмаған балаларға, сондай-ақ психикалық аурудың салдарынан немесе ақыл-есінің кемдігінен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдарға белгіленеді. Қорғаншылық қайтыс болған немесе соттың шешімімен өлді немесе хабарошарсыз кеткен деп танылған кәмелетке толмаған адамның, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне тағайындалады. 58
Егер қорғаншылық және қамқоршылық белгіленген адамның басқа жерде мүлкі болса, онда осы мүлікті басқару үшін қорғаншы және қамқоршы органдар мүліктің тұрған жерінде қорғаншы тағайындай алады.
Қамқоршылық он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ спиртті ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуы салдарынан сот әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарға белгіленеді. Денсаулығының жай-күйіне байланысты өзінің құқықтарын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын және міндеттерді орындай алмайтын кәмелетке толған әрекет қабілеттілігі адамдардың арызы бойынша оларға қамқоршылық белгіленуі мүмкін.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі өз функцияларын: кәмелетке толмағандарға қатысты білім беру мен денсаулық сақтаудың жергілікті уәкілетті органдары арқылы; кәмелетке толғандарға қатысты халықты әлеуметтік қорғаудың жергілікті уәкілетті органдары арқылы жүзеге асырады.
Қорғаншы және қамқоршы органдар баланың және оны тәрбиелеуге үміткер адамның (адамдардың) тұрмыс жағдайларына зерттеу жүргізуге және зерттеу актісін сотқа табыс етуге міндетті. Қорғаншы және қамқоршы органдар өздерінің міндеттерін осы органдар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ереже негізінде жүзеге асырады.
Қорғаншы және қамқоршы органдар қорғаншылық пен қамқоршылықты қажет ететін адамның тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық белгілейді. Жекелеген жағдайларда қорғаншылық пен қамқоршылық қорғаншының (қамқоршының) тұрғылықты жері бойынша белгіленуі мүмкін. Адамды әрекетке қабілетсіз немесе оның әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы шешім заңды күшіне енген кезден бастап үш күн ішінде сот бұл туралы оған қорғаншылық және қамқоршылық белгілеу үшін сол адамның тұрғылықты жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға міндетті.
Адамға қорғаншылықты және қамқоршылықты белгілеу қажеттігі туралы тиісті органдарға белгілі болған кезден бастап бір ай ішінде қорғаншылық және қамқоршылық белгіленеді. Қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауға мүдделі адамдар сот тәртібімен шағымдануы мүмкін.
Сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарды; сот бойынша ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтарын сот шектеген адамдарды; өзіне заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерден шеттетілген адамдарды; егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойған болса, бұрын бала асырап алушыларды; денсаулығының жай-күйіне байланысты баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда, екі жыныстың да кәмелетке толған адамдары қорғаншылар (қамқоршылар) бола алады.
Қорғаншы немесе қамқоршы тек оның келісімімен ғана тағайындалуы мүмкін. Егер бұл қорғаншылыққа алынушының мүдделеріне қайшы келмесе, қорғаншыны немесе қамқоршыны тағайындауда жұбайының, ата-анасының, туыстарының немесе қорғаншылыққа алынушыға жақын басқа да адамдардың басым құқығы болады.
Егер қамқорлыққа алынушылардың мүдделерінің арасында қайшылық болмаса, бір қорғаншыны немесе қамқоршыны бірнеше адамға тағайындауға жол беріледі. Әрекетке қабілетті және ата-ана құқықтарынан айырылмаған, бірақ балаларының тәрбиесін жүзеге асыра алмайтын ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына қорғаншы және қамқоршы тағайындалатын кезде, қорғаншылар және қамқоршылар ата-аналардың тілегі ескеріле отырып тағайындалады.
Балаға қорғаншы (қамқоршы) тағайындау кезінде қорғаншының (қамқоршының) адамгершілік және өзге де жеке қасиеттері, оның қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерді орындау қабілеті, қорғаншы (қамқоршы) мен баланың арасындағы қатынастар, қорғаншы (қамқоршы) отбасы мүшелерінің балаға деген көзқарасы, сондай-ақ, егер бұл мүмкін болса, баланың өз тілегі ескеріледі. Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы етіп тағайындалатын адам некеде тұрса, оның жұбайының келісімі талап етіледі.
Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты қажет ететін және тиісті тәрбие, емдеу мекемелерінде, халықты әлеуметтік қорғау мекемелерінде тұрып жатқан адамдардың қорғаншылары мен қамқоршылары осы мекемелердің әкімшілігі болып табылады. Қорғаншының (қамқоршының) осындай мекемелерге баланы уақытша орналастыруы қорғаншының (қамқоршының) осы балаға қатысты қорғаншылық (қамқоршылық) құқықтары мен міндеттерін тотатпайды.
Қорғаншылар мен қамқоршылар өз қамқорындағылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды кез келген адамдарға қатысты, соның ішінде сотта арнайы өкілеттіксіз қорғай алады.
Қорғаншылар заң жүзінде қамқоршылыққа алынғандардың өкілдері болып табылады және барлық қажетті мәмілелерді олардың атынан және олардың мүдделерін көздеп жасайды. Қамқоршылар өздерінің қамқоршылығындағы адамдардың өз бетінше жасауға құқығы жоқ мәмілелерді жасауға келісім береді, қамқоршылығындағылардың өз құқықтарын жүзеге асыруына және міндеттерін атқаруына жәрдем көрсетеді, сондай-ақ оларды үшінші бір тұлғалардың тарапынан ықтимал қиянаттардан қорғайды.
Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі міндеттер тегін атқарылады. Қорғаншы (қамқоршы) қамқоршылығына алынғандарды өз есебінен асырап бағуға міндетті емес. Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағу қамқоршылыққа алынушының алатын жалақысы, алименті, зейнетақысы және басқа да әлеуметтік төлемдері есебінен, сондай-ақ оған тиесілі мүліктер есебінен жүзеге асырылады.
Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағуға жеткілікті қаражат болмаған кезде, қорғаншы және қамқоршы органдар оны асырап-бағуға жәрдемақы тағайындайды. Қорғаншылар мен қамқоршылар өздерінің қамқорлығына алынғандарды асырап-бағуға, оларды бағып-күту мен емдеуді қамтамасыз етуге, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қамқорлық жасауға міндетті. Аталған міндеттер сот әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған кәмелетке толған адамдардың қамқоршылығына жүктелмейді /26/.
Қамқоршылыққа алынушы адамның кірістерін, соның ішінде оның мүлкін басқарудан түсетін кірістерін, қамқоршылыққа алынушының өзі дербес билік етуге құқығы бар кірістерін қоспағанда, тек қана қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне сай және қорғаншы мен қамқоршы органның алдын ала рұқсатымен қорғаншы немесе қамқоршы жұмсайды. Қорғаншы және қамқоршы органның алдын ала берген рұқсатынсыз, қамқоршылыққа алынушының оның кірісі ретіндегі тиесілі сомасы есебінен қорғаншы мен қамқоршы қамқоршылыққа алынушыны асырау үшін қажетті азын-аулақ шығыстар жасауға құқылы.
Қорғаншы және қамқоршы органның алдын ала берген рұқсатынсыз қорғаншының иеліктен алу жөніндегі мәмілелер жасауға, ал қамқоршының мәміле жасауға келісім беруге, соның ішінде қамқоршылыққа алынушының мүлкін айырбастауға немесе сыйға тартуға немесе оның атынан кепіл болу шартын жасасуға, оны жалға (жалдауға), тегін пайдалануға немесе кепілге беруге, қамқорлыққа алынушының заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлікпен тиесілі құқықтарынан бас тартқызуға әкеп соғатын мәмілелер жасауға, оның мүлкін бөлуге немесе одан үлес бөлуге, сондай-ақ қамқоршылыққа алынушының мүлкін азайтуға әкеп соғатын басқа да кез келген мәмілелер жасауға құқығы жоқ. Аталған мәмілелер нәтижесінде қорғаншы алған қаражаттың қалай жұмсалуға тиіс екенін қорғаншы және қамқоршы орган белгілейді.59
Қамқоршылыққа алынушының мүлкін басқару тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді. Мүлікті қамқоршылығына алушыға сый ретінде немесе тегін түрде пайдалануға беруді қоспағанда, қорғаншының (қамқоршының), олардың жұбайлары мен жақын туыстарының қамқоршылыққа алынушымен мәмілелер жасауға, сондай-ақ мәмілелер жасау кезінде немесе қамқоршылыққа алынушы мен қорғаншы немесе қамқоршының жұбайы және олардың жақын туыстары арасында жүргізілген сот ісінде қамқоршылыққа алынушының атынан өкілдік білдіруге құқығы жоқ.
Қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалмастан бұрын туындаған қамқоршылыққа алынушының қорғаншысына (қамқоршысына), оның жұбайына немесе туыстарына қарыздары қорғаншы және қамқоршы органның рұқсатымен төленеді.
Қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толмаған қамқоршылыққа алынушы өз ата-анасына қайтып оралған немесе ол асырап алушыға қайтарылған жағдайларда, қорғаншыны немесе қамқоршыны өз міндеттерін атқарудан босатады. Қамқоршылыққа алынушыны тәрбие, емдеу мекемесіне, халықты әлеуметтік қорғау мекемесіне немесе басқа да мекемеге орналастыру кезінде, егер бұл қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне қайшы келмесе, қорғаншы және қамқоршы орган бұрын тағайындалған қорғаншыны немесе қамқоршыны олардың өз міндеттерін атқарудан босатады.
Дәлелді себептер болған кезде (сырқаттану, мүліктік жағдайдың өзгеруі, қамқорлыққа алынушымен өзара түсініспеушілік және т.с.с) қорғаншы немесе қамқоршы оның өтініші бойынша өз міндеттерін атқарудан босатылуы мүмкін. Қорғаншы немесе қамқоршы өзінің тиісті міндеттерін тиісінше атқармаған жағдайда, соның ішінде өзінің қорғаншылығын немесе қамқоршылығын жеке басының пайдасы мақсатында пайдаланған кезде немесе қамқоршылыққа алынушыны қадағалаусыз және қажетті көмексіз қалдырған жағдайда, қорғаншы және қамқоршы орган қорғаншыны немесе қамқоршыны осы міндеттерді атқарудан шеттеуі және кінәлі адамды заңмен белгіленген жауапқа тарту үшін қажетті шаралар қолдануы мүмкін.
Қамқоршылыққа алынушыны әрекетке қабілетті деп тану немесе қорғаншының, қамқоршының немесе қорғаншы және қамқоршы органның арызы бойынша оның әрекет қабілеттілігі шектеулілігінің күшін жою туралы сот шешім шығарған жағдайларда кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық және қамқоршылық тоқтатылады.
Жасөспірім қамқоршылыққа алынушы он төрт жасқа жеткен соң оған қорғаншылық тоқтатылады, ал қорғаншылық міндетін жүзеге асыратын адам бұл туралы қосымша шешімсіз кәмелетке толмаған баланың қамқоршысы болады. Кәмелетке толмаған балаға қамқоршылық он сегіз жасқа жеткен кезде арнайы рұқсатсыз, сондай-ақ ол некеге отырған кезде және кәмелетке толғанға дейін ол әрекетке толық қабілетті болған басқа да жағдайларда қамқоршылық тоқтатылады.
Қорғаншылардың және қамқоршылардың әрекетіне кез келген адам қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне сай қорғаншы және қамқоршы органға не оның тұрғылықты жері бойынша сотқа шағым жасай алады.
Қорғаншы және қамқоршы органдардың барлық мәселелер жөніндегі шешімдеріне мүдделі адамдар сот тәртібімен шағым жасай алады.
Қорғаншылық және қамқоршылық нысанындағы патронат ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның ішінде тәрбиелеу, емдеу немесе осы тәрізді басқа да мекемелердегі кәмелетке толмаған балаларға белгіленеді. Баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдіруші адам (патронат тәрбиеші) мен қорғаншы және қамқоршы орган арасында жасалған баланы (балаларды) тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың туындау негізі болып табылады. Патронат туралы Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға міндетті. Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағу туралы келісім (алимент төлеу туралы келісім) жасауға құқылы. Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап- бағуына алмаса, кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға арналған қаражат (алимент) ата-аналардан сот тәртібімен өндіріп алынады. Ата-аналардың алимент төлеу туралы келісімі болмағанда, кәмелетке толмаған балалар асырап-бағуға алынбағанда және сотқа талап-арыз берілмегенде қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-анасынан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы талап қоюға құқылы.
Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің – төрттен бірін; екі балаға - үштен бірін; үш және одан да көп балаға - тең жартысын өндіріп алады.
Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып кемітуі немесе көбейтуі мүмкін. Ата-аналардың ұлттық және (немесе) шетел валютасымен алатын және кәмелетке толмаған балаларға алимент ұсталып қалатын табысының және (немесе) өзге де кірісінің түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеу туралы келісімі болмаған жағдайда және ата-ананың табысына және (немесе) өзге де кірісіне үлестік қатынаста алимент өндіріп алу мүмкін болмаған, қиындық тудырған немесе тараптардың бірінің мүдделерін айтарлықтай бұзатын жағдайларда, сот тұрақты ақша сомасында немесе сонымен бірге үлесте тұрақты ақша сомасында ай сайын өндіріп алынатын алимент мөлшерін белгілеуге құқылы. Мұндай жағдайларға үнемі алынбайтын, өзгермелі табысы және (немесе) өзге де кірістері бар ата-аналардан не табысын және (немесе) өзге де кірістерін толығымен немесе ішінара заттай алатын ата-анадан алимент өндіріп алу жатады.
Тұрақты ақша сомасының мөлшерін сот баланың бұрынғы қамтамасыз етілу деңгейін мүмкіндігінше барынша сақтауды негізге алып, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мән - жайларды ескере отырып белгілейді. Егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса, алимент мөлшерін аз қамтамасыз етілген ата-ананың біреуінен екіншісінің пайдасына ай сайын өндіріп алынатын және сот белгілейтін тұрақты ақша сомасы белгіленеді.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға алимент өндіріп алынады және балалардың қорғаншысына (қамқоршысына) немесе олардың патронат тәрбиешісіне төленеді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және тәрбиелеу, емдеу мекемелері мен өзге де мекемелердегі балаларға ата-аналарынан өндіріп алынатын алимент сол мекемелердің шотына аударылады, онда әр балаға бөлек есептеледі.60
Аталған мекемелер бұл соманы банкілерге салуға құқылы. Келіп түскен алимент сомасының айналысынан түскен кірістің елу проценті аталған мекемелердегі балаларды асырап-бағуға пайдаланылады. Бала мұндай мекемеден кеткен кезде оған төленген алимент сомасы және оның айналасынан түскен кірістің елу проценті уәкілетті банкте баланың атына ашылған шотқа аударылады.
Ата-аналар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын асырап-бағуға міндетті. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларға алимент төлеу мөлшерін сот алимент төленетін кезде қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынасында, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен назар аударарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып белгілейді.
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуы, соның ішінде бала асырап алудың күшін жоюдың заң талаптарын сақтай отырып Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік болып табылатын баланы асырап алған жағдайда баланың заңды өкілінің және бала азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының келісімін, сондай-ақ егер аталған мемлекеттің заңдарына сәйкес талап етілетін болса, асырап алуға баланың да келісімін алу қажет.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын баланы асырап алуды бала асырап алушы азаматы болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті орган жүргізген ретте Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге кеткенге дейін баланы? тұратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органынан немесе оның ата-анасынан (олардың біреуінен) бала асырап алуға алдын-ала рұқсат алынған жағдайда Қазақстан Республикасында заңды деп танылады.61
Егер бала асырап алудың нәтижесінде баланың Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген құқықтары бұзылса, бала асырап алудың күші сот тәртібімен жойылуға тиіс.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды шетелдіктерге асырап алуға берудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Шетелдіктерге асырап алуға берілген балаларға бақылау жасауды Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi жүзеге асырады.
