- •Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы мәтінді оқып, бөліктерге ат қойыңыз,негізгі ойды білдіретін сөз тіркесімен сызба құрастырыңыз.
- •Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі туралы айтып беріңіз.
- •«Табиғат-алтын бесік» мәтінін оқып, бірнеше сұрақ қойыңыз.
- •Синоним деген не?
- •«Беташар» мәтінін түсініп оқыңыз. Қазақ халқының басқа да салт-дәстүрлерін атап беріңіз.
- •Отбасылық дәстүрлер туралы әңгімелеп беріңіз.
- •Антонимдер деген не?
- •«Түркістан қаласы» мәтінін оқып, сұрақтар қойыңыз.
- •Төле би жайындағы мәтінді оқып, сызба құрастырып, әңгімелеңіз.
- •Мектепте білім алу туралы әңгімелеңіз.
- •Омонимдер деген не?
- •«Уақыт» мәтінін оқып,уақыт өлшемдерін атап шығыңыз.
- •Жалаң, жайылма сөйлемдер туралы айтып беріңіз.
- •«М. Әуезов атындағы драма театры » мәтінін бөліктерге бөліп, ат қойыңыз.
- •Монолог «м. Әуезов мұражайы»
- •Жақты, жақсыз, атаулы сөйлемдер туралы айтып беріңіз.
- •«Бала тәрбиесі бесіктен» атты мәтінді оқып,жоспар жасаңыз.
- •Монолог «Өзім туралы».
- •«Қазыбек би »мәтінін оқып, бөліктеріне ат қойыңыз.
- •«Бөгенбай батыр » мәтінін оқып,аударыңыз,сұрақтар қойыңыз.
- •Монолог «Менің досым».
- •Қабанбай батыр туралы мәтінді оқып,сызба жасап,әңгімелеңіз.
- •Мен ұнататын теле/радио хабар туралы диалог.
- •Ыңғайлас және қарсылықты салалас құрмалас сөйлем туралы айтып беріңіз.
- •Ежелгі қалалар туралы мәтінді оқып, бөліктерге бөліп ат қойыңыз.
- •Айша бибі кесенесі туралы мәтінді оқып, Қазақстандағы басқа мәдени ескерткіштерін атап өтіңіз.
- •Ұстаз туралы өлеңді жатқа айту
- •Кезектес салалас құрмалас сөйлем туралы айтып беріңіз.
- •Монолог «Ақ бата - қасиетті тұмар».
- •Құрманғазы туралы мәтінді оқып, жоспар жасаңыз.
- •Монолог «Алтын ұя-мектебім».
- •Ыбырай Алтынсарин туралы мәтінді оқыңыз және білім, оқу туралы мақал- мәтелдерді келтіріңіз.
- •Мақсат және қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер туралы айтып беріңіз.
- •«Шоқан Уәлиханов» мәтінін оқып, аударыңыз.
- •Монолог «Менің болашақ мамандығым».
- •Зат есім және зат есімнің септелуі туралы айтып беріңіз.
- •Ахмет Байтұрсынұлы туралы мәтінді оқып, түсінгеніңізді өз сөзімен айтып беріңіз.
- •Монолог «Менің досым».
- •3.Сан есім туралы айтып беріңіз.
- •«Наурызым қорығы» мәтінін оқып, қысқаша мазмұнын айтыңыз.
- •Монолог «Емтиханға дайындық ».
- •Алматы қорығы туралы мәтінді оқып,сұрақтар қойып, Қазақстандағы қо рықтарын атап беріңіз.
- •2. Диалог «Туған елім - Қазақстаным».
- •3.Етістік туралы айтып беріңіз.
- •«Мұражай» деген мәтін бойынша сызба құрып, мазмұнын айтып беріңіз.
- •Монолог «Ғабит Мүсіреповтің мұражайы».
- •Үстеу туралы айтып беріңіз.
- •Әбілхан Қастеев атындағы мұражай туралы мәтінді түсініп оқыңыз, сұрақтар қойыңыз.
- •Монолог «Жітіқара қаласының мұражайы».
- •Шылау сөздер туралы айтып беріңіз.
Монолог «Менің қалам». Менің қалам – мен үшін дүние жүзіндегі ең қымбат, ең асыл мекенім. Себебі, мен осы қалада тұрамын және білім аламын. Жітіқара - әсем қала! Оның жері кең, әрі байтақ, сонымен қатар, бұл жерде көп ұлтты адамдардың мекені деп айтса болады. Өйткені, бұл жерде басқа ұлттың адамдары тұрады. Атап айтатын болсақ: орыс, татар, өзбек, қырғыз, дүнған,ұйғыр, кәріс, қытай тағы да басқа ұлттың адамдары бар. Жітіқаралықтар, сырттай қарағанда әр қайсысы әр түрлі болса да, оларды біріктіретін бір нәрсе бар, ол асбестке бай Жітіқара қаласы. Жітіқарада көптеген үйлер, балабақша, мектеп, жоғарғы оқу орындары, колледж, демалыс және сауда орталықтары, кітапхана,театр, кинотеатр, емхана, дәріхана, завод- фабрикалар және тағы басқада қаламызды көркейтетін әсем жерлер көп. Жітіқарада менің достарым, туыс-туғандарым, ата-анам, барлық таныстарым тұрады. Біз жастар қаламызды одан әрі өсіріп, Жітіқараның дәрежесін әлемдік деңгейге шығаруымыз керек. Яғни, біздің қаламызды таза ұстап, жақсы оқып, ата- анамызға көмектесіп жүрсек, ол одан әрі гүлдене түсетініне мен сенімдімін!
Синоним деген не?
Синоним (гр. 'synonymos' — мағыналас, мәндес) — тұлғалары әр түрлі, мағынасы жақын сөздер. Мысалы: әдемі, сұлу, көрікті; сәби, перзент; ұстаз, мұғалім, оқытушы
Билет № 4
«Беташар» мәтінін түсініп оқыңыз. Қазақ халқының басқа да салт-дәстүрлерін атап беріңіз.
Салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор. Ол бала тәрбиесіне байланысты, тұрмыс-салт және әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер болып үш түрге бөлінеді.
Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелерінен бастап, есейіп азамат болып кеткенге дейінгі кезеңі кіреді. Мысалы: шілдехана, сүйінші, балаға ат қою, бесікке салу,қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той, тіл ашар,ұл бала мен қыз баланы жанұя болуға, шаруашылыққа, еңбекке,өмірге бейімдеу.
Тұрмыс-салт дәстүрлеріне қазақтың киіз үйі, киіз үйдің немесе тұрғын үй жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдар; мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылық, бағбаншылыққа қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді.
Ал, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерге:қазақ ауылы, ауыл-адамдарының туыстық қатынасы, шешендік сөз өнері, қазақтың ұлттық әуен аспаптары, үйлену-үй болуға байланысты, қонақ күту, ұлттық мерекелерді өткізу сияқты түрлері кіреді.
Отбасылық дәстүрлер туралы әңгімелеп беріңіз.
Отбасы – әр адамның алтын ұясы. Отбасында белгілі дәстүрлер қалыптасуы керек. Ол отбасы үшін өте маңызды. Отбасында дәстүрлердің болуы мен қалыптасуында ата-ананың орны ерекше. Сол сияқты менің ата-анам балаларына қамқор болып, жақсы шағырақта тәрбиелеуге күш салады. Олүшін ұлттық дәстүрлерді бұзбай ұстауға тырысады. Біздің отбасымызда қалыптасқан дәстүрлер бар. Олар отбасымызбен демалыс күндерін бірге өткізу, саяжайда бақша егу, саяхатқа шығу, ата-әжемізге қонаққа бару, мерекелерді бірге атап өту. Жақсы дәстүр – отбасының берік шаңыраққа айналуының тірегі.
Антонимдер деген не?
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Мыс: туған жер-жат жұрт, ақ-қара, дос-дұшпан, ер жүрек-су жүрек т.б.
Билет № 5
«Түркістан қаласы» мәтінін оқып, сұрақтар қойыңыз.
Түркістан қаласы.
Түркістан-Қазақстанның оңүстігіне қарай орналасқан тарихи қала. Түркістан қаласының тарихи Қожа Ахмед Яссауи атымен байланысты. Бұл қаланың салынуы туралы көптеген аңыздар бар. Ақсақ Темір Ахмедтің кесенесін салдырған деседі. Бұл қала дамып жетілді. 50 мыңнан киелі жерге айналды. Қазір бұл кесенелер-тарихи мұражайлар. Түркістан кесенесі-дүниежүзілік мәдени мұралар қатарына жататын аса үлкен ескерткіш. Түркістанның бұрынғы аты Ясы болған. Түркістан Тәуке ханнан бастап, қазақтың талай-талай хандарының орталығы болған. Әбілқайыр, Жолбарыс хан, Абылай хан, Қазыбек және тағы басқа да атақты кісілер осы кесенеде жерленген.
Түркістан қандай қала?
Қаланың атауы кіммен байланысты?
Түркістанның бұрынғы аты?
Қалада қандай атақты адамдар жерленген?
