Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5.6.37 Улпан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73 Кб
Скачать
☆

А) демеуліктер:

1) көлемдік: таман, қарай, шейін, жуық, арқылы шылаулар арқылы жасалады: Миниск арқылы

2) мезгілдік: бітіргеннен кейін, үш күннен бері, таңға жуық оянды.

3) мақсаттық: меңгеру үшін жеңді, зеррттеу үшін кірісті.

Ә) көмекші есімдер: терезенің алдында тұр, төсек үстінде жатыр, түн ішінде түсеміз.

  1. Матаса байланысқан сөз тіркестері, олардың сыңарлары (изафет).

Ілік септігіндегі сөздің тәуелдік жалғауындағы сөзбен өзара байланысуы матасу деп аталады. Мысалы: Матаса байланысқан сөздердің бірінші сыңары ілік септігіндегі жеке сөзден де, бірнеше сөзден де бола береді. Осыған қарай матасу жай матасу және күрделі матасу деп бөлінеді. Бірінші сыңары ілік септігінде тұрған сөзбен байланысу жай матасу деп аталады. Мысалы: біздің колхоз;  Сенің кітабың. Бірінші сыңары екі не бірнеше сөздердің өзара сатылап бір-бірімен іліктесе байланысуы күрделі матасу деп аталады. Мысалы: Менің жолдасымның дәптері. Сенің жолдасыңның сөзі.  Оның жолдасының кітабы.

Кейде III жақ тәуелдік жалғаулы сөзбен байланыскан сездір ілік септік жалғауы айтылмайды. Мысалы: егіс даласы, ел байлығы. Тек біз, сіз деген есімдік ілік жалғауда жұмсалғанда, онымен байланысқан сөздердін тәуелдік жалғауы түсіп калады. Мысалы: Біздің ту, біздің қыз, біздің Отан, Біздің ел,  сіздің  қыз, сіздің Отан, сіздің ел, Сіздің   ауыл, біздің ауыл.

Изафет (парсыша: اضافه‎ — ezâfe, жалғастыру)[1] – есім сөздердің бір-біріне бағына байланысуынан жасалған сөз тіркестерінің ғылыми атауы.

Зат есім сөздердің анықтауыштық қатыстағы байланысы изафет деп саналады. Мысалы, қол сағат, қала адамы, Асқардың баласыдеген үш сөз тіркесінің әрқайсысында алғашқы сыңарлары анықтауыш сөздер, 2-сыңары анықталатын сөздер, сондықтан олар анықтауыштық қатыстағы сөздерден құралған болып саналады. Түркі тілінде, соның ішінде қазақ тілінде, изафеттің үш түрі бар:

  1. бір зат есім сөздің екінші зат есімге анықтауыш болып, қосымшасыз қабыса байланысуы арқылы жасалған сөз тіркесі. Мысалы, алтын сағат, күміс сырға, кірпіш үй, т.б.;

  2. нольдік тұлғадағы зат есімнен болған анықтауыш сөз бен тәуелдік жалғаудың 3-жағындағы анықталатын сөзден жасалған сөз тіркесі. Мысалы, ауыл адамы, халық соты, үкімет қаулысы, ата батасы. т.б.;

  3. ілік септік жалғаудағы анықтауыш сөз бен тәуелдік жалғауындағы анықталатын сөзден жасалған сөз тіркесі. Мысалы, менің кітабым, сенің сағатың, оның дәптері.

Изафет қолданысына қарай бір-біріне ауыса алады. Мысалы, ауыл баласы – осы ауылдың баласы, бұл мектептің оқушылары – мектеп оқушылары, т.б. изафеттің бұл түрінің сыңарлары бір-бірінен алыс тұрып та байланыса береді. Мысалы, студенттің бүгінгі берген жауабы

Изафет:

1. Ілік септігі де, тәуелдік жалғауы көрініп тұрады.

2. Ілік септігі көміс, тәуелдік жалғауы көрнеу

3. Ілік септігі көрнеу, тәуелдік жалғауы жасырын

4. -нікі, -дікі арқылы.

Матаса байланысқан сөз тіркесінің бірінші сыңары

Матаса байланысатын сөздер зат есімдер. Сондықтан зат есім мағынасында не зат есім

орнына жұмсалатын сөздердің бәрі сол тіркестің бірінші не екінші сыңары бола алады.

Изафеттік құрылыстағы сөз тіркесінің бірінші сыңары жалғаусыз айтылған анықтауыш болғанда, олар өзара қабыса, әрі тәуелдене байланысады. Ондайда ілік септеуі зат пен заттың меншіктілік, туыстық, табиғи қатынасын білдірмейді, тек заттың заттық сапасы ретінде, тәуелдік қатынаста жұмсалады: колхоздың малы, колхоз малы сияқты айтылатын анықтауыштардың мағынасы бірдей емес, сондықтан мал шаруашылығы, колхоз аулы (колхоз аулының бейнесі) сияқты жалғаусыз айтылған бірқатар анықтауыштарды малдың шаруашылығы, кодхоздың аулы деп жалғаулы етіп айтуға болмайды. Болмайтын себебі ілік септікті сөз жалғаулы болса, меншіктік қатынасты білдіреді, жалғаусыз болса, заттық сапа ретінде жұмсалады. Абайдың кітапханасы ( Абайдың өзінің кітапханасы) Абай кітапханасы ( Абай атындағы кітапхана).

Изафеттік темір пеш, ағаш күрек тәрізді құрылыста және кен байлығы, мал шаруашылығы, радио хабары сияқты құрылыста келетін түрлері де синтаксистік байланыстағы сөз тіркестері. Екеуіде қабыса байланысқан зат есімдер тобын (қыл арқан, ағаш үй) жалғаулы есімдер тобымен (студенттердің оқуы, кеңес үкіметі, кен байлығы) салыстырғандағ алдыңғыдан соңғы топтағы сөз тіркестерінің синтаксистік байланысының берік, біртұтас екенін көреміз. Оның себебі тіркескен сөздердің соңғысы алдыңғысына тәуелдік жалғауы арқылы да байланысып тұрады. Солай болғандықтан Темір пештің оты лаулап жана бастады деген сөйлемдегі темір сөзін тастап айтуға болады, ал Қазақстанда кен байлығы үлкен орын алады, Игілік жолы халқымызды бақытты тұрмысқа жеткізді деген сөйлемдегі кен байлығы, игілік жолы деген сөз тіркестерін олай ыдыратып, екі сыңарының бірін түсіре алмаймыз.

Изафеттік құрылыстың ілік жалғаулы (Қазақстанның байлығы), ілік жалғаусыз (кен байлығы) болып келетін екі түріннің айырмашылығы да жоғарғыдай болады. ол айырмашылықты байқау үшін жоғарғы екі тіркесті бір изафеттік құрылысқа сыйыстырып сөйлем құрайық: Қазақстанның кен байлығы мол. Мұпда кен дегеннің тіркесті сыңары, байлығы. Қазақстанның деген сөздің тіркесті сыңары тек байлығы емес, кен байлығы. Сол сияқты колхоздың мал шаруашылығы дегенде де, ілік жалғаулы сөздің (колхоздың) тіркесті тобына енетін сөздер тек шаруашылығы емес, мал шаруашылығы, ауыыл шаруашылығы. Бұлай болуы соңғы сөздердің синтаксистік және мағыналық берік байланыста болуы.