Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMP_TE_TTTiT_OPD_K_1241_sibi_O_Sh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

5. Оқу пәнінің сипаттамасы

5.1. Пәннің оқу үдерісіндегі орны:

Бүгінгі таңда қазақ тілін өзге аудиторияда оқыту-үйрету барысында барынша кәсіби бағдар беру, оқу материалын мамандыққа сай құру, өз саласына бейімдеу, бір сөзбен айтқанда, «кәсіби қазақ тілін» жетілдіру мақсаты – уақыт талабына айналып отыр.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар жүйесі тіл үйренушіні бастапқы кезеңде алған білімін тереңдетуге, жаңа лексиканы (кәсіби лексиканы) талдап-меңгеруге, өз көзқарасын танытуға бағыттайды, бейнелі, астарлы қазақ сөзінің байлығын меңгеруге жетелейді. Тілді – ой-пікір білдіру, түсінісу құралын – жетілдіру, коммуникативтік мақсатқа қол жеткізу үшін мәтінмен жұмыс, трансформациялық жаттығулар, диалогтық сөйлесу мен монологтық ой қорыту; кәсіби бағдар беру, мамандық тілін қалыптастыру мақсатында терминдер мен кәсіби сөздер, синтаксистік құрылымдарды меңгерту; ақпараттық-танымдық деңгейін көтеру мақсатында қосымша деректермен қамтамасыз ету.

5.2 Оқу пәнін оқыту мақсаты:

Қатысымдық, танымдық, тәрбиелік мақсат бірлікте алынады:

- қарым-қатынас құралы – тілді меңгеруді жетілдіре түсу;

- өз мамандығын игеруде қазақ тілі мүмкіндігін жете пайдалану;

- мамандыққа сәйкес белсенді лексика мен терминдерді меңгеру арқылы нақты тілдік ортада тілдік қызмет жағдаяттарына бейімдеу;

- коммуникативті мақсатта берілген тапсырмалар, жаттығулар негізінде кәсіби лексикасын қалыптастыру;

5.3 Пәнді оқыту міндеттері:

- кәсіби мәтін түрлерімен, олардағы мамандыққа тікелей қатысты сөздер мен сөз тіркестерімен таныстыру. Кәсіби мәтін түрлерін талдауда мамандыққа қатысты сөздермен бірге өз мамандықтарымен байланысты танымдық материалдарды игеріп, оларды мемлекеттік тіл – қазақ тілінде айта алатындай, сондай-ақ жазбаша жұмыстар жүргізетіндей дағдыларды қалыптастыру. Соның негізінде студенттердің кәсіби бейімін екі тілде жұмыс істеуге дағдыландыру.

тілдік қызметтің барлық түрлерін өзара байланыста оқыту;

5.4. Оқу пәнінің мазмұны

- студенттердің кәсіби сөздік қорларын молайту;

- қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын, жазу сауаттылығын арттыру;

- болашақ мамандардың мемлекеттік тілде өз мамандығы бойынша мағлұмат алатындай деңгейге жеткізу, мәтінді еркін игеруге машықтандыру;

- кәсіби лексиканы игерту ауқымында салалық терминологиямен таныстыру.

5.5. Оқу пәнінің жоспары.

Апталар

Тақырып аты

Оқуды ұйымдастыру формасы және сағат саны

БӨЖ тапсырмалары

1

Көшпелі қазақ тұрмысында қолданған көлік түрлері.

Грамматика:Шылау. Септеулік, жалғау

лықшылаулар. Қалау рай.

Практ.- (2 сағ.)

БӨЖ – (4 сағ.)

1. Көшпелі қазақ тұрмысын да қолданған көлік түрлері – тақырыбына презентация.

2. Көлік кешені – шығарма.

2

Инженер немесе өнертапқыштар. Грамматика:Көсемше. Тұйық етістік.

Практ.- (2 сағ.)

БӨЖ – (4 сағ.)

1. Автомобиль өнеркәсібінің тарихы және әйгілі өнертапқыштар – презентация .

2. Инженер немесе өнертапқыштар – ситуациялық әңгіме.

3

Автомобиль және жеңіл автомобиль түрлері мен механизмдері. Грамматика:Барыс септігі: у-ға, у-ге, (І-жақ, ІІ-жақ -а, -е, ІІІ-жақ -на, -не үлгілері). Модальдық мағына (дұрыс, жөн, абзал).

Практ.- (2 сағ.)

БӨЖ – (4 сағ.)

1. Көліктің түрлеріне

жалпы сипаттама –

презентация.

2. Улағыш заттардың зияндылығы және улағыш заттарды азайту шаралары мен жолдары. Эссе.

4

Генри Форд және арзан автомобиль. Грамматика:Сын есім.

Практ.- (2 сағ.)

БӨЖ – (4 сағ.)

1. Машина құрастыру – презентация.

2. Генри Форд және арзан автомобиль. Эссе.

5

Автомобиль өнеркәсібі.

Грамматика:Модальдық мағына (керек, қажет, мүмкін).

Практ.- (2 сағ.)

БӨЖ – (4 сағ.)

1.Автомобиль өнеркәсібі. Шығарма.

2.Автомобиль монополиясы – презентация.

6

1. «Әуе көлігі» тақырыбын ауызша дайындалыңыз.

Грамматика:Модальдық мағына (болады, тиіс).

Практ.- (2 сағ.)

БӨЖ – (4 сағ.)

1. Әуе көлігі. Ауызша.

2. Автомобиль транспортында жүк тасымалын ұйымдастыру және пайдалану – презентация.

7.

Велосипед.

Грамматика: Шартты рай

Практ.- (2 сағ.)

БӨЖ – (4 сағ.)

1. Велосипед – презентация.

2. Автобус. Ауызша.

Аралық бақылау. Тест.

8

Арнаулы автомобильдер.

Грамматика: Изафеттік құрылымның берілуі.

Практ.- (2 сағ.)

БӨЖ – (4 сағ.)

1. Арнаулы автомобильдер. Ауызша.

2. Құрылыс-жол машиналары – презентация.

9.

Энергетика туралы жалпы ұғым. Грамматика: Аббривиатуралар

Практ.- (2 сағ.)

БӨЖ – (4 сағ.)

«Ел ертеңі-энергетикада»

тақырыбына дөңгелек үстел (өзара пікірсайыс).

10.

Стансаның түрлері. Грамматика: Септіктер. Тәуелді септелу

Практ.- (2 сағ.)

БӨЖ – (4 сағ.)

Станса түрлеріне презента

ция.

11

Жылу электр стансасы. Грамматика: Сан есімдер.

Практ.- (2 сағ.)

БӨЖ – (4 сағ.)

«Табиғат-энергия-экология» тақырыбына презентация.

12

Электр стансалары. СЭС тарихы. Грамматика: Синоним және антоним сөздер

Практ.- (2 сағ.)

БӨЖ – (4 сағ.)

«Су – тіршілік көзі» тақырыбына эссе жазу.

13

Қазақстанның отын және су қорлары. Грамматика: Анықтауыштық қатынастардың берілуі

Практ.- (2 сағ.)

БӨЖ – (4 сағ.)

«Қазақстандағы отын энергетикасы» тақырыбына презентация.

14

Отынның түрлері. Грамматика: Есімшенің зат есіммен тіркесуі.

Практ.- (2 сағ.)

БӨЖ – (4 сағ.)

Отынның пайдасы туралы эссе.

Аралық бақылау. Тест

15

Отын -энергетика кешені. Көмір энергиясы. Грамматика: қайталау.

Практ.- (2 сағ.)

БӨЖ – (4 сағ.)

Қазақстандағы табиғи газ қорлары мен көмір түрлеріне презентация.

Барлығы: 90

30сағ. прак.

60 сағ.БӨЖ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]