Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
к тарих 30 билет.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Кубаға сапары

Бауыржан Момышұлы 1962 жылы Фидель Кастроның шақыруымен Куба еліне барады. Сапар барысында Куба басшысы Фидель Кастромен кездесудің реті келмейді, бірақ інісі Рауль Кастромен кездесіп, ол кісіге үлкен әсер қалдырады, Куба әскерилерінің алдында дәріс оқиды. Кубаға барған саяхаты жайында "Куба әсерлері" атты кітап жазады. Бауыржан Момышұлы Фидель Кастро мен Эрнесто Че Гевараның үлгі тұтқан тұлғасы болған.

1963 жылы Куба үкіметінен бірнеше қайтара шақыру келгендіктен, 10 күндік сапармен барып келеді.

1982 жылы 10 маусымда 71 жасына қараған шағында Алматыда дүние салады. "Кеңсай" зиратына қойылды.

1990 жылы Кеңес Одағының Батыры деген атақ берілді. Шешім 1990 жылдың 11 желтоқсан күні шықты. Медаль номері 11637

3-билет

1-сұрақ: Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан

2. Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). Жаңа экономикалық саясат белгілі бір шамада капитализмге уақытша жол беру арқылы мемлекет қолында халық шаруашылығының өміршіл тұтқаларын сақтап қалуға есептелген пролетарлық мемлекеттің ерекше саясаты болуға тиіс еді. В.И.Лениннің пікірінше, НЭП-тің (жаңа экономикалык саясаттың) негізгі мәні - елдің экономикалық жағынан артта қалу проблемасын шеше алатын жұмысшылар мен шаруалардың одағын жасау болды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының бір-біріне көмектесуі мен бір мезгілде қатар дамуы мына жүйе бойынша жүруге тиіс еді: ауыл шаруашылығын өндіріс құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуге бейімделген ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіру, селолық ұсак тауар өндірушілерді көтермелеу; ауыл шаруашылық техникасын Кеңес өкіметі өңдей алмай отырған шикізатқа айырбастау жолымен сырттан алу. ЖЭС марксистік экономикалық теориядан қалыпты нарықтық қатынастарға қайта оралуды білдірді.

Жаңа экономикалық саясатқа бағыт алу РКП(б) X съезінде қабылданды. 1921 жылы 20 наурызда Компартияның X съезінің күн тәртібіне екі маңызды мәселе қойылды: біріншісі - партияның ішіндегіфракцияларға тыйым салу, екіншісі - шаруаларға үш жыл бойы ауыр салмақ болған азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен ауыстыру. БОАК съезде жаңа экономикалық саясатқа көшу бағытын бекітті. Негізгі кұжаттар съездің соңғы күні, асығыс түрде қабылданғанын айтып өту қажет. Съезден соң азық-түлік салығы жөніндегі қарар басқа экономикалық шаралармен толықтырылуға тиіс болды.

Елді бүлінген шаруашылық жағдайынан шығару үшін оны азық-түлікпен қамтамасыз ету қажет еді. Бұл міндетті шешу үшін бәрінен бұрын шаруаларды ауыл шаруашылық өнімдерін ендіруді арттыруға ынталандыруды жүзеге асыру күрделенді. Сондықтан да азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру жөнінде шешім қабылданды. Заттай салыктың орташа мөлшері азык-түлік салғырты мелшерінен 30-50%-ға төмендетіліп, егілген егін көлемі мен топы- рактың кұнарлығы да есепке алынды. Салық заттай түрінде салынып, оның мөлшері ертерек, алдын ала, егін себу жұмыстары басталғанға дейін хабарланды, жиналатын бүкіл енімнің 5%-ын ғана құрады. Егін шаруашылықтарынан тыс мал шаруашылығына да заттай салықтар салынды. Бастапқыда 13 салық енгізілгенімен, кейінірек олар бірыңғай ауыл шаруашылық салығымен алмастырылды. 1924 жылдан бастап ол ақшалай алына бастады. Азық-түлік салығына кешу шаруаларға ез шаруашылығын жоспарлау мен ауыл шаруашылық өнімдерінің артығын өз бетінше пайдалануға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде НЭП-тің негізгі белгілерінің бірі болған рынок пен тауар- ақша катынастарын калпына келтіруді талап етті.

2-сұрақ: