Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
552 Кб
Скачать
☆

2.2 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросындағы басқарушы органы ретіндегі құзіреті мен өкілеттігі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюроның орынбасарларынан тұратын басшылық басқарады және оларды Ішкі Істер Министрлігінің лаузымына тағайындап, оларды жұмыстан босатады. Ұлттық Орталық Бюро Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президентінің қаулысын, заңды күші бар «Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министірлігінің органдарының заңдары» басқада заңдар мен Нормативтік Құқықтық Актілерді, халықаралық шарттарды, Халықаралық Қылмыстық Полиция Ұйымының Жарғысын сонымен қатар, Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық Бюро туралы Жағдайын басшылыққа ала отырып қызмет атқарады.

Ұлттық Орталық Бюро Интерполдың Бас хатшылығымен, шет мемлекетердің Ұлттық Орталық Бюросымен сонымен қатар Қазақстан Республикасының құқық қоргау органдарымен қағидалар негізінде, халықаралық қылмыстық полициясының жарғысымен, ішкі теркеу бақылауы мен халықаралық полиция ынтымақтастығының жағдыйның регламенті негізінде, бірлесіп қызмет атқарады.

Ұлттық Орталық Бюроның негізгі мақсаты болып: жалпы қабылдаған адам құқықтары мен бостандықтары және ұлттық заңнаманы құрметтеу арқылы қылмыстылықпен күресетін Интерполға мүше мемлекеттермен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің орган бөлімшелерінің арқасында өзара халықаралық қамтамасыз етіп қызмет атқарады. Ұлттық Орталық Бюроға жіберілетін сұраныстарды қамтамасыз етіп отырытын Қазақстан республикасының Ішкі істер министірлігінің бөлімшелерге жіберілетін ақпараттар арқылы өзінің қызметтерін атқарады. Ұлттық Орталық Бюроның құрылымдық бөлімшелері, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірлігімен мақұлдаған құрлымы мен штаттық қызметінің үйлестіруін жүзеге асырады. Ұлттық Орталық Бюроның қызметіне саяси, діни, әскери, нәсілдік сипаттағы сұраныстарды қабылдауға тыйым салынған. Интерполдан жіберілген ақпараттары құқық қорғау органдар мен шет мемлекеттердің Ұлттық Орталық Бюросынан келетін сұраныстарды өндеп Ұлттық Орталық Бюро арқылы жіберіледі. Қылмыстың ұлтаралақтандырылуы, қылмыстық элемент арасындағы тығыз байланысты анықтау және тарату, қазақстандық және шетелдік элемент арқылы мемлекет экономикасы мен азаматтарына келетін зиян, Қазақстан Республикасында және басқада мемлекеттерде республика және шетел мемлекеттерімен жасалған қылмыстық жауаптылықтан қашу, осының барлығы Қазақстан Республикасының Интерполға мүше болып кіруіне себеп болды. [35]

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюро Жағдайында Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросана жалпы сипаттама берілген:

  1. Халықаралық деңгейдегі қылмыстылықпен күресу жөніндегі Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының ынтымықтастығы мен өзара қарым-қатынасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросы ұйымдатырады;

  2. Шет мемлекеттердің Ұлттық Орталық Бюросы, Интерполдың Бас хатшысы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірлігінің бөлімшелері мен Қазақстан Республикасының басқада органдар арасындағы байланыс халықаралық қылмыспен күресу жөніндегі қызметтік және құпиялылық ақпараттарды қамтамасыз етеді;

  3. Бас хатшылық пен Интерполға мүше мемлекетердің Ұлттық Орталық Бюросы, қылмысты алдан алу және әшкерелеу мақсатында Қазақтан Республикасының құқық қорғау органдары қылмыс және қылмыс туралы ақпараттар, тұлғаның бағалы заттарымен құжаттарын іздестіру және олрады қадағалау, қылмыстық іске қатысы бар күдіктілер және т.б ақпарттар туралы өтініштер мен хабарламалар жібереді;

  4. Интерполға мүше мемлекеттерінің Ұлттық Орталық Бюроның және Бас хатшының хабарамалары мен өтініштері орындайды;

  5. Өз өтініші бойынша жоғалған тұлғалар, заттар және құжаттар туралы Ұлттық құқық қорғау органдары арқылы жиындар өткізіп, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына хабарлайды;

  6. Өз қызметіне қажет болған жағдайда Бас хатшы мен мүдделі мемлекеттердің Ұлттық Орталық Бюросына Қазақстан Республикасында жасалған қылмыс туралы, Қазақстан республикасында қылмыс жасады деген күдікпен, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және терроризмге қатысы бар қылмыспен сотталғандар, заңсыз есірткі мен психатроптық заттар тасымалдау, жалған ақша жасау, мәдени және тарихи бағалы заттраға қол сұғушылық, Бас Ассамблеяның міндетті шешімдері және т.б қылмыстар туралы хабарлау;

Интерпол Халықаралық қылмыстық статистикасның қосылуына жатады.

Ұлттық Орталық Бюроның негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтарына келетін болсақ:

Міндеті болып: Қазақстан Республикасының құзыретті органдарымен, Интерполдың Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы Бас хатшылығының бөлімшелерімен, Интерполға мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктер және консулдық мекемелер жанында бекітілген шетел мемлекеттері құзыретті органдарының өкілдерімен халықаралық қылмыстарға қарсы күрес мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасуды қамтамасыз; адамдарды және ұрланған автомотокөліктерді халықаралық іздестіруді ұйымдастыру; жалпы және басқа да қылмыстар жасағанына күдікті/айыпталушы болатын жеке және заңды тұлғаларды тексеру.

Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросы Қазақстан Республикасының құзыреттi органдарымен, Интерполдың Қылмыстық полициясының халықаралық ұйымы Бас хатшылығының бөлiмшелерiмен, Интерполға мүше-мемлекеттердiң құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкiлдiктер және консулдық мекемелер жанында бекiтiлген шетел мемлекеттерi құзыреттi органдарының өкiлдерiмен халықаралық қылмыстарға қарсы күрес мәселелерi бойынша өзара iс-әрекет жасасатын Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшесi болып табылады. 

Сонымен қатар мына құзыреттi органдар Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросымен ынтымақтастықта болатын субъектiлер болып табылады: 

  1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi;

  2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi

  3. Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы); 

  4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті;

  5. Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы; 

  6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi; 

  7. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты; 

  8. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi. 

Функцияларына келетін болсақ:

1) халықаралық қылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің бөліністерімен, Қазақстан Республикасының басқа да құқық қорғау органдарымен және қызметтерімен, Интерполдың Бас хатшылығымен, басқа елдердің Ұлттық Орталық Бюроларымен ресми және құпия (жедел-іздестіру) ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету байланыстарын жүзеге асырады;

2) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарын халықаралық қылмысқа қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастықтың талаптары мен шарттары туралы хабардар ету;

3) өз құзыреті шеңберінде қылмыстарға қарсы күрес бойынша Интерпол Бас Ассамблеясының шешімдерін және кепілдемелерін іске асыруда көмек көрсету;

4) қылмыстық істер, жедел материалдар бойынша сұрау салуларды өңдеу және жолдау, бастамашыл сұрау салуларды дайындау;

5) қылмыскерлерді беру, экстрадициялауды қоса алғанда жедел іздестіру іс-шараларын және процессуалдық іс-әрекеттерді өткізуге көмек көрсету;

6) полиция қызметі мәселелері бойынша жұмыс тәжірибесімен, заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілермен, оқу-әдістемелік әдебиетпен алмасу.

7) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы  қылмыстар және қылмыскерлер туралы деректерді беру, адамдарды іздестіру, қылмыстық әрекеттерде күдікті болатын адамдарға бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ ұрланған автомотокөліктер туралы өтініштер мен хабарламаларды Интерполдың Бас хатшылығына және мүше мемлекеттердің Ұлттық орталық бюроларына жолдау;

8) Интерпол Бас хатшылығының және мүше мемлекеттер Ұлттық Орталық Бюроның ұқсас өтініштерін және хабарламаларын орындауға қабылдау, тиісті ұлттық құқық қорғау органдары арқылы олардың өтініштері бойынша іздестірудегі адамдарды, ұрланған автокөліктерді анықтау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, осы туралы сұрау салған тарапты хабардар ету;

9) құқық қорғау органдарының халықаралық ынтымақтастығы процесінде алынған ақпараттардың негізінде адамдар және ұрланған автомотокөліктер туралы деректер банкін қалыптастыру;

10) қылмыс жасауға қатысты адамдар, хабар-ошарсыз жоғалған адамдар және танылмаған мәйіттер бойынша іс-шаралар өткізу.

11) Интерполдың қатысушы елдері ҰОБ-ның және Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының халықаралық және ұлттық деректер базаларында адамдарды, құжаттарды тексеруге, арнайы тексеру іс-шараларын өткізуге, терроризмге, есірткі және психотроптық заттар айналымына, тарихи және мәдени құндылықтардың озбырлығына байланысты, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарды жасағаны үшін күдікті/айыпталушы болатын жеке және заңды тұлғаларға қатысты жедел-анықтамалық, криминалдық және басқа да ақпараттарды алуға байланысты сұрау салуларды орындау.[36]

Ұлттық Орталық Бюрооның алдына қойылған міндеттерге сәйкес және өз құзыреті шеңберінде:

1) Қылмыс жасаған, анықтаудан, тергеуден және соттан жасырынған, қылмыстық жазаны орындаудан қашқан адамдарды, хабар-ошарсыз жоғалғандарды, сондай-ақ ұрланған мүлікті халықаралық іздестіруді жүзеге асыруға;

2) Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының Жарғысымен және Интерполдың халықаралық полиция ынтымақтастығы және ішкі бақылау регламентімен белгіленген қағидаттарды ұстануға;

3) Ақпаратқа заңсыз қол сұғудан, оны бұзудан және жариялаудан қорғау және құпиялылықты қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдауға;

4) Саяси, әскери, діни немесе нәсілдік сипаты бар Интерполға қатысушы шет елдердің сұрау салуларынан бас тартуға;

5) ІІМ мүдделі қызметтерімен алдын ала келісу бойынша және басшылықты ақпараттандыру бойынша Интерполдың Бас хатшылығына  Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары ұсынған ақпараттың негізінде жасалған есептерді ұсынуға;

6) ҰОБ қызметіне тиісті бөлігінде Министрдің бұйрықтары мен нұсқауларын, алқа және жедел кеңес шешімдерін, Ішкі Істер Министрлігінің жоспарларын және бағдарламаларын орындауға;

7) Өз қызметінде заңдылықты және атқарушылық тәртіпті сақтауға;

8) Ішкі Істер Министірлігінің ішкі еңбек тәртібін сақтауға;

9) Интерпол Жарлығына және Интерпол Бас Ассамблеясының міндетті шешімдеріне сәйкес Интерполдың Бас хатшылығына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарынан материалдарды және құжаттарды сұратуға және алуға;

10) Ішкі Істер Министрлігінің басшылығының тапсырмасы бойынша қылмыстарға қарсы күрес мәселелері жөніндегі халықаралық шарттарды, заңдарды және басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;

11) Интерпол өткізетін халықаралық іс-шараларға қатысуға;

12) қылмыскерлерді беру жөнінде экстрадициялау тобына кіруге және оларды айдауылдауды жүзеге асыруға құқылы.   

Ұлттық Орталық Бюро заңнамалық актілерге, Президенттің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

Халықаралық шарт бойынша мемлекеттерден шығатын қағидалар мен Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы, Интерполдың жарғысы негізінде Интеролдың Ұлттық Орталық Бюро жағдайы, Бюродағы ақпарат өңдеу тәжірибесіндегі нұсқама жасап шығарған болатын. Ұлттық Орталық Бюросының басшылық жұмыс аппаратының құқығы мен міндеті қандай? Бұл сұрақтың жауабы негізнен Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросының Жағдайында жасылған:

  1. Ұлттық Орталық Бюро жүктелетін қызметті орындау жауаптылығы туындалады;

  2. Өзінің орнбасарларна және құрылымдық бөлім басшыларына бұйрық беріп, олардың орндауын қадағалайды;

  3. Ұлттық Орталық Бюро құрлымы мен штаттарының дамыту байланысты Ішкі Істер Министірлігіне ұсыныстар білдіреді, қызметкерлерінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметтік міндеттерін анықтайды және мақұлдайды;

  4. Қойылғаен тәртіп бойынша Ұлттық Орталық Бюроның қызметіне қатысты бұйрықтар береді;

  5. қызметкерлердің лауазымына қарай қызметке тағайындайды және қызметен босатады;

  6. арнайы атақ алады,сонымен қатар арнайы атақ беруге байланысты өзінің пікірін ұсынады;

  7. жұмысшылардың қызметтік аттестатциясын өткізеді;

  8. Ішкі Істер Министрлігінің басшылығына Бюро қызметкерлеріне марапаттау және жазалауға байланысты ұсыныстар береді;

  9. бөлінген қор мөлшерінде қызметкерлердің лауазымына байланысты еңбек ақысын анықтайды және белгілейді;

  10. Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министірлігінің қабылдаған нормативтік актте анықталған құзіреті шегінде, қаржылық қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешеді.

  11. Қойылған тәртіп бойынша жұмысшылардың кезекті демалысы, Ішкі Істер министірлігінің келісімі бойынша Бюро қызметкерлерінің қымтеттік іссапарға жібереді.

Ұлттық Орталық Бюроны Ішкі істер министрі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын  басылық басқарады. Ұлттық Орталық Бюро басшысының орынбасары болады. Ұлттық Орталық Бюро басшылығы Бюро қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және оған жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауап береді. Ұлттық Орталық Бюро басшылығы өз бөлінісі құрылымы мен штаттық кестесі бойынша министрлік басшылығына ұсыныстар береді.

Басшылық осы мақсаттарда:

1) Өзінің орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Ұлттық Орталық Бюроның құрамына кіретін бөлімшелер бастықтарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ұлттық Орталық Бюро басшылығының орынбасары:

1) Өз өкілеттіктері шегінде Ұлттық Орталық Бюро қызметін үйлестіреді;

2) Ұлттық Орталық Бюро бастығы болмаған кезде Ұлттық Орталық Бюро қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және оған жүктелген міндеттерді орындау және өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауап береді;

3) Ұлттық Орталық Бюро бастығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Ұлттық Орталық Бюроның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Ұлттық Орталық Бюро атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Ұлттық Орталық Бюро бастығы, ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

Ұлттық Орталық Бюро басшысы уақытша жоқ кезде оның орынбасары қызметін атқарады. Қазақстан Республикасындағы Интерполдың Ұлттық Орталық Бюросының басшысы мен оның орнбасары Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі қызметіне тағайындайды және оның лауазымынан босатады. [36]