- •Силлабус
- •Пән постреквизиттері
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Баға туралы ақпарат Төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентіне сәйкес келетін студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі
- •Ағымдағы рейтингті бағалау шкаласы
- •Соөж тапсырмалары
- •Азаматтық құқық ерекше бөлім Лекциялар жиыны
- •Өтемелі қызмет көрсету
- •Экспидициясы
- •Банкілік қызмет көрсету шарттарының жекелеген түрлері
- •Комиссия
- •Мүлікті сенімгерлікпен басқару
- •Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау.
- •Туындайтын міндеттемелер
- •Білім алушының оқудағы жетістіктерін бағалау материалдары студенттердің өздерін тексеруге арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі оқуға арналған материалдар нормативтік құқықтық актілер
- •11. «Қр Көлік қызметі туралы» 21 қазан 1994 ж.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару
Мүлікті сенімгерлікпен баскару туралы жалпы ережелер. Сенімгерлікпен басқарудың қазіргі қатынастарына ұқсас қатынастардың тарихи тамыры ұзаққа кетеді. Олар біздің заманымызға дейін пайда болды. Мысалы көне Египетте мұралық мүлікке иелік ету, жасы кіші ханзадалар мен ханшайымдардың меншігіне қамқоршы болу сенімхат бойынша үшінші тұлғалардың мүдделерін білдіру бойынша қатынастар кеңінен таралған.
Мүлікті оның меншік иесімен басқа тұлғаның беруді қамтамасыз ете алатын қатынастарды тиімді түрде реттеуді табу қажетгілігі жеке меншіктің, сондай-ақ меншіктің мақсаты бойынша мемлекеттікке қарама-қайшы жеке нысанының қалыптасуымен пайда болды.
Жеке меншіктің қалыптасуы бөтеннің мүлкіне тұрақты негізде иелік етудің, комиссия, тапсырма, сақтау және басқа да шарттардың дәстүрлі механизмдеріне қарағанда анағұрлым жетілген құқықтық нысандарын жасап шығаруға деген потенциалды қажеттілікті анықтады.
Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құқықтық қатынастарына тән ерекшелік - оның таза күйінде заттық категорияға да, міндеттемелік құқықтық қатынастар категориясына да жатқызылмайтындығында. Бұған қоса, сенімгерлікпен басқарудың құрылымы оның құрамында шартқа негізделген сенімгерлікпен басқару және шарттан тыс пайда болатын сенімгерлікпен баскару әлементтерінің болуымен күрделенген.
"Мүлікті сенімгерлікпен басқару" және "мүлікті сенімгерліклен басқару шарты" деген түсініктер бар. Біріншісі екіншісіне карағанда кең ауқымды, өйткені ол сенімгерлікпен басқарудың шарттан басқа өзге де негіздер бойынша пайда болатын жағдайларын да қамтиды. Алайда мұндай бөлініс шартты сипатқа ие. Бұл тағы да біздің ойымызша, барлық авторлар дерлік атап өткендей сенімгерлікпен басқаруды жаңаша реттеумен байланысты шарттың қай кезде қажет болатыны және қай кезде қажет болмайтындығы нақты анықталмаған.
Сенімгерлікпен басқару қатынастары "заң нұсқауына орай", яғни сот шешімі немесе әкімшілік актісі бойынша пайда болатын тәжірибе онша тиімді емес көрінеді. Бұл "субъективизацияның"' есебінен құқықтық қатынастардың қатысушыларына, сол бір немесе өзге құқықтық қатынастарға түсе отырып өздерінің алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуге барынша мүмкіндік беретін жеке құқықтык реттеудің мүмкіндіктерін елеулі түрде төмендетеді.
Сенімгерлікпен басқару қатынастарының пайда болуының құқықтық негізінің (сот шешімінің, әкімшілік актінің) болуына қарамастан мүлікті сенімгерлікпен басқару қатынастары субъектілерінің міндеттемелерінің мазмұнын нақтылау қажет. Мүлікті басқару бойынша ауыртпалықты көтеретін субъект өзі тап болған құықтық жағадайда бірдей қалыптаса алағындығы тұрғысынан қарағанда заңға сүйену (жалпы категорияларға) онша сенімді емес. Кейбір заңды актілерде мүлікті сенімгерлікпен басқаруға қатысты жекелеген нормалар бар.
Заңнамалык анықтама сенімгерлікпен басқарудың мазмұны толығымен қамтымаған. Сенімгер баскарушының өкілеттігі мүлікті иелену, пайдалану және билік ету жөніндегі құқықтарды жүзеге асыруға алып келмейді. Басқаша айтсақ, сенімгер басқарушы сенімгерлікпен басқаруға орай бұл өкілеттіктерді жүзеге асыра алмайды. Сенімгерлікпен басқару осы құқықтарды оның иесі үшін жүзеге асыруды білдіреді. Сенімгерлікпен басқару меншік иесі үшін оның құқықтарын, сондай-ақ мүліктің осы түрімен тығыз байланысты құқықтарды жүзеге асыруды білдіретін жағдайлар орын алуы мүмкін (бұл мысалға, бағалы қағаздарды сенімгерлікпен басқару кезінде орын алатын болады). Сенімгерлікпен басқарудың тағы бір ерекшелігі болып мүлікті қолайлы түрде басқаруды жүзеге асыру үшін сенімгер басқарушының бар күш-жігерін салуы табылады. Бұл, сенімгерлікпен басқару негізінен құқық иеленушісінде мүлікті тиімді түрде пайдалану үшін қажетті дағдылар мен білімдердің жетіспеушілігі немесе болмауының орнын толтыру мақсатында құрылатындығымен түсіндіріледі. Сенімгерлікпен басқару кезінде жалпы алғанда қандай да бір іс-әрекеттерді жасауға нақты тапсырма болмайды. Меншік иесі немесе өзгенің құқығын иеленуші сенімгерлікпен басқаруды құрудың жалпы мақсаттарын ғана белгілей алады. Дәл солар сенімгер басқарушы үшін белгілі бір сомада басшылыққа алатын нұсқау болады.
Жалпы, сенімгерлікпен басқаруды шарттан немесе заңнамамен көзделген өзге де негізден туындайтын құқықтық қатынастардың кешені (заттық, міндеттемелік, авторлық, абсолюттік және қатыстық) ретінде анықтауға болады. Аталған құқықтық қатынастар бір субъектінің құқықтарын басқа субъектімен өз атынан, бірақ біріншісінің мүдделері үшін жүзеге асыруға бағытталған. Әрекет етуші заңнамаға сәйкес сенімгерлікпен басқару мыналардың негізінде пайда болады (құрылады):
1) мәміле, сенімгерлікпен басқару, бұл туралы екі және одан да көп тұлғалардың келісімі болатын, шарт бойынша және біржақты мәміле мәселен, өсиетті орындаушы (сенімгер басқарушы тағайындайдыған өсиет бойынша пайда болады;
2) сот шешімдері (банкроттық, әрекетке қабілетсіз, хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жарияланған азаматтың мүлкіне белгілеген кезде және заң актілерінде көзделген басқа да жағдайларда);
3) әкімшілік акт (кәмелетке толмаған, қайтыс болған адамның мүлкіне қорғаншылық белгілеген, кәсіпкер мемлекеттік қызметке кіргенде және заң актілерінде көзделген басқа жағдайларда).
Мүлікті сенімгерлікпен басқару субъектілері. Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құқықтық қатынастарына қатысатындар:мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы, мүлікті басқаратын сенімгер басқарушы және пайдаланушы.
Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы ретінде заттардың меншік иесі, сондай-ақ оларға деген өзге де заттық құқықтарды иеленуші, мысалы, жер пайдаланушы, мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беруге уәкілетті құзыретті орган бола алады.
Сенімгер басқарушы болып сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе құқықтарына қатысты сенімгерлікпен басқару құрылған өзге де субъектінің құқықтарын жүзеге асыратын субъект болып табылады. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, кез келген адам сенімгер басқарушы бола алады. Ягни, кәсіпкер де кәсіпкер емес те жеке тұлғалар, коммерциялык және коммерциялык емес заңды тұлғалар. Егер мүлікті басқару кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды талап етсе, онда аталған субъектілер кәсіпкерліктің көзделген режимін сақтауға міндетті болады. Сенімгер басқарушыны тағайындау қалай жүзеге асатынына (яғни шарт негізінде немесе шарт негізінде емес) қарамастан оның келісімі талап етіледі. Сенімгер басқарушысының келісімінсіз одан талап етілетін іс-әрекеттерді жасауға әрқашан да бір жақты емес екенін атап өткіміз келіп отыр.
Кейбір жағдайларда сенімгер басқарушы өзінің және сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының арасында ерекше жеке сенімгерлік қатынастардың болуына байланысты тағайындалады. Бұл мысалға, өсиет алушыны тағайындау кезінде орын алуы мүмкін. Мұндай мотивация мүлікті сенімгерлікпен басқару шартында да болуы мүмкін. Бірақ, шарт бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы мүлікті сенімгер басқарушының іскерлік қасиеттеріне арқа сүйейтіні жоққа шығарылмайды, сол кезде оның таңдауы осы субъектілер арасында жеке сенімгерлік қатынастардың болуымен шартталмайды.
Пайда алушы – мүддесі үшін мүлікті басқару жүзеге асырылатын субъект (тұлға). Сенімгер басқарушы болып табылмайтын кез келген адам. Соның ішінде мемлекет немесе әкімшілік аумақтық бөлініс пайда бола алады. Жалпы ереже бойынша мүлікті сенімгерлікпен басқару құқықтарды иеленуші де болып табылатындығы білдіріледі. Заң актілерімен немесе шартпен көзделген жағдайларда пайда алушы болып сенімгерлікпен басқару құрылтайшысынан басқа да тұлға табылады. Бұл әрекетке қабілетсіз, бірқатар жағдайларда корғаншылық пен қамқоршылық органымен сенімгерлікпен басқаруды құру кезінде орын алады.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару объектілері. Кез келген мүлік мүлікті сенімгерлікпен басқару объектісі бола алады. Яғни ол жылжымалы және жылжымайтын мүлікке (соның ішінде кәсіпорынның мүліктік кешендері жер учаскілері) тарала алады. Сенімгерлікпен басқару объектілері – заттар бір тектес және анықталған бола алады.
Сенімгерлікпен басқарудың объектісі ретінде мүліктік құқықтар туралы сөз қозғайтын болсақ, онда олар әдетте, интеллектуалдық меншік объектілері жөнінде туындайтын абсолютті мүліктік құқықтар, жер пайдалану құқығы және т.б. болып табылады. Сенімгерлікпен басқаруға өзге де мүліктік құқықтарды, соның ішінде жалға алу құқығын беру жоққа шығарылмайды. Салыстырмалы мүліктік құқықтарды беру іс жүзінде қиындатылған, өйткені салыстырмалы құқықтың өтуі борышта аудару мен талап етуді беру ережелері бойынша міндеттемелік қатынастар аясында жүзеге асырылуға тиіс және борышқор бір уақытта салыстырмалы мүліктік құқықты сенімгерлікпен басқаруға беруге ниеттенген тұлғаның несие берушісі де болып табылуы мүмкін. Бірақ салыстырмалы мүліктік құқықтар кәсіпорынның – мүліктік кешенінің құрамында да өтуі мүмкін.
Сенімгерлікпен басқаруға берілетін мүлік өз алдына жеке есепке алынады. Сенімгер басқарушы сеніп тапсырылған мүлікті өзіне меншік құқығы шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы негізінде тиесілі мүліктен бөліп қоюға міндетті (бұл жерде дене тұрғысынан бөліп қою емес, бөлек есепке алу туралы сөз болып отыр).
Өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру барысында кіріс, өсім және т.б. түрінде сенімгер басқарушы иеленген және алынғандар сенім тапсырылған мүлік құрамына енгізіледі. Құрылтайшының сенімгерлікпен басқаруға берген мүлкіне оның борыштары бойынша өндіріп алуға жол берілмейді. Құрылтайшының банкроттығы орын алған кезде оның мүлкін сенімгерлікпен басқару тоқтатылады және ол конкурстық массаға енгізіледі. Яғни бұл ерекшеліктер кәсіпкерлердің жеке және заңды тұлғалардың мүліктерін сенімгерлікпен басқаруға беру жағдайларына қатысты болып шығады. Кепілге салынған мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру де кепіл ұстаушыны осы мүлікті өндіріп алу құқығынан айырмайды.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша бір тарап (сенім-герлікпен басқару құрылтайшысы) екінші тарапқа (сенімгер басқарушыға) мүлікті сенімгерлікпен басқаруға береді, ал екінші тарап құрылтайшы атаған тұлғаның (пайда алушының) мүдделері үшін осы мүлікті басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.
Жоғарыда айтылғанға сүйенетін болсақ, сенімгерлікпен басқару шарты бұл сенімгер басқарушы құқықтарының өзіне тән жиынтығын белгілеуге және сонымен қатар сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының еркін ескеруге бағытталған салыстырмалы құқықтық қатынас. Сенімгерлікпен басқарудың мақсаты мүліктен кіріс алу, мүлікті ұлғайту немесе мүлікті тиісті күйінде ұстап тұру ғана болуы мүмкін.
Шарт, әрине, сенімгерлікпен басқарудың пайда болу негіздерінің бірі болып табылады. Ол құқыққа қайшыларын қоспағанда, кез келген тілекке сүйене отырып құрыла алады және іс жүзінде меншік иесінің немесе өзге құқық иесі құқықтарының барлык көлемін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ол аралас шарттық институттар – тапсырма шарттары мен комиссия шартынан осыған қатысты ерекшеленеді. Сенімгерлікпен басқару меншік иесі құқықтарын жүзеге асыруды әрқашанда көздемейтінін ескерген жөн. Мысалы, мүлікті қамқоршыға беру кезінде, оған қамқорға алынғандар кәмелеттік жасқа толғанға дейін мүлікті сақтау міндеті жүктеледі.
Сенімгерлікпен басқару шарты ол бойынша құқықтар мен міндеттер мүлікті сенімгер басқарушыға беру сәтінен бастап туындайтындықтан реалды шарт болып табылады. Сенімгерлікпен басқару шарты өз қатысушыларының қатынастарын түрлендіруге мүмкіндік береді. Сенімгер басқарушы мүлікке деген құқықтарды иеленушінің атынан шығатын мүлікті сенімгерлікпен басқару шартын, сондай-ақ, сенімгер басқарушы өз атынан іс-әрекет ететін шартты бекітуге болады. Сенімгер басқарушы мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының атынан іс-әрекет ететін кезде, әрине, мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының аты-нан іс-әрекет ететін кезде, әрине, онда мүлікке деген заттық құқықтар-дың пайда болуы туралы айтуға болмайды.
Оны бекітудің жағдайы мен тараптардың ішкі өзара қарым- қатынастарына қарай сенімгерлікпен басқарушы шарты ақылы да ақысыз да болуы мүмкін. Сыйақы мөлшері бұл орайда шарттың өзімен анықталуға тиіс. Өйткені мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру жағдайлары сенімгер басқарушы қызметінің әсері және оны анықтау белгілері әрбір жеке жағдайда әртүрлі болады. Алайда егер сыйақы мөлшері мысалы сонда да шартпен анықталмаған болса, онда олар назар аударуға тұрарлық тараптар мүдделеріне сүйене отырып анықталатын болады.
Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың ақылы шарты екі жақты шарт болады, өйткені онда сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының сыйақы төлеу жөніндегі міндеттері көзделетін болады. Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың ақысыз шарты әдеттегідей бір жақты сипатқа ие болады. Онда міндеттер сенімгер басқарушыға жүктеледі. Ал құқықтар сенімгерлікпен басқару құрылтайшысына тиесілі болады.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты екі жақты шарт оған екі тарап мүлікті сенімгер басқарушы және сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы қатысады. Сенімгерлікпен басқару шартының өзіне тән ерекшеліктерінің бірі болып, ол үшін шарт еркіндігіне қатысты кейбір шектеулер көзделгені табылады.
Сенімгерлікпен басқару шарты үшінші тұлғаның яғни пайда алушының, пайдасына жасалуы мүмкін. Бұл туралы шарттың өзінде көрсетілуге тиіс. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының талап етілетін жай жазбаша нысанын сақтамау жалпы ереже бойынша оның жарамсыздығына алып келмейді. Қозғалмайтын мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру туралы шарт үшін көзделген нысан мен тәртіп бойынша жасалады, яғни мемлекеттік тіркеуге алынуға жатады. Кәсіпорынды сенімгерлікпен басқаруға беру шартын тіркеуге алу кезінде кейбір қиындықтар туындайды. Кәсіпорынның мүліктік кешені ретінде бөлінбейтіндігі туралы ұғым "бұзылады". Бұл кәсіпорын үшін арналған жер учаскесіне деген құқықтарды және кәсіпорынның қал-ған мүлкіне деген құқықтарды тіркеу әртүрлі органдарда жүзеге асы-рылатындығымен байланысты.
Қозғалмайтын мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі шарттың жазбаша нысанын сақтамау немесе мұндай шартты тіркеуте алмау оның жарамсыздығына әкеп соғады.
Заңнама мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының елеулі талаптарын анықтаған. Оған шарт пәні туралы талап жатады. Шарт пәні туралы талап сенімгерлікпен басқаруға берілетін мүліктің құрамын көрсету арқылы аяқталуы тиіс. Бұл шарттың тағы бір елеулі талаптарының бірі болып оның әрекет етуі мерзімі туралы талап табылады. Сенімгерлікпен басқару әрқашан белгілі бір тұлғаның (тұлғалардың) мүддесі (пайдасы) үшін жүзеге асырылатын болғандықтан, олар персонафикациялануға тиіс және сенімгер басқарушы өзінің субъективтік міндеттерінің шектерін нақты білуге тиіс. Сол себептен шарттың елеулі талабы болып пайда алушы туралы талап табылады. Сенімгер басқарушы мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы нұсқауларының қатаң шектерімен шектелмейді. Соның салдарынан мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының сенімгер бас-қарушының өз бақылауында болуына қатысты кез келген талап тілектері дұрыс негізге ие болуға және белгілі бір тәртіпте реттелуге тиіс.
Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Сенімгер басқарушы сеніп тапсырылған мүлікті шарт мақсаттарына сай басқаруға міндетті. Мысалы, кәсіпорынды сенімгерлікпен басқару кезінде сенімгер басқарушы оның өзімен анықталатын әрекеттер мен іс-шаралар кешенін жасауға міндетті. Оларды қаржыландырудың қайнар көзіне жеке өзінің, заемдық немесе өзге де жолмен біріктірілген соның ішінде қайта инвестицияланған қаражаттар жатады. Қолға алынатын барлық шара-лар кәсіпорынды қаржылық экономикалық сауықтыруға, дамытуға, қайта құруға, техника-технологиялық қайта жабдықтауға, кәсіпорынның тұрақты және шығынсыз ағымдағы өндірістік қызметін қамтамасыз ететін жарқын ұйымдастырушылық–техникалық және әлеуметтік- экономикалық бағдарламалар кешенін жүзеге асыру үшін қолайлы қаржылық жағдайды қалыптастыруға бағытталады. Қызметтің аталған бағыттары мүлікті өзінің кәсіпкерлік қызметінде пайдалану үшін алатын, кез келген сенімгер басқарушы қызметін жеткілікті түрде көлемді түрде сипаттайды. Осы тұста мүлікті оның өсімін алу үшін беру қазіргі жағдайларда мүлікті сенімгерлікпен басқаруға берудің негізгі себептерінің бірі болып табылатынын айта кеткен мүлікке күтім көрсету, оны қалыпты күйінде ұстап тұру, яғни мүлікті сақтау, әдетте қамқорға алынғанның мүлкін сенімгерлікпен басқару және кейбір басқа да шектелген жағдайлар кезінде негізделеді. Сенімгер басқарушының мүлікті дұрыс басқару мақсатында сеніп тапсырылған мүлікпен меншік иесі жасай алатын кез келген іс-әрекетті жүргізуге құқығы бар. Егер субъектінің өзге құқықтарын сенімгерлікпен басқару туралы сөз болып отырса, онда тиісінше, ол басқа құқық иесінің құқықтарын толық көлемде жүзеге асыруға құқылы болады. Кез келген іс-әрекет жасай отырып, сенімгер басқарушы тиісті түрде басқару критерийлеріне сүйенуге тиіс.
Кейбір жағдайларда сеніп берілген мүлікке деген сенімгер басқарушының құқықтары заң актілерімен, шартпен немесе сенімгерлікпен басқару пайда болғанда негізге алынған өзге де актімен шектелуі мүмкін. Осылайша, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша қамқоршының немесе корғаншының құқықтары шектеледі. Қамқорлықтағы тұлғаның кірістері, соның ішінде қамқорлықтағы тұлғаға оның мүлкін басқарудан тиесілі кірістер қамқоршымен немесе қорғаншы мен тек қана қамқорлықтағы тұлғаның мүддесі үшін және қамқорлықпен қорғаншылық органының алдын ала рұқсатымен ғана жұмсалуға тиіс. Қамқорлықтағы тұлғаның мүлкін иеліктен айыру жөніндегі мәмілелер шектеледі. Кәсіпорынды акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін сенімгерлікпен басқару кезінде сенімгер басқарушылар мүлікке билік етуге өз құқықтары жағынан шектелетін болады. Сенімгер басқарушының өзіне берілген қозғалмайтын мүлікк билік ету құқығы тікелей Азаматтық кодекспен шектеледі. Ол қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру мен кепілге салуды сенімгерлікпен басқаруды белгілеу туралы актіде тікелей көрсетілген жағдайда жасауға құқылы.
Сенімгер басқарушы құрылтайшыға және пайда алушыға мүлікті сенімгерлікпен басқару шартында белгіленген мерзім мен тәртіп бойынша өз қызметі туралы есеп беруге міндетті. Егер оған қандай да бір себептер түрткі болса, құрылтайшының және (немесе) пайда алушының талап етуі бойынша сенімгер басқарушының қызметі туралы есеп өзге жағдайда да дереу берілуге тиіс.
Сенімгер басқарушының өзі үшін белгіленген шектеулерді бұза отырып жасаған мәмілесі жарамсыз деп танылады. Егер мұндай мәмілеге қатысушы үшінші тұлғалар ондай шектеулерді білмесе және білуге тиіс болмаса, ол жарамды деп танылады. Сенімгер басқарушы өзіне берілген құқықты асыра пайдаланып немесе өзі үшін белгіленген шектеулерді бұзып жасаған мәміле бойынша міндеттемені сенімгер басқарушы өз мүлкі есебінен мойнына алады. Сенімгер басқарушының мүлкі жеткіліксіз болған кезде және орын алып отырған құқық бұзушылықтар туралы үшінші тұлғалар мәлімделмеген жағдайда, міндеттемелер меншік иесі мүлкінің өзге құқық иесінің есебінен де орындала алады. Бұл жағдайларда сенімгер басқарушы құрылтайшы алдында шартқа және заң актілеріне сәйкес жауап береді. Сенімгер басқарушы мүлікті жеке өзі басқаруға міндетті.
Заңнама мағынасы бойынша сенімгер басқарушы мүлікті басқаруға өзі тапсырған тұлғаның әрекеттері үшін жауап бермейді. Егер ол қайта сенім білдіруге тиісті актімен уәкілденген болса және қайта сенім білдіретін тұлға құрылтайшымен келіспеген болса, егер аталған тұлға сенімгер басқарушының өзінің таңдап алынған болса, онда ол аталған тұлғаның іс-әрекеттері үшін өзі іс-әрекет ететіндей жауап береді.
Сенімгер басқарушы сенімнің ауысуы туралы алғашқы мүмкіндік туысымен құрылтайшыға хабарлауға міндетті. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, құрылтайшы сенімнің ауысуы туралы білген сәтте мүлікті сенімгерлікпен басқаруды тоқтатуды мәлімдеуге құқылы. Шартты осылай тоқтатудың салдарынан сенімгер басқарушыға оның бұрын жасаған шығындары өтелуге тиіс. Сенімгерлікпен басқару кәсіпкерлік қызмет аясында жүзеге асырылғанда, оған көтерген шығындарынан басқа шеккен залалдары да өтелуте тиіс. Жоғарыда атап өткеніміздей, кейбір жағдайларда акцияларды және өзге де бағалы қағаздарды сенімгерлікпен басқару жүзеге асырыла алады. Сенімгерлікпен басқарудың осы түрі, кейбір арнайы аяларды қоспағанда мысалы акциялардың мемлекеттік пакетін басқару және т.б. қоспағанда әзірге кеңінен таралған жоқ, бірақ өзінің дамуы үшін үлкен перспективаларға ие, өйткені бағалы қағаздарды кәсіби басқарудың потенциалды қажеттіліктері өзге мүлікті басқару қажеттілігінен де жоғары.
Сенімгерлікпен басқарудың осы түрінің ерекшеліктері сенімгер басқарушының акциялар мен өзге де бағалы қағаздар мен операцияларды сенімгерлікпен басқарудың мақсаттарына сәйкес және бағалы қағаздар айналымы аясындағы қатынастарды реттейтін арнайы заңнаманы ескере отырып жүзеге асырылатындығында. Аталған объектілерді басқару екі жағдайда жүзеге асырылады: 1) егер олар сенімгерлікпен басқаруға бас кезінде яғни сенімгерлікпен басқаруды құру кезінде берілген болса; 2) егер олар сенімгер басқарушының шаруашылық жүргізуі нәтижесінде алынған болса. Мысалы, ол өзіне сеніп берілген мүлік немесе оның бір бөлігі есебінен бағалы қағаздар алып кірістердің түсінуінің жоғары және тұрақты деңгейін, пайда алушы мүлкінің өсуін камтамасыз ете алады. Кейбір жағдайларда бағалы қағаздар сеніп берілген мүлікті пайдаланудан түскен кірістердің есебінен алына алады.
Басқа да жағдайларда сиякты бағалы қағаздардың сенімгер басқарушысы өз атынан іс-әрекет ете алады. Акциялар сенімгерлікпен басқаруға берілгенде акционерлік қоғам акционерлер тізімінде сенімгер басқарушы туралы жазба жасалуға тиіс.
Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың тоқтатылуы. Оны тоқтатуға міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздері де қолданылады. Сонымен қатар, сенімгерлікпен басқару шарты егер оның әрекет ету мерзімі өтіп кетсе токтатылады. Кейбір жағдайларда заңнама мүлікті сенімгерлікпен басқарудың әрекет етуінің шекті мерзімдері шектейді. Мысалы, кәсіпорындарды және акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін сенімгерлікпен басқаруға беру шарты, өндірістік сектордың құрылымдық салалық маңыздылығына қарай он жылға дейінгі мерзімге бекітілуге тиіс. Жер пайдалану, жер қойнауын пайдалану құқықтарын, мерзімді бағалы кағаздарды және өзге де мерзімді құқықтарды сенімгерлікпен басқару уақыты жағынан сенімгерлікпен басқаруға берілетін құқықтардың өмір сүру мерзімдерімен объективті түрде шектелген.
Аталған негіздерден басқа сенімгерлікпен басқару міндеттемесі мына жағдайларда тоқтатылады:
а) сенімгер басқарушы - азаматтың қайтыс болуы, оны өлді деп жариялау, оны әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектелген, хабар-ошарсыз кеткен деп тану; Заңды тұлға сенімгер басқарушының таратылуы;
б) сенім берілген мүлікті басқаруды жеке жүзеге асыру өзі үшін мүмкін болмауына байланысты сенімгер басқарушы немесе құрылтайшы бас тартқанда;
в) сенімгер басқарушыға залалдар және шартта көзделсе сыйақы төленген жағдайда құрылтайшы шартты орындаудан бас тартқанда;
г) кепіл ауыртпалығымен берілген мүлікті басқаруға беру туралы сенімгер басқарушыға хабарланбаған жағдайға орай ол бас тартқанда.
Бұл орайда сенімгер басқарушы, егер ол бастапқы кезде шартпен көзделген болса, өзіне сыйақы төлеу құқығын сақтап қалады. Егер шарт тараптардың бірінің бастамасымен тоқтатылатын болса, онда екінші тарап бұл туралы шарт тоқтатылғанға дейін кемінде үш ай бұрын хабардар етілуге тиіс. Бұл ереже қандай да бір тараптың бас тартуы сенімгер басқарушының мүлікті жеке өзінің басқара алмайтындығына сондай-ақ шарттан сенімгер басқарушы бас тартқан және оның бас тартуы оны басқаруға берілген мүліктің ауыртпалығы туралы хабардар етпеуге байланысты болатын жағдайларға таралмайды.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты тоқтатылған кезде сеніп тапсырылған мүлік шартта көрсетілген тұлғаға берілуге жатады. Құрылтайшы банкрот болған кезде мүлікті сенімгерлікпен басқару тоқтатылады және сеніп тапсырылған мүлік конкурстық массаға беріледі. Жеке тұлға-құрылтайшы қайтыс болған жағдайда сеніп тапсырылған мүлік мұрагерлік массасына келіп түседі.
Сеніп тапсырылған мүлікке меншік құқығының немесе өзге де құқықтың ауысуы мүлікті сенімгерлікпен басқаруды токтатпайды. Мемлекеттік қызметшінің мүлкін сенімгерлікпен басқаруға беруге бекітілген шарттың тоқтатылуына тоқталайық. Ол да жалпы ереже бойынша жүргізіледі. Бірақ оның кейбір өзіне тән сәттері де бар. Сенімгерлікпен басқару шарты тараптардың бірімен мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда мемлекеттік қызметші бұл туралы жұмыс орны бойынша кадр қызметтерін хабардар етуге тиіс. Сенімгерлікпен басқаруға берілуге тиіс мүлік, шартты тоқтатқаннан кейінгі бір айлық мерзімде қайтадан сенімгерлікпен басқаруға берілуге тиіс.
