- •Қазақстан республикасының ғылым және білім министрлігі алматы технологиялық университеті «тағамдық биотехнология» кафедрасы
- •III.Қорытынды
- •IV.Пайдаланылған әдебиет
- •1.Алтын диірмен корпарациясының тарихы.
- •2.Өндірілетін өнімнің ассортименті:
- •3.Цехтағы негізгі құрал-жабдықтар.
- •Қорытынды.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
2.Өндірілетін өнімнің ассортименті:
- «Жай нан» наны 43,0 тәулік (60,85%)
-Шаруашылық нан 14,0 тәулік (19,88%)
-Батон 6,5 тәулік (9,25%)
-Баранкалық өнімдер 3,64 тәулік (5,16%)
-Нанның басқа түрлері 1,74 тәулік (2,47%)
-Торт, пирожное, кекстер, рулеттер, сдобалық өнімдер 0,5 тәулік (0,7%)
-Пряник 0,39 тәулік (0,56%)
-Булкалық өнімдер 0,36 тәулік (0,51%)
-Сухариктер 0,31 тәулік (0,44%)
-Печенье 96,6 тәулік (0,14%)
-Соломка 22,7 тәулік (0,03%)
Өндіргіш корпустың біріншісінде нан өнімдерін өндірудің 4 желісі бар. Ал екінші өндіргіш корпустың ішінде келесі желілер бар:
-Сушкаларды өндірудің үш желісі;
-Бөлкелерді өндірудің бір желісі;
-Соломкаларды өндірудің бір желісі;
-Пряник өндірудің бір желісі;
-Пекарня;
-Сухариктерді өндіру цехы;
-Кондитерлік цех.
Баранкалық цех
Бұл цехта 4 желіде Г-4-ХПС-25М пештері орнатылған, ал 2 желі соломкалар өндіруге негізделген. Соңғы жылдары өндіретін өнімнің сапасын көтеруге бағытталған жұмыстар жүргізген болатын.
Бөлкелік цех баранкалық цехтың бос орындарында жасалған. Онда «Экмасан» турция фирмасының құрал жабдықтары орналасқан. Олар келесі болады:
-Ұн сепкіш;
-Қамыр илегіш иілген;
-Төңкеріп аударғыш;
-Сухарлық цех;
-Торт және пирожныйды бөлетін цех;
Цехта өнімнің 68 түрі шығарылады, соның ішінде:
торт-37 түрі;
пирожныйдың-24 түрі;
кекс, рулеттің-3 түрі;
печеньенің-7 түрі.
2-сурет.Печенье ассортименті
Кептірілген нан өндірісінің технологиялық схемасы
Жалпы алғанда ашытып жасалған кептірілген нанды өндіру схемасытөмендегі операциялардан тұрады.:
шикізатты өндіріске дайындау;
ашытқы мен қамырды дайындау және ашыту;
қамырды бөлу және қалыптау (қатарлар);
Көтерілуге қою;
дайын қалыптарды пісіру;
салқындату және қалыпты дайындау;
қалыптарды бөлшектеп кесу және табақтарға салу;
табақтарды пештің астына немесе кептіргіш аппараттың ішіне салу;
салқындату;
іріктеу, кептірілген нанды ыдыстарға салу немесе оларды қаптау мен өнімдерді қоймаларда сақтау.
Нан, соның ішінде кептірілген нан өнімдері өндірісінің технологиялық схемасы қамыр дайындау тәсілімен және технологиялық жабдықтарымен сипатталады, соның базасында өнім дайындау ұйымдастырылады. Қазіргі уақытта ашытылған кептірілген нан өндірісінде қамырды опара тәсілімен дайындау кеңінен тараған:
қамырды екі рет мөлшерлеп, кезең-кезеңмен нан илейтін машиналарда илеу, оған көтерілуі жатады,;
қамыр дайындау аппараттарын қолдана отырып оны бөлгенге дейін ашыта отырып опара мен қамырды үздіксіз илеу;
қамыр дайындау аппараттарын қолдана отырып оны бөлгенге дейін ашытпай отырып опара мен қамырды үздіксіз илеу;
қою опара мен қамырды барынша механикалық өңдеуді пайдалану.
3-сурет.Кептірілген нан жасау кезінде
Ірімшік қосылған печенье өндірісінің технологиялық схемасы
Ірімшік қосылған печенье өндірісінің технологиясы мыналардан тұрады: алдымен ірімшікті ерітілген маргаринмен қосады, содан соң ұн салып қамыр илейді. Дайын қамырды қалыңдығы 1 сантиметр етіп жазады.
Ірімшік қосылған печенье дайындау үшін 10 кг арналған шикізат шығысы, граммен: жоғары сортты бидай ұны-4000, маргарин-4000, ірімшік-4000, қант-900, қамырдың салмағы-12900, ашыған кезде-10000.
Үстіне қант ұнтағын себеді, оқтаумен жазады және 3 Х 3 сантиметрлік ромбик түрінде кеседі. 280-300С температурада 17 минут пісіреді.
