Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
87_hirstom-qaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Аралас трансплантаттарды еркін кешіру

Аралас трансплантаттар дегеніміз тұтас күйінде бірге отырғызылатын әртүрлі тіндерден тұратын трансплантат. Оған мұрынның қанаты мен ұшын, құлақ қалқанының бір бөлігімен пластика жасау әдісі мысал бола алады. Алғашқы рет мұндай пластиканы 1 8 9 8 ж. К. П. Суслов жасады.

Беттің және жақтың ақаулары мен деформациялары өзінің себептеріне қарай әртүрлі болғанымен пішініне қарай бірдей болады. Сондықтан оларды пластиканың жалпы қағидаларына қарай: жергілікті тіндермен, аяқшасы бар қиықпен, Филатов сабақшасымен, теріні еркін көшіру, және толық қабатты аутотрансплантаттармен қалпына келтіреді.

Үлкен аумақты ақауларды толық қабатты аутотрансплантатпен пластика жасау. Үлкен аумақты ақауларды (тіндердің барлық қабаттары жоқ) жою үшін толық қабатты аутотрансплантат қолданады. Оны дайындау барысында қатты таңдайдан алынған шырышты қабатты жұмсақ тіндер арасына ендіру тәсілі қолданылады. Ақаудың көлеміне және оның айналасындағы тіндердің жағдайына байланысты қиынды алынатын аймақ таңдалады (бүғанаүсті, дельтопекторальды, торакодорзальды, жауырын). Операция жергілікті анестезия арқылы жасалады. Алдын ала таңдалған аймақта тері-ет қиындысын дайындауды жалпы қолданатын тәсіл бойынша дистальды бөлігінен бастайды. Сонда еттің шандыр қапшығының біртұтастығы бұзылмайды. Дайындалған қиынды жылы физиологиялық ерітіндіге малынған салфеткамен жабылады. Сонан соң қатты таңдайдың шырышты қабатын алуға кіріседі. Қатты тандайдың бір жағында екі параллель тілік жасалады. Бірі ортаңғы жіктің бойымен, екіншісі қызыл иектен 0,3 см төменірек. Тіліктердің ұштары доға тәрізді қосылады. Шырышты қабаттың беті сылынып алынады. Қатты таңдайдағы жара йодоформды дәкемен жабылып пластмасса пластинамен бекітіледі. Ауыз қуысының ақауы көлемді болса шырышты қабат таңдайдың қарама-қарсы бетінен алынады. Алдын ала дайындалған қиынды бетіне таңдайдан алынған шырышты қабатты „арал" тәрізді біркелкі отырғызып кетгутпен бекітеді. Олардың көлемі 1,0X0,5 см. Құрамында тері, теріасты майлы қабат, ет, қан тамырлары және шырышты қабат „аралдары" бар қиындыны өз орнына орналастырылып шеттері кетгутпен тігіледі. Жараға асептикалық таңғыш салынады. Үш аптадан кейін қиындыны көтеріп, астындағы шырышты қабаттың жағдайын анықтайды. Қиындының шеттерінен қан ағып тұрса, түсі өзгермесе, айналасындағы тіндердің қызуымен айырмашылығы болмаса оның қоректенуі жақсы деп есептеледі. Донорлық жара тігіледі. Операцияның келесі кезеңінде қан тамырлы аяқшасы ұзартылып, қиынды ақауға көшіріліп, оның шеттері қабат-қабатымен рецепиентік орынға тігіледі. Төрт аптадан кейін жергілікті анестезия арқылы қиындының аяқшасы кесіледі.

Ауызмаңы аймағының пластикасы

Жоғарғы және төменгі еріннің ақаулары жартылай және түгелдей деп бөлінеді. Қызыл жиегіндегі кішкене ақауларды шырышты қабықты жылжыту арқылы орнына келтіруге болады.

Ауыз қуысының айналасындағы тыртықтану процестерінің салдарынан тарылып микростомия дамиды. Ондай деформацияның үш тәсілмен қалыпқа келтіреді.

1) И. Г. Лукомский әдісі. Ауыздың бұрыш аймағының зақымданбаған терісінен түбін ұрт аймағына қаратып төрт бұрыш қиықтар қиылады. Одан кейін осы қиылған тері қиықтары ауыздың ішіне қарай қайырылып, шырышты қабықпен тігіліп тасталады. Мұндай операциялар тек әйелдерге жасалады. Егер қиық қиған аймақта сақал немесе түк болмаса ерлерде де жасалады.

2 А. И. Евдокимов әдісі. Ауыздың айналасындағы тыртықарды ауыздың шетінен жартылай кесіп ішкі шырышты қабығын іреп босатып, сыртқы теріге қайырып тігеді. Ауыздың бұрышы мен қызыл жиегі қоса қалыпқа келтіріледі.

3) Г. А. Васильевтің әдісі. Жақсы сақталған еріннің қызыл жиегінің шетінен айналдыра тугелдей кесіледі. Одан кейін осы доға тәрізді қиықты кең түрде іреп босатады. Оны көлденең тіліп тыртық байламдарынан босатып, тартып тігеді. Ауыз қуысын неғүрлым кең етіп (6—7 см-ден көп) жасаған дұрыс. Себебі кейінгі тыртықтану процестерінің әсерінен ол аздап тарылады.

Тыртықтану процесінің салдарынан кіреберісі мен өтпелі қатпары жойылып кетеді. Сондықтан осы аталған жерлерге теріні еркін көшіріп пластина жасалады. Қос ерін бұл көбінесе жоғарғы еріннің қызыл жиегінің астынан пайда болған шырышты қабықтың қосымша қатпары. Ол дұрыс сөйлеуге бөгет жасайды және науқастар оны көбіне тістеп ала береді. Ол шырышты қабық-асты клетчаткасы мен шырыш бездерінің шамадан тыс өсуінің сал-дарынан пайда болады. Сондықтан қыртысты алу кезінде клетчаткамен шырыш бездерін толық алып тастау керек.

Жоғарғы еріннің туа біткен, операциядан кейінгі жартылай ақауларынан кейін Эстландер және Абби үсынған әдістермен қайтадан операциялар жасалады. Операцияның маңызы төменгі еріннің ақауы үшін сына тәрізді қиық алу. 15— 16 күннен кейін оның аяқшасы аналық негізінен кесіледі.

Жоғарғы еріннің екіжақты жырығын қалпына келтіруден кейін қалған ақауларға сына тәрізді емес, қарлығаштың қүйрығы немесе латынның „V" әріпі секілді етіп алынады.

Жоғарғы жақтың толық ақауын қалыпқа келтіру үшін Браунстың ұрттан алынған төрт бұрышты тері ет қиықтарын біріне-бірін 90°-та бұрып тігу, Ю. К. Шимановскийдің ұрттан алынған төрт бұрыш жылжымалы қиығы, Иозефтің ерін ұрт қатпарынан алынатын сына тәрізді қиығы қолданылады. Кейде Брунс және Ю. К. Шимановскийдің әдістері Эстландер және Абби әдістерімен қосылып жасалады. Төменгі еріннің ақаулары Брунс, Ю. К. Шимановскйй, Иозеф, Седилло әдістерімен қалыпқа келтіріледі. Айта кететін нәрсе ер кісілердің жоғарғы және төменгі ерін ақаулары самай-төбе аймағынан және А. Г. Лапчинскийдің иекасты аймағынан алынатын қиықтарымен қалпына келтіріледі. Кейде еріннің толық ақауларын Филатов сабақшасы арқылы жамауға болады. Бірақ мұндай еріндер қозғалыссыз болғандықтан ауыз үнемі ашық жүреді және одан сілекей ағып тұрады.

Мазмұны

Кіріспе

1

І тарау.

Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы. Басқа медицина салаларымен байланысты. Даму жолдары

2

ІІ тарау.

Хирургиялық стоматология көмегін ұйымдастыру.

11

Хирургиялық стоматология көмегін емханаларда ұйымдастыру.

-

Хирургия бөлімінің еңбек жұмысын ұйымдастыру.

13

ІІІ тарау.

Хирургиялық стоматология және жақ-бет ауруларын тексеру.

16

ІV тарау.

Жансыздандыру және жалпы жансыздандырудың жақ-бет аймағындағы ерекшеліктері.

22

Жалпы жансыздандыру

-

Жақ-бет аймағын жалпы жансызжандырудағы ерекшеліктері.

23

Наркоздың стоматологиядағы ерекшеліктері

-

Емханаларда берілетін наркоз

-

Кенеттен өлген қездегі реанимация

-

Хирургиялық стоматологиядағы жергілікті жансыздандыру

25

Хирургиялық стоматологияда жергілікті анестезияға қолданылатын дәрілерге клиника-фармакологиялық талдау

-

Жергілікті анестезияның күшін арттырып, әсерін ұзартатын заттар

27

Жергілікті анестезияның түрлері

-

Жақ пен жақ айналасының нервтенуі

28

Инфильтрациялы анестезия

32

Инесіз инъекция жасау

33

Өткізгіш анестезия

34

Жергілікті анестезиядан кейінгі асқынулар

43

V тарау. Тіс жұлу операциясы

50

Тіс жұлу операциясын жасауға болатын және болмайтын

жағдайлар

51

Тіс жұлу операциясын жасайтын жағдайлар

-

Тіс жұлуға болмайтын жағдайлар

52

Тіс жұлу әдістері

54

Тіс жұлған соң жараны өңдеу, күтім

65

Тіс ұясының жазылуы

66

Тіс пен тіс түбірлерін жұлу кезінде және жұлғаннан кейін болатын асқынулар

-

Жалпы асқыну

-

Тісті немесе түбірді жулу кезінде болатын жергілікті асқынулар

68

Тіс жұлған соң кездесетін асқынулар

70

VI тарау. Жақ-бет аймағының қабыну дерттері

74

Периодонтит

77

Жедел ағымды периодонтит

78

Жедел ағымды іріңді периодонтит

-

Созылмалы периодонтит

79

Беттің одонтогенді теріасты гранулемасы

82

Жедел ағымды жақ сүйек периоститі

84

Жақ сүйектерінің жедел ағымды одонтогенді остеомиелиті

92

Жақ сүйектері остеомиелитінің жеделдеу кезеңі

100

Жақ сүйектерінің созылмалы остеомиелиті

102

Жақ-бет аймағының абсцестері мен флегмоналары

108

Жоғарғы жақ сүйегі маңында кездесетін абсцестер мен флегмоналар

111

Төменгі жақ сүйегі маңында кездесетін абсцестер мен флегмоналар

115

Жақ-бет аймағы флегмоналарын емдеудің негізгі қағидалары

122

Бет және мойын лимфадениті

125

Жедел лимфадениттер

127

Созылмалы лимфаденит

129

Лимфангоиттер

130

VII тарау. Тіс жарып шығу дерттері

131

Ақыл тістің кедергімен кеш жаруынан болған аурулардың асқынуы

134

VIII тарау. Жоғарғы жақ сүйек қуысының одонтогенді қабынуы

140

Жоғарғы жақ қуысы түбінің тесілуі және оның жыланкөзі

145

IX тарау. Жақ-бет аймагындаіы инфекциялық қабыну дерттері

147

Актиномикоз

-

Туберкулез

151

Мерез

152

Сібір жарасы (Күйдіргі)

154

Нома немесе сулы рак

155

Тілме (Рожжа)

157

Шиқан

159

X тарау. Сілекей бездерінің қабыну дерттері (Сиалоадениттер)

163

Сілекей бездерінің дерттері кезіндегі науқастарды тексеру

165

Жедел ағымды эпидемиялық паротиттер

168

Жедел ағымды эпидемиялы емес паротит

169

Төменгі жақасты және тіласты сілекей бездерінің жедел іріңді қабынулары

171

Созылмалы паренхиматозды паротит

-

Төменгі жақасты сілекей бездерінің жедел қабынуы

172

Сілекей-тас дерті (Сиалолитиазис)

175

Сілекей бездерінің жыланкөздері

178

Сілекей бездерінің жарақаттары

180

XIтарау. Жақ-бет аймагының зақымдануынан болган жарақаттар

184

Беттің жүмсақ тіндерінің жарақаттануы

186

Жақ-бет аймағының жарақаттары және зақымдарының жіктелуі

189

Жоғарғы жақ сүйек сынықтарының жіктелуі

191

Теменгі жақ сүйек сынықтарының жіктелуі

193

Жақ сүйектері сынықтарын емдеу тәсілдері

207

Сынықтарды хирургиялық әдістермен емдеу

211

Жоғарғы жақ сүйегі сынықтарының емі

216

Жақ-бет аймағы жарақаттанған науқастарды тамақтандыру және оларға күтім көрсету

218

Тамақтандыру

-

Күтім

220

Бет және мүрын сүйектерінің сынықтары

221

Мұрын сүйектерінің сынықтары

224

Тістердің шығып кетуі және сынуы

237

Төменгі жақтың шығуы

240

Бет күйіктері

243

Электрокүйіктер

243

Химиялық күйіктер

250

Үсік

251

Бет пен ауыз қуысы тіндерінің аралас радиациялық жарақаттары

253

Жақ бет аймағының бірлескен жарақаты

255

XII тарау. Жақ-бет аймағы қабынуының асқынулары. Сепсис. медиастенит, бет веналарының және ми қабаты синустарының тромбофлебиті

257

XIII тарау. Жақ-бет аймағындағы нерв дерттері

263

Үшкіл нерв жүйесінің невралгиясы

264

Үшкіл нервтің қабынуы (неврит)

268

Мимикалық бұлшықеттердің салдануы

270

XIV тарау. Төменгі жақ буынының аурулары

271

Самай-төменгі жақ буынының артрозы

276

Самай-төменгі жақ буынының анкилозы

277

Төменгі жақтың контрактурасы

282

XV тарау. Парадонт ауруларын хирургиялық жолмен емдеу

284

XVII тарау Жақ-бет аймағындағы ақаулар мен деформациялар

290

Бас қаңқасы деформацияларының жіктелуі

291

Бет қаңқасы деформациясын емдеудің негізгі қағидалары

293

Туа пайда болған деформацияларды емдеу

294

Жақ-бет аймағын қалпына келтіру хирургиясы

297

Жергілікті тіндермен жасалатын пластика

298

Филатовтың сабақшалы қиығымен пластика жасау

302

Тіндерді еркін көшіру

305

Аралас трансплантаттарды еркін көшіру

309

Ауызмаңы аймағының пластикасы

310

Учебное издание