Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ma_1179_pal_apaydan_bilet_zhauaptary (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
362 Кб
Скачать
☆
  1. С.Мұқанов шығармашылығы және “Сұлушаш” (1928) поэмасы.

“Сұлушаш” (1928). Поэманың сюжетіне негіз болған материал. Ақынның ойдан қосуы және оның шығарманың көркемдік-идеялық жүйесіндегі орны. Сұлушаш, Алтай, қайсар бейнелері. Поэманың көркемдік ерекшеліктері. Поэманың кейіпкерлері Сұлушаш пен Алтай екі түрлі әлеуметтік ортадан шыққан. Сұлушаш атақты Тілеуберді байдың ерке өскен қызы болса, Алтай байдың малын бағып жүрген жалшы жігіт. Өмірден көрген қиындығы мен таршылығы Алтайдың намысшыл,жігерлі болып өсуіне ықпал етеді. Алтай Сұлушашқа ғашық болады. Қыз да өнерлі жігітті ұнатады. Бірақ қоғамдағы салт-сана тәртібі екеуінің қосылуына жол бермейді.Өйткені бірі- байдың қызы, бірі-құл мен күннің баласы. Армандарына жету жолында жастар көп киындықтар көреді. Озбырлардан қанша қысым көрсе,олар өз сезімдері жолында бастарын тәуекелге бөледі. Ақынның өз заманы туралы жазған шығармалары. “Майға сәлем”, “Ақ аю”, “Колхозды ауыл осындай”, “Сөз Советтік Армия”, “Поэзия маршалы”, т.б. Олардағы ақындық ізденіс іздері. Ақынның В.Маяковскийден үйренуі, қазақ өлең құрылысына енгізген жаңалығы. Прозалық шығармалары. “Адасқандар” (1931), “Жұмбақ жалау” (1938), “Ботакөз”. Романның қазақ әдебиетінде реализм әдісі негізінде көрінген шығарма екендігі. Жазылу тарихы. Тақырыбы мен көтерген мәселесі. Романның сюжеттік желісін құрған тарихи оқиғалар, оларды жинақтау мен даралаудағы суреткерлік нысана. “Менің мектептерім”, “Өмір мектебі”, “Есею жылдары”. Шығарманың жанрлық сипаты, онда қазақ халқының өмірінің суреттелу жолдары. Баяндаушының өз бейнесі. Дәуір шындығы және көркемдік жинақтау. “Сырдария” романы (1948-1951). Тақырыбы. Еңбек адамдарының бейнелері. Байжан, Айбарша, Дәулет, Сырбай, Анатолий, Самархан, Наталья, Рахмет сияқты басты кейіпкерлердің образдары, олардың өсу жолы. Романдағы халықтар достығы. Романның көркемдігі. Баяндау, суреттеу, әңгімелеу жолдары. Шығарманың тілі. “Мөлдір махаббат” (1959) романы. Шығарма тақырыбының тууы. Жазушының өмір шындықтарын жинақтау жолдары. Бүркіт пен Бәтестің махаббат тарихы, олардың еркін өмір жолындағы әрекеттері. Романның басты кейіпкерлері және олардың прототиптері. Драмалық шығармалары: “Күрес күндерінде” (1938), “Сәкен Сейфуллин” (1964), “Қашқар қызы” (1972), “Шоқан Уәлиханов” (1953). “Аққан жұлдыз” (1967, 1970). Романды тетрологиялық деңгейде жазу туралы автордың ойы. Ол ойдың толық жүзеге аспауы. Романның алғашқы екі кітабында көрініс тапқан өмір шындықтары. Шоқан Уәлиханов бейнесі. Әдебиет сыны мен әдебиет тарихын зерттеудегі еңбектері “Өсу жолдарымыз”, “Халық мұрасы”, “Жарқын жұлдыздар” “ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихының очерктерің оқулығы. Жазушы творчествосының зерттелу жайы, қазақ әдебиеті тарихында алатын орны.

2-билет. 2БИЛЕТ

  1. Ұлттық газет - журналдардың туу, қалыптасуы мен дамуы.

ХХ ғасырда белгілі фольклортанушылар Ә.А.Диваев, М.Көпеев еңбектері жарияланды. Сондай-ақ қазақ фольклорының үлгілері ресейлік басылымдармен қатар қазақ тіліндегі баспасөз беттерінде де үздіксіз жариялана бастады. XX ғасырдың басында халық мұрасын жинау, жариялау ғылыми-зерттеу жұмыстарымен сабақтаса жүргізілді. 1905 жыл революциясынан кейін қазақша газет, журналдар да шыға бастады. Яғни бұл кезде қазақ тілінде 6 газет, журнал шықты; ол газет, журналдар мыналар еді. «Серке» газеті Петербурда татар тілінде шығып тұрған «Үлфәт» деген газетке қосымша ретінде 1907 жылы Петербурда шыққан. Бір нөмірі шығып тоқтап қалған. Редакторы Хажы Ыбраимов деген кісі болған. «Қазақ ғазиты» 1907 жылы март айында, Троицкі қаласында шыққан. Бір нөмірі шығып тоқтап қалған. Шығарушысы Хайм Шумлих Сосновский, бастырушылар Жетпісбай Андреев, Ешмұхамбет Иманбаев деген кісілер болады. Яғни ресми мекемелердің кісілері шығарды, редакторы болды. Жартылай ресми газет еді. «Қазақстан» газеті, 1911 жылы 16 марттан бастап Ордада екі тілде, шағын көлемді, 6 бет болып шықты. Ол жылы 4 саны шығып тоқтап қалып, 1913 жылы, 28 январьдан қайта шыға бастады. Барлығы 13-14саны шықты. Оның шығарушысы Елеусін Бұйырин деген адам болды. Газеттің бірінші бетінде: «Газеттің асыл мақсаты: кәсіп ету, ғылым үйрену турасында деп жазылды. Қазақ» газеті – 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым.ХХ ғасырдың басындағы Алаш зиялыларының үні болған бұл тарихи газет сол тұстағы қазақ баласының ойын, ұлттық өресін тәрбиеледі. Ұлт-азаттық қозғалыстың басты басылымы болған «Қазақ» газеті Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы бастаған ұлы шоғырдың ұлт алдындағы орасан еңбектерін халыққа таныта отырып, әлеуметтің саяси жағынан сауаттануына, ұлттық намысының оянуына, тұтас ел болып ұйысуына өлшеусіз еңбек сіңірді. Бұл газет көтерген идеялар халқымызды біріктіріп, тәуелсіздікке ұмтылуына қуат берді. «Алаш» партиясының, автономиясының үні болған газет халқымыздың күрес жолындағы айғақтарына толы басылым. Бірінші саны 1913 жылғы 2 ақпанда шыққан. 1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шығып тұрған. Бастырушысы – «Азамат» серіктестігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл – «қазақ ұлты» деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды. «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы – А.Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М.Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш, Р.Мәрсеков, Ж.Тілеулин, Ғ.Мұсағалиев, М.Жұмабаев, Х.Болғанбаев, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, А.Мәметов, Х.Досмұхамедұлы, С.Дөнентайұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды. ХХ ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты. «Қазақ» газеті бетінде жарық көрген материалдар ұлт-азаттық қозғалысын зерттеуге, оның тұлғаларының өмірбаянын толықтыруға, «Алаш» партиясының, Алашорда үкіметінің тарихын тануға мол дерек береді.

Тарихи деректерге қарағанда, «Қазақ» деген атаумен қазақ газетін шығаруға ресми рұқсат Ахмет Байтұрсынұлына 1905 жылғы желтоқсанның 9-ы берілген. Ал апталық «Қазақ» газетінің алғашқы саны 1913 жылғы ақпанның 2-сінде жарық көрді де, 1915 жылдан аптасына екі рет шығатын болды. Газет қолдан қолға, ауылдан ауылға өтіп, тозып жетіп жыртылғанша оқылды. «Қазақ» газетін метрополияның Киевтен Қазанға, Санкт-Петербургтен Томскіге дейінгі университеттерінде білім қуып жүрген қазақ студенттері жаздырып оқығаны туралы деректер кездеседі. Аз уақыт ішінде «Қазақ» 5 миллионға жуық көшпенді халықтың көпшілігі білетін басылымға айналды.. Егер қайсыбір басылым, мысалы, «Қазақстан» мен «Қазақ газеті» немесе «Айқап» негізінен қаржының жетіспеуінен тоқтап қалған болса, «Қазақ» газетінің сенімді демеушілері болғанына мынадай дәлел бар: газет шығып тұрған 1913 жылдың ақпанынан 1917 жылдың соңына дейін оның бас редакторы Ахмет Байтұрсынұлы сан рет тұтқынға алу немесе айыппұл төлеу секілді түрлі жазаға тартылса, абақтыға жабылған әр жолы бірнеше мың патша рублі мөлшерінде ақшалай кепілдік төлеп босап шығуына тура келетін. Ол заманда мұндай қаржыға «Қазақ» секілді бірнеше газет ұйымдастырып басып тұруға болатын. Әлихан Бөкейхан 1910 жылы Санкт-Петербургта жарық көрген «Қазақтар» атты тарихи очеркінде атап көрсеткендей, 1917 жылғы дейін қазақ арасында қалыптаса бастаған екі саяси толқынның бірін «ұлттық-діни қозғалыс» деп атауға болады. Екінші саяси қозғалысты Бөкейхан «батысшыл» деп атайды және «ол қазақ даласының келешегін – ең кең мағынада айтқанда – саналы түрде Батыс мәдениетін жүзеге асыру арқылы көреді». Егер де алдыңғы мерзімді басылымдарды негізінен ұлттық-діни қозғалыстың өкілдері ашқан болса, «Қазақ» газетінің құрылтайшылары - Әлихан Бөкейханның өзі мен оның сенімді үзеңгілестері Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлы сынды «батысшылдар» болатын. Оксфорд университетіндегі Орталық Азияны зерттеу қоғамының пікірінше, «Қазақтың барлық маңдайалды жетекшілері оның  [«Қазақ» газетінің] қызметкерлерінің арасында жүрді, оның ішінде М.Жұмабайұлы, М.Дулатұлы, Х.Досмұхамедұлы, Е.Омарұлы, А.-Х.Жүндібайұлы, М.Тынышбайұлы және тағы басқалар бар...». Біздің қазақ өзінің атынан айрылып, қырғыз атанып жүрмекші емес. Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ. «А.Байтұрсынұлы және басқалар өздерінің қазақ тарихы, қазақ фольклоры және лингвистикасы туралы зерттеулерін жариялады. Жалпы «Қазақ» газеті өте жоғары ғылыми деңгейге жетті» деп есептейді Оксфорд университетінің зерттеушілері. Әйтсе де «Қазақ» газетінің құрылтайшылары ағартушылықпен қатар, негізі 1905 жылғы «Қарқаралы петициясына» жазылған саяси мақсаттар мен мүдделерді де, оның ішінде стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырғысы келді. Петицияда көрсетілмеген маңызды мүдденің бірі - газеттің атауы. Ол туралы «Түрік баласы» газеттің екінші санынан бастап «Қазақ тарихы» айдарымен жарияланған тізбекті мақаласында былай деп жазды: «...Біздің қазақ өзінің атынан айрылып, қырғыз атанып жүрмекші емес. Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ. Осы ғасырдағы әлем жарығына қазақ көзін ашып, бетін түзесе, өзінің қазақшылығын жоғалтпағандай, және өзіміздің шарқ әдетіне ыңғайлы қылып «Қазақ мәдениеті» (Казакская культура) құрып, бір жағынан «Қазақ әдебиеті» (Казакская литература) тұрғызып, қазақшылығын сақтамақшы» (Түрік баласы. Қазақ тарихы. «Қазақ» газеті, 16 ақпан, 1913 жыл, № 3). «Қазақ» пен оның құрылтайшыларының орта және ұзақ мерзімге жоспарлаған мақсаттарына келсек, олар мыналар: - Қазақтардың 1907 жылғы 3 маусым заңымен жойылған сайлау және сайлану құқығын қалпына келтіру;  Келімсектерді қоныстандыру арқылы отарлау саясатына қарсы тұру және тәркіленген жерлерді қазақтарға қайтарып алып, меншікті жері ретінде заңдастыру; - «Ауыл мектептеріне қазақ әліппесін енгізу, осы мектептерде балаларды ана тілінде оқыту» және «Болыс кеңселері мен халық соттарында ісқағаздарын қазақ тілінде жүргізу» арқылы астыртын және ашық орыстандыру саясатына төтеп беру; 

«Айқап» қазақ халқының қоғамдық ой –пікірінің, әдебиетінің, өнері мен тілінің дамуына үлкен әсер етті. Оның бетінде халыққа білім беру, мәдени – ағарту мәселелері көтерілді. Медицина, агротехника, ғылым мен техниканың табыстарына недәуір көңіл бөлінді. Журналда, сонымен қатар, әйелдердің намысын қорлайтын (қалың мал, бірнеше әйел алу, теңсіз неке сияқты) феодалдық қалдықтарды жою туралы көптеген мақалалар жарияланды.«Айқаптың» хатшысы болып 1911-1912 жылдары Әкірам Ғалимов, 1913-1914 жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров істеді. Қызметкер, тілші, автор болып Жиһанша Сейдалин, Спандияр Көбеев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Бақытжан Қаратаев, Молдағали Жолдыбаев, Бекмырза Бекжанов, Нұралдин Айтмұқанбетов, Есенғали Хасаболатов т.б. қатысты. «Айқап» және оның редакторы сол кездегі саяси-әлеуметтік мәселенің ең бастысы-жер мәселелесі екенін жақсы түсінді. Мұны олар бектік-феодалдық қалдықтарына қарсы күрес барысында батыл көтере білді. Басталып кеткен империалистік соғыс жағдайында жеке адамдар қаржысымен шығарылып келген журнал көп өмір сүре алған жоқ. Оған цензураның бақылауы күшейді. Кейбір зерттеушілердің анықтауына қарағанда, журналда Ф.Ф.Сыромолотовтың болашақ соғыстың сипаты туралы мақаласын жариялауға тыйым салып, цензор М.Сералинді Сибирьге жер аударамын деп қорқытқан. «Айқап» журналының прогресшіл қазақ интеллигенциясына игі әсер тигізгенін, оның жетекші қызметкерлері кейін көрнекті советтік қоғам қайраткерлері, жазушы және публицист болғанынан айқын көреміз. «Садақ» атты қолжазба  журналды (1915-1918) Уфа қаласындағы «Ғалия медресесінде» оқып жүрген қазақ жастары шығарып тұрған. Оны ұйымдастырушы Бейімбет Майлин және Жиенғали Тілепбергенов болды. Журнал мақсаты – оқуға келген қазақ жастарына жол – жоба көрсетіп, қалам ұстауды, сөз жазуды үйрету, өткендегі өмірдің жақсылық жағын өнеге етіп, жаманшылығынан бездіру.  Онда Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Білімдіден шыққан сөз» деген махаббат, тәлім – тәрбие жөніндегі және «Әкесінің баласы, адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың» деген  сияқты жастарға арналған бірнеше нақыл сөздер басылған.  «Садақта» новелла сияқты қысқа әңгімелер, көлемді повестер, очерктер, сын мақалалар, қазақтың ауыз әдебиетінің нұсқалалары жарияланды. Жалпы алғанда журналдың бағыты мәдени-ағартушылық сипатта болды.  Омбыда оқитын қазақ жастары 1913 жылдың күзінде «Бірлік» атты жасырын ұйым құрған болатын. Бұл ұйымға алғашқы кезде Шаймерден Әлжанов, Нығмет Нұрмақов, Сәкен Сейфуллин белсене қатысып, басшылық етті. «Біздің программамыз және көздеген мақсатымыз, - деп жазды Сәкен «Бірлік» ұйымы туралы,- қазақ арасында мәдени – ағарту  жұмысын жүргізіп, қазақ әдебиеті арқылы патша үкіметінің қысымшылығына  қарсы идея тарату еді. Сәкеннің басшылығымен ұйым мүшелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын әшкерелейтін листовкаларды кішкене прессмашинаға бастырып, қазақ ауылдарына таратып тұрды. Профессор Е.Ысмайловтың айтуынша, Сәкен бастаған топ «Бірліктің» алдына тек мәдени – ағартушылық мақсат емес, сонымен саяси күрес программасын да ұсынған. 1914 жылы ұйымның қала сыртындағы жиналысында Сәкен орыс революционерлерімен бірге патша үкіметіне қарсы күреске қазақ еңбекшілерін қатыстыру мәселесін қояды. «Бірліктің» бірталай мүшелері, буржуазияшыл ұлтшылдар, патша үкіметіне қарсы күрес кезінде қазақ тең аралықта тұрсын деген ұсыныс жасайды. Бұған Сәкен қарсы шығады. Сәкен бастаған топ кейін 1918 жылдың бас кезінде алашордашылардың ықпалында болған «Бірліктен» бөлініп кетіп, өз алдына «Демократиялық совет» деген ұйым құрғаны белгілі   «Ешім даласы» газеті 1913 жылғы сентябрь айынан бастап Петропавлда екі тілде (қазақ, татар тілдерінде) шыға бастап, жыл аяғында жабылып қалған. Ол шығын көлемді, жетісіне үш рет «Ишимский край» газетінің баспаханасында басылып тұрған «Ешім даласы» жөнінде татар баспасөзінің тарихын зерттеуші И.Рамиль былай деп жазады… «Бұл газет қазақтарды отырықшыландыру мақсатын көздеді. Жыл аяғында газет жабылды. Шығарушылар жазаға бұйырылады» Тегінде, орталықта және шет аймақтарда революциялық қозғалыс өрлеп тұрған және бірінші империалистік соғыс басталып кеткен жағдайда аграрлық мәселенің шешілуін талап еткен газеттің өмірі ұзақ болуы мүмкін емес еді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]