Баяндауыштың құрылысына қарай бөлінуі
Құрылысына
қарай
бөлінуі
|
Мысалдар
|
Дара
|
Басты
байлық – денсаулық. Саябақ
– демалыс орны.
|
Күрделі
|
Әр
ата-ана өз баласынан үміт
күтеді.
|
Үйірлі
|
Бұл
дүниенің бақыты – мұратқа
қол жеткізу.
|
Баяндауыш негізінен етістіктен болады. Көп
кешікпей күннің көзін қалың бұлт бүркей
бастады.
Баяндауыш зат
есімнен де
болады. Машинадан
түскеннің бірі – қарт
майдангер Қуандық қария.
Баяндауыш сын
есімнен де
болады. Күз
аспаны бұлыңғыр,
бұлтты.
Баяндауыш сан
есімнен де
болады. Бұл
үйдегі адам саны – жетеу.
Баяндауыш есімдіктен де
болады. Жамал
апайдың жастарға айтпағы –осы.
Баяндауыш болатын сөз таптарының кестесі.
Сөз
табы
|
Мысалдар
|
Етістіктер
|
Төреқұлдың
әңгімесін бәрі ұйып тыңдады.
|
Сын
есімдер
|
Бұл
үйдің балалары бір-бірімен өте
тату.
|
Зат
есімдер
|
Бүгінгі
жастар – бақытты жастар.
|
Сан
есімдер
|
Төрт
жерде төрт – он
алты.
|
Есімдіктер
|
Мәдениет
сарайы – анау.
|
Көмекші
етістік пен еліктеуіш сөз
|
Кенет
әлдене тарс
етті. Қуанғаннан
жүзі күлмің-күлмің
етеді.
|